A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2013 жылғы

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында айтқандай, «Бiз бюджет саясатының жаңа принциптерiмен қарулануға — өз мүмкiндiктерiмiз шегiнде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкiндiкте қысқартуға тиiспiз. Ұзақ мерзiмде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет».

Салық салынатын базаның өсуi, түсiмдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2013 жылы 100,2% атқарылған немесе есептi кезең жоспарындағы 113745,9 млн.теңгеден 113481,5 млн.теңге түстi.

Жеке табыстар бойынша жоспар 25894,6 млн.теңге сомасында немесе 101,0% орындалды (жоспар — 25630,2 млн.теңге). Жалпы облыс бойынша кiрiс бөлiгiнiң асыра орындалуы 264,4 млн.теңгенi құрады.

Салық комитетiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 25567,2 млн.теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 12190,7 млн.теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 13376,5 млн.теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 25821,8 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 101,0 % түстi, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 12224,2 млн. теңге немесе 100,3%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 13597,6 млн. теңге немесе 101,7%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 86160,7 млн. теңгеден 86160,7 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2013 жылы 98,8% атқарылды, жоспардағы 116010,4 млн. теңгеден шығыстар 114564,1 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi. Шығыстар 1446,3 млн. теңге сомасында игерiлмедi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2013 жылы 36433,0 млн. теңгенi құрады (1-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 99,7% (жоспар — 36522,7 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 548,2 млн. теңгеден игеру 529,5 млн. теңгенi немесе 96,6% құрады.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердiң күрделi жөндеуi 712,3 млн. теңге сомасында жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 668,7 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 86,4 пайызды құрады (жоспар 774,1 млн. теңге).

1-таблица

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2013 жылғы)

Денсаулық сақтау бойынша 2013 жылғы шығыстар 23057,7 млн. теңгенi құрады (2-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 97,8% (жоспар 23564,3 млн. теңге).

Медициналық мекемелерге күрделi жөндеу 490,6 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

2-таблица

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2013 жылғы)

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 3782,8 млн. теңгенi құрады немесе жоспардан 99,9 % (жоспар 3785,0 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 82,3 млн.теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,2% құрады (жоспар 83,0 млн. теңге).

3-таблица

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2013 жылғы)

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2126,5 млн. теңгеден 2125,4 млн. теңгенi немесе 99,9 % құрады (4-таблицаға сәйкес). Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi жоспардағы 193,7 млн. теңгеден 188,0 млн. теңгеге немесе 97,1% жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 114,4 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 94,9% (жоспар 120,5 млн. теңге).

4-таблица

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2013 жылғы)

Ескерту: мәдениет бойынша 2011-2012 жылдардағы шығыстар, 2013 жылғы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 2044,6 млн. теңгеден 1843,8 млн. теңге немесе 90,2 % игерiлдi (5-таблицаға сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 41,4 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 41,4 млн. теңге немесе 100%).

5-таблица

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2013 жылғы)

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2014 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй салуға шығыстар 4711,5 млн. теңгенi құрады (жоспар 5014,4 млн. теңге немесе 94,0%), республикалық бюджет қаражаты есебiнен 1615,0 млн. теңге инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға 2940,2 млн. теңге бағытталды (жоспар 3007,0 млн. теңге немесе 97,8%).

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 1309,5 млн. теңге бағытталды (жоспар 1309,5 млн. теңге немесе 100%).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және баланстандырылған өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты орындар құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi болып мыналар табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

2013 жылы «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 1140,4 млн.теңге бөлiндi:

  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға — 7,5 млн.теңге, жоспардағы 7,5 млн.теңгеден 7,5 млн.теңге немесе 100,0 игерiлдi;
  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға –684,4 млн. теңге, қаражат толық көлемде игерiлген;
  • кредиттердi кепiлдендiруге — 55,9 млн. теңге, жоспардағы 55,9 млн.теңгеден игерiлу 100 құрады;
  • бизнестi жүргiзудi сервистiк қолдауға — 4,7 млн.теңге, есептi кезең жоспарындағы 4,7 млн.теңге қаражат игерiлмеген;
  • индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға — 387,9 млн.теңге, есептi кезең жоспарындағы 387,9 млн.теңгеден 373,3 млн. теңге немесе 96,2 пайыз игерiлген, қалдық 14,6 млн. теңге орындалған жұмыс актiсiне сәйкес.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберiнде 4284,4 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 4179,1 млн.теңгенi немесе 97,5 пайызды құрады, игерiлмегенi 105,3 млн.теңге.

Бағдарламаның бiрiншi бағытының шеңберiнде 99 әлеуметтiк маңызы бар объектiнi және инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын (автожолдарды ағымдағы жөндеу) күрделi жөндеуге 2129,7 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 2118,1 млн.теңге немесе 99,5 пайызды құрады, игерiлмегенi 11,6 млн.теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу есебiнен игерiлмеген.

Екiншi бағыттың шеңберiнде:

  • ауылда кәсiпкерлiк қолдау үшiн шағын кредиттеуге 600,0 млн.теңге бөлiндi және толық көлемде игерiлдi;
  • кәсiпкерлiкке оқытуға 1,9 млн.теңге бөлiндi және толық көлемде игерiлдi;
  • инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 42,5 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 26,9 млн.теңге немесе 63,3 пайызды құрады, игерiлмегенi 15,6 млн.теңге; 3,3 млн.теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу; 5,4 млн.теңге — ЖСҚ мемлекеттiк сараптамадан өтпеген; 3,5 млн.теңге — ЖСҚ кеш дайындалуына байланысты жұмыстар орындалмаған (ЖСҚ даярлауға конкурс 2013 жылғы қарашада жарияланды, ЖСҚ 2013 жылғы желтоқсанның аяғында дайындалды); 2,8 млн.теңге — ЖСҚ мемлекеттiк сараптамада жатыр; 0,6 млн.теңге — ҚҚС бойынша үнемдеу.

Үшiншi бағыттың шеңберiнде:

  • жалақыны жартылай субсидиялауға, кадрларды даярлауға және қайта даярлауға, жастар саясатына, жол жүру субсидияларына 523,3 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 521,2 млн.теңге немесе 99,6 пайызды құрады, игерiлмегенi 2,1 млн.теңге, соның iшiнде 1,9 млн.теңге 15 оқушының сабақтан шығарылуына және кетуiне байланысты, 0,2 млн.теңге төлем нақты ұсынылған шоттар бойынша жасалды;
  • тұрғын үйдi салуға және (немесе) сатып алуға және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға 514,8 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 448,9 млн.теңге немесе 87,2 пайызды құрады, игерiлмегенi 65,9 млн.теңге: 22,0 млн.теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу; 20,6 млн.теңге — мердiгер «ХМ өндiрiстiк-өнерекәсiптiк корпорациясы» ЖШС жұмыс көлемiн орындамаған, шарт 2013 жылғы 30 қазанда жасалған, 2013 жылғы 26 желтоқсанда талапарыз берiлдi; 1,3 млн.теңге — мердiгер «Лавада» ЖШС жұмыс көлемiн орындамаған, 2014 жылғы 10 қаңтарда талапарыз берiлдi; 22,0 млн.теңге — шарт сомасынан 5 мөлшерiнде қалдық, мемлекеттiк комиссия актiсiне қол қойылмаған.

Бұдан басқа, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердi толық пайдалану үшiн тұрғын үйдi салуға және (немесе) сатып алуға және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға 317,4 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 308,4 млн.теңге немесе 97,2 пайызды құрады, игерiлмегенi 9 млн.теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу.

Бағдарлама шеңберiнде 14 жұмыспен қамту орталығын ұстауға 150,2 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 100 пайызды құрады.

Ақпараттық-түсiнiктеме жұмысына 4,6 млн.теңге бөлiндi, 3,5 млн.теңге атқарылды, атқарылмау 1,1 млн.теңгенi құрады, жабдықтаушы «OZYK BAY» ЖШС Астана қ. ақпараттық семинарды өткiзу бойынша қызметтердi көрсетпеген, оны ықылассыз деп тану туралы талапарыз сотқа берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 10:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 11:53
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы