A- A A+
Сайлау комиссияларының ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатына
Солтүстiк Қазақстан облысынан депутат сайлауға кандидаттар ұсынудың қорытындысы туралы

«Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 27 сәуiрдегi № 468 Жарлығы

2017 жылдың 28 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатына Солтүстiк Қазақстан облысынан депутаттар сайлауын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi негiзгi шаралардың күнтiзбелiк жоспары

Солтүстiк Қазақстан облысы сайлау комиссиясының шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды ақпараттық қолдау жөнiндегi медиа-жоспары

Баспасөз релизi
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгiт науқанын өткiзу туралы

Баспасөз релизi
Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттарды тiркеу қорытындысы туралы

Баспасөз релизi
Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттарды сайлауға кандидаттар ұсыну қорытындысы туралы

Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттар сайлау қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 26 наурызға белгiленген шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы мәслихаттарына депутаттар сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары

Ақжар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижесi туралы хабарлама 2017 жылғы 26 наурыз

Солтүстiк Қазақстан облысы мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижесi туралы хабарлама 2017 жылғы 26 наурыз

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатына
Солтүстiк Қазақстан облысынан депутат сайлауға кандидаттар ұсынудың қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 27 сәуiрдегi Жарлығына сәйкес биылғы 28 маусым күнi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына депутаттар сайлау өтедi.

Солтүстiк Қазақстан облысынан 1 депутат сайланады. Үстiмiздегi жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына Солтүстiк Қазақстан облысынан депутат сайлауға кандидаттар ұсыну аяқталды.

2017 жылдың 29 сәуiрi мен 28 мамыры аралығында 6 кандидат ұсынылды. Олардың барлығы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен ұсынғандар.

Кандидаттардың орташа жасы 55-те. Ұсынылған кандидаттардың арасында 1 мемлекеттiк қызметшi, 4 коммерциялық кұрылымның қызметкерi және 1 қоғамдық ұйымның өкiлi бар.

2017 жылғы 29 мамардағы жағдай бойынша облыстық сайлау комиссиясы Сенатқа депутаттыққа 5 кандидатты тiркедi. Сенатқа депутаттыққа кандадатты тiркеу үстiмiздегi жылдың 7 маусымына дейiн жүргiзiледi.

Сайлау науқаны сайлау туралы заңнамалар нормаларының талаптарына сәйкес жүргiзiлуде.

Облыстық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтiнiштер түскен жоқ.

Облыстық сайлау комиссиясы

«Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 27 сәуiрдегi № 468 Жарлығы (ZIP 83 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облыстық
сайлау комиссиясының
2017 жылғы 28 сәуiрдегi
№7/02-03 қаулысымен
бекiтiлген

2017 жылдың 28 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатына Солтүстiк Қазақстан облысынан депутаттар сайлауын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi негiзгi шаралардың күнтiзбелiк жоспары

1. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну.

Солтүстiк Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, аудандық мәслихаттар және азаматтар өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен.

Сайлау тағайындалған күннен кейiнгi келесi күнi — 2017 жылғы 29 сәуiрде басталып, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда — 2017 жылғы 28 мамырда аяқталады.

(71-бап, 1,2) т.).

2. Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен — 2017 жылғы 8 мамырдан кешiктiрмей.

(13-бап, 4-т.).

3. Сайлаушылардың тiзiмiн жасау.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының ұсынуы бойынша.

(24-бап 9-т., 25-бап 2, 3) т.).

4. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты ұсыну туралы шешiмдi кандидаттың назарына жеткiзу, сондай-ақ, шешiмдi кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса облыстық сайлау комиссиясына жiберу.

Солтүстiк Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық және аудандық мәслихаттары.

(71-бап 4-т.).

5. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Үш күн iшiнде.

(70-бап, 4-т., 71-бап, 6-т.).

6. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестiгi анықталған күннен бастап.

(14-бап, 5) т., 31-бап).

7. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшiн қол қою парақтарын дайындау және тарату.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру аяқталған күннен бастап үшкүндiк мерзiм iшiнде.

(71-бап, 6-т.).

8. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап, жиналған қолдардың растығын тексеру және тиiстi хаттаманы ресiмдеу.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Облыстық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейiн бескүндiк мерзiм iшiнде.

(72-бап, 6-т.).

9. Қазақстан Республикасының өкiлеттi мемлекеттiк органдары белгiлеген форма мен тәртiпте тұрғылықты жерi бойынша табысы және мүлкi туралы 2017 жылғы 1 сәуiрге дейiн мемлекеттiк кiрiстер органына декларация тапсыру.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидатты тiркеуге дейiн.

(73-бап, 2-т.).

10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.

Мемлекеттiк кiрiс органдары.

Кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде.

(73-бап, 2-т.).

11. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталады және сайлау күнiне кемiнде жиырма күн қалғанда — 2017 жылғы 7 маусымда аяқталады.

(14-бап, 5) т., 73-бап).

12. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей.

(14-бап, 5) т., 73-бап, 6-т., 2) т.).

13. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тiркеу.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына кандидаттың өтiнiшпен жүгiнген күнiнен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде.

(34-бап, 2-т.).

14. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Кандидат тiркелгеннен кейiн.

(34-бап, 6-т.).

15. Сайлау алды үгiт-насихат жүргiзу.

Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(2017 жылғы 8 маусымда басталып 2017 жылғы 26 маусымда 24 сағатта аяқталады).

(27-бап, 2-т.).

16. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутатын сайлау жөнiндегi таңдаушылардың тiзiмдерiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен танысуға ұсыну.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Сайлауға кемiнде жетi күн қалғанға дейiн — 2017 жылғы 20 маусымнан кешiктiрмей.

(26-бап, 2-т.).

17. Дауыс беруге арналған пункттi ашу.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Дауыс беру басталғаннан бiр сағат бұрын.

(40-бап, 2, 4) т.).

18. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс берудi өткiзу. Сенат депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жариялау.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

2017 жылғы 28 маусымда — күнi бойы.

(14-бап 5) т., 38-бап 4-т., 41-бап 1-5,9) т., 42-бап, 2, 4, 5, 7, 7-1, 9-т., 43-бап, 77-бап, 78-бап).

19. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутатын сайлау жөнiндегi таңдаушылардың бiрлескен отырысының хаттамасын жасау және оны Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына тапсыру.

Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.

(77-бап, 7-т.).

20. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутатын сайлау жөнiндегi дауыстарды санау нәтижелерi туралы хаттама-ларды жасау және оларды Орталық сайлау комиссиясына ұсыну.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде — 2017 жылғы 29 маусымнан кешiктiрмей.

(14-бап 5) т., 78-бап).

21. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстiк Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде — 2017 жылғы 14 шiлдеден кешiктiрмей.

(34-бап, 4-т.).

Ескерту: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сiлтемелер берiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы сайлау комиссиясының шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды ақпараттық қолдау жөнiндегi медиа-жоспары

Датасы Іс-шаралар, материал БАҚ   Орындауды бақылау, жауаптылар
26 қаңтар Облыстық сайлау комиссиясының шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды белгілеу туралы ақпараты Облыстық баспа БАҚ Копнина С.В.  
25 ақпан Облыстық сайлау комиссиясының ұсыну қорытындысы туралы баспасөз релизі Облыстық баспа БАҚ Копнина С.В.  
2 наурыз Облыстық сайлау комиссиясының тіркеу қорытындысы және үгіт науқанының басталуы туралы баспасөз релизі Облыстық баспа БАҚ, «МТРА», «Қазақстан Петропавл» телеарнасы Копнина С.В.
26 наурыз Петропавл қаласындағы дауыс беру барысы туралы ақпарат. Кешкі жаңалықтардағы сюжеттер   «МТРА», «Қазақстан Петропавл» телеарнасы Исманов Б.Қ.
Мамыкин Е.В.  
28 наурыз Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы брифинг Республикалық және өңірлік телеарналар, баспа БАҚ Исманов Б.Қ.
Мамыкин Е.В.
Шәпенов М.М.
Апта сайын
20 ақпан — 31 наурыз
ҚР ОСК әр жұма ақпараттық шолу бере отыра, БАҚ-қа апта сайынғы мониторинг жасау   Копнина С.В.

Баспасөз релизi
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгiт науқанын өткiзу туралы

Осы жылдың 1 наурызынан шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттыққа тiркелген кандидаттарды сайлау алдындағы үгiт науқаны басталды.

Сайлау заңнамасына сәйкес кандидаттардың барлығына сайлау алдындағы үгiттi өткiзуге тең жағдай кепiлдендiрiлген. Әсiресе, мемлекет телевидениеде он бес минут сөйлеу, радиода он минут сөйлеу және баспа басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтындай екi мақалаға тең қаражат бөлуге кепiлдiк берiп отыр.

Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп, кандидаттар үшiн баспа үгiт материалдарын жариялауға орын айқындады, олар стендтермен, қалқандармен, тумбалармен жарақтандырылған. Баспа үгiт материалдары кандидаттар үшiн тең құқықты қамтамасыз ету шартында орналастырылады.

Тiркелген әрбiр кандидат сайлау алдындағы үгiттi өткiзу үшiн өзiнiң сайлау қорын жасай алады, ол кандидаттың өз қаражатынан (2 445 900 теңгеден аспайды), кандидатты ұсынған қоғамлық бiрлестiк бөлген қаражаттан (4 891 800 теңгеден аспайды) және елдiң азаматтары мен ұйымдары ерiктi түрде көрсеткен қайыр ақшадан (7 337 700 теңгеден аспайды) тұрады. Осылайша, шығып қалғандардың орнына мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттың сайлау қорында ақша қаражатының шектi көлемi 14 675 400 теңгеден аспауы тиiс.

Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға шарт негiзiнде эфирде уақыт, баспа алаңын бередi. Бұл ретте шарт жағдайы қандай да бiр кандидатқа артықшылық жасамауы тиiс.

Сайлау күнi және одан бiр күн бұрын БАҚ-да үгiт материалдарын жариялауға жол берiлмейдi.

Үгiт науқаны 2017 жылдың 24 наурызы 24.00-ге дейiн жалғасады.

Облыстық сайлау комиссиясы

2017 жылғы 2 наурыз

Баспасөз релизi
Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттарды тiркеу қорытындысы туралы

2017 жылғы 28 ақпан осы жылдың 26 наурызы өтетiн шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттарды тiркеу аяқталды.

Округтiк сайлау комиссиялары 9 адамды тiркедi, 3 кандидатты «Нұр Отан» саяси партиясы ұсынды, 6-уы өзiн-өзi ұсынды.

Кандидаттардың орташа жасы — 34 жас.

Кандидаттардың барлығы жоғары бiлiмдi.

Осы жылдың 1 наурызынан кандидаттар сайлау алдындағы үгiтке кiрiстi, ол 24 наурыз 24 сағатқа созылды.

Биылғы жылдың 10 наурызынан сайлаушылар учаскелiк сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тiзiмiмен таныса алады, онда өздерi туралы мәлiметтi тексерiп қате анықтаса, түзете алады.

Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтiп жатыр.

Сайлау комиссияларына шағым мен өтiнiш түскен жоқ.

Солтүстiк Қазақстан облысының
сайлау комиссиясы

Баспасөз релизi
Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттарды сайлауға кандидаттар ұсыну қорытындысы туралы

2017 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысында шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттарды сайлау өтедi.

Облыс мәслихатына 1 депутат, аудан мәслихатына 2 депутат сайланатын болады.

Осы жылдың 23 ақпаны шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталды.

Солтүстiк Қазақстан облысының мәслихатына 3 кандидат ұсынылды, оның iшiнде 2-еуi өзiн-өзi ұсыну тәртiбiнде, 1-еуi саяси партиядан.

Ақжар ауданының мәслихатына екi сайлау округi бойынша 6 кандидат ұсынылды, оның iшiнде 4-еуi өзiн-өзi ұсыну тәртiбiнде, 2-еуi саяси партиядан.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тiркеу осы жылдың 28 ақпанына дейiн жалғасады.

Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтедi.

Сайлау комиссиясына шағымдар мен өтiнiштер түскен жоқ.

Солтүстiк Қазақстан облысының
сайлау комиссиясы

Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысының, Ақжар ауданының мәслихаттарына депутаттар сайлау қорытындысы туралы ақпарат

2017 жылғы 26 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысында шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы мәслихаттарына депутаттар сайлау өткiзiлдi.

Сайлау үш сайлау округiнде өттi:

облыс мәслихаты — № 28 сайлау округi бойынша (Петропавл қаласының аумағында);

Ақжар ауданының мәслихаты — № 6 сайлау округi бойынша (Ақсары, Горьковское, Новосельское) және № 11 сайлау округi бойынша (Қызылту, Май, Талшық, Ұялы).

Сайлауды ұйымдастыруға және өткiзуге 22 сайлау комиссиясы жұмылдырылды: 3 аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық), 3 округтiк және 16 учаскелiк сайлау комиссиясы.

Облыс бойынша сайлаушылардың жалпы саны — 15255 адам.

26 наурызда келушiлер саны сайлаушылардың жалпы санының 61,58%-ын (9394 адам) құрады, бұл ретте:

Петропавл қаласында 7622 адам немесе 56,56%;

Ақжар ауданында 1772 адам немесе 99,66%.

Сайлау науқаны барысында барлығы 9 кандидат ұсынылды, оның iшiнде 3-еуi облыс мәслихатына, 6-уы аудан мәслихатына.

3 кандидатты «Нұр Отан» саяси партиясы ұсынды, 6-уы өзiн-өзi ұсынды.

Аты-жөні Туған күні Ұлты Білімі, мамандығы Жұмыс орны Ұсынған кім Партияда бар-жоқтығы
Облыс мәслихаты
№ 28 сайлау округі
Самодуров Дмитрий Алексеевич 20.09. 1993 орыс Жоғары, музыкалық білім бакалавры «Қалалық мәдениет үйі» МКҚК, «Classic» вокал ұжымының жетекшісі Өзін-өзі Партияда жоқ
Молдашев Ермек Абылайханұлы 16.07. 1986 қазақ Жоғары, су ресурстары бакалавры «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы, ЕҚ және ҚТ инженері Өзін-өзі Партияда жоқ
Старостина Екатерина Сергеевна 06.11. 1993 орыс Жоғары, құқық және экономика негіздері «Петропавл қаласының жастар бастамасы орталығы» КММ, жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы «Нұр Отан» партиясы   «Нұр Отан» партиясы  
Ақжар ауданының мәслихаты
№ 6 сайлау округі
Сыздықов Жасұлан Қазбекұлы 16.11. 1975 қазақ Жоғары, спорттан оқытушы-жаттықтырушы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, оқытушы-жаттықтырушы Өзін-өзі Көрсетілмеген
Көпеев Амангелді Хамзатұлы 29.01. 1981 қазақ Жоғары, шет тілі оқытушысы «Ленинград а/ш колледжі» КММ, директор орынбасары «Нұр Отан» партиясы   «Нұр Отан» партиясы  
Құсақаева Ботагөз Барлыбайқызы 03.09. 1973 қазақ Жоғары, физика және информатика пәнінің мұғалімі «Қызылту орта мектебі» КММ, директор Өзін-өзі Көрсетілмеген
№ 11 сайлау округі
Асқаров Самат Дәуренбекұлы 10.03. 1978 қазақ Жоғары, дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі Ауданның білім бөлімі, әдіскер Өзін-өзі Көрсетілмеген
Жанбаев Рашид Жасұланұлы 17.02. 1981 қазақ Жоғары,  тарих және  география пәнінің мұғалімі Ақжарқын орта мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Нұр Отан» партиясы   «Нұр Отан» партиясы  
Әлжанов Рақымжан Нұрланұлы 20.05. 1975 қазақ Жоғары, тарих пәнінің мұғалімі «Ащыкөл орта мектебі» КММ, директор Өзін-өзі Көрсетілмеген

3 кандидат саяси партия мүшесi, 2-уi партияда жоқ, 4 кандидат партияда бар-жоқ екенiн көрсетпеген.

Ұсынылған кандидаттар 2 ұлт өкiлдерiнен тұрады.

Кандидаттардың орташа жасы — 34 жас.

Кандидаттардың барлығы жоғары бiлiмдi.

Кандидаттар мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстейдi.

Округтiк сайлау комиссиялары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексергеннен кейiн мәслихат депутаттығына кандидат ретiнде 9 адамды тiркедi.

Бәсекеге қабiлеттiлiк бiр депутаттық мандатқа 3 үмiткердi құрады.

Облыста сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткiзуге республикалық бюджеттен барлығы 10,3 млн. теңге бөлiндi.

Бұл ретте әрбiр тiркелген кандидатқа сайлау алдындағы үгiттi өткiзуге, сондай-ақ көлiк шығынына мемлекеттiк бюджеттен ақшалай қаражат бөлiндi:

облыс мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға 245 000 теңгеден;

аудан мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға 153 000 теңгеден.

Сайлау заңнамасына сәйкес кандидаттардың барлығына сайлау алдындағы үгiттi өткiзу үшiн тең жағдай берiлдi.

Сондай-ақ, елiмiздiң сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес шығып қалғандардың орнына мәслихаттардың депутаттарын сайлауды өткiзудi қамтамасыз ету бойынша зор жұмыс атқарылды. Науқанның барлық сатылары, сондай-ақ барлық қажеттi сайлау рәсiмдерi оларға белгiленген мерзiмде жүзеге асырылып, белгiленген тәртiпте өттi.

Дауыс беру барысы мен дауыстарды есептеу рәсiмiн 33 байқаушы бақылады, оның 21-i кандидаттардың сенiмдi адамы, 8-i саяси партиялардың өкiлi, 4-еуi БАҚ өкiлi.

26 наурыз өткен дауыс беру қорытындысы бойынша мыналар сайланды:

облыс мәслихатының депутаты — «Нұр Отан» партиясы ұсынған Петропавл қаласының жастар бастамалары орталығының нұсқаушысы Екатерина Сергеевна Старостина (облыс мәслихатының ең жас депутаты — 23 жаста);

Ақжар ауданы мәслихатының депутаттары:

«Нұр Отан» партиясы ұсынған Ленинград ауыл шаруашылығы колледжi директорының орынбасары Амангелдi Хамзатұлы Көпеев;

«Нұр Отан» партиясы ұсынған Ақжар орта мектебi директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Рашид Жасұланұлы Жанбаев.

Осы жылдың 27 наурызы сайланған депутаттарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тiркедi.

Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өттi.

Сайлау уақытында сайлау комиссияларына өтiнiш түскен жоқ.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Сайлау комиссиясының 2017 жылғы
23 қаңтардағы № 1/02-03 қаулысымен
«БЕКIТIЛДI»

Облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 26 наурызға белгiленген шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы мәслихаттарына депутаттар сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары

1. Шығып қалғандардың орнына Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттар ұсыну.

Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердiң жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi мен азаматтар — өзiн-өзi ұсыну жолымен

Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады

2017 жылдың 25 қаңтары басталып, 23 ақпаны аяқталады

(103-б. 6-т.)

2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар ету.

Қала, Ақжар ауданының әкiмдерi сайлау тағайындалғаннан кейiн жетi күн мерзiм iшiнде

2017 жылдың 30 қаңтарынан кешiктiрмей

(23-б. 5-т.)

3. Учаскелiк сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейiн жетi күннен кешiктiрмей

2017 жылдың 30 қаңтарынан кешiктiрмей

(17-б. 2-т.)

4. Округтiк сайлау комиссияларының, сайлау округтерiнiң құрамы мен орналасқан жерiн шекарасын көрсете отыра, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей

2017 жылдың 2 ақпанынан кешiктiрмей

(14-б. 6-тш., 15-б. 3-т., 22-б. 2, 4-т.)

5. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей

2017 жылдың 2 ақпанынан кешiктiрмей

(13-б. 4-т.)

6. Округтiк сайлау комиссиясына тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң сайлау округiн және кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi жөнiндегi өтiнiшiн, сондай-ақ азаматтың дауысқа түсуге ниетi туралы өтiнiшiн көрсете отыра, кандидатты мәслихат депутаттығына ұсыну туралы шешiмiн беру.

Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердiң жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi мен азаматтар — өзiн-өзi ұсыну жолымен

2017 жылдың 25 қаңтары басталып, 23 ақпаны аяқталады

(103-б. 3, 4-т)

7. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

Округтiк сайлау комиссиялары

Үш күн iшiнде

(103-б. 8-т.)

8. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу және әрқайсысына тиiстi куәлiк беру.

Округтiк сайлау комиссиялары

Кандидат сенiм бiлдiрген адамдардың тiзiмiн және адамдардың кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы болуға келiсiмi туралы өтiнiштерiн ұсынғаннан кейiн

(16-т. 5-тш., 31-б.)

9. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кiрiстер мен мүлiк туралы декларацияны беру.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)

Кандидат тiркелгенге дейiн

(104-б. 1-1-т.)

10. Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тiркеу, хаттама жасау және әрқайсысына тиiстi куәлiк беру.

Округтiк сайлау комиссиялары

Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда аяқталады

2017 жылдың 25 қаңтары басталып, 28 ақпаны аяқталады

(16-б. 5-тш., 104-б.)

11. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды беру.

Округтiк сайлау комиссиялары

Бес күндiк мерзiм

(104-б. 5-т.)

12. Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтiк сайлау комиссиялары

Кандидаттар тiркелгеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей

(16-б. 5-тш., 104-б. 6-т. 1-тш.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын тексеру.

Мемлекеттiк кiрiс органдары

Кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде

(104-б. 1-1-т.)

14. Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тiркеу.

Округтiк сайлау комиссиялары

Кандидат тiркелгеннен кейiн жүгiнген сәтiнен бастап күнтiзбелiк бiр күн iшiнде

(34-б. 2-т.)

15. Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Округтiк сайлау комиссиялары

Кандидат тiркелгеннен кейiн

(34-б. 6-т.)

16. Кандидаттардың арнайы уақытша шоттарына қаражаттың түсуi туралы есептердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтiк сайлау комиссиялары

Айына екi рет

(34-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгiттi өткiзу.

Кандидаттар тiркелген мерзiмi аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2017 жылдың 1 наурызы басталып, 24 наурызы сағат 24-00-де аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшiн үй-жай беру, кандидаттардың сайлаушылармен және олардың сенiмдi адамдарының сайлаушылармен кездесуiнiң кестесiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Петропавл қаласының, Ақжар ауданының әкiмдiктерi, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгiттi өткiзу кезiнде

(28-б. 4-т.)

19. Баспа үгiт материалдарын орналастыратын орынды айқындау және оларды жабдықтау.

Петропавл қаласының, Ақжар ауданының әкiмдiктерi, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау белгiленген күннен бастап сайлау алдындағы үгiт басталғанға дейiн

(28-б. 6-т.)

20. Учаскелiк сайлау комиссияларына акт бойынша әкiмдер қол қойған сайлаушылар тiзiмiн беру.

Петропавл қаласының, Ақжар ауданының әкiмдiктерi

Дауыс беру басталуға 20 күн қалғанда

2017 жылғы 5 наурыздан кешiктiрмей

(24-б. 5-т.)

21. Сайлаушыларға танысу үшiн сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмiн беру.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беру күнiне он бес күн қалғанда

2017 жылғы 10 наурыздан кешiктiрмей

(26-б. 1-т.)

22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы құлақтандыру.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беретiн күнге он күн қалғанда

2017 жылғы 15 наурыздан кешiктiрмей

(18-б. 5тш, 38-б. 2-т.)

23. Учаскелiк сайлау комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерiн жеткiзу.

Петропавл қаласы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлауға бiр күн қалғанда

2017 жылғы 24 наурыздан кешiктiрмей

(16-б. 7-тш., 37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесiн ашу және сайлау учаскесiнiң ашылғаны туралы хаттама жасау.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беруге бiр сағат қалғанда

2017 жылғы 26 наурыз сағат 6-00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс берудi өткiзу.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Сайлау күнi, 2017 жылғы 26 наурыз, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейiн

(38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және Сайлау учаскесiнде сайлау округi бойынша мәслихаттардың депутаттығына сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттама жасау.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады

(18-б. 8-тш., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға iлу.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу

(43-б. 8-т.)

28. Округтiк сайлау комиссиясына сайлау учаскесiнде сайлау округi бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманы жiберу.

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу

(108-б. 1-т.)

29. Сайлау округi бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау нәтижелерiн айқындау.

Округтiк сайлау комиссиялары

2017 жылғы 27 наурыздан кешiктiрмей

(16-б. 9-тш., 43-б. 8-1-т., 108-б. 2-т.)

30. Петропавл қаласы, Ақжар ауданының сайлау комиссияларына сайлау нәтижелерi туралы хаттаманы беру

Округтiк сайлау комиссиялары

Сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайды

2017 жылғы 27 наурыздан кешiктiрмей

(108-б. 2-т.)

31. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындысын айқындау.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау өткен күннен бастап бес күндiк мерзiмнен кешiктiрмей

2017 жылғы 30 наурыздан кешiктiрмей

(14-б. 9-тш., 44-б. 2-т., 111-б.)

32. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтiк сайлау комиссиялары

Сайлау өткен күннен бастап жетi күннен кешiктермей

2017 жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей

(16-б. 9-тш., 44-б. 4-т. 2-тш.)

33. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

Сайлау өткен күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей

2017 жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей

(14-б 9-тш., 44-б. 4-т. 2-тш., 46-б. 3-т. 1-тш.)

34. Округтiк сайлау комиссиясына сайлау қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есептердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Сайлау қорларын жасаған мәслихат депутаттығына кандидаттар

Сайлау қорытындысы айқындалғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей

(34-б. 9-т.)

35. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтiк сайлау комиссиялары

Сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде

2017 жылғы 11 сәуiрден кешiктiрмей

(34-б. 4-т.)

36. Сайланған мәслихат депутатын тiркеу, куәлiк пен төсбелгi беру.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданының сайлау комиссиялары

(14-б. 9-тш., 46-б. 3-т. 1-тш., 112-б. 1-т.)

Ескертпе: Күнтiзбелiк жоспар мәтiнiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормасына сiлтеме жасалған.

Ақжар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижесі туралы хабарлама 2017 жылғы 26 наурыз

Мәслихат (облыстық, қалалық, аудандық) атауы Сайлау округі бойынша сайлаушылардың жалпы саны Сайлау бюллетендерін алған сайлаушылар саны Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны Мәслихаттың сайлау округінің номері Сайлау округі бойынша кандидаттар саны Әр кандидаттың аты-жөні «Қарсы емеспін» деп дауыс бергендер   % Сайланған кандидаттың аты-жөні Ұсынған кім Партияда бар-жоқ екендігі Заңсыз деп танылған бюллетендер саны
Ақжар ауданы 849 845 845 № 6 3 Көпеев Амангелді Хамзатұлы 673 80,12 Көпеев Амангелді Хамзатұлы «Нұр Отан» партиясы «Нұр Отан» партиясы 5
          Құсақаева Ботагөз Барлыбайқызы 80 9,52        
          Сыздықов Жасұлан Қазбекұлы 87 10,36        
929 927 927 № 11 3 Асқаров Самат Дәуренбекұлы 95 10,25 Жанбаев Рашид Жасұланұлы «Нұр Отан» партиясы «Нұр Отан» партиясы 0
Әлжанов Рақымжан Нұрланұлы 97 10,46
Жанбаев Рашид Жасұланұлы 735 79,29

Солтүстiк Қазақстан облысы мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижесi туралы хабарлама 2017 жылғы 26 наурыз

Мәслихат (облыстық, қалалық, аудандық) атауы Сайлау округі бойынша сайлаушылардың жалпы саны Сайлау бюллетендерін алған сайлаушылар саны Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны Мәслихаттың сайлау округінің номері Сайлау округі бойынша кандидаттар саны Әр кандидаттың аты-жөні «Қарсы емеспін» деп дауыс бергендер   % Сайланған кандидаттың аты-жөні Ұсынған кім Партияда бар-жоқ екендігі Заңсыз деп танылған бюллетендер саны
Солтүстік Қазақстан облысы 13477 7622 7622 № 28 3 Молдашев Ермек Абылайханұлы 1142 15,18 Старостина Екатерина Сергеевна «Нұр Отан» партиясы «Нұр Отан» партиясы 101
            Самодуров Дмитрий Алексеевич 993 13,21        
            Старостина Екатерина Сергеевна 5386 71,61        
Мақаланың шыққан күні: 02.05.2017 07:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.06.2017 14:45
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы