A- A A+
Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы

Алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік саясаттың негізі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген аса маңызды бағыттары болып табылады.

2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2015-2017 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы», «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына сәйкес әзірленіп, бекітілген.

«2015-2017 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті жобасы туралы» облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 364 қаулысы және облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/1 шешімі негізінде 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілген.

Кірістер және шығыстар бойынша 2015 жылға арналған облыс бюджеті 2014 жылға бекітілген бюджетке қарағанда 17 784 млн. теңгеге немесе 15 пайызға өсуімен 136 958 млн. теңге көлемінде бекітілген, соның ішінде облыстық бюджет — 4 051 млн. теңгеге немесе 6,1 пайызға өсумен 70 629 млн. теңге.

2015 жыл ішінде бюджетке 4 нақтылау және 8 түзету жүргізілген.

Нақтылауға мына көздер негіз болып табылды:

қаржы жылының басына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары —  538 млн. теңге;

қосымша кірістер — 1 218 млн. теңге;

республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер — 8 232 млн. теңгеге азайтылған;

бюджеттік кредиттер — 1 426 млн. теңге;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен — 2 487 млн. теңге.

Облыс бюджетіне түсімдер мынаны құрайды:

меншікті кірістер — 31 886 млн. теңге,

республикалық бюджеттен:

субвенциялар — 58 719 млн. теңге,

нысаналы трансферттер — 37 006 млн. теңге,

нысаналы кредиттер — 3 647 млн. теңге,

бюджеттік кредиттерді өтеу — 112 млн. теңге,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен — 2 487 млн. теңге.

2015 жылы инвестициялық жобаларға 21 316 млн. теңге бағытталды. Білім, спорт, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және көлік инфрақұрылымын дамыту салалары басым бағыттар болып айқындалды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іс-шараларды іске асыруға 2 714 млн. теңге бағытталды, соның ішінде:

республикалық бюджеттен 2 546 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

жеке кәсіпкерлікті қолдауға — 1 345 млн. теңге;

жаңа бизнес-бастамаларын қолдауға — 1 201 млн. теңге;

жергілікті бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға. 168 млн. теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында іс-шараларды іске асыруға — 2 426 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

республикалық бюджеттен — 1 796 млн. теңге, соның ішінде мына бағыттар бойынша:

кадрларды кәсіптік даярлау — 36 млн. теңге;

кадрларды қайта даярлау — 3 млн. теңге;

көшуге субсидиялар беру — 1 млн. тенге;

жалақыны ішінара субсидиялау — 35 млн. теңге;

жастар практикасы — 50 млн. теңге;

әлеуметтік сала объектілерін және жолдарды күрделі жөндеу — 497 млн. теңге;

жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету — 199 млн. теңге;

кәсіпкерлікке оқыту — 9 млн. теңге;

ақпараттық-түсіндіру жұмысы — 2 млн. теңге;

жастарға арналған жатақхана салу, сатып алу және салып бітіру — 512 млн. теңге;

ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге арналған кредиттер — 451 млн. теңге;

жергілікті бюджеттен — 630 млн. теңге, соның ішінде мына бағыттар бойынша:

қызметтік тұрғын үй салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жастарға арналған жатақханаларды салу, салып бітіру — 567 млн. теңге;

әлеуметтік сала объектілерін және жолдарды күрделі жөндеу — 63 млн. теңге.
 
Осылайша, 2015 жылғы нақтыланған облыс бюджеті 134 395 млн. теңгені құрады, оның ішінде мына салалар бойынша:

  • білім — 38 949 млн. теңге, 2014 жыл бюджетіне 4,3 пайызға өсумен;
  • денсаулық сақтау — 21 041 млн. теңге;
  • әлеуметтік қорғау — 4 318 млн. теңге, 2014 жыл бюджетіне 9,5 пайызға өсумен;
  • мәдениет — 2 345 млн. теңге, 2014 жыл бюджетіне 6,2 пайызға өсумен;
  • спорт — 3 903 млн. теңге, 2014 жыл бюджетіне 12,9 пайызға өсумен;
  • туристік қызмет — 13 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 1,4 есе өсуімен;
  • мұрағаттар — 209 млн.теңге;
  • БАҚ — 527 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 10,5 пайызға өсуімен;
  • тілдерді дамыту — 60 млн. теңге;
  • дін — 19 млн. теңге;
  • Қазақстан халқының Ассамблеясы — 32 млн. теңге;
  • жастар саясаты — 78 млн. теңге;

 әлеуметтік-мәдени іс-шараларға барлығы — 71 494 млн. теңге немесе облыс бюджетінен 53 пайыз

  • қорғаныс — 193 млн. теңге;
  • құқық қорғау органдары — 4 464 млн. теңге;
  • басқару органдары — 7 299 млн. теңге;
  • ЖАО резерві — 216 млн. теңге;
  • нақты сектор — 46 547 млн. теңге,

соның ішінде:

  • ауыл шаруашылығы — 17 401 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 1,3 пайызға өсуімен;
  • сумен қамтамасыз ету — 5 261 млн. теңге;
  • жолдар — 5 761 млн. теңге;
  • тұрғын үй салу және сатып алу — 3 237 млн. теңге;
  • инженерлік-коммуникациялық желілер — 3 756 млн. теңге;
  • жылумен және сумен жабдықтауды реконструкциялау — 1 995 млн.теңге;
  • эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу — 533 млн. теңге;
  • ТКШ және елді мекендерді абаттандыру — 1 231 млн. теңге;
  • ауылдағы әлеуметтік сала мамандарын қолдау — 522 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 1,1 есе өсуімен;
  • Бизнестің жол картасы 2020 аясында кәсіпкерлікті дамыту — 1 212 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 1,6 есе өсуімен;
  • Бизнестің жол картасы 2020 аясында индустриалдық инфрақұрылымды дамыту — 1 502 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 8,5 есе өсуімен;
  • Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту — 451 млн. теңге;
  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы — 1 945 млн. теңге, 2014 жылғы бюджетке 1,2 есе өсуімен;
  • басқалар (орман шаруашылығы мекемесін ұстау, жарғылық капитал және т.б.) — 1 740 млн. теңге.

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2015 жылғы 9 айда)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елiмiздi, қазақстандықтардың өмiрiн жарқын ете түсетiн нақты практикалық iстер бағдарламасы. Бiрақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиiмдi еңбектену керектiгiн әркiм-ақ түсiнуi тиiс. Мемлекеттiң мiндетi — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнiң озық елдерi арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгiлiкке бiрiктiретiнiне сенiмдiмiн».

Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзiмдi басымдықтары белгiленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бiрқатар мәселелердi шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуi, түсiмдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 1 қазанға 96,0% атқарылған немесе есептi кезең жоспарындағы 105 132,2 млн. теңгеден 100 953,7 млн. теңге түстi.

Жеке табыстар бойынша жоспар 21 188,3 млн. теңге сомасында немесе 83,5% орындалды (жоспар — 25 366,8 млн. теңге).

Мемлекеттiк кiрiстер департаментiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 25 354,3 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 11 768,3 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 13 586,0 млн. теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 21 104,6 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 83,2% түстi, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 9 526,4 млн. теңге немесе 80,9%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 11 578,2 млн. теңге немесе 85,2%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 76 484,9 млн. теңгеден 76 484,9 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 9 айда 95,1% атқарылды, жоспардағы 105739,8 млн. теңгеден шығыстар 100594,8 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi. Шығыстар 5145,0 млн. теңге сомасында игерiлмедi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2015 жылғы 9 айда 29444,8 млн. теңгенi құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 97,6% (жоспар — 30168 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 1529,5 млн. теңгеден игеру 1095,4 млн. теңгенi немесе 71,6% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 104,5 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 85,9 пайызды құрады (жоспар 121,6 млн. теңге).

1-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2015 жылғы 9 айда)

Денсаулық сақтау бойынша 2015 жылғы 1 қазанда шығыстар 14660,3 млн. теңгенi құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,7% (жоспар 14700,8 млн. теңге).

2-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2015 жылғы 9 айда)

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 3258,8 млн. теңгенi немесе жоспардың 98,8% құрады (жоспар 3297,8 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 44,4 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 90,2% құрады (жоспар 49,2 млн. теңге).

3-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2015 жылғы 9 айда)

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2003,5 млн. теңгеден 1953,9 млн. теңгенi немесе 97,5% құрады (4-кестеге сәйкес).

Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi жоспардағы 256,2 млн. теңгеден 201,1 млн. теңгеге немесе 78,5% жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 80,7 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 67,9% (жоспар 118,9 млн. теңге).

4-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2015 жылғы 9 айда)

Ескерту: 2013-2015 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 3242,3 млн. теңгеден 3195,5 млн. теңге немесе 98,5% игерiлдi (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 3,1 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 3,1 млн. теңге немесе 100,0%).

5-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы (2015 жылғы 9 айда)

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2015 жылғы 1 қазанда тұрғын үй салуға шығыстар 3718,8 млн. теңгенi құрады (жоспар 4844,0 млн. теңге немесе 76,8%), республикалық бюджет қаражаты есебiнен тұрғын үй құрылысына 2647,4 млн. теңге бағытталды.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және реконструкциялауға 2830,4 млн. теңге игерiлдi (жоспар 3040,1 млн. теңге немесе 93,1%).

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамыту бойынша 4894,1 млн. теңге игерiлдi (жоспар 5224,4 млн. теңге немесе 93,7%).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмделген өсiмiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылға бекiтiлген жоспар 881 млн. теңгенi құрайды. 2015 жылғы 1 қазан жоспарындағы 773,3 млн. теңгеден атқарылу 770,9 млн. теңгенi немесе 99,7% құрады, соның iшiнде:

  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға есептi кезең жоспарындағы 679,9 млн. теңгеден 679,9 млн. теңге немесе 100% игерiлдi;
  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға есептi кезең жоспарындағы 2,4 млн. теңгеден 1,5 млн. теңге немесе 62,5% игерiлдi;
  • шағын және орта бизнеске кредиттердi iшiнара кепiлдендiруге жылдық жоспардағы 80 млн. теңгеден 80 млн. теңге немесе 100% игерiлдi.

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыруға 2285,1 млн. теңге бюджет қаражаты бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 1530,1 млн. теңге. Үстiмiздегi жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атқарылу жоспардағы 1970 млн. теңгеден 1823,7 млн. теңгенi немесе 92,6 пайызды құрады, 146,3 млн. теңге игерiлмеген. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бiрiншi бағыт бойынша 2015 жылға әлеуметтiк инфрақұрылымның 31 объектiсiн жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзуге 568,3 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 560,7 млн. теңгеден атқарылу 518,6 млн. теңгенi немесе 92,5 пайызды құрады. Игерiлмегенi 42,1 млн. теңге, соның iшiнде 27,7 млн. теңге — жолды жөндеуге барлық объектiлер бойынша мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеудi қыркүйек айында қайта бөлу жүргiзiлдi, конкурстық рәсiмдер жүргiзiлуде; 0,2 млн. теңге — мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу, 8,5 млн. теңге — ақырғы есеп айырысу мемкоммиссия актiсiне қол қойылғаннан кейiн жасалады, 5,7 млн. теңге — төлем орындалған жұмыс актiлерiне сәйкес төлем жасалды.

Екiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 460,6 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде:

  • жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және салу — 0,5 млн. теңге;
  • кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — 8,8 млн. теңге;
  • микрокредит беру — 451,3 млн. теңге.

Есептi кезең жоспарындағы 451,7 млн. теңгеден атқарылу 100 пайызды құрады.

Үшiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 1055,1 млн. теңгенi құрайды, жоспардағы 802,8 млн. теңгеден атқарылу 700,3 млн. теңгенi немесе 87,2 пайызды құрады, 102,5 млн. теңге игерiлмегенi, соның iшiнде:

  • әлеуметтiк жұмыс орындарының қатысушыларына жалақыны жарым-жартылай субсидиялау, жастар практикасы, кадрларды қайта даярлау, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру, көшу — 0,9 млн. теңге;
  • Петропавл қ. «Береке» ықшам ауданында Ю.А. Гагарин — У. Громова көшелерi бойында екi жатақхана салу — 101,6 млн. теңге (орындалған жұмыс актiсiне сәйкес).

Өзге шығындар:

  • 14 жұмыспен қамту орталығын ұстау жылдық жоспары 199 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 145,7 млн. теңгеден кассалық атқарылу 145,2 млн. теңге немесе 99,7 пайыз.
  • Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жылдық жоспары 2 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 2 млн. теңгеден кассалық атқарылу 0,9 млн. теңге немесе 45,7 пайыз.

Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2015 жылғы 1 жартыжылдық

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елiмiздi, қазақстандықтардың өмiрiн жарқын ете түсетiн нақты практикалық iстер бағдарламасы. Бiрақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиiмдi еңбектену керектiгiн әркiм-ақ түсiнуi тиiс. Мемлекеттiң мiндетi — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнiң озық елдерi арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгiлiкке бiрiктiретiнiне сенiмдiмiн».

Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзiмдi басымдықтары белгiленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бiрқатар мәселелердi шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуi, түсiмдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 1 шiлдеге 96,5% атқарылған немесе есептi кезең жоспарындағы 61616,2 млн. теңгеден 59467,7 млн. теңге түстi.

Жеке табыстар бойынша жоспар 13619,0 млн. теңге сомасында орындалды.

Мемлекеттiк кiрiстер департаментiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 15806,3 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 6993,9 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 8812,3 млн. теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 13619,0 млн. теңге түстi, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 6219,6 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 7399,4 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 44002,7 млн. теңгеден 44002,7 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 1 жартыжылдықта 94,3% атқарылды, жоспардағы 61812,8 млн. теңгеден шығыстар 58263,0 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2015 жылғы 1 жартыжылдықта 21108,5 млн. теңгенi құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 97,8% (жоспар — 21584,9 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 653,9 млн. теңгеден игеру 266,1 млн. теңгенi құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 57,2 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,1 пайызды құрады (жоспар 57,7 млн. теңге).

1-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2015 жылғы 1 жартыжылдық

Денсаулық сақтау бойынша 2015 жылғы 1 шiлдеде шығыстар 9591,0 млн. теңгенi құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,6% (жоспар 9633,4 млн. теңге).

2-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2015 жылғы 1 жартыжылдық

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 2300,6 млн. теңгенi немесе жоспардың 99,1% құрады (жоспар 2320,5 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,8 млн. теңге бағытталды.

3-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2015 жылғы 1 жартыжылдық

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар 1292,2 млн. теңгенi құрады (4-кестеге сәйкес).

Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi 37,2 млн. теңгеге жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 81,9 млн. теңге бағытталды.

4-кесте

Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2015 жылғы 1 жартыжылдық

Ескерту: 2013-2015 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 1961,6 млн. теңгеден 1658,0 млн. теңге (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,0 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 2,0 млн. теңге немесе 100%).

5-кесте


Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2015 жылғы 1 жартыжылдық

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2015 жылғы 1 шiлдеде тұрғын үй салуға шығыстар 2098,4 млн. теңгенi құрады, республикалық бюджет қаражаты есебiнен тұрғын үй құрылысына 1671 млн. теңге бағытталды.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және реконструкциялауға 1334,6 млн. теңге игерiлдi.

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамыту бойынша 2919,1 млн. теңге игерiлдi (жоспар 2929,3 млн. теңге немесе 99,6%).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмделген өсiмiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылға бекiтiлген жоспар 881 млн. теңгенi құрайды. 2015 жылғы 1 шiлде жоспарындағы 551 млн. теңгеден атқарылу 551 млн. теңгенi немесе 100% құрады, соның iшiнде:

  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға есептi кезең жоспарындағы 510 млн. теңгеден 510 млн. теңге немесе 100% игерiлдi;
  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға есептi кезең жоспарындағы 1,0 млн. теңгеден 1,0 млн. теңге немесе 100% игерiлдi;
  • шағын және орта бизнеске кредиттердi iшiнара кепiлдендiруге жылдық жоспардағы 40 млн. теңгеден 40 млн. теңге немесе 100% игерiлдi.

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыруға 2278,1 млн. теңге бюджет қаражаты бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 1530,1 млн. теңге. Үстiмiздегi жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша атқарылу 1231,9 млн. теңгенi Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бiрiншi бағыт бойынша 2015 жылға әлеуметтiк инфрақұрылымның 31 объектiсiн жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзуге 561,4 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 183,1 млн. теңгеден атқарылу 165,3 млн. теңгенi құрады.

Екiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 460,6 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде:

  • жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және салу — 0,5 млн. теңге;
  • кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — 8,8 млн. теңге;
  • микрокредит беру — 451,3 млн. теңге.

Есептi кезең жоспарындағы 451,7 млн. теңгеден атқарылу 100 пайызды құрады.

Үшiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 1055,1 млн. теңгенi құрайды, жоспардағы 582,8 млн. теңгеден атқарылу 518,9 млн. теңгенi құрады.

Өзге шығындар:

  • 14 жұмыспен қамту орталығын ұстау жылдық жоспары 199 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 96 млн. теңгеден кассалық атқарылу 95,5 млн. теңге немесе 99,5 пайыз.
  • Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жылдық жоспары 2 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 0,5 млн. теңгеден атқарылу 100 пайызды құрады.

Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы 1 тоқсан

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елiмiздi, қазақстандықтардың өмiрiн жарқын ете түсетiн нақты практикалық iстер бағдарламасы. Бiрақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиiмдi еңбектену керектiгiн әркiм-ақ түсiнуi тиiс. Мемлекеттiң мiндетi — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнiң озық елдерi арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгiлiкке бiрiктiретiнiне сенiмдiмiн».

Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзiмдi басымдықтары белгiленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бiрқатар мәселелердi шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуi, түсiмдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 1 сәуiрге есептi кезең жоспарындағы 22439,6 млн. теңгеден 22158,2 млн. теңге түстi.

Жеке табыстар бойынша жоспар 6497,2 млн. теңге сомасында орындалды.

Салық комитетiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 6803,6 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 3357,2 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 3446,4 млн. теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 6497,2 млн. теңге түстi, соның iшiнде облыстық бюджетке 3137,9 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 3360,3 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 15633,2 млн. теңгеден 15636,8 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 1-тоқсанда 96,1% атқарылды, жоспардағы 22666,4 млн. теңгеден шығыстар 21779,5 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2015 жылғы 1-тоқсанда 9086,2 млн. теңгенi құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 98,9% (жоспар — 9182,3 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 55,7 млн. теңгеден игеру 47,3 млн. теңгенi немесе 84,9% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 24,3 млн. теңге бағытталды.

1-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы 1 тоқсан

Денсаулық сақтау бойынша 2015 жылғы 1 сәуiрде шығыстар 4437,4 млн. теңгенi құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 94,6% (жоспар 4691,0 млн. теңге).

2-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы 1 тоқсан

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 778,7 млн. теңгенi немесе жоспардың 99,4% құрады (жоспар 783,2 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,1 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 84,6% құрады (жоспар 1,3 млн. теңге).

3-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы 1 тоқсан

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 556,4 млн. теңгеден 545,3 млн. теңгенi немесе 98,0% құрады (4-кестеге сәйкес).

Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi 1,9 млн. теңгеге жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 11,7 млн. теңге бағытталды.

4-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы 1 тоқсан

Ескерту: 2013-2015 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 621,6 млн. теңгеден 627,1 млн. теңге немесе 99,1% игерiлдi (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 4,1 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды.

5-кесте

Облыс бюджетінің атқарылуы 2015 жылғы 1 тоқсан

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2015 жылғы 1 сәуiрде тұрғын үй салуға шығыстар 381,3 млн. теңгенi құрады (жоспар 383,4 млн. теңге немесе 99,4%), республикалық бюджет қаражаты есебiнен тұрғын үй құрылысына 200 млн. теңге бағытталды.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және реконструкциялауға 32,5 млн. теңге бағытталды.

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 398,8 млн. теңге бағытталды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi №301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмделген өсiмiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады:

  1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
  2. Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру;
  3. Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету;
  4. Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылға бекiтiлген жоспар 2410,1 млн. теңгенi құрайды. 2015 жылғы 1 сәуiр жоспарындағы 436 млн. теңгеден атқарылу 435,4 млн. теңгенi немесе 99,9% құрады, соның iшiнде:

  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға есептi кезең жоспарындағы 410 млн. теңгеден 410 млн. теңге немесе 100% игерiлдi;
  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға есептi кезең жоспарындағы 1,0 млн. теңгеден 0,4 млн. теңге немесе 40% игерiлдi;
  • шағын және орта бизнеске кредиттердi iшiнара кепiлдендiруге жылдық жоспардағы 25 млн. теңгеден 25 млн. теңге немесе 100% игерiлдi.

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыруға 4 019,7 млн. теңге бюджет қаражаты бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 3 410,3 млн. теңге. Үстiмiздегi жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша атқарылу 85,6 млн. теңгенi құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бiрiншi бағыт бойынша 2015 жылға инженерлiк-көлiктiк, коммуналды-инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның 46 объектiсiн жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзуге 1 549,7 млн. теңге бөлiндi. Жоспарлы қаржыландырудың басталуы үстiмiздегi жылғы мамыр айынан.

Екiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 1 288,3 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде:

  • Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және салу — 79,5 млн. теңге;
  • Кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — 8,8 млн. теңге;
  • Микрокредит беру — 1 200 млн. теңге.

Жоспарлы қаржыландыру үстiмiздегi жылғы сәуiр айынан.

Үшiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 957,8 млн. теңгенi құрайды, жоспардағы 148,9 млн. теңгеден атқарылу 40,6 млн. теңгенi құрады.

Өзге шығындар:

  • 14 жұмыспен қамту орталығын ұстау жылдық жоспары 219,9 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 45,7 млн. теңгеден кассалық атқарылу 45 млн. теңге немесе 98,5 пайыз.
  • Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жылдық жоспары 4 млн. теңге. Жоспарлы қаржыландыру үстiмiздегi жылғы сәуiр айынан.
Мақаланың шыққан күні: 18.03.2017 10:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 11:00
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 80
35%
Әлеуметтік сала - 55
24%
Денсаулық сақтау - 54
24%
Мәдениет - 20
9%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы