A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Бұл нұсқау мемлекеттік қызметті алудың, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс істеу үшін Tumar CSP криптопровайдерін міндетті орнатуды талап етпейтін, өзгертілген тәртіпті сипаттайды.

Нұсқау «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметін алу үлгісінде әзірленді.

Қажетті шарттар

«Электрондық үкімет» порталынан ҚР мемлекеттік органдарының интерактивті қызметтерін алу үшін пайдаланушыға мыналар қажет:

1. «Электрондық үкімет» порталына тіркелу.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс.

  • ЭЦҚ алу кезінде, егер Сіз www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында онлайн режимде немесе www.pki.gov.kz Ұлттық куәландырушы орталықта ЭЦҚ алуға өтініш беретін болсаңыз, онда кілттерді қалыптастыру үшін ЭЦҚ-ны онлайн-алу шарттарына сәйкес Tumar CSP және JAVA орнату қажет. Алайда порталда бұдан былай жұмыс жасау үшін Tumar CSP талап етілмейді.
  • Кілттерді ХҚКО-да немесе «электрондық үкімет» шоу-румында онлайн-режимде алу кезінде оффлайн режимде сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді (Tumar CSP) орнату талап етілмейді.

3. JAVA орнату (http://www.egov.kz/java.zip), Жеке/заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқауда көрсетілген.

Қызмет алу үшін жасалатын әрекеттердің жүйелілігі

1. Тіркелу. Порталдың (www.egov.kz) басқы бетін ашыңыз, «Тіркелу» тетігіне өтіңіз. Порталда жаңа пайдаланушыны тіркеу кезінде жеке тұлға мәліметтерді енгізеді — жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), электрондық пошта мекен-жайы және 8 белгіден тұратын кілтсөз; заңды тұлға бизнес идентификациялық нөмірді (БИН), электрондық пошта мекен-жайын және электрондық цифрлық қолтаңба профайлына апаратын жолды көрсетеді.

Егер Сіз тіркелген болсаңыз, авторлануға өтіңіз.

2. Авторлану. Авторлану үшін «Кіру» тетігіне немесе кілттің суреті бейнеленген белгіге басыңыз. Сіз екі тәсілмен авторлана аласыз:

Сертификат бойынша авторлану. Сертификат бойынша авторлану үшін Сіз ЭЦҚ сертификатын (keys_rsa) Интернет-браузерде импорттауыңыз қажет (Портал «Көмекшісі» бөлімінде орналасқан «ЭЦҚ сертификаты арқылы портал пайдаланушысының авторлануы жөніндегі нұсқауда көрсетілгендей):

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

ЖСН (БИН) және кілтсөз бойынша авторлану. ЖСН (БИН) және кілтсөз бойынша авторлану үшін сәйкес жолдарға ЖСН (БИН) және кілтсөзді (тіркелу кезінде өзіңіз көрсеткен) жазыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

3. Қызметті таңдау. Порталдың басқы бетінде «Жылжымайтын мүлікке ие болу. Ипотека. Коммуналдық тарифтер» санатынан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сіз қызмет алу шарттарымен, мерзімдерімен және форматымен таныс бола алатын, қызметтер паспорты бетіндесіз.

4. Сұранымды толтыру. Келесі бетке өту үшін оң жақ жоғарғы бұрыштан «Қызметке онлайн тапсырыс беру» тетігін басыңыз

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Ашылған беттегі сәйкес жолдарға анықтама алу тілін, құжат түрін, сонымен қатар жылжымайтын мүліктің бар болу/жоқ болу фактісін анықтауға қажетті облыс, аумақты тізімнен таңдаңыз. Мәліметтерді енгізген соң және келесі қадамға өту үшін «Сұранымды жіберу» тетігіне басыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

5. Сұранымға қол қою

Мемлекеттік органның интерактивті қызметін алғаш алған кезде ескерту терезесі ашылады, ондағы «Always trust content from this publisher» жанына белгі қою қажет

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сұранымға қол қою үшін «Сертификатты таңдау» тетігіне басыңыз

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Өз сертификатыңыздың жолын көрсетіңіз:

  • егер Сіз ЭЦҚ-ны жинақтаушы-дискте алған болсаңыз, дискке және орналасқан папкаға жол сілтеңіз (ереже бойынша, атауында Сіздің тегіңіз бен атыңыз көрсетілген) және keys_ gost файлын таңдаңыз.
  • егер Сіз ЭЦҚ-ны жинақтаушы-дисктен компьютерге немесе флэшкаға ауыстырған болсаңыз, сәйкес жолды сілтеңіз және keys_ gost файлын таңдаңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

  • егер ЭЦҚ KAZTOKEN-де орналасқан болса, «Файлды таңдау» тетігінің жанынан автоматты түрде «KazToken» тетігі пайда болады, соған өтіңіз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

ЭЦҚ файлын таңдаған соң өз кілтіңізге кілтсөз енгізіңіз.

Егер Сіз Tumar CSP криптопровайдерін пайдаланатын болсаңыз, «Сертификат таңдау» тетігінің жанынан «Жасырын сертификат» тетігі пайда болады, соған өтіңіз.

Егер Сіздің компьютеріңіздегі Tumar CSP криптопровайдерінде бірнеше электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары болса, «Сертификат таңдау» тетігін басқан кезде ЭЦҚ-ның барлық сертификаттары сақталған папка ашылады. Ағымдық сұранымға қол қою үшін талап етілетін қол қою файлын таңдаңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сертификат дұрыс таңдалған болса (қол қою тәсіліне қарамастан) келесі бетте Сіз туралы мәліметтер — А.Т.ӘА., ЖСН және электрондық пошта мекен-жайы, сонымен қатар ЭЦҚ әрекет ету мерзімі көрінеді.

Егер көрсетілген мәліметтер меморганға сұраным жасау үшін дұрыс болса, «Қол қою» тетігін басыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Қазіргі кезде Token-дегі қорғалған сыртқы, ақпарат тасымалдағышта орналасқан ЭЦҚ арқылы қызмет алуға жасалған сұранымға қол қою мүмкіндігі қолжетімсіз.

Token қолдауы бойынша және электрондық жеке куәлікпен жұмыс істеу, 2011 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған, ҚР Ұлттық куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңалау жұмыстары шеңберінде атқарылады.

6. Нәтижеге қол жеткізу. «3 қадам: Сұранымды өңдеу» бетінде Сіздің сұранымыңыздың қаралу мәртебесімен таныса аласыз: меморганның ақпараттық жүйесімен қабылданған Сіздің өтінішіңіз нөмірін, оның көрсетілу мерзімі мен өңделу мәртебесімен таныса аласыз. Мәртебені қарау үшін және бетті жаңарту үшін «Мәртебені жаңарту» тетігін пайдаланыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Егер сұраным өңделген болса, «Нәтижені қарау» тетігі пайда болады. Оны басқан кезде жылжымайтын мүліктің бар болуы немесе жоқ болуы туралы өңделген анықтаманы сақтау терезесі пайда болады. Сіз оны аша аласыз немесе өз компьютеріңізде сақтай аласыз.

Алынған электрондық құжатты қарау үшін Сіз Adobe Reader (www.adobe.com) орнатуыңыз қажет.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сонымен қатар, анықтама порталдағы Сіздің профайлыңызда («Менің порталым») «Қызметті алу тарихы» бөлімінде автоматты түрде сақталады.

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 16:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2016 16:10
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы