A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2013 жылғы 1 тоқсан

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында айтқандай, «Бiз бюджет саясатының жаңа принциптерiмен қарулануға — өз мүмкiндiктерiмiз шегiнде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкiндiкте қысқартуға тиiспiз. Ұзақ мерзiмде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет».

Салық салынатын базаның өсуi, түсiмдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Облыс бюджетi кiрiс бойынша 2013 жылғы 1 сәуiрге 103,2% атқарылды немесе жоспардағы 22171,8 млн. теңгеден 22888,2 млн. теңге түстi. Кiрiс бөлiгiн асыра атқару жалпы облыс бойынша 716,4 млн. теңгенi құрады.

Меншiктi кiрiстер бойынша жоспар 5262,3 млн. теңге сомасында немесе 115,9 % атқарылды (жоспар — 4538,8 млн. теңге).

Салық комитетiмен есепке алынатын салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 4531,6 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнен облыстық бюджеттiң жоспары 2215,2 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 2316,4 млн. теңге.

Есептi кезең iшiнде облыс бюджетiне 5243,1 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 115,7% түстi, соның iшiнде облыстық бюджетке 2483,5 млн. теңге немесе 112,1%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетiне — 2759,7 млн. теңге немесе 119,1 %.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 17633 млн. теңгеден 17625,9 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2013 жылғы 1 сәуiрге шығыстар 20458,4 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2013 жылғы 1 сәуiрге 8120,5 млн. теңгенi құрады (1-таблицаға сәйкес).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға игеру 5,1 млн. теңгенi құрады.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердiң күрделi жөндеуi 2,4 млн. теңге сомасында жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 28,7 млн. теңге бағытталды.

1-таблица 

Денсаулық сақтау бойынша 2013 жылғы 1 сәуiiрге шығыстар 5625,2 млн. теңгенi құрады (2-таблицаға сәйкес).

Медициналық мекемелерге күрделi жөндеу 11,1 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

2-таблица

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 664,1 млн. теңгенi құрады.

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8,1 млн.теңге бағытталды.

3-таблица

Мәдениет бойынша шығыстар 437,1 млн. теңгенi құрады (4-таблицаға сәйкес). Мәдениет объектiлерiнiң күрделi жөндеуi 1,1 млн. теңгеге жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 19,5 млн. теңге бағытталды.

4-таблица

Туризм және спорт бойынша — 470,4 млн. теңге игерiлдi (5-таблицаға сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 0,1 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды.

5-таблица

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2013 жылғы 1 сәуiрге тұрғын үй салуға шығыстар 195,4 млн. теңгенi құрады, республикалық бюджет қаражаты есебiнен 62,6 млн. теңге инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға 2013 жылғы 1 сәуiрге 65,2 млн. теңге бағытталды.

2013 жылғы 1 сәуiрге облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 68,6 млн. теңге бағытталды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және баланстандырылған өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты орындар құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi болып мыналар табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

2013 жылы «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер жоспарланды:

  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға — 25млн.теңге;
  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға — 499,6 млн. теңге.
  • кредиттердi кепiлдендiруге — 50 млн. теңге бөлiнген.
  • бизнестi жүргiзудi сервистiк қолдауға — 37,4 млн.теңге.

2013 жылға арналған Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 2380,0 млн. теңге бөлiндi. 2013 жылғы 1-тоқсанда 119,8 млн. теңге бiрiншi бағыт бойынша игерiлдi, соның iшiнде мына түрлер бойынша:

  • әлеуметтiк жұмыс орындарының қатысушыларына жалақыны жартылай субсидиялауға, жастар практикасына, кадрларды қайта даярлау және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға — 24,3 млн.теңге;
  • 14 жұмыспен қамту орталықтарын ұстауға — 37,5 млн.теңге;
  • бiлiктiлiктi арттыру, кәсiби даярлау және қайта даярлау тегiн курстарына 58 млн.теңге атқарылды.
Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 10:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 12:19
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы