A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша жүзеге асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.

Департамент басшысы
Сапаров Нығмеджан Мұхамеджанұлы
тел.: +7 (7152) 46-77-70
Мекенжайы:
150008, Петропавл қ., Интернационал көш., 60
тел.: +7 (7152) 46-40-52, факс: 46-40-52
Е-mail: sko@nab.gov.kz
Сall-орталығы: 1424 (қоңырау шалу тегiн)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы Сall-орталығының жұмыс кестесi

9.00-18.30
(жұмыс және мереке күндері түскі үзіліссіз)
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау және консультация
9.00-13.00
(сенбі)
Тәуліктің түнгі мезгілінде және демалыс күндері Сall-орталығына шалынатын қоңырауларды жазып алу автоматты түрде жүзеге асырылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшылығының 2017 жылдың II тоқсанына арналған азаматтарды жеке қабылдау кестесi

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә. Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы Қабылдаудың күні мен уақыты Департаменттің орналасқан орны Байланыс телефоны
Сапаров Нығмеджан Мұхамеджанұлы Департамент басшысы күн сайын
сағат 16-30-дан 19-30-ға дейін
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы,
Интернационал көшесі, 60
46-77-70, 46-03-70
Бейсембаев Қайрат Сәбиғатұлы Департамент басшысының орынбасары күн сайын
сағат 16-30-дан 19-30-ға дейін
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы,
Интернационал көшесі, 60
46-77-70, 46-03-70

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 7 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi (бұдан әрi — Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша жүзеге асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент республикалық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Департамент, егер заңнамаға сәйкес оған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

6. Департамент өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Департаменттiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Департаменттiң заңды мекенжайы: почта индексi 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернациональная көшесi, 60.

9. Департаменттiң толық атауы — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттi қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттiң функциялары болып табылатын мiндеттемелердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке кiрiс әкелетiн қызмет атқаруға құқық берiлсе, онда сол қызметтен келген кiрiс мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жолданады.

2. Департаменттiң мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. Департаменттiң мiндеттерi:

1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

14. Департаменттiң функциялары:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;

3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тiркеу және қарау;

4) алдын ала тергеу, анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүргiзу;

5) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

6) жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;

7) жария емес тергеу әрекеттерiн, жалпы және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу барысында арнайы және басқа техникалық құралдарды қолдану;

8) Департаментке осы мақсаттарға бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде жедел-iздестiру қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтау;

9) тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген iздеудегi адамдардың тұратын жерiн анықтау және ұстау;

10) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексiмен белгiленген тәртiпте қылмыстық-процестiк қазметтi қамтамасыз етумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асыру;

11) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша тәркiленген мүлiктi және әдетте, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлiктi мемлекеттiң кiрiсiне айналдыру туралы ақпаратты кейiн жариялаумен iске асыруға арналған мониторингтi жүзеге асыру;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан әлеуметтiк-экономикалық саладағы криминогендiк жағдайды талдау;

13) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан келiп түскен өтiнiштердi және сұрау салуларды орындау;

14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелерi бойынша өзге де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен өз құзыретi шегiнде өзара iс-қимыл жасау;

15) ақпараттық қауiпсiздiк саясатын iске асыру, Департаменттiң техникалық және ақпараттық қызметiн қамтамасыз ету және жетiлдiру;

16) Департаментке жедел-тергеу қызметiнiң мәселелерi бойынша жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелердi пайдалану;

17) Департаменттiң әкiмшiлiк ғимараттарын қорғау режимiн және өткiзу режимiн қамтамасыз ету;

18) Департаменттiң қаруландыруында тұрған қарулардың, оқ-дәрiлердiң, арнайы құралдардың сақталуын есепке алу және бақылау;

19) бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кездегi жұмылдыру даярлығы, Департамент жұмысының тұрақтылығын арттыру;

20) мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимiн сақтау;

21) Департаменттiң жеке құрамының арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

15. Департаменттiң құқықтары:

1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сотқа дейiнгi тергеу, жедел-iздестiру және тергеу қызметi тәжiрибесiне талдау жүргiзу;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрi — Ұлттық бюро) басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру бойынша ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртiппен тергеу әрекеттерiн жүргiзу, процестiк шешiмдердi қабылдау және жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыру;

5) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасымен белгiленген тәртiппен мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгiзу;

6) қылмыстық-процестiк заңнамаға және (немесе) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қою немесе алуды жүргiзу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, мемлекеттiк аудит және бағалау жүргiзудi талап ету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;

9) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымдық және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;

10) қылмыстық iстер өндiрiсiндегi шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;

11) ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдап алып келу;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда басқаша түрде жәрдем көрсеткен адамдарды ынталандыру;

13) өзара ақпарат алмасуды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен электронды тәсiлмен қамтамасыз ете отырып, Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйенi құру және пайдалану, сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында зерттеудi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi ұйымдастыру;

15) атыс және өзге қаруды, арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану, сондай-ақ қажет болған жағдайда қол күшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдану;

16) қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде нысанды киiм кию;

17) Департамент қызметкерлерiнiң (жұмыскерлерiнiң) қызметiндегi iшкi қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа арыз-талаптарды ұсыну;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.

16. Департаменттiң мiндеттемелерi:

1) құқық бұзушылықтар туралы өтiнiштердi, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тiркеу, есепке алу және қарастыру кезiндегi заңдылықты сақтау;

2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тiркеу және қарастыру, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамдық қауiптi әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды уақтылы қабылдау;

3) Департаменттiң құзыретi шегiнде жалпы және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерiн жүзеге асыру, қылмыстық процеске пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестiк заңнамасымен көзделген тәртiппен алдын ала тергеудi анықтауды жүзеге асыру;

5) қылмыстық iстер бойынша заттай айғақтарды, сотқа дейiнгi тергеп-тексерудiң мерзiмi тоқтатылған қылмыстық iстердi есепке алу және сақтау;

6) прокурорлық ықпал ету және сот актiлерiн қарау;

7) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексiмен белгiленген тәртiпте қылмыстық-процестiк қазметтi қамтамасыз етумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асыру;

8) iздеудегi адамдардың орналасу жерiн анықтау және ұстау бойынша iс-шаралар жүргiзу;

9) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде қызметтiк тәртiптi және құпиялық режимдi сақтау;

10) Департаменттiң қызметкерлерiн (жұмыскерлерiн) даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге мiндеттемелердi жүзеге асыру.

3. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру

17. Департамент өз қызметiнде Ұлттық бюроға тiкелей бағынысты болады.

18. Департаменттi басқаруды Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болатын басшы жүзеге асырады.

19. Департаменттiң басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Департамент басшысының өкiлеттiктерi:

1) Департаментке жүктелген мiндеттерге сәйкес оның қызметiн ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) жалпы штат санының лимитi шегiнде Департаменттiң және оның аумақтық органдарының құрылымы бойынша ұсыныстарды Ұлттық бюро басшысының қарауына енгiзедi;

3) тағайындалуы мен қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретiне жатқызылатын Департаменттiң қызметкерлерiн (жұмыскерлерiн) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз орынбасарларының, Департамент қызметкерлерiнiң (жұмыскерлерiнiң) өкiлеттiктерiн анықтайды;

5) заңнамамен белгiленген тәртiппен Департамент қызметкерлерiн (жұмыскерлерiн) iссапарға жiберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу мәселелерiн шешедi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен Департамент қызметкерлерiне (жұмыскерлерiне) тәртiптiк жауаптылық шараларын қабылдайды;

7) құзыретi шегiнде Департаменттiң құқықтық актiлерiне қол қояды;

8) Ұлттық бюроның басшысына Департамент қызметкерлерiн (жұмыскерлерiн) мемлекеттiк және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзедi;

9) заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департаменттiң атынан өкiлдiк етедi;

10) өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

Департаменттiң басшысы болмаған кезеңде өкiлеттiктерiн орындауды оның тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының бiреуi жүзеге асырады.

21. Департамент басшысының Департаменттiң жанында консультативтi-кеңесшi орган құруға құқығы бар.

22. Департамент белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң тиiстi аумақтық департаменттерiмен өзара iс-қимыл жасайды.

4. Департаменттiң мүлкi

23. Департаменттiң Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

Департаменттiң мүлкi, оның меншiгiне мемлекет берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден және меншiктiк қызметтер нәтижесiнде алынған мүлiктер есебiнен (ақша кiрiстерiн қоса алғанда) құралады.

24. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

25. Департаменттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша берiлген қаражат есебiнен алынған мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасында егер өзгеше белгiленбесе, өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгелей тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату

26. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 11:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.05.2017 12:41
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы