A- A A+
ЭКОНОМИКА

Хабарландыру

27 мамыр 2020 жыл

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссиясының жұмысты туралы

Ипотекалық қарыз алушыларды мемлекеттік қолдау аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда (бұдан әрі — Бағдарлама).

Бағдарлама жалғыз тұрғын үйді сақтауға, 2004 жылдан 2009 жылға дейін ипотекалық қарыз алушылардың қарыздық жүктемесінің төмендеуіне, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен қарыз алған қарыз алушылар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталған.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және ипотекалық ұйымдар бағдарламасы бойынша қайта қаржыландыруға 256,1 млрд теңге сомасына 37 149 несиелер мақұлдады, 229 млрд. теңгені құрайтын 34 686 несиелер қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында қарыз алушылардың ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту туралы шағымдарын қарау Комиссиялары құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Комиссия құрамына облыс Әкімшіліктің, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінен, Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасынан, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінен, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің, қоғамдық бірлестіктердің, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлық қоғамының, «Нұр Отан» партиясынан өкілдері кірді.

Бағдарламаға қатысушы банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдіктер Басқармасы болып табылады.

Комиссияның негізгі қызметі болып қарыз алушылардың Бағдарламаға қатысушы банктің қарыз беруден бас тартуына қатысты шағымдарын қарау. Қайталанған шағымдар жаңа дәлелдемелер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болған жағдайда ғана қаралады.

Комиссия отырыстары шағым берген адамның қатысуынсыз қажет болған кезде өткізіледі.

Комиссия шағымды қарау үшін қарыз алушы жазбаша түрде Комиссия мүшелеріне банктік құпияны ашуға келісімін беріп және құжаттар тізімімен келесі мекен-жай бойынша: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6 үй, 402 кеңсе, байланыс телефон 8(7152) 55-15-35 немесе Shynar.Bashirova@finreg.kz электронды поштаға жүгінуі керек.

Қажетті құжаттар тізімін және келісім алуға өтінім үлгісін алу үшін келесі байланыс телефонына хабарлассаңыз болады: 8(7152)55-15-35.

Шағымды Комиссия келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі тағы 30 күнтізбелік күнге немесе ол түпкілікті орындалғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

Объективтілік үшін Комиссияның шешімі банктің ақпаратын және Бағдарламаның барлық критерийлерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады, және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Шешім туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

2019 жылдың 23 желтоқсанында Бағдарламаға банктерге Бағдарламаның шарттары бойынша «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатында бұрын қаржыландырылған қарыздар бойынша, қарыз алушылардың қарызды жеңілдетудің қосымша тетіктерін қолдануға құқық беретін өзгерістер енгізілді. Банктің балансына өткен тұрғын үйді меншікке қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыға жаңа несие беру арқылы немесе одан әрі өтеу мүмкіндігімен жалға беру арқылы қаржыландыру құқығы берілді.

Қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдаудан кейін банктер қосымша көмек көрсетеді.

Егер банк қосымша көмек беруден бас тартса, қарыз алушы Комиссияға шағымдануға құқылы.

Айта кету керек, Бағдарламаның 1 және 2-бөлімдерінің шарттары бойынша қарызды қайта қаржыландыру туралы Комиссияның шешімдері банктер үшін міндетті болып табылады.

Сонымен бірге, Бағдарламаның 2-1 бөлімі шеңберіндегі Комиссияның шешімдері тек кеңес беру сипатына ие. Бағдарламаға қатысушы банктер Комиссияның ұсынысы бойынша қосымша көмек туралы түпкілікті шешімді дербес қабылдайды.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2016 10:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2020 14:24
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов Казахстана Стратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы