A- A A+
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

/sites/sko.gov.kz/uploads/photos/departamenty/DCHS.jpg

«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi — 150010, Петропавл қ., Ғ. Мұсірепов көшесi, 32, тел./факс 8 (7152) 52-27-33.

Веб-мекен-жай: www.chs.sko.kz

IIМ Бiрыңғай сенiм телефоны — 1402

Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ департаментiнiң сенiм телефондары: 52-21-72.

Азаматтардың үндеуі үшін негізгі e-mail: dchs_sko@emer.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ азаматтардың өтініш жасауы үшін сенім телефоны: +7 7152 52-26-37.

Солтүстік қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ азаматтардың өтініш жасауы үшін e-mail: od_spasr_sko@emer.kz

Департаменттің басшылығы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы

Камалов Рамиль ФаткуловичКамалов Рамиль Фаткулович азаматтық қорғау полковнигi — 5 маусым 1976 жыл

Туғанжерi: Торғай облысы, Есiл ауданы, Красногорский кентi

Ұлты: татар

Бiлiмi: Жоғары. Бiтiрдi 1996 ж. ҚР IIМ Павлодартехникалық колледжiн бiтiрген, 2008 ж. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университеттi бiтiрген, оқуы бойынша мамандықтары «Ұйымдастыру және өртке қарсы қорғау техникасы»; «Стандарттандыру, метрология и сертификациялау»

Мемлекеттiк марапаттары: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн» III, II және I дәрежелi медальдары; «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздiк шыққаны үшiн» медалi; «ҚР Тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерекелiк медалi; «Төтенше жағдайлар жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» төсбелгiсi.

Жұмыс орындары:

09.1993 ж. — 02.1996 ж. ҚР IIМ Павлодар техникалық колледжiнiң курсанты;

02.1996 ж. — 01.1998 ж. Ақмола облысы IIБ Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасының №84 жекешелендiрiлген әскерлендiрiлген өрт сөндiру бөлiмiнiң мемлекеттiк өрттi бақылау инспекторы;

01.1998 ж. — 04.1998 ж. Ақмола облысы МӨҚҚ №19 өрт сөндiру бөлiмiнiң мемлекеттiк өрт бақылау инспекторы;

12.1998 ж. — 07.1999 ж. Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндiру бөлiмiнiң инспекторы;

07.1999 ж. — 01.2001 ж. Астана қаласы, «Өрт сөндiрушi» РМК филиалының №7 өрт сөндiру бөлiмiнiң аға инженерi;

10.2001 ж. — 11.2002 ж. Астана қаласының «Өрт сөндiрушi» РМК №11 филиалының №11 өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы;

11.2002 ж. — 02.2005 ж. Астана қаласы «Өрт сөндiрушi» РМК филиалының өрт сөндiру тобының бас маманы;

02.2005 ж. — 09.2006 ж. ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау бойынша комитетiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi бөлiмiнiң бас маманы;

09.2006 ж. — 03.2009 ж. ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару бөлiмiнiң бас маманы;

03.2009 ж. — 04.2010 ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы;

04.2010 ж. — 11.2010 ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы;

11.2010 ж. — 10.2014 ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы;

10.2014 ж. — 16.01.2015 ж. ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетiнiң өрт сөндiру қызметiн ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы;

16.01.2015 ж. — ҚР IIМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары, Ақтау қаласы;

05.06.2017 ж. — ҚР IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығы, Петропавл қаласы.

Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментi бастығының орынбасары

Атығаев Нұрлан БауыржанұлыАзаматтық қорғау полковнигi Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы 31.05.1978 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 2001 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын аяқтаған, өрт қауiпсiздiгiнiң инженерi.

Нұрлан Бауыржанұлы 1999 жылдан бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқытушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, 2009 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында СҚО ТЖ департаментiнiң Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмiн басқарды.

2011- 2014 жылдар аралығында СҚО ТЖД Мемлекеттiк өрт бақылау Басқармасының бастығы болды.

2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментiнiң өрт қауiпсiздiгi саласында Бақылау және алдын — алу қызметi Басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ Департаментi бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Н.Б. Атығаевтың мемлекеттiк өрт бақылау саласында жұмыс тәжiрибесi мол, ол ауылдық аумақтарда өрт сөндiру кезiнде ерiктiлердiң қатысуын үлгi ретiнде таратып, халық арасында өрттердi алдын — алуға инновациялық әдiстердi енгiзу бойынша, облыс аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша Департаменттiң қызметiн одан әрi жетiлдiру бойынша бiршама бастамашылық танытты.

2015 жылы полковник Атығаевтың басшылығымен СҚО ТЖД өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау және алдын — алу қызметi басқармасы «Үздiк мемлекеттiк өрт бақылау басқармасы» атты 4-шi республикалық конкурста үшiншi орынға ие болды.

Нұрлан Бауыржанұлы өзiн бастамашыл, талапшыл, мақсатшыл басшы ретiнде жақсы жағынан көрсете бiлдi.

III және II деңгейлi «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн» медалiмен, «Төтенше жағдайлар жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» кеуде белгiсiмен марапатталған.

Үйленген. Екi баласы бар.

Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жкғдайлар департаментi бастығының орынбасары

Сарыбаев Ерiк ТемiрханұлыПодполковник Сарыбаев Ерiк Темiрханұлы, 28.05. 1976 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 1998 жылы Оңтүстiк Қазақастан университетiн, 2013 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын аяқтаған, «Өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс», « Әскери бөлiмдер және құрамаларды басқару» бiлiмi бойынша мамандықтары бар.

Ерiк Темiрханұлы 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаруланған күштерiнде, соның iшiнде ҚР IIМ әскери бөлiмдерде басшылық лауазымындажұмыс iстедi.

2009 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесiнде қызмет етедi. 2010 жылдың мамыр айында Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң Азаматтық қорғаныс басқармасының азаматтық қорғаныс iс шараларын бақылау бойынша бөлiм бастығы лауазымын атқарды, ал сол жылдың қарашасынан бастап Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi авариялық-құтқару қызметтерi бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстiка Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайларды жою бөлiмiнiң бастығы, ал 2013 жылдың тамызынан бастап ҚР IIМ ТЖК Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департам ентi Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылдың тамызынан 2016 жылғы тамызына дейiн Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары болды.

Сарыбаев Ерiк Темiрханұлы ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметiнде тәжiрибесi бар, жұмысының әр учаскесiнде өз iсiнiң кәсiпқойы ретiнде көрсеттi.

Үйленген.

Бекiтемiн
Солтүстiк Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар
департаментiнiң бастығы
азаматтық қорғау полковнигi
Р.Ф. Камалов
2017 ж. 25.06.

Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi басшылығымен жеке азаматтарды және заңды тұлға өкiлдерiн қабылдаудың 2017 жылдың III тоқсанына арналған кестесi

Лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні Лауазымы Қабылдау күндері мен уақыты Мемлекеттік мекеменің орналасқан орны
1. Камалов Рамиль Фаткулович СҚО ТЖ департаментінің бастығы Сәрсенбі
сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Петропавл қ.
Ғабит Мүсірепов к., 32
тел.: 52-27-33
2. Сарыбаев Ерік Темірханұлы СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дүйсенбі
сағат 15.00-ден 17.00 дейін
Петропавл қ.
Ғ. Мүсірепов көшесі, 32 үй
тел.: 52-27-16
3. Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы   СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Бейсенбі
сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Петропавл қ.
Ғабит Мүсірепов к., 32
тел.: 52-27-16

Сенім телефоны: 1402

Ескерту: Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар кезектен тыс қабылданады.

Департамент қызметiнiң мәнi мен мақсатын

Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi республикалық, өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетiнiң аумақтық бөлiнiсi болып табылады.

Мiндеттерi:

  1. азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  2. азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
  3. өрт қауiпсiздiгi және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  4. өрттiң алдын алуды және сөндiрудi ұйымдастыру.

Функциялар:

  1. азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
  2. азаматтық қорғау күштерiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
  3. табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау iс-шараларын ұйымдастыру және өткiзу кезiнде азаматтық қорғау күштерiне басшылық жасау;
  4. табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу;
  5. Департамент пен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
  6. жергiлiктi атқарушы органның құзыретiне кiретiн азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
  7. азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асыру;
  8. азаматтық қорғау саласында iргелес мемлекеттердiң шекара маңы өңiрлерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
  9. табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтiру және оңалтуды қамтамасыз ету;
  10. комиссиясының құрамында өз құзыретi шегiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зiлзалалар мен апаттарды тергеудi ұйымдастыру және жүргiзу;
  11. қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезiнде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
  12. азаматтық қорғау құралдарына қажеттiлiктi айқындау үшiн Комитетке және жергiлiктi атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
  13. қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
  14. азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiн даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
  15. азаматтық қорғаныс жоспарын әзiрлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы — облыс әкiмiне бекiту үшiн енгiзу;
  16. облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келiсу;
  17. жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеу және оларды облыстың әкiмiне бекiтуге ұсыну;
  18. облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын келiсу;
  19. азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
  20. азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi және мазмұны жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
  21. қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекшi және жылжымалы басқару пункттерiн құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы — облыс әкiмiне енгiзу;
  22. елдi мекендер мен аса маңызды мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
  23. өртке қарсы ерiктi құралымдардың тiзiлiмiн жүргiзу;
  24. төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi жоспарларды әзiрлеу;
  25. облыстың, қалалар мен аудандардың қауiпсiздiк паспорттарын және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерiнiң каталогтарын әзiрлеу;
  26. жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлар кезiнде облыс әкiмiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
  27. төтенше жағдайлар кезiнде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу;
  28. суда құтқару және сүңгуiрлiк-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
  29. облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметiн үйлестiру;
  30. авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу;
  31. аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткiзу;
  32. су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу;
  33. өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзiрлiкте ұстау;
  34. халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатерi туралы болжам болған кезде күнi бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар берудi және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
  35. облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiн дамыту және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  36. облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiмен автоматтандырылған жүйелердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру;
  37. өз құзыретi шегiнде азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң корпоративтiк ақпараттық-коммуникациялық жүйесiнiң, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  38. азаматтық қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
  39. төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсiлдерi мен iс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiнiң басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
  40. ерiктi өрт сөндiрушiлердi кейiнгi даярлаудың бағдарламасын бекiту;
  41. өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  42. азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  43. елдi мекендер мен объектiлерде өртке қарсы күреске өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң әзiрлiгiн бақылауды жүзеге асыру;
  44. су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  45. өрт қауiпсiздiгi, азаматтық қорғаныс саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге асыру;
  46. анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
  47. анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
  48. су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын сақтамағаны үшiн азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
  49. субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
  50. өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк, мемлекеттiк құпиялар және ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауды қамтамасыз ету;
  51. өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Комитетке енгiзу;
  52. өз құзыретi шегiнде терроризммен күрес жөнiндегi облыстық штабтың жұмысына қатысу;
  53. өз құзыретi шегiнде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
  54. облыс бойынша мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлiк есептен белгiленген тәртiпте шығарылған әскери мiндеттiлердi арнайы есепке алуды жүргiзу;
  55. өтiнiш берушiнiң азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу;
  56. өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестiгiне құрылысы аяқталған кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс, қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
  57. өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлерге, нормативтiк актiлерге және стандарттарға өзгерiстер, толықтырулар енгiзу жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
  58. азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелдi актiлерiнде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 11:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.07.2017 05:50
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы