A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Этномәдени бірлестіктер

Этномәдени бiрлiстiктер туралы мәлiметтер

Қазақ және орыс тілдеріндегі атауы     Басшының тегі, аты, әкесінің аты     Байланыс тел., e-mail    
1.  «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы   Авдеев Николай Алексеевич 87772563012  
2. «Солтүстік Қазақстан облысының «Сомониён Север» тәжік қауымы» қоғамдық бірлестігі   Амиршоев Анваршох Гайратович 87018177133,
87770877706
3. Солтүстік Қазақстан облысының «Вайнах» шешен қауымы» қоғамдық бірлестігі Байдуев Саип Шабазгереевич 87058656111
4. «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі   Абраев Наиль Кадырович 87026008009
5. «Манас-Петропавл» қоғамдық бірлестігі   Болтуруков Майрамбек Аяпбергенович 87013428820
6. «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі   Геворкян Геворг Варданович 87771393522
7. «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің   Гусейнов Тахир Ибрагим оглы 87017349477
8. «Солтүстік Қазақстан облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі   Евдаев Рашбиль Илхананович   87025520155
9. «Союз казаков Горькой линии» қоғамдық бірлестігі   Здорнов Николай Семенович 87076245750
10. «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің   Картал Идрис 87017338893
11. «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі   Ковзель Эльвира Рудольфовна 87051943090
12. «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі   Крашевский Анатолий Антонович 87771396847
13. «Лад» славян мәдениеті Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамы»   Курленя Александр Юрьевич 87057013265
14. «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің   Мұсабаева Гүлбақша Нұрмұқанқызы   Мусабаева Гулбахша Нурмукановна 87773195524
15. «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы   Надиров Рашид Садыкович 87015386095
16. «Світанок» Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі   Плотко Александр Петрович 87013400988
17. «Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі   Польшаков Аркадий Анатольевич 87009137248
18. «Русская община Северо-Казахстанской области» қоғамдық бірлестігінің   Римская-Корсакова Наталья Георгиевна 87779219125
19. «Орыс, және славян казак» ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ филиалы   Сайко Виктор Михайлович   87772219118
20. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі тілі» Тәжин Жангелді Уақпанұлы   Тажин Жангельды Уакпанович 87778945656
21. «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігі   Таранов Виктор Александрович 87772156938
22. «Радзіма» Солтүстік Қазақстан белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Татаренко Мария Петровна 87779550790
23. «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы Хан Евгений Викторович 87772155480
24. «Арго» грузин этномәдени орталығыны Харбедия Омари Омианович 87015224681
25. «Бохтар» ауған мәдени-қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі Хасрат Назими Хошал 87027278867

Этномәдени бірлестіктер

  • «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» (ОСКҚ) заңды тұлғалар бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалы

    2005 жылы қыркүйекте құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – салт-дәстүрді насихаттау, славян халықтарының тарихы пен этнографиясын меңгеру. Құрылу кезінен бастап филиал облыс ассамблеясы өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

    Орыс қауымы «Лад» славян мәдениеті қоғамымен бірге Славян жазуы мен мәдениеті күндерін өткізеді.

    Бірлестік жанында жастар клубы қызмет атқарады, оның мүшелері республикалық жастар форумы, «Біздің туымыз» акциясына қатысты. Жастар шығармашылық ұжымын құру жоспарланып отыр.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Петр Гаврилович Дмитриенко төраға болып сайланды. Ол 1958 жылы 9 қыркүйекте туды. Ғалым-агроном мамандығы бойынша Омбы ауылшаруашылық институтын бітірді.

  • «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігі

    2004 жылы 24 желтоқсанда құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ салт-дәстүрін насихаттау, азаматтардың арасында халық әндері мен билерін тарату, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған іс-шараларға қатысу.

    Облыста 197 495 қазақ тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша).

    Құрылған кезінен бері орталық облыс ассамблеясының қызметіне белсенді көмек көрсетеді, оның барлық іс-шараларына қатысады, қазақ сәндік-қолданбалы өнерін, дәстүрлі халық қолөнері кәсібін дамыту, халықтың үздік салт-дәстүрлерін өркендету, шекарадан тыс тұратын қазақтармен мәдени байлансты ретке келтіру бойынша жұмысты өткізеді.

    Бірлестік жанындағы жастар клубы белсенді жұмыс істейді, оған студенттер, колледж, жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары кіреді.

    2014 жылдың қаңтар айынан атқарушы директордың м.а. болып Нұрланов Зейнулла Сергеевич сайланды. Ол Ақмола облысының Көкшетау қаласында 1962 жылдың 13 қарашасында туған. Алған білімі бойынша заңгер-құқықтанушы болып табылады. Қазіргі уақытта зейнеткер.

     

  • «Бохтар» ауған мәдени-қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі

    2007 жылы 13 қарашада құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – ауған мәдениеті мен тілін меңгеру, толеранттылық пен этносаралық тәрбиелеу саясатын іске асыру бойынша облыстың этномәдени бірлестіктерімен өзара әрекет ету.

    Солтүстік Қазақстан облысында 20-ға жуық ауған тұрады. Қоғам бірлестігінің құрамына 10 адам кіреді.

    Төраға – Назими Хошал Хасрат. 1972 жылы 10 мамырда Кабул қаласында туды. 1992 жылы автомобильге қызмет көрсету шебері мамандығы бойынша Петропавл индустриалдық-педагогикалық техникумында білім алды. Қазіргі уақытта «Халық банкі» АҚ жүргізуші болып жұмыс істейді.

  • «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестігі

    2005 жылы 30 қарашада құрылған, 2009 жылы 13 қаңтарда әкім шешімімен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына қабылданды. Бірлестіктің құрамында – 176 адам. Қызметтің негізгі бағыттары – халық мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау.

    Бірлестік облыстық ассамблея өткізетін барлық іс-шараларға, мемлекеттік мерекелер және айтулы күндерді өткізуге белсенді қатысады.

    Бірлестік жанында «Звонница» орыс және казак әні фольклорлық ансамблі жұмыс істейді (басшысы И.Подолян).

    2013 жылдың шілденен бастап Виктор Александрович Таранов басшысы болып қызмет атқарады. 1962 жылы 20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында туды. Білімі – орта арнаулы, жөнушы. Қазіргі уақытта «Алтын Адам» ЖШС-те әкімші болып жұмыс істейді.

  • «Горькая линия казактар одағы» қоғамдық бірлестігі

    2005 жылы 15 желтоқсанда құрылған, 2009 жылы 13 қаңтарда әкiм шешiмiмен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына қабылданды.

    Бiрлестiк қызметiнiң негiзгi бағыттары — казактардың салт-дәстүрiн сақтау және нығайту саясаты, Қазақстан халқы ассамблеясы өткiзетiн iс-шараларға қатысу. Жастармен жұмысқа ерекше назар аударылады, олар мерекелердi дайындауға белсендi қатысады. Ресей Федерациясының казактарымен тығыз байланыста. Бiрлестiктiң құрамында 50 адам бар.

    Төраға: Здорнов Николай Семенович.

  • «Дуслык» «Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1989 жылы құрылған. Орталық қызметiнiң негiзгi бағыттары — татар тiлiн меңгеру, мерекелердi өткiзу, халықтың салт-дәстүрiн насихаттау, шығармашылық дағдыларды тарату.

    2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақапарат бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында 12 700 татар және 741 башқұрт тұрады.

    Татар-башқұрт орталығы жыл сайын жастар өкiлдерiнiң, басқа этномәдени қоғамдардың қатысуымен «Сабантой» халықтың мерекесiн өткiзедi.

    Бiрлестiк жанынан балалар және ересектер фольклорлық ұжымдары жұмыс атқарады, олар мәдени-бұқаралық iс-шараларға қатысады, облыс аудандарына барады. Татарстанмен, Айыртау, Жамбыл, Мамлют, Қызылжар аудандарындағы қоғамның филиалдарымен байланыс ретке қойылған.

    «Дуслык» этномәдени орталығы өз қамсыздануырылғандарға қайырымдылық көмек көрсетедi, мұсылман мерекелерiнiң күндерi, жылына екi рет, 250-300 азық-түлiк пакетi таратылып берiледi.

    Татар тiлi ұлттық өркендеу мектебiнде, Мамлютка қаласының орта мектептерiнде, облыс орталығының №21 мектебiнде үйретiледi.

    Этномәдени бiрлестiк Қазақстанда Татарстан Ресбуликасының Өкiлеттi өкiлдiгiмен, Бүкiләлемдiк татарлар конгресi атқару комитетiмен тығыз байланыста.

    Татар-башқұрт қоғамдық орталығының төрағасы Баязитов Амир Шамильевич. Ол 1975 жылдың 24 мамырында Петропавл қаласында туған. Қазiргi уақытта «Калина» ЖШС аймақтық директоры болып табылады. Жоғары бiлiмдi Мәскеу қаласында Ресей гуманитарлық академииясында, Мәскеу бизнес мектебiнде алған.

  • «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалы

    1992 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – халықтың салт-дәстүрін сақтау және насихаттау, кәрістердің мерекелері мен айтулы оқиғаларын арналған іс-шараларға белсенді қатысуға жастарды тарту, этносаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблясының құрамына кіретін жастар этномәдени орталықтарымен өзара әрекет ету.

    Кәріс мәдени орталығы халықтың мерекелерімен, ардагерлерді құттықтаумен байланысты іс-шараларды жүйелі өткізеді. Орталық Қазақстан кәрістерінің Ассоциациясы мен Корея Республикасы Елшілігінің көмегімен қажетті әдебиетпен, музыкалық аспаптармен, компьютермен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген.

    Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық кәріс бар, олар әр түрлі этностармен бір аумақта тату тұрады.

    2001 жылғы шілде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Евгений Викторович Хан төраға болып сайланды. Ол 1956 жылғы 31 мамырда Алматы облысында туды.

    Ол 1982 жылы автомобиль көлігінің инженер-механигі мамандығы бойынша Сібір автожол институты жол институтын бітірді.

    Жұмыс орны: «Экология» ЖШС директоры.

  • «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы (Жерлестік)

    1994 жылы құрылған. Қоғам этносаралық мен конфессияаралық ынтымақтастықтың, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өткізетін ұлттық саясаттың, орыс халқының мәдениеті, салт-дәстүрлерінің белсенді насихатшысы болып табылады. Орыс қауым басқа этномәдени бірлестіктермен бірге мемлекеттік мерекелерді және мәнді оқиғаларды өткізуге, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырушысы болатын барлық іс-шараларға қатысады. Қолданбалы өнер өнімдері, әдебиет, ұлттық өнер көрмелерін ресімдейді.

    2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 292 450 орыс тұрады.

    Жыл сайын орталық Рождество, Жаңа жыл, Масленица, Пасха, славян жазуы мен мәдениеті күндері, мәдениет фестивалін өткізеді. 6 маусым, А.С.Пушкинның туған күнінде оның ескерткішінің жанында мерекелік іс-шаралар өтеді.

    Орталықтың мүшелері «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қазақ тілін білу бойынша конкурсқа қатысады.

    2013 жылы Николай Алексеевич Авдеев төраға болып сайланды. Ол 1960 жылы 8 қыркүйекте Көкшетау облысында туды. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Тәжік политехникалық институтында, 2000 жылы заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша Қостанай заң институтында жоғары білім алды. Қазіргі уақытта «Алтын арман» АҚ-да қауіпсіздік қызметінің бастығы болып жұмыс істейді.

  • «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1997 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – армян халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру, Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық іс-шараларына, ұлттық тағам даярлауға пісіру және көрсетуге, қолөнер өнімдері, әдебиет көрмесіне қатысу.

    2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша облыста 1 317 армян тұрады.

    Құрылған кезінен бері бірлестік жастармен жұмысқа үлкен мән береді. Орталық жанынан жастар клубы жұмыс атқарады.

    №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде армян бөлімшесі қызмет атқарады. Онда 20 балаға жуық білім алады. Олар ана тілі мен әдебиетін, тарих пен елтануды, өз халқының әндері және билерін дәстүрлі емес формада үйренеді. Жастар көне армян мәдениетінің белсенді насихатшысы болып табылады. Жыл сайын «Терендез», «Вартевор», Әдемілік пен ана күні, Жүзім күні халықтық мерекелері өткізіледі.

    Мәдени орталық жанынан көркем өнерпаздар ұжымы жұмыс істейді.

    Этномәдени бірлестік этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған облыстық ассамблеяның сессиясына, кеңесіне, конференцияға және «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысады.

    Орталық Қорған, Төмен, Омбы, Екатеринбургтің армян қауымдарымен, Қазақстандағы Армения Елшілігімен байланыста.

    Төрағасы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Геворкян Геворг Варданович болып табылады. 1949 жылы 4 шілдеде Грузияда туған. Геворг Варданович жоғары білімді семей қаласындағы Зооветеринарлық институтта алады. Қазіргі уақытта зейнеткер болып табылады.

     

  • «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1996 жылы қ&#1201#1201;рылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – поляк тілін меңгеру, поляк халқының дәстүрді сақтау және нығайту. Қазақстанда Польша Елшілігінің көмегімен орталық қажетті оқу және көркемдік әдебиетімен, техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

    Облыста 13 331 поляк тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша).

    Ұлттық өркендеу мектебінің поляк бөлімінде 30-дан бала оқытады. Достық үйінде үлкендер үшін ана тілінің үйірмесі жұмыс істейді, олармен Польшадан волонтер айналысады.

    Жаздыгүні кексе адамдарды және балаларды тарихи отанға шығар демалысуға ұйымдастырылады. Мектептің түлектері Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту жалғастырады.

    2007 жылдан бастап орталықты Анатолий Антонович Крашевский басшылық етеді. Ол 1949 жылы 7 қыркүйекте Көкшетау облысында туды. 1975 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Томск политехникалық институтын бітірді. Қазіргі уақытта кіші бизнес орталығының директор болып жұмыс істейді.

     

  • «Лад» Солтүстік Қазақстан облыстың славян мәдениетінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі

    1989 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – славян халықтарының салт-дәстүрі туралы білімді тарату, мәдениетті, шығармашылықты, мерекелер және қасиетті әдет-ғұрыптарды меңгеру.

    «Лад» қоғамы славян мәдениетін насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді. Оның қатысуымен «Масленица» мерекесі, Славян жазуы мен мәдениеті күндері өткізіледі. Жыл сайын осы күндері А.Пушкин ескерткішінің жанында шығармашылық зиялы қауым, ақындар, музыканттар жиналады, қалалық саябақта частушкашылар, «Играй, гармонь, звени домбра!» ұранымен халық әндерін орындаушылардың конкурстары, рухани музыка концерті өткізіледі.

    2005 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр Юрьевич Курленя төраға болып табылады. Александр Юрьевич 1958 жылы 26 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туды. 1980 жылы орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша Петропавл педагогикалық институтын бітірді. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының №1 орта мектебінде директор болып қызмет атқарады.

  • «Манас-Петропавловск» қоғамдық бірлестігі

    2008 жылы 27 ақпанда құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – қырғыз шығармашылығын, халықтың салт-дәстүрін меңгеру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне арналған іс-шараларға қатысу, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы басшылығымен іс-шараларды өткізуге көмектесу.

    Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық қырғыз тұрады, олардың ішінде 127-сінде Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ. Негізінен олар Петропавл қаласында орналасқан, аудандарда 10-нан астам адам бар.

    Оның төрағасы болып Болтуруков Майрамбек Аяпбергенұлы сайланды. Ол 1968 жылдың 19 қарашасында Қырғыз ССР, Түп ауданында, Светлый мыс а. туған. ҚР Қарағанды ІІМ мектебін заңгер мамандығы бойынша тамамдады. 2013 жылға дейін ҚР ІІМ Петропавл қ. әскери органдарында жұмыс істеген.

     

  • «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстың белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

    2003 жылы 10 қыркүйекте құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – ана тілін ме&#11#1187;геру, этностық салт-дәстүрді насихаттау, белорус халқының мерекелері мен маңызды оқиғаларына арналған іс-шараны ұйымдастыруға жастарды қатыстыру, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясымен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге белсенді қатысу. Жыл сайын мәдениет фестивалі өткізіледі. Бірлестік бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қызмет істейді.

    Солтүстік Қазақстан облысында 6 339 белорус тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша).

    2014 жылдың шілде айынан бастап төрайымы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Чернышова Мария Петровна болып табылады. Ол 1990 жылдың 2 желтоқсанында Петропавл қаласында туған. Жоғары білімді М.Қозыбаев атыедағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша алады. Қазіргі уақытта «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшы-социолог болып жұмыс істейді.

  • «Світанок» Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдениеті орталығы

    2010 жылы сәуірде құрылған. 2011 жылы қаңтарда облыстық ассамблеяның құрамына кірді. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – әндерді, билерді, халықтың салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын меңгеру. Бірлестік облыстық ассамблея өткізетін барлық іс-шараларға, мемлекеттік мерекелерді және айтулы күндерді ұйымдастыруға белсенді қатысады. Орталық украин тілі мен мәдениетін насихатау, сақтау және дамытумен айналысады.

    Облыста 27 549 украин тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспрес-ақпарат бойынша).

    Төраға болып Александр Петрович Плотко сайланды. Ол 1960 жылы 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында туды. Ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша 1980 жылы Петропавл мемлекеттік педагогикалық институтын, 1988 жылы Мәскеу қаласында БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы №1 мектеп-интернатының директоры болып қызмет атқарады.

  • «Солтүстік Қазақстан облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1989 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – ана тілін меңгеру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау және насихаттау, әлуметтік, медициналық, дәр-дәрмектік жәрдем көрсету. Осы жобалардың негізгі бөлігі Германия үкіметінің және неміс Қызыл Айының қолдауы есебінен қаржыландырылады.

    Облыста 20 658 неміс тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша). Облыс орталығында және аудандарда бірлестік жанында лингвистикалық курстар, тілдік лагерь қызмет атқарады, онда жыл сайын 2000-ға жуық адам білім алады. Тілді меңгеру тегін, курстарға басқа ұлт өкілдерінің жартысынан астам келеді.

    Қоғам ардагерлерге, көп балалы отбасыларға материалдық және медициналық жәрдемді үнемі жасайды.

    Тайынша, М.Жұмабаев аудандарында неміс кездесу орталықтары қызмет атқарады.

    2008 жылдан бастап орталықты Эльвира Рудольфовна Ковзель басқарады. 1968 жылы 22 желтоқсанда Алматы қаласында туды. Ол 1994 жылы музыка мұғалімі мамандығы бойынша Алматы Қазақ әйелдер педагогикалық институтында, 2009 жылы менеджер-экономист мамандығы бойынша Мәскеу қаласының Халық шаруашылығы академиясының жанындағы Ресей-неміс жоғары басқару мектебінде жоғары білім алды.

  • «Солтүстік Қазақстан облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1992 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – ивритті меңгеру, халықтық мерекелер мен іс-шараларды ұйымдастыру, еврей мәдени орталығының жастар қанатымен әрекеттестік жолымен еврей халқының мәдениетін сақтау.

    Облыста 680-ге жуық еврей өмір сүреді.

    Орталық жанынан «Шалом» фольклорлық ұжымы, «Хатихот» балалар шығармашылығы ансамблі құрылған, жастар қанаты, ивритті меңгеру жөніндегі үйірме ұйымдастырылған. Ұлттық өркендеу мектебінің еврей бөлімшесі негізінде халықтың мерекелер үнемі өткізеді. Петропавл қаласында республикалық еврей орталығы мен халықаралық ұйымы көмегімен «Хэсэд» әлеуметтік көмек станциясы ашылды. Онда 400-ден астам адам азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, медициналық мүкәммал алады. Областың аудандарында тұратын еврейлермен байланыс реттеген.

    Орталықтың басшылығы облыс ассамблеясының қызметін қолдайды, халықтардың арасындағы достықты нығайтуға өзі үлесін қосады.

    Рашбиль Ильхананович Евдаев 2005 жылдың науырызынан бастап еврей мәдениеті орталығының төрағасы болып табылады, ол 2010 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Рашбиль Ильхананович 1960 жылы 14 қыркүйекте Баку қаласында туды.

    1992 жылы Талдықорған заң техникумын бітірді. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер болып табылады.

  • «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениетінің орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1995 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, қайырымдылық акцияларын өткізу. Облыс ассамблеясының орталық этносаралық ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту бойынша жұмысына көмектеседі.

    Солтүстік Қазақстан облысында 1 676 әзірбайжан тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша).

    Бірнеше жылдардың ішінде бірлестік халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін көрсетумен «Новруз» мерекесін ұйымдастырады.

    Ұлттық өркендеу мектебінде әзірбайжан бөлемшесі жұмыс істейді.

    2006 жылдың қаңтарынан бастап Тахир Ибрагим оглы Гусейнов төраға болып табылады. Ол 1965 жылы 10 қыркүйекте Әзірбайжан ССР-да туды. Ол А.Зейналла атындағы Баку музыкалық училищесінде жоғары білім алды. Қазіргі уақытта «БН Винзавод» ЖШС-да директор болып жұмыс істейді.

  • «Солтүстік Қазақстан облысының «Сомониён Север» тәжік қауымы» қоғамдық бірлестігі

    2001 жылы қыркүйекте құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – тәжік халқыны&#1187#1187; мәдениеті мен шығармашылығын насихаттау, қайырымдылық акцияларын өткізу, іс-шаралар мен ұлттық мерекелерді ұйымдастыру. Орталық облыстың қоғамдық өміріне қатысады. Бірлестік жыл сайын салт-дәстүрді көрсетумен, қоғам әртістерінің сөз сөйлеуімен, әдебиет пен қолданбалы өнер, ұлттық тағам көрмелерін ұйымдастырумен тәжік мәдениетінің фестивалін өткізеді.

    Облыста 909 тәжік тұрады (2010 жылғы экспресс-ақпарат бойынша).

    Қауым облыстық ассамблеяның іс-шараларына, мемлекеттік мерекелер өткізуге қатысады.

    2005 жылы 16 сәуірде тәжік орталығының төрағасы болып Анваршох Гайратович Амиршоев сайланды. Ол 1972 жылы 1 шілдеде Тәжік ССР туды. 1993 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып қызмет істейді.

  • «Солтүстік Қазақстан облысының Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

    1994 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – украин халқының шығармашылығы мен мәдениетін насихаттау, халық мерекелерімен байланысты іс-шараларды өткізу, Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясы өткізетін іс-шараларға белсенді қатысу.

    Облыста 27 549 украин тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша).

    Орталық ұлттық мәдениет фестивалін, ұлы кобзарь Т.Г.Шевченко шығармашылығына арналған кеше өткізеді. Ұлттық өркендеу мектебінде украин бөлімшесі жұмыс ат&#117#1179;арады.

    2002 жылғы қыркүйекте Аркадий Анатольевич Польшаков төраға болып сайланды. Ол 1941 жылы 23 желтоқсанда Украин ССР-да туды. 1986 жылы Аркадий Анатольевич авиациялық қозғалтқыштар инженері мамандығы бойынша Тәжік политехникалық институтын, 2000 жылы Қостанай заң институтын бітірді. Қазіргі уақытта зейнеткер.

  • «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі

    2007 жылы 12 қарашада құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – салт-дәстүрді насихаттау, халықтың билерін және әндерін меңгеру, орталық белсенділерінің сөз сөйлеулерін дайындау, қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру. Жыл сайын 23 сәуірде түрік мәдени орталығы Түркия мерекелерінің ең құрметті бірі – Балалар қорғау күні бала-жетімдер үшін өткізеді. Бағдарламада әр түрлі халықтардың ойындары, би марафоны, конкурстар, жас әртістердің өнер көрсетулері, түрік халқының салт-дәстүрімен танысу бар. Қайырымдылық акцияларын үнемі өткізеді. Бірлестік облыс ассамблеясымен өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

    Солтүстік Қазақстан облысында 40-қа жуық түрік есер. Олардың көпшілігі Петропавл қаласында тұрады.

    2009 жылы қаңтарда Идрис Картал төраға болып сайланды. 1964 жылы 28 қазанда Түркияда туды. 1990 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Анкара қаласында Техникалық университетте білім алды. 1995 жылдан бастап Птропавл қаласында тұрады.

    Ол «Сұлтан-ЭММК» АҚ диірмен-макарон кешенінің Бас директоры болып қызмет атқарады.

  • «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалы

    1989 жылы құрылған. Қоғам қызметінің негізгі бағыты – қазақ тілін насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңын орындау. Осы мақсаттарда жыл сайын бірлестік тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп әр түрлі ұлттар азаматтарының арасында мемелекеттік тіл білуге байқау-конкурс өткізеді.

    Облыста 197 495 қазақ тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша). Қоғам қазақ жазушылары, ғалым мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашалығына арналған ғылыми-практикалық және оқырмандық конференциялар ұйымдастырады.

    Орталық жүйелі және ұзак позицияны ұлтаралық қатынастарда тұрады, адамдардың арасында сенім мен өзара түсіністікті нығайтуыға, халықтың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оны 2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Кәрібай Иманжанұлы Мұсырман басқарады. Ол 1957 жылы 28 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туды. 1980 жылы ҚазМУ журналистика факультетін бітірген.

    Жұмыс орны – «Мәдениет және ақпарат министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар Ақпарат» медиахолдингі» КМК бас редакторы.

  • Солтүстік Қазақстан облысының «Вайнах» шешен қауымы» қоғамдық бірлестігі

    1995 жылы құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары – ана тілін, салт-дәстүрін меңгеру, жастардың бойында толеранттылықты, қайырымдылықты, өзге этностар мен олардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

    Облыста 636 шешен және 769 инғұш тұрады (2012 жылғы 2 мамырдағы экспресс-ақпарат бойынша).

    Төраға және қауым басқармасы шешендер мен инғұштардың арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын міндетті түрде сақтау, ұлтаралық қатынастар мәдениетіне тәрбиелеу бойынша үлкен түсіндіру жұмысын өткізеді.

    Мәдени-көпшілік іс-шараларды, қайырымдылық акцияларын өткізу, өз халқының мәдениетін көрсету жолымен халықтың жеке мен бөлігінің шешендерге теріс ұғымы мен сақтығын сейілтуге тырысады. Осы облыстағы тұрақтылықты нығайтуға көмектеседі.

    Ұлттық өркендеу мектебінде шешен ұлтының 30-дан астам баласы оқиды.

    Орталық мүмкіндігіне қарай өз қамтамасыз етілген отбасыларға көмектесу бойынша қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.

    2008 жылы Муса Лемиевич Дадаев төраға болып сайланды. 1957 жылы 28 сәуірде Талдықорған облысында туды. 1981 жылы азаматтық авиация инженері мамандығы бойынша Азаматтық авиация инженерлері Рига институтында, 1989 жылы Семей аң терісі техникумында жоғары білім алды. 1993 жылдан бастап «Заготпромторг» ЖШС директоры лауызымы бойынша қызмет атқарады.

  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Курдтардың «Барбанг» ассоциациясы» бойынша қоғамдық бірлестігінің республикалық филиалы

    Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Курдтардың «Барбанг» ассоциациясы» бойынша қоғамдық бiрлестiгiнiң республикалық филиалы 2014 жылы құрылды.

    Қызмет еткен кезеңде облыстағы мiндеттердi жүзеге асыруға, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi, өңiрiмiзде тұрып жатқан барлық этностардың бiрлiгiн нығайтуға, мемлекеттiк және ана тiлдерiн үйренуге бағытталған бiрқатар iс-шаралар, Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы — 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ».

    Жолдауын түсiндiру аясында этнос өкiлдерiмен кездесулер өткiзiлдi

    Солтүстiк Қазақстан облысы «Курдтардың «Барбанг» ассоциациясына» жастар жобаларын iске асыруда қолдау көрсетiледi.

    Этномәдени орталықтың мақсаты — этносаралық қарым-қатынастарды нығайту және сақтау. Өз этносының мәдениетiн, тiлiн, салттарын мен дәстүрлерiн сақтау және дамыту, қазақстандық отансүйгiштiкке тәрбиелеу.

    Төрағасы Надиров Рашид Садыкович. 1962 жылдың 15 наурызында Оңтүстiк Қазақстан облысында туған. 1985 жылы Алматы мемлекеттiк медициналық институтын провизор мамандығы бойынша тамамдаған. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздiгi» атағын алды. Қазiргi кезде «Фармация» ЖШС директоры болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 15:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.05.2017 09:13
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы