A- A A+
Облыс бюджетінің атқарылуы

(2014 жылғы 9 айда)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы — 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елiмiздi, қазақстандықтардың өмiрiн жарқын ете түсетiн нақты практикалық iстер бағдарламасы. Бiрақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиiмдi еңбектену керектiгiн әркiм-ақ түсiнуi тиiс. Мемлекеттiң мiндетi — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнiң озық елдерi арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгiлiкке бiрiктiретiнiне сенiмдiмiн».

Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзiмдi басымдықтары белгiленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бiрқатар мәселелердi шешу қажет.

. . . экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2014 жылғы 1 қазанда 100,5% атқарылған немесе есептi кезең жоспарындағы 94890,8 млн.теңгеден 95367,8 млн.теңге түстi.

Жеке табыстар бойынша жоспар 19953,6 млн.теңге сомасында немесе 102,4% орындалды (жоспар — 19476,6 млн.теңге). Жалпы облыс бойынша кiрiс бөлiгiнiң асыра орындалуы 477,0 млн.теңгенi құрады.

Салық комитетiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 19457,1 млн.теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 9076,2 млн.теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 10380,9 млн.теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 19859,3 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 102,1% түстi, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 9467,8 млн. теңге немесе 104,3%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 10391,5 млн. теңге немесе 100,1%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 73892,4 млн. теңгеден 73892,4 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2014 жылғы 9 айда 97,1% атқарылды, жоспардағы 95796,6 млн. теңгеден шығыстар 93018,1 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi. Шығыстар 2778,5 млн. теңге сомасында игерiлмедi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2014 жылғы 9 айда 27931,6 млн. теңгенi құрады (1-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 98,9% (жоспар — 28250,4 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 351,4 млн. теңгеден игеру 213,0 млн. теңгенi немесе 60,6 % құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 367,4 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 84,0 пайызды құрады (жоспар 437,3 млн. теңге).

1-таблица

1-таблица

Денсаулық сақтау бойынша 2014 жылғы 1 қазандағы шығыстар 16128,9 млн. теңгенi құрады (2-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 98,7% (жоспар 16336,9 млн. теңге).

2-таблица

2-таблица

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 2864,0 млн. теңгенi немесе жоспардың 99,2 % құрады (жоспар 2885,7 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 17,8 млн.теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,4 % құрады (жоспар 17,9 млн. теңге).

3-таблица

3-таблица

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 1640,5 млн. теңгеден 1631,2 млн. теңгенi немесе 99,4 % құрады (4-таблицаға сәйкес). Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi жоспардағы 92,7 млн. теңгеден 80,3 млн. теңгеге немесе 86,6% жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 16,2 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 91,5 % (жоспар 17,7 млн. теңге).

4-таблица

4-таблица

Ескерту: мәдениет бойынша 2012 жылғы шығыстар, 2013-2014 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 2144,7 млн. теңгеден 1956,9 млн. теңге немесе 91,2 % игерiлдi (5-таблицаға сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 22,9 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 23,0 млн. теңге немесе 99,6%).

5-таблица

5-таблица

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2014 жылғы 1 қазанға тұрғын үй салуға шығыстар 2664,9 млн. теңгенi құрады (жоспар 3458,9 млн. теңге немесе 77,0%), республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2166,1 млн. теңге коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн сатып алуға.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға 1637,1 млн. теңге бағытталды (жоспар 892,5 млн. теңге немесе 98,6%).

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 5105,8 млн. теңге бағытталды (жоспар 5328,9 млн. теңге немесе 95,8%).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмделген өсiмiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

2014 жылға бекiтiлген жоспармен «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 1268,6 млн.теңге бөлiндi, 2014 жылғы 1 қазандағы атқарылу есептi кезең жоспарындағы 1034,2 млн.теңгеден 694,5 млн.теңгенi немесе 67,2% құрады, кәсiпкерлерден өтiнiмдердiң болмауы себебiнен және орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес 339,7 млн. теңге атқыралмады:

  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға есептi кезең жоспарындағы 800 млн. теңгеден 485,7 млн.теңге немесе 60,7% игерiлдi, кәсiпкерлерден өтiнiмдердiң болмауына байланысты 314,3 млн.теңге атқарылмады;
  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға есептi кезең жоспарындағы 12 млн.теңгеден 11,6 млн.теңге немесе 96,7% игерiлдi, кәсiпкерлерден өтiнiмдердiң болмауына байланысты 0,4 млн.теңге атқарылмады.
  • индустриалды инфрақұрылымды дамытуға есептi кезең жоспарындағы 168,3 млн.теңгеден 143,3 млн. теңге немесе 85,1% игерiлдi, орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес 25 млн.теңге атқарылмады.

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыруға 4716,0 млн.теңге бюджеттiк қаражат (нақтылау есебiмен) бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 4378,4 млн.теңге. Үстiмiздегi жылдың 1 қазан жағдайы бойынша атқарылу жоспардағы 3507,0 млн.теңгеден 3277,5 млн.теңгенi немесе 93,5 пайызды құрады, игерiлмегенi 229,5 млн.теңге. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бiрiншi бағыт бойынша 2014 жылға инженерлiк-көлiктiк, коммуналды-инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның 92 объектiсiнiң жөндеуi бойынша жұмыстар жүргiзуге 2660,7 млн.теңге бөлiндi. Есептi кезеңге жоспардағы 1952,5 млн. теңгеден атқарылу 1751,4 млн. теңгенi немесе 89,7 пайызды құрады, игерiлмегенi 201,1 млн. теңге, оның iшiнде 81,5 млн. теңге — конкурстардың кеш өткiзiлуi, 53,3 млн. теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу, 62,5 млн. теңге — орындалған жұмыс актiлерiн ұсыну фактiсi бойынша; 1,3 млн.теңге — 5% шарт талаптарына сәйкес, 2,5 млн. теңге — МСҚБ-дан хабарламаны кеш ұсыну.

Екiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 1059,2 млн.теңгенi құрайды. Атқарылу жоспардағы 1054,1 млн.теңгеден 1044,5 млн.теңгенi немесе 99,1 пайызды құрады, игерiлмегенi 9,7 млн.теңге, соның iшiнде:

  • Бағдарлама қатысушыларын кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — жоспардағы 11,4 млн.теңгеден атқарылу 100 пайызды құрады;
  • микрокредит беру — жоспардағы 1000,0 млн.теңге толық көлемде атқарылды;
  • дамыту, абаттандыру және (немесе) жетiспейтiн инженерлiк — коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу — жоспардағы 42,7 млн.теңгеден атқарылу 33,1 млн. теңгенi құрады. Игерiлмегенi 9,7 млн.теңге, соның iшiнде 6,8 млн. теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу; 1,1 млн. теңге — 5% шарт талаптарына сәйкес қалдық; 1,8 млн. теңге — төлем ұсынылған орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес.
  • Үшiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 785,0 млн.теңгенi құрайды. Есептi кезең жоспарындағы 347,1 млн.теңгеден атқарылу 331,8 млн.теңгенi немесе 95,6 пайызды құрады, игерiлмегенi 15,3 млн.теңге, оның iшiнде:
  • әлеуметтiк жұмыс орындарының қатысушыларына жалақыны жарым-жартылай субсидиялау, жастар практикасы, кадрларды қайта даярлау, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және көшу — жылдық жоспар 203,2 млн.теңгенi құрайды. 2014 жылғы 1 қазан жоспарында 139,9 млн.теңге, кассалық атқару 139,6 млн.теңгенi құрады, игерiлмегенi — 0,3 млн.теңге — контингенттiң болмауы және жастар практикасы қатысушыларының өтiнiштерi күнiнен бастап жұмыс айының толық болмауы мен жалақыны субсидиялау;
  • кәсiби дайындық жылдық жоспар 113,5 млн.теңгенi құрайды. 2014 жылғы 1 қазан жоспарында 100,6 млн. теңге, кассалық атқарылу 100 пайызды құрады;
  • құрылыс және қызметтiк үй сатып алу мен дамыту және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу жылдық жоспары 118,4 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 93,1 млн.теңге атқарылу 91,6 млн. теңгенi құрады. Игерiлмегенi 1,5 млн. теңге, оның iшiнде 1,3 млн. теңге — мемлекеттiк қабылдау комиссиясының актiсiне қол қойылмаған, Бәйтерек а. екi тұрғын үй құрылысын аяқтау бойынша төлем, 0,2 млн. теңге — шарт сомасынан 5 пайыз қалдық нақты есеп жұмыстарды қабылдау актiсiнен кейiн.
  • жатақхана құрылысы (Петропавл) жылдық жоспар 300,0 млн. теңге. Қаржыландыру қазан айынан бастап.
  • халық арасында кәсiби бағыт бойынша жұмыс ұйымдастыру жылдық жоспары 49,9 млн. теңге. Жоспардағы 13,5 млн. теңге қаржыландыру сатып алулардың кеш өткiзiлуiне байланысты жүргiзiлмедi.

Өзге шығындар:

  • 14 жұмыспен қамту орталықтарын ұстау жылдық жоспары 198,0 млн.теңге. Есептi кезең жоспарында 145,2 млн.теңге, атқарылу 144,8 млн. теңге немесе 99,7 пайыз. Игерiлмегенi — 0,4 млн. теңге — жалақы бойынша үнемдеу, төлем коммуналдық қызметтер бойынша ұсынылған шоттарға сәйкес.
  • Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жылдық жоспары 6,7 млн.теңге. Есептi кезең жоспарындағы 4,8 млн.теңге, кассалық атқарылу 100 пайызды құрады.
  • халықтың мақсатты тобын жұмысқа орналастыру үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, соның iшiнде 50 жастан асқан тұлғалар үшiн жылдық жоспар 6,3 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 3,2 атқарылу 0,2 млн. теңгенi құрады, игерiлмегенi 3,0 млн. теңге — төлем қызмет көрсету фактiсi бойынша (жұмысқа орналасу ЖЖА мен ҮЕҰ арқылы).
Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 09:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 11:22
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы