A- A A+
Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 1 тоқсан)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында атап өтілгендей: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы — Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл — ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту».

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2019 жылдың 1 тоқсанда жоспардағы 52 346,4 млн. теңгеден 102,8%-ға атқарылды немесе 53 797,4 млн. теңге түсті.

Жеке кіріс бойынша жоспар 10 437,9 млн. теңге сомасында немесе 115,4% атқарылды (жоспар — 9 045,1 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеретін салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 8 026,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің жоспары 3 564,2 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 4 462,1 млн. теңге.

Есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 9 005,2 млн. теңге немесе 112,2%, сонымен қатар облыстық бюджетке 3 667,6 млн. теңге немесе 102,9%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 5 337,6 млн. теңге немесе 119,6% түсті.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 30 324,1 млн. теңге сомасында немесе 100,0% түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2019 жылғы 1 тоқсанда 98,4% атқарылды, жоспардағы 52 696,2 млн. теңгеден шығыстар 51 858,5 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 837,7 млн. теңге сомасында игерілмеді.

Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2019 жылғы 1 тоқсанда 13 225,7 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100% (жоспар — 13 230,9 млн. теңге).

Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы жоспар 333,9 млн. теңге, игерілгені — 332,6 млн. теңге немесе 99,6%.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 88,7 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 98,0 пайызды құрады (жоспар 90,5 млн. теңге).

1-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 1 тоқсан)

Денсаулық сақтау бойынша 2019 жылғы 1 тоқсанда шығыстар 207,7 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 96,4% (жоспар 215,5 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 40,0 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 89,7 пайызды құрады (жоспар 44,6 млн. теңге).

2-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 1 тоқсан)

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 1301 млн. теңгені немесе жоспардың 86% құрады (жоспар 1317 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 3,3 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 3,3 млн. теңге).

3-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 1 тоқсан)

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 1482 млн. теңгеден 1 480 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 21 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100%.

4-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 1 тоқсан)

Спорт бойынша жоспардағы 1589 млн. теңгеден 1587 млн. теңге немесе 99,9% игерілді (5-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5,2 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 5,3 млн. теңге немесе 99,9%).

5-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы (2019 жылғы 1 тоқсан)

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі тұрғын үй салуға шығыстар 14 507,1 млн. теңгені құрады (жоспар 14 587,8 млн. теңге немесе 99%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 6326,2 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2 789,6 млн. теңге бөлінді, жоспар 380,5 млн. теңге, 380,5 млн. теңге немесе 100% игерілді.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2019 жылғы 1 сәуірдегі 565,6 млн. теңге игерілді немесе 100% игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру; 
  2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
  3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;
  4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
  5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру; 
  6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
  7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау; 
  8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру; 
  10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
  11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2019 жылға нақтыланған жоспар 1 128,0 млн. теңгені құрайды. 2019 жылғы 1 сәуірге жоспардағы 556,0 млн. теңге бойынша атқарылу 556,0 млн. теңгені немесе 100% құрады, оның ішінде:

  • есептік кезеңге жоспар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 451,0 млн. теңге, 451,0 млн. теңге игерілді, яғни 100%;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге есепті кезеңге жоспардағы 105,0 млн. теңге бойынша 105,0 млн. теңге игерілді, яғни 100%.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2019 жылы 6699,3 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 4220,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2478,7 млн. теңге нысаналы трансферттер.

2019 жылғы 1 тоқсанда жоспардағы 3460,7 млн. теңге бойынша игерілу 3444,8 млн. теңгені немесе 99,5 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бірінші бағыт бойынша есепті кезеңге жоспардағы 123,5 млн. теңге бойынша, игерілді — 115,1 млн. теңге. Оның ішінде: бірінші мамандық алу үшін тегін кәсіптік оқытуға 100,4 млн. теңге игерілді; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 14,7 млн. теңге немесе 93,2 пайыз.

Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға есепті кезеңге жоспар 3077,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 2867,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 210 млн. теңге. 3077 млн. теңге игерілдінемесе 100%.

Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 146 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 59,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 86,2 млн. теңге. Игерілу 140,1 млн. теңгені немесе 96 пайызды құрады, 5,8 млн. теңге игерілмеді, оның ішінде:

әлеуметтік жұмыс орындары бойынша — 86,2 мың теңге, алушылардың нақты санының азаюына байланысты; қоныс аударушылар үшін тұрғын үй жалдауға (жалға алу) беру бойынша шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар — 4,8 мың теңге, факт бойынша төлем, қоғамдық жұмыстар — 28,5 мың теңге, бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмысқа орналастыруға байланысты, жұмыс берушілерге субсидия — 5682 мың теңге, құжаттардың толық емес пакетін ұсынуына байланысты; қоныс аударуға субсидия(қоныс аударуға субсидия беру) — 89,9 мың теңге, контингенттің болмауына байланысты.

Басқа шығыстар:

14 жұмыспен қамту орталығын ұстау — есепті кезеңге жоспар — 113,9 млн. теңге, 112,5 млн. теңге игерілді немесе 98,8%, жұмыспен қамту орталықтарын ұстау бойынша үнемдеу.

Мақаланың шыққан күні: 10.06.2019 21:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2019 21:57
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы