A- A A+
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

ҚР Энергетика министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті

Пошта мекенжайы 150008, ҚР, СҚО, Петропавл қ., Кәрім Сүтішев к., 58
Байланыс телефоны (қабылдау бөл.) 46-18-85
Факс 46-99-25
Сенім телефоны 46-18-85
Эл. поштаның мекенжайы uproos@list.ru
Департамент басшысы Умаров Ермек Касымгалиевич
Байланыс телефоны 46-18-85
Азаматтарды қабылдау кестесі күнде — 16.00-18.30
Департамент басшысының орынбасары — СҚО бойынша Бас мемлекеттік инспекторы Бектасов Азамат Бауржанович
Байланыс телефоны 46-41-56
Азаматтарды қабылдау кестесі күнде — 10.00-13.00

Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары және мiндеттерi

1. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi болып келесiлер табылады:

1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауiпсiздiктi камтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейiне жету;

2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды, шаруашылық қызметтi жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерiнiң сақталуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету;

3) табиғат пайдаланушылардың өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзуiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру;

4) өз құзыретi шегiнде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындагы агарту жүйесiн дамыту;

5) өз құзыретi шегiнде қоршаган ортаны қорғау салаларындагы қогамдық бiрлестiктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;

6) өз құзыретi шегiнде аумақтық деңгейде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгiленген тәртiпте экологиялық рұксаттарды беру.

2. Департамент келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;

2) өз құзыретi шегiнде реттеу, iске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

3) құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

4) департаменттың өкiлеттiктерiне жататын мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн бақылау функцияларын жүзеге асырады;

5) өз құзыретi шегiнде рұқсат берiлетiн бақылауды жүзеге асырады;

6) қогамдық тыңдалымдарга қатысады;

7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзедi;

8) құзыретi шегiнде қоршаган ортага эмиссияга рұқсаттар бередi және оларда қоршаган ортага эмиссияга арналган лимиттердi белгiлейдi;

9) өз құзыретi шегiнде табигат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келiсiмшарттар) берудi келiседi;

10) мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзу туралы ұсыныс жасайды;

11) қоршаган ортаны қорғау саласындагы мемлекеттiк басқару, мемлекеттiк экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретiнiң шегiнде нормалау және стандарттар жүйесiн, сондай-ақ табигатты ұтымды пайдалануды және қоршаган ортаны корғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерiнiң жүйесiн ұйымдастырады және жетiлдiредi;

12) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен экологиялық ақпаратқа қолжетiмдiктi қамтамасыз етедi;

13) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаган орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық талаптардың сақталуын, оның iшiнде:

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын;

қоршаған орта ластануының салдарын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiн;

жердi жақсарту, жердiң тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қайта жаңғырту және сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенiнiң өткiзiлуiн;

жердi қайта құнарландыру жөнiндегi шараларды қабылдауды қамтамасыз ететiн кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын;

жердi қайта құнарландыру жөнiндегi жобаланған жұмыстарды орындау бөлiгiнде кәсiпорындар, құрылыстар және өзге объектiлердi iске қосу және пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын;

жердiң бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде топырақтың құнарлы қабатының алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;

пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсiптiк өндiруден немесе өзге де бузушы процестер мен жұмыстардан босаған жерлердiң нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрi пайдалануға жарамды жағдайға келтiрiлуiн;

коршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келiсiмшарттық шарттардың сақталуын;

кен орындарының және өзге қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкелiп соғатын ластанудан, су басудан және техногендiк процестерден жер койнауының сақталуын;

жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануын және жойылуын;

жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалардың және қағидалардың сақталуын;

минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу кезiнде қоршаған ортаны корғау мәселелерi бойынша жобалық шешiмдердiң сақталуын;

жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде авариялық немесе өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс- шаралардың орындалуын;

зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгiлуiн;

Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көму, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау қағидаларының сақталуын;

су сапасы нормативтерiнiң сақталуын;

атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабатын корғау мәселелерi жөнiндегi, оның iшiнде көлiк және өзге қозғалмалы күралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалык регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалардың және өзге талаптардың сакталуын;

кәсiпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуын;

парниктiк газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезiнде талаптардың сакталуын;

кәсiпорындарды, қүрылыстарды және өзге объектiлердi салу, реконструкциялау, пайдалануға қосу және пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын;

радиоактивтi және өзге экологиялық қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс iстеу ережелерiн қоршаған орта ластануының алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде сакталуын;

химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң сақталуын;

экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуын;

өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және iшлсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуын;

ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң стационарлық тәздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлердiң санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптардың сақталуын;

Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды, ғоошаған орта объектiлерiнiң радиоактивтi заттармен ластануының алдын алу жәнiндегi жобалық шешiмдердiң орындалуын;

тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуын;

өндiрiстiк экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуын;

Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуын;

коршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуын;

мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзудiң мiндеттiлiгi туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуын;

мiндеттi экологиялық аудиттi өткiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi шынайы ақпаратты үсыну туралы талаптардың сақталуын;

Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында теңiздiк ғылыми зерттеулердi өткiзген кезде экологиялық талаптардың сақталуын;

кауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуын;

технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуын;

Ресей Федерациясының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға алу шартында көрсетiлген талаптардың сақталуын;

озонды бұзатын заттардың нақты әкелiнген, әкетiлген және өткiзiлген туралы деректердi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға ұсыну туралы талаптардың сақталуын мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

15) өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

16) өз құзыретi шегiнде су қорғау аймақтарында және бөлiктерiнде щарү ашылық қызметiнiң режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

17) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

18) әкiмшiлендiру субъектiлерi шығарған парниктiк газдар шығарындыларының көлемiн бақылауды жүзеге асырады;

19) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;

20) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшiн оңайтылған тәртiппен берiлетiн жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

21) шаруашылық және қызметтiң экологиялық қауiптi өзге де түрлерiн жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды түлғалардың мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша мiндеттерiн орындауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

22) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

23) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдарының жүйесiндегi зертханалық-талдамалык бақылау қызметтерiнiң қызметiн жетiлдiредi;

24) жарғысында қогамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бiрлестiктердiң тiзбесiн жасайды;

25) Қазақстан Республикасының аумагын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңiраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын және экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келiсудi жүзеге асырады;

26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырады;

27) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Департамент өз құзыретi шегiнде:

1) министрлiктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты өз құзыретi шегiнде алады;

2) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттiк экологиялық сараптама жөнiндегi Сарапшылық кеңестi құру туралы ереженi бекiтедi;

3) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттамаларды, талдау нәтижелерiн және өзге материалдарды сұрастырады және алады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiмен бакiтiлген өзге құқықтарды жүзеге асырады.

4. Департаменттiң мiндеттерiне мыналар кiредi:

1) Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беру;

2) өз құзыретi шегiнде және заңнама шеңберiнде, бұл жөнiнде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен мемлекеттiк органдар ресми сұрау салған ретте қажеттi материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

3) Департмент қызметкерлерiнiң әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгiлi болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткiзу.

Департаменттiң мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес мемлекеттiк экологиялық инспектордың құқықтарын иеленедi.

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.07.2017 11:50
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы