A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыс бюджетінің атқарылуы 2014 жылғы 1-жартыжылдық

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы — 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елiмiздi, қазақстандықтардың өмiрiн жарқын ете түсетiн нақты практикалық iстер бағдарламасы. Бiрақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиiмдi еңбектену керектiгiн әркiм-ақ түсiнуi тиiс. Мемлекеттiң мiндетi — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнiң озық елдерi арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгiлiкке бiрiктiретiнiне сенiмдiмiн».

Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзiмдi басымдықтары белгiленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бiрқатар мәселелердi шешу қажет.

. . . экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2014 жылғы 1 шiлдеде 101,3% атқарылған немесе есептi кезең жоспарындағы 59786,6 млн.теңгеден 60558,4 млн.теңге түстi.

Жеке табыстар бойынша жоспар 13263,1 млн.теңге сомасында немесе 106,2% орындалды (жоспар — 12491,2 млн.теңге). Жалпы облыс бойынша кiрiс бөлiгiнiң асыра орындалуы 771,9 млн.теңгенi құрады.

Салық комитетiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 12470,2 млн.теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 5940,7 млн.теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 6529,5 млн.теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 13201,5 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 105,9% түстi, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 6219,5 млн. теңге немесе 104,7%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 6982,0 млн. теңге немесе 106,9%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 46087,3 млн. теңгеден 46087,3 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2014 жылғы 1-жартыжылдықта 92,7% атқарылды, жоспардағы 60369,0 млн. теңгеден шығыстар 55976,6 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi. Шығыстар 4392,4 млн. теңге сомасында игерiлмедi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2014 жылғы 1-жартыжылдықта 20120,1 млн. теңгенi құрады (1-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 98,9% (жоспар — 20339,4 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 329,3 млн. теңгеден игеру 145,2 млн. теңгенi немесе 44,1% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 35,1 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 62,2 пайызды құрады (жоспар 56,4 млн. теңге).

1-таблица

1-таблица

Денсаулық сақтау бойынша 2014 жылғы 1 шiлдеде шығыстар 11392,0 млн. теңгенi құрады (2-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 95,8% (жоспар 11890,0 млн. теңге).

2-таблица

2-таблица

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 1838,4 млн. теңгенi немесе жоспардың 99,1 % құрады (жоспар 1855,6 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 11,4 млн.теңге бағытталды, жоспардан игеру 83,8 % құрады (жоспар 13,6 млн. теңге).

3-таблица

3-таблица

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 1028,2 млн. теңгеден 947,1 млн. теңгенi немесе 92,1 % құрады (4-таблицаға сәйкес). Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi жоспардағы 71,2 млн. теңгеден 52,9 млн. теңгеге немесе 74,3% жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 12,9 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 99,2 % (жоспар 13,0 млн. теңге).

4-таблица

4-таблица

Ескерту: мәдениет бойынша 2012 жылғы шығыстар, 2013-2014 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 1051,5 млн. теңгеден 1038,4 млн. теңге немесе 98,8 % игерiлдi (5-таблицаға сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 9,2 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 9,2 млн. теңге немесе 100%).

5-таблица

5-таблица

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2014 жылғы 1 мамырға тұрғын үй салуға шығыстар 1 511,7 млн. теңгенi құрады (жоспар 1651млн. теңге немесе 91,6%), республикалық бюджет қаражаты есебiнен 929,6 млн. теңге коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн сатып алуға.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға 334,1 млн. теңге бағытталды (жоспар 892,5 млн. теңге немесе 37,4%).

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 2773,2 млн. теңге бағытталды (жоспар 2802,4 млн. теңге немесе 99,9%).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмделген өсiмiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

2014 жылға бекiтiлген жоспармен «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 1268,6 млн.теңге бөлiндi, 2014 жылғы 1 шiлдедегi атқарылу есептi кезең жоспарындағы 806,2 млн.теңгеден 571,2 млн.теңгенi немесе 70,1% құрады, кәсiпкерлерден өтiнiмдердiң болмауы себебiнен және орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес 235 млн. теңге атқыралмады:

  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға есептi кезең жоспарындағы 691,4 млн. теңгеден 485,7 млн.теңге немесе 70,2% игерiлдi, кәсiпкерлерден өтiнiмдердiң болмауына байланысты 205,6 млн.теңге атқарылмады;
  • кредиттердi кепiлдендiруге есептi кезең жоспарында 20 млн.теңге бөлiндi, 20 млн.теңге немесе 100 % игерiлдi;
  • бизнестi жүргiзудi қолдауға есептi кезең жоспарында 13,9 млн.теңге бөлiндi, сервистiк қызметтер көрсету тәртiбiнiң өзгеруi себебiнен атқарылмады;
  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға есептi кезең жоспарындағы 8,3 млн.теңгеден 2,3 млн.теңге немесе 27,6% игерiлдi, кәсiпкерлерден өтiнiмдердiң болмауына байланысты 6 млн.теңге атқарылмады.
  • индустриалды инфрақұрылымды дамытуға есептi кезең жоспарындағы 72,6 млн.теңгеден 63,1 млн. теңге немесе 86,9% игерiлдi, орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес 9,5 млн.теңге атқарылмады.

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыруға 3247,6 млн.теңге бюджеттiк қаражат бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 3058,9 млн.теңге. Үстiмiздегi жылдың 1 шiлдедегi жағдайы бойынша атқарылу 1981,5 млн.теңгенi немесе 97,1 пайызды жоспардағы 2039,7 млн.теңге, игерiлмегенi 58,3 млн.теңге. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бiрiншi бағыт бойынша 2014 жылға инженерлiк-көлiктiк, коммуналды-инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның 48 объектiсiнiң жөндеуi бойынша жұмыстар жүргiзуге 1569,7 млн.теңге бөлiндi. Есептi кезеңге жоспардағы 728,1 млн. теңгеден атқарылу 678,8 млн. теңгенi немесе 93,2 пайызды құрады, игерiлмегенi 49,3 млн. теңге, соның iшiнде 39,6 млн. теңге — ұсынылған орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес төлем, 8,3 млн. теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу, 1,4 млн. теңге — шарт сомасынан 5 пайыз қалдық нақты есеп жұмыстарды қабылдау актiсiнен кейiн.

Екiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 1059,2 млн.теңгенi құрайды. Атқарылу жоспардағы 1016,8 млн.теңгеден 1011,4 млн.теңгенi немесе 99,5 пайызды құрады, игерiлмегенi 5,4 млн.теңге, соның iшiнде:

  • Бағдарлама қатысушыларын кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — жоспардағы 16,4 млн.теңгеден атқарылу 11,0 млн. теңгенi құрады, игерiлмегенi 5,4 млн. теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу;
  • микрокредит беру — жоспардағы 1000,0 млн.теңге толық көлемде атқарылды;
  • дамыту, абаттандыру және (немесе) жетiспейтiн инженерлiк — коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу — жоспардағы 0,4 млн.теңге толық көлемдi атқарылды.

Үшiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 420,4 млн.теңгенi құрайды. Есептi кезең жоспарындағы 199,3 млн.теңгеден атқарылу 197,4 млн.теңгенi немесе 99,1 пайызды құрады, игерiлмегенi 1,9 млн.теңге, оның iшiнде:

  • әлеуметтiк жұмыс орындарының қатысушыларына жалақыны жарым-жартылай субсидиялау, жастар практикасы, кадрларды қайта даярлау, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және көшу — жылдық жоспар 203,2 млн.теңгенi құрайды. 2014 жылғы 1 шiлде жоспарында 79,2 млн.теңге, кассалық атқару 77,8 млн.теңгенi құрады, игерiлмегенi — 1,3 млн.теңге, соның iшiнде 1,1 млн. теңге — көшу бойынша, көшу бiр елдi-мекен аймағында жүргiзiлдi, 0,1 млн. теңге — жастар практикасы қатысушыларының өтiнiштерi күнiнен бастап жұмыс айының толық және контингентi мен әлеуметтiк жұмыс орындарының болмауына байланысты, 0,1 млн. теңге — қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру бойынша үнемдеу;
  • кәсiби дайындық — жылдық жоспар 111,8 млн.теңгенi құрайды. 2014 жылғы 1 шiлде жоспарында 90,2 млн. теңге, кассалық атқарылу 89,7 млн. теңгенi құрады, игерiлмегенi — 0,5 млн.теңге жол жүру мен өмiр сүруге пайдаланылмаған қаражаттар, оқушылар өндiрiстiк практикада;
  • құрылыс және қызметтiк үй сатып алу мен дамыту және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу жылдық жоспары 105,4 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 29,9 млн.теңге атқарылу 100 пайызды құрады.

Өзге шығындар:

  • 14 жұмыспен қамту орталықтарын ұстау — жылдық жоспар 185,2 млн.теңге. Есептi кезең жоспарында 90,3 млн.теңге, атқарылу 90,2 млн. теңге немесе 99,9 пайыз.
  • Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу — жылдық жоспар 6,7 млн.теңге. Есептi кезең жоспарындағы 5,2 млн.теңге, кассалық атқарылу 3,6 млн.теңге немесе 69,2 пайыз, игерiлмегенi 1,6 млн. теңге — жарнама роликтерiн орнату, буклеттер дайындау бойынша үнемдеу.
Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 09:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 11:34
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы