A- A A+
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Заңды мекенжайы: T01M2E9 (150009), Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Мир к-сi, 236

Телефон: 8 (7152) 52-14-37;

факс: 52-14-50;

қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша Call-орталығы: 52-14-46

E-mail: skodooz@mz.gov.kzskodooz@mail.ru

Департаменттiң ресми сайты: http://kooz.mz.gov.kz/ru/kategorii/severo-kazahstanskaya-oblast-0

Серікбай Халиұлы Қасмақасов

Серікбай Халиұлы ҚасмақасовТуған күнi: 1959 жыл 25 тамыз

Туған жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Ленино ауылы.

Бiлiмi, лауазымы: 1987 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша аяқтады, дәрiгер-гигиенист, эпидемиолог. Медицина ғылымының докторы.

 

 

 

Еңбек өтiлi:

  • 1987 жыл — Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют аудандық денсаулық сақтау бөлiмi эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиенасы бойынша санитарлық дәрiгерi.
  • 1987-нен 1988 жылға дейiн — Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрiгер эпидемиологы.
  • 1988-нен 1997 жылға дейiн — Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық станциясы бөлiм меңгерушiсiнiң мiндетiн атқарушы, паразитология бөлiмiнiң меңгерушiсi, эпидемиология бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 1997-нен 2003 жылға дейiн — Жамбыл облысы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бас дәрiгерiнiң орынбасары.
  • 2003-нен 2004 жылға дейiн — Жамбыл облысы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы орынбасарының мiндетiн атқарушы, басшының орынбасары.
  • 2005-нен 2009 жылға дейiн — Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi директорының орынбасары, директор.
  • 2009-нан 2010 жылға дейiн — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаментiнiң директоры.
  • 2010-нан 2012 жылға дейiн — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Тараз қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары.
  • 2012-нен 2017 жылға дейiн — Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
  • 2017 жылдың 17 шiлдесiнен — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң басшысы.

Мемлекеттік және басқа да марапаттаулары:

  • «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгiсi;
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалi.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң құрмет грамоталары мен алғысы, Жамбыл облысы әкiмiнiң құрмет грамотасы бар.

Арман Сайлаубайұлы Күшбасов

Арман Сайлаубайұлы КүшбасовТуған күнi: 1987 жыл 10 тамыз

Туған жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Тимирязев ауылы.

Бiлiмi, лауазымы: 2010 жылы гигиенашы-эпидемиолог дәрiгерi мамандығы бойынша Астана медициналық университетiн аяқтады. 2016 жылы Абай Мырзахметов ат. Көкшетау университетi құқық бакалаврын аяқтады.

 

 

 

 

Еңбек өтiлi:

  • 2010 жылғы 12 шiлдеден — Тимирязев ауданы бойынша Мемсанэпидқадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бойынша жетекшi маманының көмекшiсi.
  • 2010 жылғы 12 қазаннан — Шал ақын ауданы бойынша Мемсанэпидқадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлiмiнiң бас маманының мiндетiн атқарушысы сонан соң санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлiмiнiң бас маманы.
  • 2012 жылғы 1 наурыздан — Петропавл қаласы бойынша Мемсанэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлiмiнiң бастығы сонан соң басшысы.
  • 2014 жылғы 8 қаңтардан — Есiл ауданы бойынша Мемсанэпидқадағалау басқармасының басшысы.
  • 2014 жылғы 6 ақпаннан — Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң Есiл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының мiндетiн атқарушысы сонан соң басшысы.
  • 2014 жылғы 12 желтоқсаннан — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң Есiл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы.
  • 2017 жылғы 27 сәуiрден — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қоғамдық денсаулық сақтау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң Есiл аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бысшысы.
  • 2017 жылғы 28 тамыздан — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi басшысының орынбасары, 2018 жылғы 3 наурыздан — әдеп жөнiндегi уәкiлi.

Мемлекеттiк және басқа да марапаттаулары:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Құрмет грамотасы бар.

Татьяна Леонидовна Горлова

Татьяна Леонидовна ГорловаТуған күнi: 1964 жыл 18 қыркүйек

Туған жерi: Украина, Львов қаласы.

Бiлiмi, лауазымы: 1987 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын санитариялық дәрiгер мамандығы бойынша аяқтады.

 

 

 

 

Еңбек өтiлi:

  • 1987 жылғы 1 тамыздан — Солтүстiк Қазақстан облысының санитариялық-гигиеналық станциясының коммуналды гигиена бөлiмiнiң санитарлық дәрiгерi.
  • 1989 жылғы 15 мамырдан — Солтүстiк Қазақстан облысының санитариялық-гигиеналық станциясының тағам гигиена бөлiмiнiң санитарлық дәрiгерi.
  • 1989 жылғы 1 тамыздан — Облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасының тағам гигиена бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 2003 жылғы 1 қазаннан — Солтүстiк Қазақстан облысы мемсанэпидқадағалау департаментiнiң тағам гигиена бөлiм бастығының м.а., 2004 жылғы 14 мамырдан — Солтүстiк Қазақстан облысы мемсанэпидқадағалау департаментiнiң тағам гигиена бөлiмiнiң бастығы.
  • 2005 жылғы 1 сәуiрден — Петропавл қ. бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы мемсанэпидқадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық бөлiмiнiң бастығы.
  • 2008 жылғы мамырдан — Петропавл қ. бойынша мемсанэпидқадағалау басқармасының санитариялық гигиенаның бас маманы.
  • 2009 жылғы қаңтардан — Петропавл қ. бойынша мемсанэпидқадағалау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлiмiнiң бастығы.
  • 2009 жылғы 28 қыркүйектен — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемсанэпидқадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң санитариялық-гигиеналық қадағалау бойынша директордың орынбасары.
  • 2013 жылғы 9 сәуiрден — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемсанэпидқадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң санитариялық-гигиеналық қадағалау бойынша басшының орынбасары.
  • 2014 жылғы 18 маусымнан — Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының орынбасары.
  • 2014 жылғы 18 қарашадан — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының орынбасары.
  • 2017 жылғы 3 сәуiрден — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi басшысының орынбасары.

Мемлекеттік және басқа да марапаттаулары:

  • 2012 жыл — «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгiсi;
  • 2014 жыл — «Денсаулық сақтау iсiне қосқан үлесi үшiн» төсбелгiсi;
  • 2017 жыл — «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi.

Департаменттiң құрылымы

А.Т.Ж. Лауазым Байланыс телефоны
Басшылық
Серікбай Халиұлы Қасмақасов Департамент басшысы  52-14-37 
Арман Сайлаубайұлы Күшбасов Басшының орынбасары  34-04-43  
Татьяна Леонидовна Горлова Басшының орынбасары  34-04-42
Жұмабек Тайұлы Елеусізов Басшының орынбасары  52-04-40  
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы, автоматты басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі
Денис Валерьевич Панченко Бөлім басшысы 52-14-45
Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Елена Николаевна Мамлютова Бөлім басшысы 52-04-05
Персоналды басқару қызметі
Самал Абельмажиновна Сулейменова Бөлім басшысы 34-04-45
Жоспарлау, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі
Умут Дюсембаевна Басенова Бөлім басшысы 52-14-47
Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (сонымен қатар туберкулезді)
Толкын Черьездановна Каженова Бөлім басшысы 52-14-49
Инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Фарида Атморзаевна Мухамеджанова Бөлім басшысы 52-14-38
Аурухана ішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Жания Секеновна Абишева Бөлім басшысы 52-12-66
Балалар және білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Гульнара Мейрамовна Сеитова Бөлім басшысы 52-14-43
Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Гульнара Турлыбековна Джаксылыкова Бөлім басшысы 34-04-49
Тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Наталья Яковлевна Беляева Бөлім басшысы 34-04-48
Техникалық регламенттерге бақылау жүргізу бөлімі
Самат Куанышбаевич Казанбаев Бөлім басшысы 34-04-47
Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету және үйлестіру бөлімі
Светлана Дмитриевна Стригалева Бөлім басшысы 52-14-36
Медициналық қызметке бақылау бөлімі
- Бөлім басшысы 52-14-36
Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі
Светлана Васильевна Остапенко Бөлім басшысы 52-14-46

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Департамент) тиісті аумақта өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі аясында, сондай-ақ денсаулық сақтау аясындағы (бұдан әрі — реттелетін сала) стандарттарды бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің аумақтық бөлімшелері — тиісті ауданның, қаланың (қала ауданының) қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары бар.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Егер Департаментке уәкілеттік берiлген болса, ол өз атынан және Комитет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекенжайы: T01M2E9 (150009), Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 236.

9. Мемлекеттік органның толық атауы — «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Департаментке мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті іске асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Міндеттері:

1) тиісті аумақта реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

2) тиісті аумақта медициналық қызмет, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) тиісті аумақта қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мәселелері бойынша үйлестіру, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

4) өз құзыреті шегінде Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14. Функциялары:

1) тиісті аумақта реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, реттелетін салада есепке алу және есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеуге қатысу;

3) Қазақстан Республикасының тиісті аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

5) тиісті аумақта реттелетін салада денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіру;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық бақылауды қамтамасыз ету;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілердің жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

9) денсаулық сақтау саласындағы мамандар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін тиісті біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу;

10) тиісті аумақта шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары бар шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;

11) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

12) өз құзыреті шегінде тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарын бере отырып, реттелетін салаларда мемлекеттік қызметтерді көрсету, бекітілген стандарттарға сәйкес олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ одан айыру (кері қайтару);

14) тиісті аумақта инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

15) тиісті аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

16) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою сатыларында оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

18) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін жалпы ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

19) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

20) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;

22) өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру;

23) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау;

24) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

25) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

26) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсететін субъектілердің қызметін бақылау;

27) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізуге қатысу;

28) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және мен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

1) тиісті аумақта халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, онда өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

2) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;

3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды тұлғаларды, заңды тұлғалардың заңды өкілдерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау саласындағы органдарға шақыру;

4) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды толық санациядан және міндетті медициналық қарап-тексеруден өткенін растайтын зертханалық зерттеу және маманның қорытындысын алғанға дейін жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығару;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жекелеген объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеу;

6) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, толық санациясын растайтын зертханалық зерттеп-тексеру нәтижелерін алғанға дейін медициналық зерттеп-тексеруге жіберу;

7) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетімдері бойынша емдеуге жатқызуға жіберу;

8) халықты міндетті түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету;

9) реттелетін салада нормативтік құқықтық актілердегі бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес қызметін тоқтата тұру;

10) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

11) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, сараптама жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің сынамаларын алу және үлгілерін іріктеп алу;

12) санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін белгілеу және өзгерту;

13) реттелетін салада заңнаманың бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу;

14) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарту;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы шешім қабылдау үшін заңнамаға сәйкес нұсқамалар, қаулылар және басқа актілер қабылдау;

16) Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуін, рұқсат құжаттарын беруін, олардың қолданысын тоқтата тұруын, сондай-ақ одан айыруын (кері қайтарып алу), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауын қамтамасыз ету;

17) жоғары тұрған, бақылаушы және басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ақпарат, мәліметтер, статистикалық және ведомстволық есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

18) лауазымды тұлғалардың Департаменттің қызметін регламенттейтін заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

19) реттелетін салада аумақтық бөлімшелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

21) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру;

22) реттелетін салада кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар енгізу;

23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

16. Департаментті басқаруды Департаменке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын Департаменттің басшысы жүзеге асырады.

17. Департаменттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

19. Департамент басшысының өкілеттіктері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады, сонымен қатар Департамент аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және орынбасарларын тағайындау және лауазымынан босату жөнінде Комитетке ұсыныс енгізеді;

2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департамент және аумақтық бөлімшелерінің мамандарын іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің және аумақтық бөлімшелерінің мамандарына тәртіптік жаза қолданады;

4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент және аумақтық бөлімшелерінің мамандарының, міндеттерін, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;

7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4-тарау. Департаменттің мүлкi

20. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

21. Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай табысты қосқанда) есебінен қалыптасады.

22. Департаментке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23. Департаментке өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен айыруына немесе өзге тәсілмен билік жүргізуіне жол берілмейді.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінiң басшысы және оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесi

Қабылдауды іске асыратын тұлғаның А.Ж.Т. Қабылдауды іске асыратын тұлғаның лауазымы Қабылдау апта күні мен уақыты
Серікбай Халиұлы Қасмақасов Басшы сейсенбі 11.00-ден сағат 13.00 дейін 
Арман Сайлаубайұлы Күшбасов Басшының орынбасары  сәрсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін
жұма: 16.00-ден сағат 18.00 дейін 
Татьяна Леонидовна Горлова Басшының орынбасары дүйсенбі: 16.00-ден сағат 18.00 дейін
бейсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін 
Жұмабек Тайұлы Елеусізов Басшының орынбасары   сейсенбі 11.00-ден сағат 13.00 дейін
бейсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінiң әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесi

А.Ж.Т.     Лауазымы Күні мен уақыты
Арман Сайлаубайұлы Күшбасов Басшының орынбасары сәрсенбі: 17.00-ден сағат 18.30 дейін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң мамандарымен жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiмен кеңес жүргiзу кестесi

Кеңесті іске асыратын тұлғаның А.Ж.Т. Кеңесті іске асыратын тұлғаның лауазымы Кеңестің апта күні мен уақыты
С.К. Казанбаев Техникалық регламенттерге бақылау жүргізу бөлім басшысы дүйсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Г.М. Сеитова Балалар және білім беру объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы сейсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Г.Т. Джаксылыкова Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы сәрсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Н.Я. Беляева Тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы бейсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
С.Д. Стригалева Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету және үйлестіру бөлімінің басшысы сәрсенбі: сағат 15.00-ден 18.00 дейін
- Медициналық қызметке бақылау бөлімінің басшысы сейсенбі: сағат 15.00-ден 18.00 дейін

Жұма күндерi «Ашық есiк күндерi» — бағыттауға сәйкес департаменттiң барлық мамандары кеңес жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң және аумақтық басқармалардың сенiм телефондары (мемлекеттiк органда сыбайлас жемқорлық айқындалуының деректерi және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдiп кодексiн сақтамау туралы хабарлар үшiн)

Мемлекеттік органның атауы Сенім телефоны Жауапты басшы Жауапты маманы
1 Солтүстiк Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi 8 (7152) 52-14-37 Серікбай Халиұлы Қасмақасов Нұрай Муталгарабқызы Амангелдыева — басшының хатшысы
2 Айыртау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-33) 2-71-86 Иван Иванович Лубинец Нұрғайша Калелқызы Қазақбаева — басшының хатшысы
3 Ақжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-46) 2-14-80 Сәуле Қамидулақызы Қажкенова Айгүл Тулебайқызы Зәкенова — басшының хатшысы
4 Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-32) 2-22-32 Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев Айнагүл Берікқызы Антонова — басшының хатшысы
5 Есіл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-43) 2-15-71 Владимир Алексеевич Степовой Надежда Ивановна Суслова — басшының хатшысы
6 Жамбыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-44) 2-21-11 Ақжайық Төлегенұлы Умаров Эльмира Муслимовна Уркешева — басшы хатшысының м.а.
7 Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-31) 2-81-51 Сергей Александрович Юрченко — басшының м.а. Алмагүл Адылбекқызы Кенжеғалиева — басшының хатшысы
8 Қызылжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-38) 2-13-08 Хамид Мадиярұлы Құдратуллаев Жайнанұр Ерғалиқызы Қасенова — басшының хатшысы
9 Мамлют аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-41) 2-07-15 Зейняп Халиулловна Биккина Вера Алексеевна Голева — басшының хатшысы
10 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-35) 2-06-31 Галина Серікқызы Шәріпова Инна Николаевна Сорокина — басшының хатшысы
11 Тайынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-36) 2-12-91 Жангелді Берікұлы Ыбыраев Светлана Анатольевна Дермановская — статистик
12 Тимирязев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-37) 2-18-37 Самат Маратұлы Барменбаев Айтжан Кабикенқызы Байдалина — басшының хатшысы
13 Уәлиханов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-42) 2-17-34 Шолпан Айтмұхаметқызы Ниғыметова — басшының м.а. Меңсұлу Назарқызы Мұхамеджанова — басшының хатшысы
14 Шал ақын ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (715-34) 2-10-16 Самал Қойшыбайқызы Мусина Әлия Ахатқызы Естанова — басшы хатшысының м.а.
15 Петропавл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 (7152) 51-93-70 Марина Бурабайқызы Давлетбаева — басшының м.а. Әсемгүл Ақжігітқызы Тыштыбаева — басшының хатшысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қоғамдық денсаулық сақтау комитетi басшыларының қарым-қатынас телефондары

А.Ж.Т Лауазымы Телефон нөмірлері Сайттың мекенжайы
1 Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Төраға 8 (7172) 74-17-40 kooz.mz.gov.kz
2 Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов Төраға орынбасарының м.а. 8 (7172) 74-17-08
3 - Төрағаның орынбасары 8 (7172) 74-17-72
4 Нұрлан Әбітқанұлы Әбді Төрағаның орынбасары 8 (7172) 74-18-03

Аумақтық басқармалардың заңды және электронды мекенжайлары

Мекеменің атауы Мекенжай Электронды мекенжай
1 Айыртау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Саумалкөл а., МКР 22В-үй, 150100 airtau_uooz@mz.gov.kz
2 Ақжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Талшық а., Абылай хан к-сі, 7-үй, 150200 akzhar_uooz@mz.gov.kz
3 Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Смирново а., Киров к-сі, 17-үй, 150300 akkain_uooz@mz.gov.kz
4 Есіл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Явленка а., Гагарин к-сі, 4-үй, 150500 esil_uooz@mz.gov.kz
5 Жамбыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Пресновка а., Е. Шайкин к-сі, 49-үй, 150600 zhambyl_uooz@mz.gov.kz
6 Мағжан Жұмабаев ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Булаев қ., Мир к-сі, 12-үй, 150800 m.zhumabaev_uooz@mz.gov.kz
7 Қызылжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Бескөл а., Ульянов к-сі, 1А-үй, 150700 kyzylzhar_uooz@mz.gov.kz
8 Мамлют аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Мамлют қ., Школа-интернат к-сі, 17А-үй, 150900 mamlyut_uooz@mz.gov.kz
9 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Новоишим а., Әуелбеков к-сі, 30А-үй, 150400 g.musrepov_uooz@mz.gov.kz
10 Тайынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Тайынша қ., Почтовый тұйық к-cі, 16-үй, 151000 tainsha_uooz@mz.gov.kz
11 Тимирязев аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Тимирязев а., Жеңіс к-сі, 2А-үй, 151100 timiryazev_uooz@mz.gov.kz
12 Уәлиханов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Кішкенекөл а., Мәліков к-сі, 76-үй, 151200 ualihanov_uooz@mz.gov.kz
13 Шал ақын ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Сергеев қ., Аютас тұйық к-cі, 42-үй, 151300 shalakyn_uooz@mz.gov.kz
14 Петропавл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Петропавл қ., Мир к-сі, 199-үй, 150009 petropavl_uooz@mz.gov.kz
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.07.2018 18:26
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы