A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Солтүстiк Қазақстан облысының әділет департаменті

Пошталық мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 150010, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к., 72 үй
Театральная к., 47 үй (сот орындаушылар)
Телефондары: 33-26-35 (қабылдау бөлмесi), 33-23-80 (кеңсе)
50-06-89 (қабылдау бөлмесi), 48-48-83 (кеңсе) — сот орындаушылар
Сенiм телефоны: 46-36-96
СҚО Әдiлет департаментi баспасөз қызметiнiң электрондық поштасы: a.tlegenova@adilet.gov.kz

Басшы және басшының орынбасарымен азаматтарды қабылдау кестесі

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефондары

Руслан Султанұлы Кактай басшы Күн сайын 9.00–18.30 33-26-35

Дмитрий Владимирович Колода

басшының орынбасары

Күн сайын 9.00–18.30

33-34-52

Гүлнар Қалиқанқызы Қожахметова

басшының орынбасары

Күн сайын 9.00–18.30

33-39-88

Батырбек Құрманханұлы Қалабаев

басшының орынбасары

Күн сайын 9.00–18.30

50-06-89

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бөлімдері

Бөлімдердің атауы, басшының Т.А.Ә.

Қызмет телефоны

Қызметкерлермен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімі
Гулмира Қалымжанқызы Бекқожина — бөлім басшысы

333732

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

Жұлдыз Муратқызы Баймашева - бөлім басшысы

331806

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Ақсұлу Болатқызы Әлімжанова - бөлім басшысы

332380

Заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі

Айнар Аманжолқызы Махметова - бөлім басшысы

335737

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Қанат Аманжолқызы Таласбаева— бөлім басшысы

330570

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі

Олеся Александровна Осадчая — бөлім басшысы

337666

Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Екатерина Александровна Жульдикова — бөлім басшысы

331743

Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі
Эльмира Асхатқызы Сулейманова — бөлім басшысы

331877

Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі 
Бейбіт Орманұлы Қазбеков - бөлім басшысы

333963

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі

Татьяна Павловна Горичева — бөлім басшысы

336699

Жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімі

Айжан Бірлестікқызы Бимақанова – бөлім басшысы.

333202

Атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімі

Лариса Николаевна Кудрицкая – бөлім басшысы

531139

 

СҚО Әдiлет департаемнтiнiң мiндеттерi мен функциялары

Әдiлет департаментiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, маслихаттардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

2) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, құқықтық көмек пен заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;

3) зияткерлiк қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;

4) мемлекеттiк саясатты iске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу;

5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi заңға сәйкес жүзеге асыру.

Әдiлет департаментi мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттiк тiркеу саласында:

  • мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнiң аймақтық бөлiмiн жүргiзу;
  • мәслихаттарда және әкiмдiктерде мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерге тексерудi жүзеге асыру;
  • әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзу;
  • әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзу;
  • мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесiн көпшiлiктiң назарына ұсыну үшiн жариялау;
  • заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу;
  • бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргiзу;
  • құқықтық кадастрды жүргiзу;
  • заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша аудандық (қалалық) әдiлет басқармаларының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасауды және үйлестiрудi жүзеге асыру;
  • жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша қызметтерiн нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету;

2) заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру саласында:

  • аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзу;
  • аумақтың нотариаттық палатамен бiрлесiп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтау;
  • мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашу және тарату;
  • Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды беру;
  • нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бiрлесiп, нотариаттық iс-әрекеттердiң жасалуын ұйымдастыру;
  • нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрме материалдармен қамтамасыз ету;
  • аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
  • халықты мемлекеттiк және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi ақпараттандыру;
  • нотариустың лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы Министрлiкке ұсыныс енгiзу;
  • нотариаттық палатамен бiрлесiп, тиiстi нотариаттық округте өз қызметiн тоқтатқан нотариустың жеке мөрiн жою және құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнiнде, сондай-ақ егер нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған жағдайда лицензияны лицензиарға беру үшiн, оны алу жөнiнде шара қабылдау;
  • нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу;
  • жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;
  • нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң өкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;
  • адвокаттар мен нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заңгерлiк қызметтерiнiң сапасын бақылау;
  • адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзiмiн тоқтата тұру туралы және адвокаттың лицензиясын тоқтату туралы талап арызды бастамашылық ету туралы ұсыныстарды Министрлiкке енгiзу;
  • бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  • әдiлет органдарынан және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi әдiлет органдарынан және осы аумақтағы нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
  • құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестiру, заңнамалық түсiндiруге қатысу;
  • азаматтық хал актiлерiн тiркеуге бақылауды жүзеге асыру;
  • нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуi саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  • аумақтық нотариаттық палатаның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
  • аумақтық нотариаттық палатамен бiрлесiп Министрлiкке бекiтуге нотариаттық әрбiр округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзу;
  • мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсететiн субъектiлердiң қызметiн үйлестiру, сондай-ақ көрсетiлетiн заң көмегiнiң сапасын бақылауды жүзеге асыру;
  • халықты мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат берудi қамтамасыз ету;
  • мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету жүйесiне қатысатын адвокаттардың тiзiмiн тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымында жариялайды және өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;
  • терроризм актiсiнiң салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша, оның iшiнде қажеттi құжаттарды беруде тегiн қажеттi құқықтық көмектi ұйымдастыру;

3) зияткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында:

  • Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларға тексерулердi жүзеге асыру;
  • зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту;

4) атқарушылық құжаттарды орындау саласында:

  • атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етедi (ұйымдастырушылық, әдiстемелiк қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық iс жүргiзу бойынша шағымдар мен өзге де өтiнiштердi қарау, борышкерлердiң тыйым салынған мүлкiмен жұмыс);
  • атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқаулық және түсiндiру материалдарын әзiрлейдi;
  • жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасымен бiрлесе отырып атқарушылық қызметтi жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының бiлiктiлiгiн арттыруды жүргiзедi;
  • жеке сот орындаушыларын есептiк тiркеудi жүргiзедi;
  • жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Министрлiкке енгiзедi;
  • тәртiптiк комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгiзедi;
  • жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасымен бiрлесе отырып мемлекеттiк және жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық iс-әрекеттерiнiң заңдылығына және олардың iс қағаздарды жүргiзу ережелерiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

5) әкiмшiлiк iс жүргiзу саласында:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарау.

Аудандық және қалалық әділет басқармалары

Ауданның атауы

Басшы

Байланыс телефондары

1

Аққайың

Әлия Сабыржанқызы Сәрсекеева

8-71532-22023

2

Айыртау

Ирина Витальевна Авксентьева

8-71533-21677

3

Ақжар

Женіс Абайұлы Садуев

8-71546-21286

4

Ғ. Мүсірепов ат.

Наталья Александровна Рязанцева

8-71535-21192

5

М. Жұмабаев

Серік Кәрімұлы Есілбаев

8-71531-21096

6

Есіл

Юрий Александрович Николаев

8-71543-21480

7

Жамбыл

Самат Кенжеғалиұлы Тоқужин

8-71544-22770

8

Қызылжар

Серік Төлегенұлы Қаскин

8-71538-21711

9

Мамлют

Айгерім Ғалымқызы Нұралина

8-71541-21660

10

Петропавл қ.

Асқар Каскенұлы Өрікбаев

8-7152-332901

11

Тайынша

Евгений Сергеевич Грищенко

8-71536-21609

12

Тимирязев

Ләйлә Қадырқызы 

8-71537-20119

13

Уәлиханов

Айгүл Амангелдіқызы Сағадиева

8-71542-21351

14

Шал ақын

Ельмира Сәрсенбайқызы Балтабаева

8-71534-27179

 

СҚО Әдiлет департаментiнiң филиалдары

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң заңды тұлғалардан өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Ардақ Амантайұлы Қалкенов. Тел: 50 07 03. Мекен-жайы: Театральная к., 47, 35 кабинет.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң жеке тұлғалардан өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Гүлнар Жұмагулқызы Кузембаева. Тел: 53 10 64. Мекен-жайы: Театральная к., 47, 32, 34 кабинет.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiк айыппұлдарды өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Жанат Серiкұлы Нугманов. Тел: 53 10 37. Мекен-жайы: Театральная к., 47, 22-23 кабинет.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң алимент төлемдерiн өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Ольга Геннадьевна Васильева. Тел.: 50 06 93. Мекен-жайы: Театральная к., 47, 24-25 кабинет.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң сот және мемлекет кiрiсiне айналдырылған мүлiк қаулыларын орындау жөнiндегi бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Самат Серiкұлы Оспанов. Тел.: 50 06 91. Мекен-жайы: Театральная к., 47, 12-14 кабинет.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Айыртау аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Евгений Александрович Крухмалев. Тел.: 8 71533 2 24 20. Мекен-жайы: Саумалкөл с., 2 ША, индекс: 150100.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Ақжар аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Ғалиасқар Қибашұлы Ыбыраев. Тел.: 8 71546 2 11 36. Мекен-жайы: Талшық с., Победа к, 67, индекс: 150200.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Аққайың аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Ардақ Ислямқызы Уразмбетова. Тел.: 8 71532 2 29 03. Мекен-жайы: Смирнов с., Труд к, 11, индекс: 150300.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң М.Жұмабаев аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Наталья Сергеевна Фунтикова. Тел.: 8 71531 2 16 61. Мекен-жайы: Булаев қ., Юбилейная к., 62, индекс: 150800.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Есiл аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Әсем Тулегенқызы Сабиева. Тел.: 8 71543 2 21 99. Мекен-жайы: Явленка с., Ыбыраев көшесi, 11. 150500

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Жамбыл аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Ханат Божнайұлы Ғабдулин. Тел.: 8 71544 2 23 05. Мекен-жайы: Пресновка с., Горького қиылысы, 10Г, индекс: 150600.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Қызылжар аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Татьяна Михайловна Баранова. Тел.: 8 71538 2 10 62. Мекен-жайы: Бескөл а., Институтская көшесi, 1, индекс: 150700.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Мамлют аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Бәтима Севкрайқызы Әбiлқайырова. Тел.: 8 71541 2 12 90. Мекен-жайы: Мамлют қ., С. Мұқанов көшесi, 11, индекс: 150900.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Тайынша аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Надежда Николаевна Вирх. Тел.: 8 71536 2 26 78. Мекен-жайы: Тайынша қ., Астана көшесi, 166, индекс: 151000.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Тимирязев аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Марат Сейтқасымұлы Байтеленов. Тел.: 8 71537 2 12 14. Мекен-жайы: Тимирязев с., Уәлиханов көшесi, 17, индекс:151100.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Шал ақын аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысының м.а. — сот орындаушысы: Сергей Владимирович Кумаченко. Тел.: 8 71534 2 70 80. Мекен-жайы: Сергеевка қ., Желтоқсан көшесi, 31, индекс: 151300.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Уәлиханов аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы: Сандыгүл Ғалиқызы Шортаева. Тел.: 8 71542 2 26 32. Мекен-жайы: Кiшкенекөл с., Ш. Уәлиханов көшесi, 80, индекс: 151200.

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Ғ.Мүсiрепов ат. аумақтық бөлiмi» филиалы.

Бөлiм басшысы  — аға сот орындаушысы: Жiбек Бекжанқызы Исақанова. Тел.: 8 71535 2 14 45. Мекен-жайы: Новоишимское с., Ленина көшесi, 7, индекс: 150400.

ҚР Әдiлет вице-министрi Ж.Б. Ешмағамбетов Солтүстiк Қазақстан облысына келдi

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi басшысының тапсырмасы бойынша салтанатты жиындарға қатысу үшiн аймақтарға орталық мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнiң шығуы ұйымдастырылды.

Аталған тапсырманың шеңберiнде 2016 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Әдiлет вице-министрi Ж.Б. Ешмағамбетов Солтүстiк Қазақстан облысына келдi және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына арналған салтанатты жиындарға қатысты.

Сапар барысында Жанат Болатұлы облыс әкiмiнiң, сонымен қатар облыс белсендiлерiнiң қатысуымен Н.Погодин ат. облыстық орыс драмалық театрында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына арналған салтанатты iс-шараға қатысты.

Iс-шара барысында ҚР Әдiлет вице-министрi Ж.Б. Ешмағамбетов құттықтау сөзiн сөйледi.

Iс-шара облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелiк концертiмен аяқталды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Телефон байланысы арқылы атқарушылық iс жүргiзу сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету

Азаматтар атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi жөнiнде ҚР Құқықтық ақпарат қызметiне жалпы Қазақстан бойынша қалалық телефондардан ақысыз болып табылатын 119 нөмiрi арқылы жүгiне алады.

Сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшiн ағысыз 58-00-58 нөмiрi қызмет етедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО ӘД «Ашық есiк күнi»

2016ж. 08 желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң азаматтық хал актiлердi тiркеумен апостилдеудi бақылау және қамтамасыз ету бөлiмiмен «Шетел азаматтарымен неке қиюды тiркеу» тақырыбына «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi.

Iс-шара жүргiзу барысында барлық жүгiнген азаматтар шетел азаматтарымен неке қиюды тiркеу сұрақтары бойынша бiлiктi заң көмегiн алды. Азаматтарға ҚР азаматтарының және шетел азаматтарының неке қию туралы өтiнiш тапсыру тәртiбi және қажеттi құжаттар пакетi талқыланды.

Қазақстан Республикасының азаматтарымен және шетел азаматтарының неке қиюды мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалпы негiз бойынша тiркеу органдарында өндiрiледi.

Айта кетерлiктей, 2016ж. 11 айы үшiн Солтүстiк Қазақстан облысының азаматтық хал актiлердi тiркеу бөлiмiмен 3422 неке қию туралы азаматтық хал актiлерi, оның iшiнде 158 шетел азаматтарымен тiркелдi, өткен жылмен салыстырғанда 64 акт жазбасына кем.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО-да СҚО ӘД басшысы м.а. халық алдындағы есептi кездесуi өттi

2016 жылғы 11 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi «Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облысы филиалымен бiрлесiп СҚО ӘД басшысының м.а. Р.С. Кактайдың халық алдындағы есептiк кездесуiн өткiздi.

Iс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, жеке сот орындаушыларыаумақтық палатасының басшысы, СҚО Кәсiпкерлер палатасы басшысының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаттары, СҚНО Петропавл қ. нотариустары, жеке сот орындаушылары, «Петропавл қ. қызмет көрсету саласындағы колледж» КММ окытушылары, СҚО Әдiлет департаментi бөлiмдерiнiң басшылары, облыс азаматтары қатысты.

Iс-шараның басты мақсаты — СҚО бойынша әдiлет органдарының өткiзiп жатқан жұмысы туралы халықтың мәлiметiне жеткiзу, әдiлет органдары жұмысының айқындығын қамтамасыз ету, ҚР Әдiлет министрлiгiне қатысты мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру, халыққа кеңестiк көмек көрсету болды.

Кездесу барысында Солтсүтiк Қазақстан облысы бойынша әдiлет органдарымен жасалған жұмыс туралы, сонымен бiрге Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жаһандық индексiндегi Қазақстанның көрсеткiштерiн жақсарту бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы айтылды.

Аталған iс-шара шеңберiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу, АХАТ, атқарушылық iс-жүргiзу саласында сұрақтар келiп түстi, оларға тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.

Аталған iс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО-да «Халық заңгерi» әлеуметтiк акциясы өттi

2016 жылғы 17 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қ., СҚО Әдiлет департаментi бөлiмдерiнiң басшыларымен, жеке сот орындаушыларымен, нотариустармен, заңгерлермен және Солтүстiк Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаттарымен «Халық заңгерi» республикалық акциясы өткiзiлдi.

3 сағатқа созылған акция барысында 18-80 жас аралығында 250 артық адам бiлiктi құқықтық көмек алды. СҚО Әдiлет департаментiнiң мамандары алименттердi өндiрiп алу, атқарушылық өндiрiс, жылжымайтын мүлiктi тiркеу, АХАТ, жеке сот орындаушыларының қызметi және басқа сұрақтар бойынша азаматтарға кеңес бердi.

Кездесудiң соңында осындай акцияларды өткiзу құқықтық нигилизмдi жоюға және халықтың сауаттылығын көтеруге әрекет ететiнi айтылды.

Iс-шараға қатысушылардың барлығына алғыс хаттары берiлдi.

Аталған акция бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық жүйелерде баяндалды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО «Мектепке жол» акциясы өттi

2016 жылғы 1 тамызда Қазақстанда «Мектепке жол» акциясы өттi, оның шеңберiнде мұқтаж балаларға көмек көрсетiлдi.

Ағымдағы жылы акция «Бақытты балалық шақ» ұранымен өткiзiлiп, Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына арналып отыр.

2016 жылдың 31 тамызында СҚО Әдiлет департаментiнiң қызметкерлерi СҚО жеке сот орындаушылары аумақтық палатасының филиалымен бiрлесiп «Мектепке жол» акциясы өткiзiлдi.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты — бұл аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, көп балалы отбасыларға, жетiм балаларға және ата-анасының қамқорысыз қалған балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсету және әлеуметтiк себептер бойынша мектепке келмей қалуларын алдын алу болды.

Акция барысында 6 ай бойы алименттер төленбеген 10 бала және 6 аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар таңдалып, канцелярлық керек-жарақтары бар сөмке берiлдi.

Алименттердi өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар әлеуметтiк маңызы бар санаттардың бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi сот орындаушыларының аумақтық бөлiмдерiнде барлығы алименттердi өндiрiп алу туралы 5534 атқарушылық құжат орындалуда. Сот орындаушыларының күнделiктi көп еңбек етуiне қарамастан, қазiргi уақытта 146 атқарушылық өндiрiс бойынша алименттер бойынша борыш мүлде төленбеген.

Сот орындаушыларымен тұрақты негiзде рейдтер, акциялар түрiнде алименттердi өндiрiп алу бойынша белсендi жұмыс жүргiзiлуде.

Аталған акцияға облыстың барлық әдiлет басқармалары, сонымен қатар сот орындаушылары аумақтық бөлiмдерiнiң филиалдары қатысқанын атап өткен жөн. 47 балаға көмек көрсетiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

МТРК-дағы СҚО Әдiлет департаментi басшысының орынбасары Г.К. Қожахметованың сөз сөйлеуi

2016 жылдың 1 қыркүйегiнде СҚО Әдiлет департаментi басшысының орынбасары Г.К. Қожахметовамен муниципалдық телерадиоарнасындағы «Диалог» бағдарламасында «Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексi» тақырыбында сөз сөйлеуi өттi.

Сөз сөйлеуi барысында басшының орынбасарымен Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексi; осы рейтинг қалыптасатын көрсеткiштер жөнiнде; бәсекеге қабiлеттiлiк факторлары; Қазақстанның ДЭФ ЖБҚИ рейтингiсiндегi орны; (бизнестi жүргiзу) Doing Business және ДЭФ ЖБҚИ рейтингiндегi ҚР Әдiлет министрлiгiне бекiтiлген индикаторлар; осы рейтингтардағы Қазақстан көрсеткiштерiн жақсарту бойынша СҚО Әдiлет департаментiмен жүргiзiлген жұмыстары жөнiнде айтылды.

Өзiнiң сөз сөйлеуiнде басшының орынбасарымен белгiлеп өтiлдi, (бизнестi жүргiзу) Doing Business және ДЭФ ЖБҚИ көрсеткiштерiн жақсарту бойынша СҚО Әдiлет департаментiмен жоспарлар құрастырылды, олардың шеңберiнде облыс кәсiпкерлерiмен әртүрлi iс-шаралар жүргiзiлуде. Iс-шаралардың барысында кәсiпкерлерге, кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу рәсiмiн оңайландыру және әкiмшiлiк кедергiлердi төмендетуге қатысты, заңнамадағы негiзгi өзгерiстер жөнiндегi ақпарат жеткiзiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту фонды» АҚ Өңiрлiк филиалының және СҚО Әдiлет департаментiнiң жұмыс кездесуi

2016 жылдың 6 қыркүйегiнде Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту фонды» АҚ Өңiрлiк филиалымен бiрлесiп СҚО Әдiлет департаментiмен, ынтымақтастық және өзара әрекеттесу жөнiнде жасалған меморандум бойынша, сонымен бiрге «Doing Business», Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң көрсеткiштерiн түсiндiру бойынша жұмыс кездесуi өттi.

Iс-шараға СҚО Әдiлет департаментiнiң басшысы, СҚО Әдiлет департаментi бөлiмдерiнiң басшылары, Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту фонды» АҚ Өңiрлiк филиалының директоры, облыс кәсiпкерлерi және бағалаушылары қатысты.

Кездесу барысында болғандарға (бизнестi жүргiзу) Doing Business және ДЭФ ЖБҚИ рейтингiндегi Қазақстан көрсеткiштерiн жақсарту бойынша СҚО Әдiлет департаментiмен жүргiзiлген жұмыстар жөнiндегi, сонымен бiрге жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу рәсiмiн оңайландыру және әкiмшiлiк кедергiлердi төмендетуге қатысты, заңнамадағы негiзгi өзгерiстер жөнiндегi ақпарат жеткiзiлдi.

Iс-шараны аяқтауда, (бизнестi жүргiзу) «Doing Business», Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң рейтингiндегi Қазақстанның позициясын жақсартуға бағытталған, келiсiлген және бiрлескен әрекеттердi жүзеге асыру, сонымен бiрге Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктiң одан ары дамып, өсуi үшiн институционалдық негiзiн қалыптастыру мақсатында, Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту фонды» АҚ Өңiрлiк филиалымен бiрлесiп СҚО Әдiлет департаментiмен, ынтымақтастық және өзара әрекеттесу жөнiндегi меморандум жасалды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО-да алимент төлемдерiн өндiрiп алу бойынша рейдтiк iс-шара өттi

2016 жылғы 9 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң «Алимент төлемдерiн өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалының сот орындаушылары алимент төлемдерiн өндiрiп алу бойынша рейдтiк iс-шара өткiздi.

Рейд барысында сот орындаушылары Коминтерн, Жамбыл және Шухов к. орналасқан 4 борышкердiң мекен-жайына барып шықты.

Өздерiнiң кәмелет жасқа толмаған балаларын, яғни 18 жасқа толмаған балаларын күтiп ұстау мiндетi, ата-аналардың конституциялық мiндеттерiнiң дәрежесiне шығарылған балаларға қамқорлық көрсету нысандарының бiрi болып табылады. Бiрiншi кезекте ата-аналардың мiндетi балаларды материалдық қамтамасыз етуде, яғни балаға қажеттi азық, киiм-кешек, керек-жарақтар және т.б. беруде.

Ата-аналар кәмелет жасқа толмаған балаларды күтiп ұстау бойынша мiндеттерiн орындамаған жағдайда сот тәртiбiнде қажеттi қаражат күштеп өндiрiп алынуы мүмкiн.

Алименттердi өндiрiп алу бойынша сот актiлерiн күштеп орындау тәртiбi ҚР «Атқарушылық өндiрiс және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексiмен реттеледi және сот орындаушыларының қызметiне жүктеледi.

2016 жылдың басынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң «Алимент төлемдерiн өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалының орындауында алимент төлемдерiн өндiрiп алу бойынша 3071 атқарушылық өндiрiс болды. Олардың iшiнен бүгiнгi күнi 459 атқарушылық өндiрiс аяқталды, 18 борышкерге iздеу салынды, 93 борышкерге қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

2016 жылдың басынан бастап борышкерлерге қатысты 232 атқарушылық өндiрiс бойынша Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу туралы қаулылар шығарылды. Қазiргi уақытта сот орындаушыларымен жүргiзушi куәлiгiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы 19 ұсыныс жолданды, олардың iшiнде 8 атқарушылық өндiрiс бойынша борыш толық көлемде төлендi.

Петропавл қаласының ықылассыз ата-аналарының алимент төлемдерi бойынша борыштарының жалпы сомасы 57 532 698 теңгеге жуық.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

ҚР Әдiлет органдары күнiн мерекелеу қарсаңында спартакиада

ҚР Әдiлет органдары күнiн мерекелеу қарсаңында 2016 жылдың 13-16 қыркүйегi аралығында СҚО Әдiлет департаментi ведомстволық бағынысты ұйымдармен бiрлесiп спартакиада өткiздi.

Жарыс спорттың 4 түрi бойынша өттi: теннис, шахмат, волейбол, шағын футбол.

Теннис бойынша ерлер арасында СҚО Әдiлет департаментiнiң басшысы жүлделi орынға ие болды, теннис бойынша әйелдер арасында азаматық хал актiлерiн тiркеудi және апостилдеудi қамтамасыз ету және бақылау бөлiмiнiң басшысы екiншi орынға ие болды, волейбол бойынша СҚО Әдiлет департаментiнiң командасы екiншi орынға те болды, шағын футбол бойынша Әдiлет департаментiнiң командасы бiрiншi орын алды.

Жалпы командалық бiрiншi орынға — СҚО Әдiлет департаментi, екiншi орынға — СҚО Нотариаттық палатасы, үшiншi орынға — Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасының институты ие болды.

Өткiзiлген спартакиаданың қорытындылары бойынша марапаттау 30 қыркүйекте СҚО Әдiлет департаментiнiң мұрағатында өтедi. Жеңiмпаздар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және құнды жүлделермен марапатталды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

БАҚ және мемлекеттiк органдардың өзара әрекет ету мәселелерi

2015 жылғы 18 қыркүйекте СҚО Әдiлет департаментiнiң баспасөз-хатшысы журналисттер мен мемлекеттiк органдардың баспасөз-хатшыларын шақырумен СҚО Iшкi iстер басқармасының әлеуметтiк маңызы бар жлбасы шеңберiнде «Әдiл Арқа» ҚҚ өткiзiлген «БАҚ және мемлекеттiк органдардың өзара әрекет ету мәселелерi» атты «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

Кездесу барысында «БАҚ және мемелкеттiк органдардың өзара әрекет етуi кезiндегi жасалған заң бұзушылықтарының мониторингi. Мәселелер топтамасын белгiлеу», «Ақпарат алу құқығы. БАҚ ақпарат ұсыну тәртiбi» тақырыптарына сөз сөйлеушiлердiң баяндамалары оқылды. БАҚ ақпарат ұсыну тәртiбiне, БАҚ-пен өзара әрекет ету кезiндегi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне назар аударылды.

Iс-шараның қорытындысы бойынша кең ауқымды құқықтық түсiндiру жұмысын өткiзу және БАҚ-пен белсендi өзара әрекет ету мемлекеттiк органның оң беделiн қалыптастыру кезiнде маңызды рөл атқаратыны белгiлендi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Нұрлы Жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсiндiру

2015 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсiндiру мақсатында СҚО Айыртау ауданы әдiлет басқармасының басшысы ауданның нотариусымен, адвокатымен бiрлесiп, Айыртау ауданы Антоновка селолық округiнiң тұрғындарымен кездесу өткiздi.

Iс-шара барысында әдiлет басқармасының басшысы Қазақстан Республикасы Президентi Жолдауының негiзгi ережелерiн, экономиканың индустрияландыруына, сапалы әлеуметтiк инфрақұрылымның әрi қарай дамуына әрекет ететiн және әлемнiң 30 ең дамыған елдердiң қатарына ену — маңызды мақсатын iске асыруда маңызды кезең болып табылатын «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатты түсiндiрдi.

Тұрғындармен жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуге, өсиетхатты ресiмдеу тәртiбiне, заңды тұлғаларды қайта тiркеуге қатысты сұрақтар қойылды, оларға тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Ашық есiктер күнi

2015 жылғы 17 қырқүйекте СҚО Жамбыл ауданының Әдiлет басқармасымен ауданның аға сот орындаушысы, жеке нотариус, ХҚКО өкiлдерiмен азаматтардың құқық қорғауын және құқық бiлiм деңгейiн көтеру мақсатында «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi.

Аталған iс-шара шеңберiнде атқарушылық iс-жүргiзу, жылжымайтын мүлiктi электрондық тiркеу, заңды тұлғаны тiркеу, зияткерлiк меншiк саласында сұрақтар келiп түстi. Азаматтардың, заңды тұлғалар өкiлдерiнiң барлық өтiнiштерi мен сұрақтары жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау журналына енгiзiлдi.

Барлық жүгiнген азаматтарға қолданыстағы заңнама ережелерiн түсiндiру бойынша құқықтық көмек көрсетiлдi, кеңестер берiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО Әдiлет департаментiнде өткен оқыту семинары

2015 жылғы 11 қыркүйегiнде СҚО Әдiлет департаментiмен СҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң басқармасымен бiрлесе отырып, әдiлет басқармаларының мамандары үшiн тексерулердi тiркеудiң веб-платформасында тексерулердi электрондық нысанда тiркеу бойынша оқыту семинары өткiзiлдi.

Аталған iс-шараның басты мәселесi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының, соның iшiнде тексерулердi тағайындау туралы, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы және тексеру мен оның нәтижелерi жөнiндегi ақпаратты есепке алу құжаттарын ұсыну туралы актiлердi тiркеу ережелерi, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзiмдерiн ұзарту туралы хабарландыруды түсiндiру болды.

Кездесудiң қорытындысы бойынша барлық келiп түскен сұрақтарға тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Солтүстiк Қазақстан облысында нотариустармен семинарлық оқыту өттi

2015 жылғы 11 қыркүйегiнде СҚО Әдiлет департаментi СҚО ӘД басшысы орынбасарының төрағалық етуiмен СҚО Нотариаттық палатасымен бiрлесiп облыс аудандары және Петропавл қ. нотариустарымен семинарлық оқыту өткiздi.

Iс-шара барысында «Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату» тақырыбына баяндамамен СҚО нотариаттық палатасының төрайымы сөз сөйледi. Сондай-ақ семинар барысында нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде туындайтын мәселелi сұрақтар талқыланды.

Кездесудiң соңында нотариустар 2014 жылдың 2 тоқсанында өткiзiлген семсинарлық оқытудың қорытындылары бойынша әдiстемелiк ұсыныстар алды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО-да «Конституция — Қазақстан тұрақтылығы мен гүлденуiнiң негiзi» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өттi

2015 жылғы 2 қыркүйекте СҚО Әдiлет департаментi басшысының орынбасары Қазақстан республикасының 20-жылдығына арналған «Конституция — Қазақстан тұрақтылығы мен гүлденуiнiң негiзi» тақырыбына М.Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiмен өткiзiлген «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, М. Қозыбаев ат. СҚМУ ректоры, Солтүстiк Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi, СҚО қылмыстық iстер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы, М. Қозыбаев ат. СҚМУ «Құқықтық тәртiптер» кафедрасының доцентi, М. Қозыбаев ат. СҚМУ «Экономика» мамандығы 1 курсының магистранты, Әбу Досмухамбетов ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия — интернатының 10 сынып оқушысы қатысты.

Отырыс барысында «Этносаралық келiсiм — Қазақстан халқы бiрлiгiнiң негiзi», «Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттiң басты желiсi және республикадағы құқықты дамытудың базасы», Конституция — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудiң негiзi», «Қазақстандағы конституциялық эволюцияның дамуы», «Қазақстан Республикасында жастар саясатын iске асырудағы Конституцияның рөлi мен маңызы» тақырыптарына баяндамалар оқылды.

Кездесудiң соңында, тәуелсiздiк таңында Конституция халықтың еркiн бiлдiру болып табылатыны, ол жас мемлекет — Қазақстан Республикасының мақсаттарын, қағидаттарын өзiнде жинақтағаны айтылып өттi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Алименттiк борыштарды өндiрiп алу жөнiндегi рейд

Мемлекетте баланың мүддесiн қорғау әрдайым ерекше бақылауда болғандықтан, алимент төлемдерiн өндiрiп алу барлық қоғамды қызықтырады, сондықтан алимент төлемдерiн өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезiнде сот орындаушылары БАҚ қызметкерлерiн рейдтiк iс-шараларға жиi тартады.

2015 жылдың басынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы «Алимент төлемдерiн өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалының сот орындаушыларының орындауында 3 404 атқарушылық iс жүргiзу болды. Олардың iшiнен 277 атқарушылық iс жүргiзу аяқталды. Атқарушылық iс жүргiзудiң қалдығы 3 127 құрайды.

2015 жылдың басынан бастап 68 борышкер әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

2-шi деңгейдегi банк пайдасына өндiрiп алу

Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң сот орындаушыларының орындауларында 2015 жылы жалпы сомасы 61 млрд. теңгеден артық 2-шi дейгейдегi банктердiң пайдасына өндiрiп алу туралы 3 835 атқарушылық құжат болды. Олардың iшiнен 6 млрд. теңге сомасына 1 112 атқарушылық iс жүргiзу орындалды.

Сот орындаушылары сот актiлерiнiң тиiмдi орындалуы үшiн барлық жағдай жасайды, Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеулер қояды, лицензия беру және оның әрекет етуi, рұқсат беру, арнайы құқық саласында Борышкерлердiң бiрыңғай реестрiне мәлiметтер, уақытша шектеулер енгiзедi, Сонымен қатар, сот орындаушылары қоғамда атқарушылық құжаттарын орындау мәселесiн кең баяндау үшiн өз жұмыстарына БАҚ қызметкерлерiн жиi тартады.

Бүгiнгi күнi сот шешiмдерiн орындау бойынша баламалы шара қолданылады — ол облыстың жеке сот орындаушыларына жүгiну. Атқарушылық құжаттарын жеке сот орындауына беру жөнiндегi жұмыс тұрақты негiзде жүргiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет басқармасының
баспасөз қызметi

Борышкер» рейдтiк iс-шарасы

Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң «Әкiмшiлiк айыппұлдарды өндiрiп алу жөнiндегi бөлiмi» филиалының сот орындаушылары Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң Әкiмшiлiк полициясы басқармасымен бiрлесiп әкiмшiлiк айыппұлдарды өндiрiп алу бойынша қала шегiнде «Борышкер» атты рейдтiк iс-шара өткiздi.

Үш патрульдiк көлiктiң экипажы қаланың көбiне жанданған бөлiктерiнде, атап айтқанда «Рахмет» СҮ, «Семейный» дүкенi ауданында, Колхозный базары мен «Континент» рестораны ауданында тұрды.

Петропавл қаласы бойынша өткен екi күндiк рейд кезiнде әкiмшiлiк айыппұлдардың бар-жоғына автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң 494 тексерiсi өткiзiлдi, 174 мың теңге сомасында 21 квитанция төлендi, 15 автокөлiк құралдары әкiмшiлiк айыппұлдарды төлемеген үшiн айыппұл тұрағына орналастырылды.

Әкiмшiлiк айыппұлдарды өндiрiп алу облыс бюджетiн толықтыратын атқарушылық iс жүргiзу санаттарының бiрi болып табылады, осыған байланысты, аталған iс-шаралар тұрақты негiзде өткiзiлiп, шағын айыппұл үшiн де автокөлiктен айырылуға болады.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО ӘД кезектi аттестаттау өткiзiлдi

Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнде құрылған әдiлет аттестаттау комиссиясымен адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлғалардың кезектi аттестаттауы өткiзiлдi.

Аттестаттау екi кезеңнен құрылды: компьютерлiк тест тапсыру және үмiткерлердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.

Адвокаттық қызметпен айналысу үшiн аттестаттау нәтижелерi бойынша 14 қатысушыдан 10 адам оң шешiм алды, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына қатысқан 5 үмiткердiң iшiнен 4 адам аттестатталды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

СҚО-да «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi

2015 жылғы 29 маусымда Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi «Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облысы филиалымен, облыстың нотариустарымен, адвокаттарымен, сот орындаушыларымен бiрлесiп әдiлет органдарының қызметiне қатысты мәселелер бойынша «Ашық есiк күнiн» өткiздi.

Iс-шараның басты мақсаты — әдiлет органдары жұмысының айқындығын, ҚР Әдiлет министрлiгiне қатысты мәселелерде қалықтың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, халыққа кеңестiк көмек көрсету болды.

Аталған iс-шара шеңберiнде атқарушылық iс-жүргiзу, жылжымайтын мүлiк, заңды тұлғаны тiркеу, АХАТ, зияткерлiк меншiк саласында сұрақтар келiп түстi, оларға тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.

Аталған акцияға қатысты азаматтар жағынан оң сын-пiкiрлер бар екенiн атап өткен жөн, өйткенi оны өткiзудiң басты мақсаты құқықтық көмек көрсету және кеңестер беру болып табылады.

Аталған iс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Ұлтаралық келiсiм — мемлекеттегi бейбiтшiлiк кепiлi

2015 жылғы 10 шiлдеде СҚО Аққайын ауданының әдiлет басқармасы ауданның құрылыс бөлiмiнiң қызметкерлерiмен «Ұлтаралық келiсiм — мемлекеттегi бейбiтшiлiк кепiлi» тақырыбына семинар өткiздi.

Iс-шараның басты мақсаты — ұлтаралық келiсiм мен достықты нығайту, қазақстандық отаншылдықты және Қазақстанда тұратын барлық ұлттарға деген толеранттылық қарым-қатынасты қалыптастыру болды.

Әдiлет басқармасының бас маманы өз сөзiнде ұлтаралық бiрлiк, бейбiтшiлiк пен келiсiм Тәуелсiз Қазақстанның құрылуы үшiн негiзгi критерий болғанын атап өттi. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы елiмiзде бейбiтшiлiк пен келiсiмдi, тыныштық пен толеранттылықты сақтауға әрекет ететiн, түрлi ұлт өкiлдерiн бiрiктiретiн, тiл мәдениетiн дамыту үшiн жағдайлар жасайтын, елiмiздiң ұлттық дәстүрлерi мен салттарына деген құрметтi қалыптастыратын ұлттық институт болады.

Кездесудiң соңында қатысушылар елiмiзде этникааралық келiсiмдi әрi қарай нығайту бойынша өздерiнiң ұсыныстарын айтты.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Ашық есiктер күнi

2015 жылғы 10 шiлдеде СҚО Жамбыл ауданының әдiлет басқармасы ауданның тұрғындары үшiн «Ашық есiк күнiн» ұйымдастырды.

Мақсаты — құқыққа қарсы әрекет ету мен әрекетсiздiктен азаматтардың құқықтық сауаттылық және құқықтық қорғаушылық деңгейiн арттыру болды.

Кездесу барысында мұраны ресiмдеуге, жер учаскелерi мен үй-жай, мүгедектер үшiн құқықтар мен жеңiлдiктер бөлiп беруге қатысты сұрақтар келiп түстi, оларға тиiстi түсiнiктемелер берiлдi. Сонымен қатар, әлеуметтiк, тұрғын үй, жер мәселелерi бойынша кеңестер берiлдi, сотқа, құқық қорғау органдарына жүгiну тәртiбi, сот шешiмдерiне шағым жасау, сот шешiмдерiн орындау тәртiбi түсiндiрiлдi.

Iс-шараның соңында, әдiлет басқармасының басшасы тегiн және сапалы заң көмегiн көрсету мақсатында тұрғындармен тұрақты және тығыз жұмыс жүргiзудiң маңыздылығын атап, қатысушыларға белсендi қатысқандары үшiн өз алғысын бiлдiрдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментiнiң
баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 11:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2017 17:02
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы