A- A A+
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетикалық кешенi және коммуналдық шаруашылығы

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетикалық кешенi «СЕВКАЗЭНЕРГО» тобының және «Көкшетау Энерго» ЖШС компанияларымен көрсетiлген.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) энергия өндiрушi кәсiпорнын, жылу және электр желiлерi «Петропавл Жылу Жүйелерi» ЖШС, «Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ және энергиямен жабдықтаушы ұйым «Севказэнергосбыт» ЖШС-iн бiрiктiредi.

Энергия өндiру

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) Петропавл қаласының жылу энергиясының және Солтүстiк Қазақстан облысындағы сегiз ауданының және Петропавл қаласының электр энергиясының негiзгi көзi болып табылады. Iшкi нарықты қамтамасыз етумен бiрге, облыс шегiнен тысқары электр энергиясымен қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

Негiзгi жабдығының құрамына 12 энергетикалық тас көмiр тозаңы қазандықтары және 7 турбоагрегат кiредi.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша станцияның бекiтiлген электрлiк қуаты 541 МВт; жылу қуаты 713 Гкал/сағ құрайды. Станция екiбастұздық көмiрде жұмыс iстейдi. Көмiрдiң жылдық қажеттiлiгi 3,1 млн. тонна, мазуттыкi 3 мың тоннаны құрайды.

2019 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО жабдығын жаңарту және қайта құру, жөндеуге 5,4 млрд. теңге көлемiнде қаражат бағыттады. Жылулық қуатын шығару сұлбасын қайта құру жалғастырылуда (сатып алу, монтаж және техқұбыржолын, сорғы станциясы жабдығын, ЦТРП жабдығын қаптау), отын жеткiзу жаңартылды, №6 автотрансформаторы сатып алынды. Аталған шараларды өткiзу электр қуатының 1,2 млн. кВтсағ. үнемдеуге мүмкiндiк бередi және энергиямен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен параметрлерiн арттырады.

Жылу энергиясын беру және тарату

Петропавл қ. тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату «Петропавл Жылу Желiлерi» ЖШС қызметiнiң негiзгi түрi болып табылады. Кәсiпорын қаланың тұрмыс секторының 70,6 мың абонентi мекенжайына және 2,3 мыңнан артық абонент — заңды тұлғаларға жылу энергиясын тасымалдауды жүзеге асырады. Кәсiпорын теңгерiмiнде 229,8 км, соның iшiнде 81,2 км магистралды желiлер және 148,6 км таратушы, 5 магистралды сорғы станциясы және 46 абоненттiк жылу жүйесi бар.

2019 жылы 15 құбыр желiсiн қайта құру және жаңарту, жөндеуге 1089 млн.теңге көлемiнде қаражат бағытталды.

Электр энергиясын беру және тарату

«Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ Петропавл қ. үшiн және облыстың сегiз солтүстiк аудандарына электр энергиясын беру және таратуды жүзеге асырады (Аққайың, Есiл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, М. Жұмабаев, Тимирязев, Шал ақын).

«Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ электр қуатын жеткiзу жолының облыс бойынша ұзақтығы 13 299 км, қосалқы станция саны 2411 бiрлiктi құрайды.

2019 жылы «Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ-мен электрмен жабдықтау желiлерiн қайта құру және жөндеуге 1,68 млрд. теңге көлемiнде қаражат қарастырылған. 1033 км желiге, 111 қосалқы станцияға күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Сонымен қатар 0,4-10 кВ ЭБЖ, Петропавл қ. № 3 қосалқы станциясының қайта құруы орындалды, ЭКЕАЖ ендiру жалғастырылуда, «Новомихайловка-Литейная» 110 кВ ӘЖ құрылысы жүргiзiлуде. Аталған ЭБЖ «Сибирь», «Новомихайловка» және «Литейная» қосалқы станцияларын қосады, ол «СҚ ЭТК» АҚ тұтынушыларының және ООТЖ тартымдық қосалқы станцияларының сенiмдiлiгiн арттырады, сондай-ақ тұтынушыларға электр энергиясын беру кемiстiгiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

«Көкшетау Энерго» ЖШС Солтүстiк Қазақстан облысының бес оңтүстiк ауданында (Айыртау, Ақжар, Ғ. Мүсiрепов ат., Тайынша, Уәлиханов) электр энергиясын тарату және жеткiзудi жүзеге асырады. Кәсiпорынның балансында 8,9 мың.км әуе және кабельдiк электр берiлiс желiсi, СҚО аумағында орналасқан 1 749 қосалқы станциясы мен трансформаторлық пункттерi бар. 2019 жылы қайта құру мен жөндеуге 559,5 млн. теңге қаражат бағытталды. 97 қосалқы станциясы мен 730 км желiнiң күрделi жөндеуi жүргiзiлдi.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар

Солтүстiк Қазақстан облысы территориясында екi энергиямен жабдықтау ұйымы бар — «Севказэнергосбыт» ЖШС және «Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС. «Севказэнергосбыт» ЖШС Петропавл қаласында және облыстың сегiз солтүстiк ауданында, «Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС бес оңтүстiк ауданында әрекет етедi.

Жаңартылатын энергия көздерi

Облысымызда жалпы қуаты 58 МВт жаңартылатын энергияны пайдалану бойынша 151 объект бар (Сергеевка ГЭС-2,26 МВт, жалпы қуаттылығы 3,5 МВт «Зенченко и К» КТ 4 желдiк генераторы, жалпы қуаттылығы 2 МВт «Иван Зенченко» 2 желдiк генераторы, 105 биоқазандық — 50 МВт).

2019 жылдың 8 қазанында «Иван Зенченко» ЖШС жалпы қуаттылығы 2 МВт құрайтын 2 желдiк генераторы iске қосылды.

Бiздiң облыс аграрлық болып табылады және алқаптарда биоотын ретiнде пайдаланылатын көптеген биомассалар (сабан) пайда болады.

Облыс бойынша биомассада 105 қазандық орнатылды, 67 бюджеттiк мекеме ауыстырылды. Нәтижесiнде бюджет 190 млн. теңгеге 21 мың тонна көмiрдi сатып алудан бас тартты,осы нысандар бойынша зиянды заттардың шығарындылары көмiрмен салыстырғанда 6 есеге төмендедi.

Облысты газбен жабдықтау

Солтүстiк Қазақстан облысында тұрмыстық және өндiрiстiк қажеттiлiк үшiн сұйытылған көмiрсутегi газы қолданылады. Аккредиттелген ұйымдар: «Рока» ЖШС, «Горгаз-сервис» ЖШС, «Райгаз» ЖШС, «Алыс газ» ЖШС, «Альнур газ» ЖШС, «Облгаз» ЖШС, «Данияр-Бидай» ЖШС Солтүстiк Қазақстан облысына сұйытылған газды жеткiзетiн негiзгi жеткiзушiлер болып табылады.

Негiзгi газды жеткiзу «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ЖШС (Ақтөбе қ.), «ПМХЗ» ЖШС-нен (Павлодар қ.) жүзеге асырылады.

Халықты және облыс аудандарындағы кәсiпорындарды сұйытылған газбен жабдықтау газ баллоны, автожанармай құю станциясы және топтық резервуарлық қондырғы арқылы жүзеге асырылады.

Петропавл қ. көп қабатты үйлерiн сұйытылған газбен қамтамасыз етудi топтық резервуарлық қондырғы арқылы «Горгаз-сервис» ЖШС жүзеге асырады. «Горгаз-сервис» ЖШС кәсiпорынның қызметiнде 327 ГРҚ және 460 км газ құбыры бар. Кәсiпорын Петропавл қ. 725 көп қабатты тұрғын үйлерiн газбен қамтамасыз етедi. Абоненттердiң саны 55 мыңды құрайды.

Қоршаған ортаға зиянды әсердi төмендету, сондай-ақ облысқа отын жеткiзудi әртараптандыру мақсатында Петропавл қаласында сұйытылған табиғи газды регазификациялау кешенiнiң құрылысы бойынша жоба iске асырылуда. Екатеринбург қаласынан жеткiзу жолымен және регазификациялық қондырғылар арқылы газ тәрiздi күйге ауыстыру арқылы жылына 4 млн текше метр газ қуаты бар кешен бұрын дизель отынымен жұмыс iстеген «Молпродукт» ЖШС-не жаңадан салынған газ құбыры бойынша үздiксiз газ берудi қамтамасыз етедi. Жалпы құны 300 млн теңгенi құрайтын жобаны «Global Gas Group» ЖШС жүзеге асырады. Нысанды iске қосу 2020 жылдың қаңтар айында жоспарланып отыр.

Сумен жабдықтау және су бұру

Қазiргi уақытта 649 ауылдың iшiнен орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 253,5 мың.адам тұрғыны бар 394 ауылдық елдi мекендер (60,7%) қамтамасыз етiлген, орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 57,3 мың.адам тұрғыны бар 255 ауыл (39,3%) қамтамасыз етiлмеген. Облыстың барлық 5 қаласы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен түгел қамтылған.

Негiзгi сумен жабдықтаушы ұйымдары болып «Қазсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Есiл су» филиалы (облыстың 11 ауданына қызмет көрсетедi) және «Қызылжар су» ЖШС (Петропавл қ. қызмет көрсетедi) табылады.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау «Қазсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Есiл су» филиалының шаруашылық басқаруындағы Есiл өзенiнiң топтық су құбырлары: Соколовка, Пресновка, Булаев, Ишимский арқылы жүзеге асырылады. «Қызылжар су» ЖШС Петропавл қ. бойынша өзiндiк сумен жабдықтау жүйесi бар. Сондай-ақ облыста орталықтандырылған сумен жабдықтау жер асты сулары арқылы жүзеге асырылады.

Су бұру Петропавл, Сергеевка, Булаев қалаларында және 5 ауылдық елдi мекендерiнде (Саумалкөл, Явленка, Покровка, Бескөл және Новоишимское) жүзеге асырылады.

Петропавл қаласының су бұру жүйесi ағымдағы жылы қалалық ақаба сулар қашыртқысы мен жинақтағышты реттеуге мүмкiндiк беретiн коллектор, кәрiздiк тазарту құрылыстары және ақаба суларды жинақтағыштан тұратын кешендi қамтиды. «Қызылжар су» ЖШС қызмет көрсетуiне кiрiздiк желiлердiң жалпы ұзақтығы 257 км құрайды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi арқылы Соколовка топтық су құбырының қайта құруы ( кезек) өткiзiлдi, қазiргi уақытта Пресновка (1,2 кезек) және Соколовка (2 кезек) топтық су құбырының қайта құруы жалғасуда.

Қосымша ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебiнен 41 ауылда (28 мың.адам тұрғыны бар) 208 км сумен жабдықтау желiлерi қалпына келтiрiлетiн болады.

«Қызылжар су» ЖШС қызметтерiне тарифтер

Қызметтің түрі Тұтынушы Қолданыстағы тариф ҚҚС қосқанда, 01.05.2019 ж. бастап теңге/м3
Сумен жабдықтау халық үшін 81,24
басқа тұтынышылар үшін 257,97
Су бұру халық үшін 74,94
басқа тұтынышылар үшін 239,51

Петропавл қ. сумен жабдықтайтың ұйымның байланыс мәлiметтерi

Ұйымның атауы Мекен-жай Байланыс мәліметтері
ТОО «Кызылжар су» Петропавл қ., Киров оралымы, 2 Тел.: 53-59-96
Факс: 53-59-82
e-mail: petropavlsu@mail.ru  
«Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалы Петропавл қ., Қ. Кеншінбаев көшесі, 9

Тел.: 33-46-50
e-mail: esilsu@esilsu.kz

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 16:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.01.2020 10:00
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы