A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі СҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Департаменты

Байланыс мәлiметтерi

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi» ӨММ

Солтүстiк-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64, Интернационал көшесi 70

Байланыс телефондары: 31-05-50, 50-34-55

Электрондық пошта: depsko@enbek.kz

Ресми интернет-ресурсiнiң мекен жайы: www.depcontrol.sko.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсiнде аумақтық департаменттiң арнайы сайты үнемi қолданыста болып табылады: www.enbek.gov.kz, http://sko.enbek.gov.kz

Әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiм телефоны: 46-63-85

Медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiм телефоны: 46-87-68

Сенiм телефоны: 50-24-90

Басшылық

 

Аты-жөні Лауазымы Телефон Азаматтарды қабылдау кестесі
Молодовский Виктор Викторович Басшы 31-05-50 Сейсенбі сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін
Нұрбек Жанар Жексембайқызы  Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша басшының орынбасары 46-87-68 Жұма сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін
Нұғыманова Арай Жанатқызы Әлеуметтік мәселелері бойынша басшының орынбасары 46-70-30 Сәрсенбі сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін

 

Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

1. Департаменттiң мiндеттерi:

Әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама және арнаулы әлеуметтiк қызметтер саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.

2. Департаменттiң функциялары:

  1. Өз құзыретi шегiнде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамалардың сақталуын мемлекеттiк бақылау.
  2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi- Орталық) және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (бұдан әрi- МӘСҚ) төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны (бұдан әрi — мемлекеттiк арнайы жәрдемақы), бала тууға, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша мемлекеттiк жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушi адамға жәрдемақы, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу төлемдердi капитадандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн берiлетiн ай сайынғы төлемдердi (бұдан әрi-регресшiлерге берiлетiн ай сайынғы төлемдер), Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси құғын-сүргiндер құрбандарына бiржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдердi тағайындау;
  3. Орталықтан және МӘСҚ-тан зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдау;
  4. Орталықтан мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiнiң, зейнетақы төлемдерiнiң, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының, мемлекеттiк арнайы жәрдемақының, бала тууға және оның күтiмiне берiлетiн жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушi адамға берлетiн жәрдемақыны, саяси құғын-сүргiндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдер, регресшiлерге берiлетiн ай сайынғы төлемдердiң, МӘСҚ-тан әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық төленуiне бақылауды жүзеге асыру;
  5. Орталықтан зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердi және МӘСҚ-тан әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың дұрыстығын тексеру;
  6. Орталықтан төленетiн зейнетақы және әлеуметтiк төлемдердiң, МӘСҚ-тан төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алушылардың саны мен сомалары туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
  7. Орталықтан зейнетақы және әлеуметтiк төлемердi және МӘСҚ-тан әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi жөнiндегi түсiнiктемелер беру;
  8. Өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарау.
  9. Мүгедектiктi және еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiнiң себебiн, мерзiмiн, басталу уақытын белгiлеу.
  10. Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;
  11. Мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тiрлiшiгiнiң шектеулi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
  12. Мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру, мүгедектiктiң себептерiне, құрылымына және жағдайына мониторинг жүргiзу;
  13. Халықтың мүгедектiк деңгейi мен себептерiн зерделеу;
  14. Медициналық ұйымдардың дәрiгерлерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама және мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiнде консультативтiк көмек көрсету, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге қатысу;
  15. Мүгедектiк белгiлерi бар барлық әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақыртылатындар туралы ақпаратты жергiлiктi әскери басқарма органдарына ұсыну;
  16. Жұмыс практикасына замануи, ғылыми қағидаттар мен әдiстердi енгiзу, сондай-ақ озық тәжiрибенi қорыту, тарату және медициналық-әлеуметтiк сараптама әрi мүгедектердi оғалту жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;
  17. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу және түзеу, олардың орындалу тиiмдiлiгiн бақылау;
  18. Зардап шеккен немесе өзге де еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде денсаулығына зақым келген қызметкердiң (бұдан әрi- қызметкер) қосымша көмек және күтiм түрлерi мұқтаждығын айқындау;
  19. Министрлiк мен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау, өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне жауап дайындау;
  20. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;
  21. Өз құзыретi шегiнде құқықтық, консультациялық және практикалық көмектi жүзеге асыру;
  22. Өз құзыретi шегiнде ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарын және тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз етң жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
  23. Министрлiктiң Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттiң жұмыс жоспарын iске асыруға қатысу;
  24. Департаментке заңнамада және Министрлiк пен Комитет басшылығы жүктеген өзге де мiндеттер.
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2016 09:57
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы