Өңiрде кәсiпкерлер мүддесiн қорғау және жылжыту мақсатында қоғамдық бiрлестiктер желiсi дамып келедi. Қазiргi кезде облыста кәсiпкерлердiң 33 бiрлестiгi құрылған. Кәсiпкерлер облыстық, қалалық және аудандық қауымдастықтар — аумақтық белгi бойынша қалай бiрiксе, солай құрылысшылар, фармацевтикалық және стоматологиялық ұйымдар, шаруа қожалықтары, автотасымалдаушылар, мейрамхана мен мейманхана иелерiнiң қауымдастықтары — салалық белгi бойынша да тiркеледi. Осы бiрлестiктер арқылы өңiрдiң шаруашылық етушi құрылымдары кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңнамалық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi жұмысқа тартылады.
Облыс аудандарында кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiн аккредиттеудi өткiзу және әкiмдiктер жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестер құру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылуда. Қазiргi кезде облыс, аудандар (Айыртау, Аққайың, Ақжар, Есiл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғ. Мүсiрепов, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын) және Петропавл қ. әкiмдiктерi жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi 14 сараптамалық кеңес құрылды. Облыстық сараптамалық кеңес құрамына «Солтүстiк Қазақстан Фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ, «Солтүстiк Қазақстан Құрылысшылар ассоциациясы» ЗТБ, «СҚО автокөлiк одағы» ассоциациясы» ОЖК және ЗТ — жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң 3 бiрлестiгi кiрдi. Сонымен қатар сараптамалық кеңес құрамына СҚО Өңiрлiк кәсiпкерлiк палатасы кiрдi.
Осы кеңестер жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобасына сараптамалық тұжырымдама жасауға қатысады. 2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының сараптамалық кеңесi нормативтiк құқықтық актiнiң 68 жобасын (әкiмдiк қаулысы, мәслихат шешiмi) қарап, оларға сараптамалық тұжырымдама бердi.
|
|||||||||||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк | |||||
  |   |   |   |   |   | 1 | |||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |||||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | |||||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | |||||
30 |   |   |   |   |   |   |
![]() |
Әкімнің блогы
Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың атына жазылған өтiнiштi «электрондық үкiмет» порталы арқылы жiберу үшiн ЭЦҚ болуы қажет. Сыртқы сiлтемемен көшудi растаңыз. Көшу |
![]() |
МО басшыларына сұрақ қою |
![]() |
Халықтық бақылау |