A- A A+
Мемлекеттік қызмет және кадрларық қамтамасыз ету

«Бекiтемiн»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қызмет iстерi
агенттiгiнiң Төрағасы
____________ А. Жаилғанова

2020 жылғы 14 мамыр

«Үздiк ауыл әкiмi»
республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткiзу бойынша
әдiстемелiк ұсынымдар

I. Жалпы ережелер

1. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев халыққа Жолдауында «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтiнiш-тiлектерiн жедел әрi тиiмдi қарастыруға бағытталуы қажеттiгiн атап өттi.

Ауыл әкiмi халықпен тiкелей өзара iс-қимылда болады және байланыс орната алу қабiлетi мен өзектi мәселелер бойынша уақытылы шешiм қабылдай бiлуi оның қызметiнiң басты бағыты болып табылады.

Жергiлiктi деңгейде Әкiм мемлекеттiк саясатты жүргiзушi және оның iс-әрекетi бойынша халықтың бойында жалпы саяси жүйенiң мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiне деген көзқарасын қалыптастырады.

«Халық үнiне құлақ асатын мемлекеттi» қалыптастырудың өзектiлiгiн ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекiткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2020 жылға арналған iс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздiк ауыл әкiмi» Республикалық конкурсы (бұдан әрi — Конкурс) өткiзiледi.

1) Конкурстың мақсаты — жұмыста жоғары тәжiрибелiк нәтижелерге қол жеткiзген, ауылдық елдi мекендердiң дамуына елеулi үлес қосқан үздiк ауыл әкiмдерiн анықтау және көтермелеу;

2) Конкурстың мiндеттерi:

ауыл әкiмдерiнiң, мемлекеттiк қызметтiң беделiн арттыру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжiрибесiн кең ауқымда насихаттау.

2. Конкурс екi негiзгi кезеңде өткiзiледi:

1) I кезең — өңiрлiк деңгей (облыстық деңгей) өңiрлiк конкурстық комиссиялар өткiзедi және онда Конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздары анықталып, олар екiншi кезеңге қатысуға ұсынылады;

2) II кезең — республикалық деңгейдi республикалық конкурстық комиссия өткiзедi, онда Конкурстың жеңiмпаздары анықталады.

3. Қатысушыларды бағалау үшiн Конкурстың бiрiншi кезеңiнде Өңiрлiк конкурстық комиссия (бұдан әрi — Өңiрлiк комиссия) құрылады, құрамын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң тиiстi аумақтық департаментi (бұдан әрi — Департамент) тиiстi облыстық әкiмдiктiң (бұдан әрi — Әкiмдiк) келiсуi бойынша бекiтедi.

Өңiрлiк комиссия Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi департаментiнiң жанында құрылады және 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Өңiрлiк комиссия мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi арасынан, тәуелсiз сарапшылар және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңiрлiк комиссияның төрағасы Департаменттiң басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.

Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметiне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешiмдерiн қабылдау кезiнде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

Өңiрлiк комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерiнiң 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

Әрбiр үмiткер бойынша шешiм Өңiрлiк комиссия мүшелерi бағалау парағында қойған баллдарды есептеу арқылы және қатысушының рейтнгiсiн құрастыру арқылы қабылданады.

Отырыс қорытындысы Өңiрлiк комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресiмделедi.

Өңiрлiк комиссия қызметiнiң ұйымдастырылуын сүйемелдеудi тиiстi Департаменттiң және Әкiмдiктiң қызметкерлерi жүзеге асырады.

4. Конкурс жеңiмпаздарын анықтау үшiн Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрi — Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi (бұдан әрi — Агенттiк) анықтайды.

Республикалық комиссия 9 адамнан және Агенттiктiң қызметкерi болып табылатын хатшыдан тұрады.

Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, орталық мемлекеттiк органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-бiлiм беру ұйымдарының басшылары (өкiлдерi) және өзге тұлғалар кiре алады.

Республикалық комиссия қызметiнiң ұйымдастырылуын сүйемелдеудi Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi жүзеге асырады.

Республикалық комиссияның төрағасы Агенттiк төрағасының орынбасары болып табылды.

Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметiне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешiмдерiн қабылдау кезiнде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

Конкурстың жеңiмпаздары Республикалық комиссияның шешiмi бойынша анықталады.

Комиссия шешiмi комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресiмделедi.

5. Конкурс комиссиясының хатшысы конкурстық комиссия қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады, атап айтқанда:

1) үмiткерлердiң құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;

2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;

3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресiмдейдi және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңiмпазына материалдарды қалыптастырады;

4) мемлекеттiк органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшiн конкурс нәтижелерi туралы ақпарат бередi.

II. Конкурстың қатысушылары

6. Мемлекеттiк қызметте әкiм лауазымында бiр жылдан кем емес өтiлi бар, сондай-ақ алынбаған әкiмшiлiк және тәртiптiк жазалары жоқ ауыл әкiмдерiне конкурсқа қатысуға жол берiледi.

7. Конкурсқа қатысуға үмiткерлердi ұсынуды жергiлiктi атқарушы органдар, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi, жергiлiктi қоғамдық ұйымдар, әкiмдердiң өздерi жүзеге асыруы мүмкiн.

III. Конкурсты дайындау және өткiзу тәртiбi

8. Конкурс Агенттiктiң, Департаменттiң және Әкiмдiктiң интернет-ресурстарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтiк желiлерде оны өткiзу басталғаны туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.

9. Агенттiктiң, Департаменттiң және Әкiмдiктiң интернет-ресурстарында конкурс туралы хабарландыру (хабарландыру 2020 жылғы 30 мамырдан кешiктiрiлмей орналастырылады) орналастырылған күннен бастап үш апталық мерзiмде бастамашылар және өзiн-өзi ұсынушылар Өңiрлiк комиссияға ауыл әкiмдерiнiң келесi құжаттары мен материалдарын жолдайды:

1) осы Әдiстемелiк ұсынымдарға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) жеке куәлiктiң көшiрмесi;

3) қызметтiк тiзiм (кадр қызметiмен расталған);

4) конкурс қатысушысының сауалнамасы (осы Әдiстемелiк ұсынымдарға №2 қосымшаға сәйкес);

5) 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi (тартылған инвестиция көлемi, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi, көшi-қон деңгейi, қылмыстылық деңгейi және т.б.);

6) ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру түрiндегi (слайдтармен) жобалық жұмыс, ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейнеролик (ауылды, жұмыс орнын, отбасын, қызығушылығын, хобби және т.б. көрсете отырып).

Жобалық жұмыс ауылдың тұрақтылығын арттыру бойынша, экономикалық және әлеуметтiк әсерi күтiлетiн ұсыныстардан тұруы тиiс. Ұсыныстар нақты, дәйектi және iске асырылатын болуы қажет.

10. Өңiрлiк комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде ұсынылған материалдарды толтырудың дұрыстылығына, осы Әдiстемелiк ұсынымдармен айқындалған критерийлерге сәйкестiгiне және ұсынылған құжаттардың толықтылығына тексеру жүргiзедi.

11. Үмiткерлер:

1) осы Әдiстемелiк ұсынымдардың 6 — тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;

2) осы Әдiстемелiк ұсынымдардың 8 — тармағында көрсетiлген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгiленген мерзiмi өткеннен соң конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.

12. Конкурсқа қатысуға үмiткерлердi анықтау үшiн Өңiрлiк конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың сауалнамаларын бағалау (осы Әдiстемелiк нұсқаулыққа № 3 қосымшаға сәйкес критерийлердi ескере отырып) және баллдық жүйе бойынша жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау (осы Әдiстемелiк нұсқаулыққа № 4 қосымшаға сәйкес) арқылы iрiктеу рәсiмдерiн өткiзудi ұйымдастырады.

Бiр ауданнан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес ауыл әкiмдерi конкурсқа қатысу үшiн үмiткер ретiнде айқындалады. Өңiрлiк комиссия қабылданған шешiм туралы үмiткерлердi хабардар етедi.

Егер үмiткерлер бiрдей ұпай сандарын жинаған жағдайда басымдылық күрделi жобаларды iске асырған, мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiн меңгерген, халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйектi арыз-шағымдар түспеген немес ең аз түскен әкiмдерге берiледi.

13. Бiрiншi кезеңдегi iрiктеу 2020 жылғы 30 маусымнан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

14. Iрiктеуден өткен қатысушылар Өңiрлiк комиссиялардан жеке әңгiмелесуден өтедi (2020 жылғы 30 шiлдеден кешiктiрiлмей).

Сонымен қатар, үмiткерлер әңгiмелесу алдында келесi бағалау рәсiмдерiнен өтедi:

1) үмiткерлердiң мемлекеттiк қызметшiлердiң этикасын сақтауы мәселелерi бойынша әдеп жөнiндегi уәкiлдiң сауалнамасы;

2) әкiмнiң халықпен керi байланыс орнатуы бойынша қызметiн бағалау (жеке қабылдаулары, әлеуметтiк желiлердегi белсендiлiгi, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулерi, жиындары т.б.), осы бағытта қандай жетiстiктерге жеткенi, азаматтардың мәселелерi шешiлуде ме және т.б.;

3) жергiлiктi әкiм жұмысының тиiмдiлiгiне халықтың қанағаттануын өлшеу үшiн елдi мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (Осы Әдiстемелiк ұсынымдарға № 5 қосымшаға сәйкес әлеуметтiк сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары облыстық Әкiмшiлiктiң ресми сайтында жариялануы тиiс);

4) «Үздiк ауылы әкiмi» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыпта көлемi 3 беттен аспайтын эссе жазу. Эссе осы Әдiстемелiк ұсынымдарға № 6 қосымшаға сәйкес критерийлердi ескере отырып балдық жүйе бойынша бағаланады.

15. Өңiрлiк комиссия әңгiмелесу кезiнде үмiткерлердiң сауалнамалық деректерiн, эссе тақырыбының ашылуын, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтiлiгiн, мемлекеттiк наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесiнiң бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметiн, мемлекеттiк қызметшiнiң этикасын сақтау бойынша сауалнаманың, елдi мекен тұрғындарының арасында жүргiзiлген сауалнама мен онлайн дауыс берудiң қорытындысын назарға алады.

16. Өңiрлiк комиссия жеке әңгiмелесу қорытындысы бойынша әр облыстан бiр үмiткерден 2020 жылғы 30 шiлдеден кешiктiрмей, екiншi кезеңге жiберiлген кандидатты анықтайды.

17. Конкурстың екiншi кезеңiне өткен үмiткерлердiң тiзiмi Департаменттiң және Әкiмдiктiң интернет-ресурстарында жарияланады.

18. Үмiткерлердiң конкурстың бiрiншi кезеңiнде ұсынған құжаттары мен материалдары, сондай-ақ Өңiрлiк комиссияның шешiмi 2020 жылғы 15 тамызда сағат 18.30-дан кешiктiрiлмей Агенттiкке жолданады.

19. Республикалық комиссия үмiткерлермен 2020 жылғы 20 қыркүйектен кешiктiрмей әңгiмелесу өткiзедi, ол ауылдық округтi дамыту, 5 000 000 теңгеден аспайтын бюджетi бар ауылдық елдi мекеннiң әлеуметтiк-экономикалық мәселесiн шешу бойынша дербес жобалық жұмысын қорғауды бiлдiредi.

Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт берiледi, осы уақыт iшiнде ұсынып отырған жобаның мәнi мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезiнде туындауы мүмкiн мәселелердi, жүзеге асыру кезеңдерiн және күтiлетiн нәтижесiн ашып көрсету қажет.

Бағалау критерийлерi — бұл жобаны таныстыру түрiнiң ерекшелiгi мен бiрегейлiгi, материалдың мазмұндылығы, қисындылғы мен дәлелдiлiгi, сұрақтарға нақты жауап беруi, дайындалған көрнекi материалдардың сапасы мен шешендiк шеберлiгi.

20. Әрбiр үмiткер бойынша шешiм Республикалық комиссия мүшелерiнiң осы Әдiстемелiк нұсқаулықтарға № 7 қосымшаға сәйкес бағалау парақтарына қойған баллдарды есептеу арқылы, сондай-ақ iрiктеудiң бiрiншi кезеңiнiң көрсеткiштерiн ескере отырып қабылданады.

IV. Конкурстың қорытындысын шығару

21. Әңгiмелесудiң қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Конкурстың нәтижесi туралы шешiм қабылдап, оның үш жеңiмпазын анықтайды.

22. Жеңiмпаздар «Қазақстан Республикасының үздiк ауыл әкiмi» дипломымен, сондай-ақ естелiк сыйлықтармен марапатталады.

23. Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Агенттiк жүзеге асырады.

24. Конкурстың қорытынды кезеңiн өткiзудi ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi Агенттiк пен Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi жүзеге асырады.

25. Облыстардың әкiмдiктерi республикалық конкурс жеңiмпаздарының жобаларын iске асыру үшiн жергiлiктi бюджеттен немесе демеушiлердiң есебiнен қаржы бөлу мүмкiндiктерiн қарастырады.

26. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеудi Әкiмдiктер Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң қолдау көрсетуiмен қамтамасыз етедi.

Қосымша (ZIP 22 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 12:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.05.2020 16:54
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов Казахстана Стратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы