A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Iшкi мемлекеттiк аудит комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментi өз құзыретiнiң шегiнде iшкi мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттiк сатып алу, мемлекеттiк мүлiк, аудиторлық қызмет, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Iшкi мемлекеттiк аудит комитетiнiң аумақтық органы болып табылады.

Заңды мекенжай: индексi 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ж. Жабаев көшесi, 241 үй.

Байланыс телефондары: қабылдау — 42-53-52 (факс).

Электронды мекенжай: fink.petr@minfin.kz (fink.petr@sko.kz).

Департаментінің ресми сайты: fincontrol.sko.kz.

Басшы —

Басшысының орынбасары — Қапарова Зәуреш Уашқызы, тел. — 42-53-85.

Басшысының орынбасары — Сыздық Ақан Арыстанұлы, тел. — 31-30-69.

Сенiм телефоны — 42-52-88.

Азаматтарды қабылдау кестесі

Басшы —

Басшысының орынбасары — З.У. Қапарова — бейсенбi 16.00-ден 18.00-ге дейiн.

Басшысының орынбасары — А.А. Сыздық — жұма 16.00-ден 18.00-ге дейiн.

Негізгі міндеттері және функциялары

Департамент заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiнiң жыл сайынғы аудитiн;

2) Мыналардың:

  • бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ақпараттық жүйелерiнiң деректерi мониторингiнiң нәтижелерi бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, кредиттердi, байланысты гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздарды, мемлекет және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң активтерiн пайдаланудың;
  • мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi iске асыру мақсаттары, бюджеттiк кредиттер беру, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердiң, оның iшiнде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң, мемлекеттiк кепiлдiктердiң және мемлекет кепiлгерлiктерiнiң атқарылуын қаржыландыру, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн объектiлердi беру шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуының;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуының;
  • тәуекелдердi басқару жүйесiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу, мемлекеттiк мүлiк, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуының сәйкестiк аудитiн жүргiзедi.

3) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесiне кiретiн iшкi аудит қызметтерiнiң жұмысын үйлестiру мақсатында:

  • жүргiзiлген мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау бойынша iшкi аудит қызметтерiнiң есептi ақпаратына талдау жүргiзедi;
  • iшкi аудит қызметтерi жұмысының тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзедi;
  • iшкi аудит қызметтерiнiң мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және iшкi мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттiк органдардың басшыларына iшкi аудит қызметтерi басшыларының, мемлекеттiк аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгiзедi;

4) iшкi мемлекеттiк аудиттi жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк аудит объектiлерi лауазымды адамдарының тиiстi ақпараттарын тыңдайды;

5) мемлекеттiк сатып алуға қатысушылардан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады;

6) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартады;

7) сотқа талап-арыздар бередi:

  • бюджетке өтеудi қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткiзу және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiру және нұсқамаларды орындау мақсатында;
  • мiндеттемелерi толық көлемде және тиiсiнше орындалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы күшiне енген шарттарды жарамсыз деп тану туралы;

8) мемлекеттiк аудит объектiсi лауазымды адамдарының әрекеттерiнде қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi анықталған жағдайларда, тиiстi аудиторлық дәлелдерi бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғауға және (немесе) қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;

9) аудиторлық қорытындыда берiлген ұсынымдардың және мiндеттi түрде орындалуға жiберiлген нұсқамалардың мониторингiн жүйелi негiзде жүзеге асырады;

10) барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар шығарады;

11) бақылау объектiсiне камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқама, хабарлама жiбередi;

12) мемлекеттiк аудит пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудиттi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын тексерудi жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның iшiнде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуға қатысушылар ұсынған есептiк деректердiң, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексередi;

14) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алу қорытындысының күшiн жою не күшiн жоюдан бас тарту туралы шешiм қабылдайды;

15) хаттамалар жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданады;

16) аудиторлық қызмет саласында және аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың қызметтерiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

17) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласын тексеру түрiнде және өзге түрде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

18) құпия iстердi жүргiзедi және мемлекеттiк құпияларды сақтауды қамтамасыз етедi;

19) жүргiзiлген iшкi мемлекеттiк аудит нәтижелерi туралы есептердi Комитетке ұсынады;

20) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 15:27
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы