A- A A+
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Инспекция басшысы: Марат Казбекович Ибраев

Мекенжай: 150000, Петропавл қ., Парковая қ. 57 В, кабинет 338.

Телефон: 53-36-56

E-mailmyhamedzhanova.a@minagri.gov.kz

Cенім телефон: 53-36-56

Тегі аты-жөні Лауазымы Телефон Уақыт
1 Марат Казбекович Ибраев Инспекция басшы 53-36-56 Апта сайын:
Сейсенбі: сағат 15.00-ден-18.00-ге дейін

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетi төрағасының
2019 жылғы «05» шiлде
№ _136_бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ережесi

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» (бұдан әрi — Инспекция) мемлекеттiк мекемесi, оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен және осы Ережемен жүктелген ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерi саласында (бұдан әрi — реттелетiн сала) iске асырылатын және бақылау-қадағалау қызметтерiн жүргiзетiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi (органы) болып табылады.

2. Инспекция өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Инспекцияның құрылымы, штаттық саны Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң штаттық санының лимитi шегiнде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жауапты хатшысымен (бұдан әрi-Жауапты хатшысы) бекiтiледi.

4. Инспекцияның аудандарда және қалаларда аумақтық инспекциялары, экспорт (импорт) және транзит кезiнде, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде), халықаралық әуежайда (халықаралық әуежай болған жағдайда) орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттерi бар.

5. Инспекция мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң мемлекеттiк тiлде жазылған атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары бар.

6. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

Инспекция егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы жағынан түсуге құқығы бар.

7. Инспекцияның заңды мекенжайы: 150000 (индекс), СҚО, Петропавл қаласы, Парковая көшесi, 57 «В».

8. Инспекцияның толық атауы — «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi.

9. Инспекцияның қызметiн қаржыландыру, Комитет республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

10. Инспекциямен кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның қызметтерi болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

11. Инспекцияның уәкiлеттi органы Комитет болып табылады. Қазақстан Республикасы атынан құрылтайшы ретiнде Комитет саналады.

12. Осы Ереже Инспекцияның құрылтайшы құжаты болып табылады. Құрылтайшы құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

2. Инспекцияның негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. Мiндеттерi:

1) жануарларды аурулардан қорғау бойынша бақылауды атқарады;

2) елдi мекендердегi халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;

3) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелiнген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуiнен және таралуынан қорғау.

14. Функциялары:

1)экспорттау (импорттау) және транзиттау кезiнде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы Солтүстiкм Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық iс — шаралар жоспарын келiсудi жүргiзедi;

3) өз құзыретi шегiнде ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды iске асырады;

4) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан улануының себептерi мен шарттарын анықтайды және белгiлейдi;

5) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткiзiлуiн), сақталуын және жойылуын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелiнетiн жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуi мен таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық iс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды iске асырады;

7) орнын ауыстыратын (әкелiнетiн) объектiлердi (ЕАЭО комиссиясының құқықтық актiлерiне қарсы болмаған жағдайда) тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, кеден және шекаралық пункттердегi ветеринариялық бақылау бекеттерiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды iске асырады (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн өткел пунктi, автокөлiк өткел пунктiнен басқа;

7-1) Орнын аустыратын (тасымаданатын) объектiлердi әкелу, әкету және орнын аустыру кезiнде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттiк шекарасының маңындағы аумақтағы автомобиль қатынасы шегiнде мемлекеттiк ветеринариялық — санитариялық бақылау және қадағалауды iске асырады;

8) жануарларды бағып өсiру, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындау(сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi өндiрiстiк ұйымдарында, мекемелерiнде, сонымен қатар ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды сақтау, өткiзу және дайындау ұйымдарында, мекемелерiнде, өндiрiстiк объектiлерiнде экспорттау (импорттау) және транзиттеу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды iске асырады;

9) мемлекеттiк ветеринариялық-санитарялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерiнде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын талап ету бойынша, жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды iске асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзедi;

11) ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолданады;

12) экспорттау (импорттау) және транзиттау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың қызметiнде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

13) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады;

14) құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергiлiктi атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерiнiң функцияларын орындауына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

15) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығарады;

16) экспорттау (импорттау) және транзиттау кезiнде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) және айналымы процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

15. Негiзгi мақсатты iске асыру және өзiнiң қызметiнiң негiзгi мәнiн жүзеге асыру үшiн Инспекция өзiнiң құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiпте мынадай құқықтарды жүзеге асырады:

1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында заңнамалық тәртiпте анықталған ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне кедергiсiз кiруге (қызмет куәлiгiн көрсету бойынша) және де ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметтерi туралы ақпарат алуға;

2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнен сынамалар алуды, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасын мүдделi тұлғаларға, оларға зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы хабарлай отырып жүргiзедi;

3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзедi;

4) ветеринариялық сертификаттарды ресiмдеудi және берудi iске асырады;

5) жануарлар және адам денсаулығына қауiп төндiретiн бақылаудағы объектiлердi алуды және жоюды iске асырады;

6) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ұсынылған өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығарады;

7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң қолайсыз пункттерiнде жануар және адам денсаулығына қауiп төндiру анықталған кезде, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртiпте алады және жояды, зиянды өнiмдердi залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысады және анықталған деректер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды;

8) соттың шешiмiнсiз жеке кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қызметтерiн тоқтатуға немесе тыйым салуға, айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын уақытта мiндеттi түрде көрсетiлген мерзiмде сотқа талап арызын беруге;

9) реттелетiн салада әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелетiн салада Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртiпте сотқа талап арызбен жүгiнедi және оларды қарауға қатысады;

11) реттелушi саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3. Инспекция қызметiн ұйымдастыру

16. Инспекция өзiнiң негiзгi мақсаты мен қызметтiң негiзгi мәнiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қажеттi өкiлеттiктерi бар.

17. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң келiсiмi бойынша Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртiпте, Инспекция басшысына «Солтүстiк Қазақстан облысының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы» арнайы атауы берiледi.

18. Инспекция басшысының Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртiпте, Инспекция басшысының орынбасарына «Солтүстiк Қазақстан облысының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» арнайы атауы берiледi.

19. Инспекция басшысы Инспекцияның қызметiне жалпы басшылық жүргiзедi және Инспекцияға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

20. Инспекция басшысы Инспекцияның құрылымы және штаттық кестесi бойынша Жауапты хатшысына ұсыныс енгiзедi.

21. Бұл мақсатта басшы:

1) өзiнiң орынбасарының, Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Комитеттiң аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес, Инспекция басшысы орынбасарынан басқа, Комитеттiң облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары қызметкерлерiн және басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

3) Инспекция басшысы орынбасарынан басқа, Комитеттiң облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары қызметкерлерi мен жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

4) заңнамамен анықталған тәртiпте, Инспекция басшысы орынбасарынан басқа, Комитеттiң аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларын, Комитеттiң облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерiн мадақтайды және тәртiптiк жазаға тартады;

5) бұйрықтарға қол қояды;

6) Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

7) заңнамада белгiленген тәртiпте iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;

8) мемлекеттiк және басқа ұйымдарда Инспекция атынан өкiлдiк етедi.

9) өз құзыретi шегiнде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершiлiк артады.

10) Қазақстан Республикасының Президентiнiң заңдарына және актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық актiлерiне сәйкес өзге өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

22. Инспекция басшысының орынбасары:

1) өз құзыретi шегiнде Инспекция қызметiн үйлестiредi;

2) Инспекция басшысы болмаған кезеңдерiнде Инспекция қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi;

3) Инспекция басшысы белгiлеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

23. Инспекцияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша Инспекция атынан Комитеттiң басқа облыстық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары) аумақтық инспекцияларына жiберiлетiн құжаттарға Инспекция басшысымен, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адаммен қол қойылады.

24. Инспекция қабылдайтын шешiмдер Инспекция басшысының, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресiмделедi.

4. Инспекция мүлкi

25. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкi болады.

Инспекцияның мүлкi мемлекет оған берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және Инспекция активтерiн құрайды, құны Инспекция балансында көрсетiлетiн басқа да мүлiктен тұрады.

26. Инспекцияға бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

27. Инспекцияның оған бекiтiлiп берiлген мүлiктi өздiгiнен шеттетуге немесе өзге тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және жою

28. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 22.11.2019 19:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2019 14:13
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы