A- A A+
Мемлекеттік қызметтер
  • 1. Қазақстан Республикасының заңы

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы

    Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

    1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

    Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
    2) «бір терезе» қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны;
    3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
    4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
    5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
    6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
    7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;
    8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
    9) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
    10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
    11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі;
    12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;
    13) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау – орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және оған мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет;
    14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
    15) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;
    16) мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара;
    17) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
    18) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
    19) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

    Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

    3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары

    Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
    көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
    мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
    мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
    мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
    мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
    мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

    4-бап. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары

    1. Көрсетілетін қызметті алушылардың:
    1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;
    3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
    5) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
    6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.
    2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.

    Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері

    1. Көрсетілетін қызметті берушілердің:
    1) орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпарат үшін сұрау салумен жүгінуге;
    2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы бар.
    2. Көрсетілетін қызметті берушілер:
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
    2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
    3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
    5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
    6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
    7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
    8) көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етуге;
    9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға;
    10) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
    11) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;
    12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
    1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;
    2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

    Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

    6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құзыреті

    Қазақстан Республикасының Үкіметі:
    1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді;
    2-1) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
    3) - 9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    10) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңымен, өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

    Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    7-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
    1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
    2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
    4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұратады;
    5) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
    6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
    7) алып тасталды - ҚР 02.11.2015 № 384-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
    8) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
    9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 384-V 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    8-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның құзыреті

    Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган:
    1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
    3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асырады;
    4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
    5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
    6) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізеді;
    7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
    8) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің қалыптастырылу тәртібін, ұсынылу мерзімдерін және үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді;
    9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
    10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

    9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

    Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
    1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
    2) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
    3) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
    4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
    5) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
    6) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
    7) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
    8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
    8-1) бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекітеді;
    9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын бекітеді;
    10) Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
    11) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
    12) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
    12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
    12-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәліметтерді алуға құқылы;
    13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
    14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    9-1-бап. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның құзыреті

    Уәкілетті орган:
    1) Мемлекеттік корпорацияның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
    2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
    3) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
    4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді;
    5) Мемлекеттік корпорацияның қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
    6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
    7) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
    8) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.
    Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

    Орталық мемлекеттік органдар:
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
    4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
    5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
    6) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
    7) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
    8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
    9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;
    10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
    13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;
    14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
    15) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
    16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
    1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
    3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
    4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
    5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
    6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
    7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;
    8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
    10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
    11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;
    12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
    13) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
    14) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру

    1. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.
    Өзге тұлғаларға бірыңғай провайдердің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
    2. Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғам нысанында құрылады, ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.
    Мемлекеттік корпорацияның өз филиалдары болады.
    3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
    4. Мемлекеттік корпорация:
    1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
    2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
    3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
    4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
    5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
    6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
    7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Ескерту. 2-тарау 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ РЕГЛАМЕНТІ

    12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуге жатады.
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі:
    мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
    көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтерді;
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;
    көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
    өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және (немесе) мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілетін жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталына нұсқауды;
    мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
    мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін екендігін көздейді.

    13-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттарды әзірлейді және бекітеді.
    Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен жария талқылануға жатады.
    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

    Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    14-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының мазмұнына қойылатын талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:
    1) жалпы ережелерді:
    мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;
    көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
    2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін:
    мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;
    мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
    мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;
    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдерін;
    көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін;
    мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін;
    мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді;
    3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін;
    4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

    Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    15-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау

    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы туралы хабардар етілуін өзге де тәсілдермен қамтамасыз етеді.
    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды, ол «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепте:
    қабылданған және (немесе) қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша негіздемелер қоса беріле отырып, жария талқылау барысында алынған ескертпелер мен ұсыныстардың тізбесі мен қысқаша мазмұны;
    мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жобасымен танысу тәсілі туралы ақпарат қамтылады.
    Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасына осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстары қарауға жатпайды.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған жобасы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделі орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне келісуге жіберіледі.
    5. Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары осы бапта белгіленген тәртіппен міндетті түрде жария талқылануға жатады.

    16-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар

    1. Көрсетілетін қызметті берушілердің қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді.
    2. Орталық мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті орталық мемлекеттік органның немесе оның басшысының нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
    3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейтін, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі үшін әзірленетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулысымен бекітіледі.

    Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    17-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мазмұнына қойылатын талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
    1) жалпы ережелерді;
    2) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттауды;
    3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттауды;
    4) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды көздейді.
    Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

    18-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
    1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
    2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
    3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

    Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - 17.11.2015 № 408-V(01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуі

    Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы

    1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
    2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
    4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
    5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
    3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
    4. Осы баптың 2-тармағының қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
    5. Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.

    Ескерту. 4-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    20-бап. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету

    1. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
    2. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы көрсетілетін қызметті алушыда болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
    3. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүзеге асырады.
    4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
    5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың түпнұсқасынан жасалған құжаттың электрондық көшірмесін куәландырады.
    6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.

    Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    РҚАО-ның ескертпесі!
    21-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    21-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету

    1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
    2. Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәлімет беру электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
    2-1. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері электрондық құжат нысанында «электрондық үкімет» веб-парталындағы пайдаланушының кабинетіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қысқа мәтіндік хабар түрінде оның абоненттік нөміріне жіберіледі.
    2-2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен реттеледі.
    2-3. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушы оларды қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігінсіз, заңдық мәні бар фактілерді растау үшін пайдаланады.
    3. Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
    4. Көрсетілетін қызметті алушыларға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.
    5. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік органдар тұрақты түрде өздерінің ақпараттық жүйелеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарын жаңартылған күйде ұстап тұруға міндетті.

    Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру

    Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері тұрақты негізде жүзеге асырады.

    23-бап. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат:
    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру;
    2) жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасауы;
    3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
    4) Бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.
    2. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады.
    3. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, көрсетілетін қызметті берушілер және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде оларға қажетті түсініктемелермен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты дереу беруге міндетті.
    4. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның Бірыңғай байланыс орталығына және (немесе) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезінде ұсынылады.
    5. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жыл сайын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырады.
    6. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.

    Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы

    1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі.
    2. Қазақстан Республикасының заңдарында тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді.

    25-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

    1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
    2. Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:
    1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;
    2) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;
    3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
    4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және оған қоғамдық мониторинг жүргізу

    Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасынбағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу қағидаттары

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді:

    1) заңдылық;
    2) объективтілік;
    3) бейтараптық;
    4) анықтық;
    5) жан-жақтылық;
    6) ашықтық.

    Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың объектісі болып табылады.

    Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    28-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу тәртібі

    Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
    Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

    29-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен жүргізеді.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша да жүргізіледі.
    2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын қажетті ақпаратты орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінен, Мемлекеттік корпорациядан осы ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған жағдайда, сұратуға құқылы.
    3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нәтижелері бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар қорытынды жасайды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы:
    1) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпаратты;
    2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактілерін жою жөніндегі ұсынымдарды;
    3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды;
    4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
    4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, Мемлекеттік корпорация, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.

    Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

    31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

    Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының
    Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

  • 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

    2017 жылғы 07 сәуірдегі № 177 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы (ZIP 1715 Kb)

    2016 жылғы 12 желтоқсандағы №816 «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (ZIP 252 Kb)

    «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (ZIP 1720 Kb)

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы (ZIP 226 Kb)

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы (ZIP 1747 Kb)

    09.02.2015 ж. № 45   «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралыс (ZIP 255 Kb)

    «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (ZIP 18 Kb)

  • 3. Стандарттар жобаларын көпшілік талқылау

  • 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі ақпарат

    «Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2017 жылғы 27 наурыздағы № 46 бұйрығы (ZIP 2471 Kb)

    4.1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жыл ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп (ZIP 16 Kb)

    4.2. Қоғамдық мониторинг нәтижесі

    Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы жөнiндегi қоғамдық мониторингтiң 2016 жыл iшiндегi нәтижесi

    2016 жылдың екiншi жарты жылдығы әлеуметтанушылық зерттеу жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында «The Last Hope» үкiметтiк емес ұйымы» қоғамдық бiрлестiгi Солтүстiк Қазақстан облысы азаматтарының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейiн айқындау жөнiнде қоғамдық мониторинг жасады.

    Мониторинг 25 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша жасалады, аталған әлеуметтанушылық зерттеудiң басты мақсаты:

    1. азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейiн айқындау;
    2. азаматтардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуы кезiнде қанағаттануына әсер ететiн басты түйткiлдi мәселелердi белгiлеу;
    3. мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына кедергi келтiретiн жасырын себептердi анықтау.

    Көрсетiлетiн қызметтi берушiге, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына және «электрондық үкiмет» веб-порталына тiкелей жүгiнiп, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алған жеке және заңды тұлғалар мониторинг объектiсiне айналды.

    Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы жөнiндегi қоғамдық мониторингтiң нәтижесi (ZIP 1024 Kb)

    4.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау әдісі

    4.4. Сапаны мемлекеттік бақылау қағидалары

    4.5. Сыбайлас жемқорлққа қарсы стратегия

  • 5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге шағымдану тәртiбi

    Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануды шағым беру арқылы жүзеге асыруға болады. Шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

    Почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) көрсетiледi, шағымға қызметтi алушы қол қояды.

    Қабылданған шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

    Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

    Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

    Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

    Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

    Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

    Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

    Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

  • 6. Бақылау іс-шаралары

    6.1. Нақты іс-шаралар жоспары

    2017 жылға бақылау іс-шараларының жоспары

    Рет№

    Объектілер тізбесі

    Мәселелер тізбесі

    Өткізу мерзімі

    Аяқтау нысаны

    Жауапты орындаушылар

    1.

    Петропавл қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы ақпан

    акт

    Болысбаев О.Ә.,

    Байтеміров А.С.

    2.

    Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (ведомствоға қарасты ұйымдар)

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы наурыз

    акт

    Болысбаев О.Ә.,

    Байтеміров А.С.

    3.

    Петропавл қаласының білім бөлімі (ведомствоға қарасты ұйымдар)

     

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы сәуір

    акт

    Болысбаев О.Ә.,

    Байтеміров А.С.

    4.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы мамыр

    акт

    Анафина Д.А., Байтеміров А.С.

    5.

    Жамбыл ауданының әкімдігі

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы маусым

    акт

    Асылбеков Д.Е.,

    Байтеміров А.С.

    6.

    Шал ақын ауданының әкімдігі

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы шілде

    акт

    Шорманбаева А.М.,

    Байтеміров А.С.

    7.

    Қызылжар ауданының денсаулық сақтау ұйымы

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы қыркүйек

    акт

    Анафина Д.А.,

    Байтеміров А.С.

    8.

    Уәлиханов ауданының әкімдігі

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы қазан

    акт

    Мусин А.Б.,

    Байтеміров А.С.

    9.

    Білім басқармасының ведомствоға қарасты ұйымдары

     

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақытылығы

    Құжаттар пакетінің толықтығы

    Халықтың хабардарлығы

    Ақпараттық жүйеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысын уақытында енгізу

    2017 жылғы қараша

    акт

    Жүсіпова Қ.Т.,

    Байтеміров А.С.

    6.2. Жүргізілген тексерулер туралы ақпарат

  • 7. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

    7.1. ХҚКО тізімі

    Облыстың халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы ақпарат

    Солтүстiк Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы «ХҚКО» департаментi, 3 қалалық және 13 аудандық бөлiм жұмыс iстейдi.

    Филиал, бөлім атауы Басшының тегі, аты, әкесінің аты Заңды мекенжайы  Байланыс мәліметтері
    Петропавл қ. бойынша бәлімдері
    1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
    КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы «ХҚКО» департаменті
    Исматов Мұхамадияр Өмірұзақұлы Петропавл қ.,
    М. Әуезов атындағы к., 157
    Телефон/факс: +7 7152 33-12-57
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    2 Петропавл қаласының
    № 1 бөлімі
    Ескендіров Нұрлан Нұрахмятұлы Петропавл қ.,
    М. Әуезов атындағы к., 157
    Телефон/факс: +7 7152 33-88-81
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    3 Петропавл қаласының
    № 2 бөлімі
    Сүлейменов Жанбота Қанатұлы Петропавл қ.,
    Конституция к., 72
    Телефон/факс: +7 7152 33-02-29
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    4 Петропавл қаласының мамандандырылған бөлімі Зубков Евгений Сергеевич Петропавл қ.,
    Нефтепроводная к., 7
    Телефон/факс: +7 7152 50-49-08
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    Аудандық бөлімдер
    1 Айыртау аудандық бөлімі Дәнебаев Ержігіт Қожабекұлы Саумалкөл а.,
    Д. Сыздықов к., 4
    Телефон/факс: +7 71533 2-01-84
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    2 Ақжар аудандық бөлімі Ахметов Ақжол Қайроллаұлы Талшық а.,
    Победа к., 67
    +7 71546 2-21-08
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    3 Аққайың аудандық бөлімі Баекин Айбат Айдарбекұлы Смирнов а.,
    Труд к., 11
    Телефон/факс: +7 71532 2-25-93
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    4 Есіл аудандық бөлімі Бұжықаев Жасұлан Серікұлы Явленка а.,
    Ленин к., 6
    Телефон/факс: +7 71543 2-20-03
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    5 Жамбыл аудандық бөлімі Смағұлов Жанболат Бектұратұлы Пресновка а.,
    Горький қ., 10-г
    Телефон/факс: +7 71544 2-29-16
    Жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі, 9:00-дан 19:00-ға дейін.
    6 Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық бөлім Ляпкало Юрий Анатольевич Новоишимское а.,
    Ленин к., 7
    Телефон/факс: +7 71535 2-22-19
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    7 Қызылжар аудандық бөлімі Дайырова Марал Бекайдарқызы Бескөл а.,
    Институтская к., 1-в
    Телефон/факс: +771538 2-17-56
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    8 М. Жұмабаев аудандық бөлімі Ілиясов Ермек Қуандықұлы Булаев қ.,
    Юбилейная к., 62
    Телефон/факс: +7 71531 2-03-74
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    9 Мамлют аудандық бөлімі Досәлиев Нұрлан Александрұлы Мамлютка қ.,
    С. Мұқанов к., 11
    Телефон/факс: +7 71541 2-27-49
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    10 Тайынша аудандық бөлімі Қақабаев Мұрат Мұқамбетқалиұлы Тайынша қ.,
    Конституция к., 208
    Телефон/факс: +7 71536 2-36-03
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    11 Тимирязев аудандық бөлімі Жақақов Ержан Ерғалиұлы Тимирязев а.,
    Уәлиханов к., 17
    Телефон/факс: +7 71537 2-03-02
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    12 Уәлиханов аудандық бөлімі Әбішев Ержан Бауыржанұлы Кішкенекөл а.,
    Уәлиханов к., 20
    Телефон/факс: +7 71542 2-28-11
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі
    13 Шал ақын аудандық бөлімі Соловьева Ольга Алексеевна Сергеевка қ.,
    Желтоқсан к., 31
    Телефон/факс: +7 71534 2-73-80
    Жұмыс уақыты: күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
    Түскі үзіліссіз.
    Демалыс күні: жексенбі

    7.2. Баламалы қызметтер

  • 8. Электрондық мемлекеттік қызметтер

    8.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы

    8.2. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер

    «Электрондық әкімдік» жобасы — бұл сенің интерактивті мемлекеттік қызметтерді Интернет арқылы алу мүмкіндігің.

    2011 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтері біздің облыстың тұрғындарына да қолжетімді. Мысалы, балабақшаларға жолдама беру, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, мұрағат анықтамалары, үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу. Қызметтер www.egov.kz Электрондық үкімет порталында ұсынылады, саған тек тіркелу және электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

    ЭЦҚ онлайн режимінде www.egov.kz сайтынан алуға болады. ЭЦҚ ресімдеудің бір ғана шарты — жеке куәлікте ЖСН болуы, сонымен бірге кәсіпкерде бизнес сәйкестендіру номері (БСН) болуы тиіс.

    «Электрондық үкiмет» порталы арқылы көрсетiлетiн электрондық қызметтер

    1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру
    2. Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру
    3. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру
    4. Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу
    5. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, iшкi iстер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкiне иелiк ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресiмдеу үшiн анықтамалар беру
    6. Әмелетке толмаған балаларға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен жасалатын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
    7. Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою
    8. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
    9. Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұсыну
    10. Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
    11. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
    12. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау
    13. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру
    14. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау
    15. Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке қою
    16. Жетiм баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бiржолғы ақшалай төлемдi тағайындау
    17. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналар үшiн тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмiрлiк белгi беру
    18. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу
    19. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарға тiркелу
    20. Дәрiгердiң қабылдауына жазылу
    21. Дәрiгердi үйге шақыру
    22. Медициналық қызметке лицензия беру
    23. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру
    24. Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру
    25. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру
    26. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту
    27. Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау
    28. Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру
    29. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
    30. Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру
    31. Туристiк операторлық қызметтi (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру
    32. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу
    33. Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендiгi туралы ақпарат беру
    34. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру
    35. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру
    36. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау
    37. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау
    38. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу
    39. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру
    40. Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту
    41. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру
    42. Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру
    43. Мұрағат анықтамаларын беру
    44. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру
    45. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру
    46. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну
    47. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
    48. Тұрғын үй көмегiн тағайындау
    49. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы
    50. Мемлекеттiк кәсiпорынның не мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру

    8.3. «Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау (DOC 750 Kb)

    8.4. Egov.kz мобильдік қосымшасы

  • 9. Өзекті

    «Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған

    «Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

    Ол қалай жқмыс iстейдi? Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

    Мобильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

    Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.

    Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:

    1. Мекенжай анықтамасын алу;
    2. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
    3. ЖТ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
    4. Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
    5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
    6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
    7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
    8. Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
    9. Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
    10. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
    11. Мұрағаттық анықтамалар беру;
    12. Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу;
    13. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
    14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру;
    15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
    16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу;
    17. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу;
    18. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
    19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
    20. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
    21.Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
    22. Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
    23. Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
    24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
    25 .Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
    26. Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
    27. Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу;
    28. Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу;
    29. Некеге тұру туралы анықтама беру;
    30. Туу туралы анықтама алу.

  • 10. Рұқсат беру рәсімдері

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Ақпараттық кесте (ZIP 114 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 14:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2017 11:10
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы