A- A A+
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Заңды мекенжайы: T01M2E9 (150009), Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Мир к-сi, 236
Телефон: 8 (7152) 52-14-37; факс: 52-14-50; қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша Call-орталығы: 52-14-46
E-mail: skodooz@mz.gov.kzskodooz@mail.ru
Департаменттiң ресми сайты: http://kooz.mz.gov.kz/ru/kategorii/severo-kazahstanskaya-oblast-0

Серикбай Халимович Касмакасов

Серикбай Халимович КасмакасовТуған күнi: 1959 жыл 25 тамыз

Туған жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Ленино ауылы.

Бiлiмi, лауазымы: 1987 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша аяқтады, дәрiгер-гигиенист, эпидемиолог. Медицина ғылымының докторы.

Еңбек өтiлi:

  • 1987 жыл — Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют аудандық денсаулық сақтау бөлiмi эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиенасы бойынша санитарлық дәрiгерi.
  • 1987-нен 1988 жылға дейiн — Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрiгер эпидемиологы.
  • 1988-нен 1997 жылға дейiн — Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық станциясы бөлiм меңгерушiсiнiң мiндетiн атқарушы, паразитология бөлiмiнiң меңгерушiсi, эпидемиология бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 1997-нен 2003 жылға дейiн — Жамбыл облысы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бас дәрiгерiнiң орынбасары.
  • 2003-нен 2004 жылға дейiн — Жамбыл облысы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы орынбасарының мiндетiн атқарушы, басшының орынбасары.
  • 2005-нен 2009 жылға дейiн — Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi директорының орынбасары, директор.
  • 2009-нан 2010 жылға дейiн — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаментiнiң директоры.
  • 2010-нан 2012 жылға дейiн — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Тараз қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары.
  • 2012-нен 2017 жылға дейiн — Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
  • 2017 жылдың 17 шiлдесiнен — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң басшысы.

Мемлекеттiк марапаттаулары:

  • «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгiсi;
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалi.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң құрмет грамоталары мен алғысы, Жамбыл облысы әкiмiнiң құрмет грамотасы бар.

Алия Шайзадаевна Рустемова

Алия Шайзадаевна РустемоваТуған күнi: 1970 жыл 8 наурыз

Туған жерi: Алматы облысы, Талғар қаласы.

Бiлiмi, лауазымы: 1992 жылы Алматы мемлекеттiк медициналық институтын емдеу iсi мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жылы I. Жансүгiров ат. Жетiсу мемлекеттiк университетiн қаржы мамандығы бойынша аяқтады. Медицина ғылымының докторы, жоғары бiлiктiлiк санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.

Еңбек өтiлi:

  • 1993-нен 1994 жылға дейiн интернатурадан кейiн Алматы қ. № 5 ҚКА терапевтiк бөлiмшесiнiң дәрiгер-ординаторы болып жұмыс iстедi.
  • 1994-нен 1996 жылға дейiн ҚазҒЗИ кардилогия негiзiнде клиникалық ординатурада оқыды.
  • 1996-нан 1999 жылға дейiн Қазақ мемлекеттiк медициналық университетiнiң негiзiнде аспирантура.
  • 2000-дан 2001 жылға дейiн Талғар ауданы бас дәрiгерiнiң орынбасары.
  • 2001-нен 2005 жылға дейiн Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бас терапевтi.
  • 2005-нен 2009 жылға дейiн Медициналық қызмет көрсету саласында бақылау комитетiнiң Алматы облысы департаментiнде, лицензиялау, аттестаттау және аккредитация бөлiмiнiң бастығы лауазымынан бастап, содан кейiн директордың орынбасары болып жұмыс iстедi.
  • 2009-нан 2010 жылға дейiн Медициналық қызметке ақы төлеу комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментiнiң директоры.
  • 2010 жылғы тамыздан 2011 жылғы ақпанға дейiн Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.
  • 2011-нен 2012 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық және фармацевтикалық қызметтi бақылау комитетiнiң Алматы қ. бойынша департаментiнiң директоры.
  • 2012-нен 2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы.
  • 2015-нен 2017 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Медициналық және фармацевтикалық қызметтi бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы.
  • 2017 жылғы 3 сәуiрден — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi басшысының орынбасары.

Мемлекеттiк марапаттаулары:

  • 2006 жыл — «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгiсi.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң, Алматы және Қызылорда облыстары әкiмдерiнiң құрмет грамоталары мен алғыстары бар.

Татьяна Леонидовна Горлова

Татьяна Леонидовна ГорловаТуған күнi: 1964 жыл 18 қыркүйек

Туған жерi: Украина, Львов қаласы.

Бiлiмi, лауазымы: 1987 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын санитариялық дәрiгер мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек өтiлi:

  • 1987 жылғы 1 тамыздан — Солтүстiк Қазақстан облысының санитариялық-гигиеналық станциясының коммуналды гигиена бөлiмiнiң санитарлық дәрiгерi.
  • 1989 жылғы 15 мамырдан — Солтүстiк Қазақстан облысының санитариялық-гигиеналық станциясының тағам гигиена бөлiмiнiң санитарлық дәрiгерi.
  • 1989 жылғы 1 тамыздан — Облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасының тағам гигиена бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 2003 жылғы 1 қазаннан — Солтүстiк Қазақстан облысы мемсанэпидқадағалау департаментiнiң тағам гигиена бөлiм бастығының м.а., 2004 жылғы 14 мамырдан — Солтүстiк Қазақстан облысы мемсанэпидқадағалау департаментiнiң тағам гигиена бөлiмiнiң бастығы.
  • 2005 жылғы 1 сәуiрден — Петропавл қ. бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы мемсанэпидқадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық бөлiмiнiң бастығы.
  • 2008 жылғы мамырдан — Петропавл қ. бойынша мемсанэпидқадағалау басқармасының санитариялық гигиенаның бас маманы.
  • 2009 жылғы қаңтардан — Петропавл қ. бойынша мемсанэпидқадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлiмiнiң бастығы.
  • 2009 жылғы 28 қыркүйектен — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемсанэпидқадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң санитариялық-гигиеналық қадағалау бойынша директордың орынбасары.
  • 2013 жылғы 9 сәуiрден — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемсанэпидқадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң санитариялық-гигиеналық қадағалау бойынша басшының орынбасары.
  • 2014 жылғы 18 маусымнан — Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының орынбасары.
  • 2014 жылғы 18 қарашадан — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының орынбасары.
  • 2017 жылғы 3 сәуiрден — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi басшысының орынбасары.

Мемлекеттiк марапаттаулары:

  • 2012 жыл — «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгiсi;
  • 2014 жыл — «Денсаулық сақтау iсiне қосқан үлесi үшiн» төсбелгiсi;
  • 2017 жыл — «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi.

Департаменттiң құрылымы

А.Т.Ж. Лауазым Байланыс телефоны
Басшылық
Серикбай Халимович Касмакасов Департамент басшысы  52-14-37 
Арман Сайлаубаевич Кушбасов Басшының орынбасары  34-04-43  
Алия Шайзадаевна Рустемова  Басшының орынбасары  52-04-40  
Татьяна Леонидовна Горлова Басшының орынбасары  34-04-42 
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, автоматты басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі
Денис Валерьевич Панченко Бөлім басшысы 52-14-45
Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Елена Николаевна Мамлютова Бөлім басшысы 52-04-05
Персоналды басқару қызметі
Самал Абельмажиновна Сулейменова Бөлім басшысы 34-04-45
Жоспарлау, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі
Умут Дюсембаевна Басенова Бөлім басшысы 52-14-47
Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (сонымен қатар туберкулезді)
Толкын Черьездановна Каженова Бөлім басшысы 52-14-49
Инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Фарида Атморзаевна Мухамеджанова Бөлім басшысы 52-14-38
Аурухана ішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Жания Секеновна Абишева Бөлім басшысы 52-12-66
Балалар және білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Гульнара Мейрамовна Сеитова Бөлім басшысы 52-14-43
Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Гульнара Турлыбековна Джаксылыкова Бөлім басшысы 34-04-49
Тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Наталья Яковлевна Беляева Бөлім басшысы 34-04-48
Техникалық регламенттерге бақылау жүргізу бөлімі
Самат Куанышбаевич Казанбаев Бөлім басшысы 34-04-47
Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету және үйлестіру бөлімі
Светлана Дмитриевна Стригалева Бөлім басшысы 52-14-36
Медициналық қызметке бақылау бөлімі
- Бөлім басшысы 52-14-36
Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі
Светлана Васильевна Остапенко Бөлім басшысы 52-14-46

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Департамент) облыс аумағында өз құзыретi шегiнде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау салаларында басшылықты және реттеудi, халыққа өткiзiлетiн өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптардың сақталуын, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi және органикалық өнiмдердiң өндiрiсi аясында, сондай-ақ денсаулық сақтау аясындағы (бұдан әрi — реттелетiн сала) стандарттарды бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестiрудi, реттеушi, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Департаменттiң аумақтық бөлiмшелерi — тиiстi ауданның, қаланың (қала ауданының) қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары бар.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Егер Департаментке уәкiлеттiк берiлген болса, ол өз атынан және Комитет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

5. Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

6. Департамент өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. Департаменттiң құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Департаменттің заңды мекенжайы: T01M2E9 (150009), Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 236.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

12. Департаментке мемлекеттiк органның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге жол берiлмейдi.

Егер Департаментке заңнамалық актiлермен табыс әкелетiн қызметтi iске асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Мiндеттерi:

1) тиiстi аумақта қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау салаларында мемлекеттiк саясатты iске асыру, салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру;

2) тиiстi аумақта медициналық қызмет саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

3) қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау мәселелерi бойынша ведомствоаралық үйлестiру, реттеушi, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

4) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

14. Функциялары:

1)тиiстi аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;

2)тиiстi аумақта өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3)тамақ өнiмдерiн өткiзу сатысында олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

4)өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

5)өз құзыретi шегiнде Комитет Департаментiнiң аумақтық басқармаларының қызметiн жалпы ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау;

6)өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

7)құзыретi шегiнде санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарын және нормативтiк құқықтық актiлердi, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттарды; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есептiлiк құжаттамасының нысандарын; тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттарын және Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес реттелетiн саладағы жартыжылдық тексерулер жүргiзу графиктерiн және iрiктеп тексерулер тiзiмдерiн әзiрлеу;

8)өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

9)тиiстi аумақта санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнiмдерi мен балалар ойыншықтарының қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

10)реттелетiн саладағы мемлекеттiк және өзге де бағдарламалардың және жобалардың, стратегиялық жоспарлардың iске асырылуын қамтамасыз ету;

11)реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу;

12)мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен реттелетiн саладағы мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;

13)реттелетiн салада мемлекеттiк қызметтердi көрсету, рұқсат құжаттарын беру, оның iшiнде патогендiгi III-IV топтағы микроорганизмдермен жұмысқа рұқсат беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (керi қайтару);

14)радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын рентген жабдығының, аспаптардың және жабдықтардың импортын келiсу;

1)жабдықтардың импортын келiсу;

2)тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмдерiн және сақтау шарттарын; санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобаларын; санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн келiсу;

3)жобаларға мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу, оның нәтижелерi бойынша, сондай-ақ тексерулер, бақылаудың өзге нысандары нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;

4)өз құзыретiнiң шегiнде жобаларды мемлекеттiк сараптауға қатысу;

5)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзу;

6)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ғылымды дамытуды және ғылыми қызметтi үйлестiрудi қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгiзу;

7)тағамға биологиялық белсендi қоспалардың қауiпсiздiгiн ғылыми негiзделген растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;

8)тиiстi аумақта денсаулық сақтау ұйымдарының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн үйлестiру;

9)реттелетiн саласындағы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша ұсыныстар енгiзу;

10)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ғылыми ұйымдарды мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

11)реттелетiн саладағы, бюджеттi жоспарлау және орындау, бухгалтерлiк есеп және мемлекеттiк сатып алулар мәселелерi бойынша республикалық және өңiрлiк семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысу;

12)Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

13)«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру рәсiмдерiн, лицензиялауды және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;

14)тиiстi аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерге қатысты мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу;

15)Қазақстан Республикасының тиiстi аумағында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

16)Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау;

17)тиiстi аумақта шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтiң және халық тұрмысының ерекше шарттары бар шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу;

18)халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тиiстi аумағына әкелуге, онда өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу;

19)адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi деп танылған жағдайда шикiзаттың, өнiмнiң, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетiктердiң, процестердiң, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу;

20)Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды сатуға тыйым салу;

21)өз құзыретi шегiнде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттiк және басқа да аурулар кезiнде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

22)тиiстi аумақты инфекциялық, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан санитариялық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

23)тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау бойынша оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн бақылау;

24)өз құзыретi шегiнде зерттеулер мен сынақтар өткiзу;

25)халыққа профилактикалық егулердiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;

26)дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық белсендi қоспалардың практикаға енгiзiлуiн және қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;

27)тиiстi аумақта йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

28)тиiстi аумақта инфекциялық және паразиттiк ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

29)тиiстi аумақта тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттарда белгiленген, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн өткiзу сатысында олардың қауiпсiздiгi саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

30)тиiстi аумақта санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын қауiптi тамақ өнiмдерiн анықтау және өткiзуге жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлеу мақсатында өндiрiс объектiлерi мен iшкi сауда объектiлерiн санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

31)органикалық өнiмдi өткiзу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнiмнiң өндiрiсi саласындағы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру, үйлестiру және жүзеге асыру;

32)тиiстi аумақта медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң, тағамға биологиялық белсендi қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыру;

33)Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актiлердi қабылдау;

34)санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн сараптама объектiсiнiң қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерiн бағалауды зерделеу үшiн қажеттi материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнiмнiң құнына өтемақы төлемей, сараптама жүргiзу үшiн қажеттi көлемнен аспайтын және жеткiлiктi көлемдерде өнiмдердiң сынамаларын алу және үлгiлерiн iрiктеп алу;

35)денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

36)өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке, лауазымды тұлғаларды, заңды тұлғалардың заңды өкiлдерiн санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы органдарына шақыру;

37)балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;

38)инфекциялық және паразиттiк аурулардың таралуының әлеуеттi көздерi болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық зерттеп-тексеру нәтижелерiн алғанға дейiн медициналық зерттеп-тексеруге жiберу;

39)инфекциялық және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды көрсетiмдерi бойынша емдеуге жатқызуға жiберу;

40)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетiн салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;

41)Қазақстан Республикасының тиiстi аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

42)инфекциялық және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ мiндеттi медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар қабылдау;

43)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және гигиеналық нормативтердi бұзушылықтар жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұру;

44)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшiн бiрiншi, екiншi бiлiктiлiк санаттарын беру туралы куәлiктi беру және керi қайтарып алу;

45)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тергеп-тексеру жүргiзу;

46)халықты мiндеттi түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзудi талап ету;

47)Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiппен шектеу iс-шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеу;

48)өнiм қауiпсiздiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру;

49)адамның өмiрi, денсаулығы және оның тiршiлiк ету ортасы үшiн қауiптi мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) бақылауындағы өнiмдердi (тауарларды) әкелудi және оның айналымын болдырмау жөнiндегi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды жүзеге асыру;

50)санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемiн белгiлеу және өзгерту;

51)қолдануға тыйым салынған әлеуеттi қауiптi химиялық, биологиялық заттарды тiркелiмге енгiзу бойынша ұсыныстар енгiзу;

52)тиiстi аумақта құзыретi шегiнде өнiмге, тауарларға, процестерге, көрсетiлетiн қызметтерге арналған мемлекеттiк және халықаралық стандарттардың жобаларын, жобалау нормаларын келiсу;

53)Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғау, қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

54)тиiстi аумаққа инфекциялық, паразиттiк аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi заттар мен өнiмдердiң әкелiнуi мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды, халықтың денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн жолаушыларды, экипаждарды, поезд бригадаларын, көлiк құралдарын, жүктердi санитариялық-карантиндiк бақылауды ұйымдастыру және өткiзу;

55)өз құзыретi шегiнде лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

56)азаматтардың медициналық көрсетiлетiн көмектiң деңгейi мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесiн айқындау;

57)халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу;

58)денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне, оның iшiнде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

59)денсаулық сақтау саласында сараптама жүргiзудi бақылау: медициналық көрсетiлетiн қызметтер сапасын сараптау, еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау;

60)дәстүрлi медицина, халық медицинасы (емшiлiк) қызметтерiн көрсететiн субъектiлердiң қызметiн бақылау;

61)медициналық көрсетiлетiн қызметтер сапасына сырттай сараптама жүргiзу;

62)денсаулық сақтау саласының аккредиттелген субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг жүргiзу;

63)денсаулық сақтау саласындағы клиникалық практиға жiберу үшiн маман сертификатын беру;

64)медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн бiлiктiлiк санатын беру туралы куәлiк беру;

65)Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетiнде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдiк мамандарды клиникалық практикаға жiберу үшiн маман сертификатын беру;

66) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк аттестаттау өткiзуге қатысу;

67)медициналық бiлiмi бар мамандарға бiлiктiлiк санатын беру туралы куәлiктi керi қайтарып алуды жүзеге асыру;

68)денсаулық сақтау саласындағы мамандарға сертификаттау жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiн әзiрлеу кезiнде ұсыныстар енгiзу;

69)денсаулық сақтау саласындағы мамандарға бiлiктiлiк санатын беру туралы куәлiктi беру және керi қайтарып алу тәртiбiн, мерзiмiн әзiрлеу кезiнде ұсыныстар енгiзу;

70) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетiнде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдiк мамандарды клиникалық практикаға жiберу қағидаларын әзiрлеу кезiнде ұсыныстар енгiзу;

71)медициналық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзу;

72)медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын және регламенттерiн әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзу;

73)тәуелсiз сарапшылар ретiнде тәуелсiз сараптама жүргiзуге үмiткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзу;

74)қорытынды бере отырып, денсаулық сақтау субъектiсi мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестiгiн айқындау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;

75)медициналық қызмет саласындағы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер бойынша есептiлiктi құру;

76)мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру бойынша түсiндiру iс-шараларын жүргiзу;

77)мiндеттi ведомстволық есептiлiктi құру;

78)саламатты өмiр салтын қалыптастыруды және салауатты тамақтануды ұйымдастыру;

79)қоғамдық денсаулық сақтау және жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау мәселелерi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жасауды және iске асыруды жүзеге асыру;

80)қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерi бойынша халық арасында түсiндiру жұмысын ұйымдастыру;

81)денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру бойынша қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;

82)денсаулық сақтау мәселелерi бойынша жастар ұйымдарымен өзара iс-қимы жасауды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

83)денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, денсаулық сақтау субъектiлерi мен өзге де ұйымдардың жұмысын әдiстемелiк және ұйымдастырушылық үйлестiру;

84)заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Департаменттiң құқықтары мен мiндеттерi:

1) тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде Комитеттiң ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, обаға қарсы күрес және дезинфекция станцияларынан реттелетiн саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

2) реттелетiн саладағы жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру;

3) негiзгi қызмет, республикалық бюджеттi жоспарлау және атқару мәселелерi бойынша аумақтық органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестiру;

4) жеке және заңды тұлғалар қоғамдық денсаулық сақтау органдарының лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiну;

5) реттелетiн саладағы аумақтық бөлiмшелер мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға өз құзыретi шегiнде консультациялық көмек көрсетудi ұйымдастыру;

6) реттелетiн саладағы мәселелер бойынша бiлiмдi насихаттау;

7) өз құзыретi шегiнде консультативтiк-кеңесшi және сараптау комиссияларын құру;

8) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi құрастыру;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алынған коммерциялық, қызметтiк, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

10) реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргiзу;

11) заңнамада белгiленген тәртiппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргiзуге тарту;

12) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетiмдiлiгiн ұйымдастыру;

13) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен реттелетiн саладағы қызметтiң түпкiлiктi нәтижелерiне жетуге бағытталған меморандумдар (келiсiмдер) жасау;

14) қолданыстағы заңнамалық актiлерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру

16. Департаменттi басқаруды Департаменке жүктелген мiндеттердi орындауға және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын Департаменттiң басшысы жүзеге асырады.

17. Департаменттiң басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

19. Департамент басшысының өкiлеттiктерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

Департаменттiң қызметкерлерiн;

Комитет төрағасының келiсiмi бойынша Комитеттiң мына төмендегi аумақтық бөлiмшелерiнiң:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Петропавл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Айыртау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Ақжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Есiл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Қызылжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Жамбыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Мамлют аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Тайынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Тимирязев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Уәлиханов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Шал ақын ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшыларын және басшыларының орынбасарларын, қызметкерлерiн лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

2) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Департамент қызметкерлерiн, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген аумақтық бөлiмшелердiң басшыларын, басшыларының орынбасарларын, қызметкерлерiн көтермелеу, iссапарға жiберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзi тағайындайтын Департаменттiң қызметкерлерiне, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген аумақтық бөлiмшелердiң басшыларына, басшыларының орынбасарларына, қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;

4) Департамент қызметкерлерiнiң, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген аумақтық бөлiмшелер басшыларының, басшылары орынбасарларының, қызметкерлерiнiң мiндеттерiн, өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

5) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттiң мүддесiн бiлдiредi;

7) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген аумақтық бөлiмшелердiң ережелерiн бекiтедi;

8) Департаменттiң және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген аумақтық бөлiмшелердiң бос лауазымдарына конкурс жариялайды;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Департаменттiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Департаменттiң мүлкi

20. Департаменттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

21. Департаменттiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өз қызметiнiң нәтижесiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлiк (ақшалай табысты қосқанда) есебiнен қалыптасады.

22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23. Департаментке өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша берiлген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өз бетiнше иелiктен айыруына немесе өзге тәсiлмен билiк жүргiзуiне жол берiлмейдi.

5. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату

24. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң басшысы және оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесi

Азаматтар қабылдауын іске асыратын басшының А.Ж.Т. Азаматтар қабылдауын іске асыратын басшының лауазымы Қабылдау күні мен уақыты
Серикбай Халимович Касмакасов Басшы сейсенбі 11.00-ден сағат 13.00 дейін 
Арман Сайлаубаевич Кушбасов Басшының орынбасары  сәрсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін
жұма: 16.00-ден сағат 18.00 дейін 
Татьяна Леонидовна Горлова Басшының орынбасары дүйсенбі: 16.00-ден сағат 18.00 дейін
бейсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін 
Алия Шайзадаевна Рустемова Басшының орынбасары   сейсенбі 11.00-ден сағат 13.00 дейін
бейсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінiң әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесi

А.Ж.Т.     Лауазымы Күні мен уақыты
Фарида Атморзақызы Мұхамеджанова Жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы сәрсенбі: 17.00-ден сағат 18.30 дейін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң мамандарымен жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiмен кеңес жүргiзу кестесi

Кеңесті іске асыратын басшының А.Ж.Т. Кеңесті іске асыратын басшының лауазымы Кеңестің күні мен уақыты
С.К. Казанбаев Техникалық регламенттерге бақылау жүргізу бөлім басшысы дүйсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Г.М. Сеитова Балалар және білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы сейсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Г.Т. Джаксылыкова Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы сәрсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Н.Я. Беляева Тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы бейсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
С.Д. Стригалева Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету және үйлестіру бөлімінің басшысы сәрсенбі: сағат 15.00-ден 18.00 дейін
- Медициналық қызметке бақылау бөлімінің басшысы сейсенбі: сағат 15.00-ден 18.00 дейін

Жұма күндерi «Ашық есiк күндерi» — бағыттауға сәйкес департаменттiң барлық мамандары кеңес жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң және аумақтық басқармалардың сенiм телефондары (мемлекеттiк органда сыбайлас жемқорлық айқындалуының деректерi және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдiп кодексiн сақтамау туралы хабарлар үшiн)

Мемлекеттік органның атауы Сенім телефоны Жауапты басшы Жауапты маманы
1 Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi 8 (7152) 52-14-37 Серикбай Халимович Касмакасов Аймгүл Файзуллақызы Хамитова — басшының хатшысы
2 Айыртау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-33) 2-71-86 Иван Иванович Лубинец Валентина Павловна Сушкова — хатшы
3 Ақжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-46) 2-14-80 Сәуле Қамидулақызы Қажкенова Айгүл Тулебайқызы Зәкенова — хатшы
4 Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-32) 2-22-32 Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев Айнагүл Берікқызы Антонова — хатшы
5 Есіл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-43) 2-15-71 Владимир Алексеевич Степовой Надежда Ивановна Суслова — хатшы
6 Жамбыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-44) 2-21-11 Ақжайық Төлегенұлы Умаров Зарина Айпақызы Макенова — хатшы
7 Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-31) 2-81-51 Сергей Валерьевич Плыгунов Алмагүл Адылбекқызы Кенжеғалиева — хатшы
8 Қызылжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-38) 2-13-08 Хамид Мадиярұлы Құдратуллаев Нұргүл Аділқызы Құлбаева — хатшы
9 Мамлют аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-41) 2-07-15 Зейняп Халиулловна Биккина Вера Алексеевна Голева — хатшы
10 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-35) 2-06-31 Галина Серікқызы Шәріпова Инна Николаевна Сорокина — хатшы
11 Тайынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-36) 2-12-91 Жангелді Берікұлы Ыбыраев Светлана Анатольевна Дермановская — кіргізу тәртібінің инспекторы
12 Тимирязев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-37) 2-13-34 Самат Маратұлы Барменбаев Айтжан Кабикенқызы Байдалина — хатшы
13 Уәлиханов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-42) 2-17-34 Гүляым Ысмағұлова Ботагөз Құдайбергенқызы Алина — хатшы
14 Шал ақын ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-34) 2-10-16 Самал Қойшыбайқызы Мусина Әлия Ахатқызы Естанова — хатшының м.а.
15 Петропавл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (7152) 51-93-70 Еркін Шапенұлы Ыбыраев Әсемгүл Ақжігітқызы Тыштыбаева — хатшы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қоғамдық денсаулық сақтау комитетi басшыларының қарым-қатынас телефондары

А.Ж.Т Лауазымы Телефон нөмірлері Сайттың мекенжайы
1 Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Төраға 8 (7172) 74-17-40 kooz.mz.gov.kz
2 Берік Шәріпұлы Шәріп Төрағаның орынбасары 8 (7172) 74-17-40
3 Роза Тоқтанәліқызы Қуанышбекова Төрағаның орынбасары 8 (7172) 74-17-72

Аумақтық басқармалардың заңды және электронды мекенжайлары

Мекеменің атауы Мекенжай Электронды мекенжай
1 Айыртау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Саумалкөл с., МКР 22В-үй, 150100 airtau_uooz@mz.gov.kz
2 Ақжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Талшық с., Абылай хан к-сі, 7-үй, 150200 akzhar_uooz@mz.gov.kz
3 Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Смирново с., Киров к-сі, 17-үй, 150300 akkain_uooz@mz.gov.kz
4 Есіл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Явленка с., Гагарин к-сі, 4-үй, 150500 esil_uooz@mz.gov.kz
5 Жамбыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Пресновка с., Е. Шайкин к-сі, 49-үй, 150600 zhambyl_uooz@mz.gov.kz
6 Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Булаев қ., Мир к-сі, 12-үй, 150800 m.zhumabaev_uooz@mz.gov.kz
7 Қызылжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Бескөл а., Пирогов к-сі, 19-үй, 150700 kyzylzhar_uooz@mz.gov.kz
8 Мамлют аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Мамлют қ., Школа-интернат к-сі, 17А-үй, 150900 mamlyut_uooz@mz.gov.kz
9 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Новоишим с., Әуелбеков к-сі, 30А-үй, 150400 g.musrepov_uooz@mz.gov.kz
10 Тайынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Тайынша қ., Почтовый қ-сы, 16-үй, 151000 tainsha_uooz@mz.gov.kz
11 Тимирязев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Тимирязев с., Жеңіс к-сі, 2А-үй, 151100 timiryazev_uooz@mz.gov.kz
12 Уәлиханов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Кішкенекөл с., Сейфуллин к-сі, 45/2-үй, 151200 ualihanov_uooz@mz.gov.kz
13 Шал ақын ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Сергеев қ., Аютас қ-сы, 42-үй, 151300 shalakyn_uooz@mz.gov.kz
14 Петропавл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Петропавл қ., Мир к-сі, 199-үй, 150009 petropavl_uooz@mz.gov.kz
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.11.2017 15:50
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы