A- A A+
Облыс бюджетінің атқарылуы (2018 жылғы)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында атап өтілгендей: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.».

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2018 жылы 100,3% атқарылған немесе есепті кезең жоспарындағы 192 329,8 млн. теңгеден 192 812,4 млн. теңге түсті.

Жеке кірістер бойынша жоспар 41 528,9 млн. теңге сомасында немесе 101,1% орындалды (жоспар – 41 080,8 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаментімен ескерілетін салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 36 278,9 млн. теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 15 233,3 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша – 21 045,6 млн. теңге.

Есепті кезеңде облыс бюджетіне 37 045,3 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 102,1% түсті, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 15 436,8 млн. теңге немесе 101,3%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша – 21 608,5 млн. теңге немесе 102,7%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 140644,9 млн. теңге сомасында немесе 100% түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2018 жылы 99,3% атқарылды, жоспардағы 193 888,0 млн. теңгеден шығыстар 193 497,0 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 391,0 млн. теңге сомасында игерілмеді.

Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2018 жылы 51 280,0 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,8% (жоспар – 51 393,3млн. теңге).

Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 1 556,2 млн. теңгеден игеру 100,0% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2408,0 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,9 пайызды құрады (жоспар 2409,4 млн. теңге).

1-кесте

Білім беру

Денсаулық сақтау бойынша 2018 жылғы шығыстар 3 682,6 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар 3 685,9 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1 064,6 млн. теңге бағытталды, игеру 100 пайызды құрады.

2-кесте

Денсаулық

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 6 509,9 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9% құрады (жоспар 6 514,4 млн. теңге).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 82,5 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 82,5 млн.теңге).

3-кесте

Әлеуметтік сақтау

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 3 605,2 млн. теңгеден 3 602,3 млн. теңгені немесе 99,9% құрады (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 110,7 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 99,9% (жоспар 110,8 млн. теңге).

4-кесте

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар

Спорт бойынша жоспардағы 4 666,3 млн. теңгеден 4 659,8 млн. теңге немесе 99,9% игерілді (5-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 102,1 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 102,1 млн. теңге немесе 100,0%).

5-кесте

Спорт

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2019 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй салуға шығыстар 14 507,1 млн. теңгені құрады (жоспар 14 587,8 млн. теңге немесе 99%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 6326,2 млн.теңге тұрғын үй салуға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша жоспар 1 375,6 млн. теңге, игерілу 1 368,6 млн.теңге немесе 99,5%.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2019 жылғы 1 қаңтарға 1328,6 млн. теңге игерілді немесе 100% игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
  2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
  3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;
  4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
  5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;
  6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
  7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау; 
  8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
  10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
  11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2018 жылға нақтыланған жоспар 2 028,0 млн.теңгені құрайды. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жоспардағы 2028 млн.теңгеден атқарылу 2 028,0 млн.теңгені немесе 100% құрады, соның ішінде:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға есепті кезең жоспарындағы 1 802 млн.теңгеден 1 802 млн.теңге немесе 100% игерілді;
  • жеке кәсіпкерлікті қолдауға есепті кезең жоспарындағы 16 млн.теңгеден 16 млн.теңге игерілді;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге жылдық жоспардағы 210 млн. теңгеден 210 млн.теңге немесе 100% игерілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2018 жылы 5654,9 млн.теңге сомасына бюджеттік қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 3337,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 2317,7 млн.теңге.

2018 жылғы жоспардағы 5671,9 млн.теңгеден игерілу 5654,9 млн.теңгені немесе 99,7 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бірінші бағыт бойынша жылдық жоспардағы 633,2 млн.теңгеден игерілгені – 632,6 млн.теңге. оның ішінде: бірінші мамандықты алу үшін тегін кәсіби оқуға 340,9 млн.теңге; қысқа мерзімді кәсіби оқуға 291,7 млн.теңге немесе 99,9 процент игерілді;

Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жылдық жоспар 2930,9 млн.теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 2750,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 179,9 млн.теңге, игерілу 2921,1 млн.теңге немесе 99,7%. Игерілмегені 9,8 млн.теңге («ҚазАгроГарант» АҚ қайтару).

Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 1670,8 млн.теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 475,2 млн.теңге, жергілікті бюджетен 1195,5 млн.теңге. Игерілу 1665,1 млн.теңгені немесе 99,7 пайызды құрады, игерілмеу 5,7 мың теңге, соның ішінде:

әлеуметтік жұмыс орындары бойынша: 400 мың теңге – алушылардың нақты санының азаюына байланысты; 278 мың теңге – жастар практикасы, бағдарлама қатысушыларының тұрақты жұмыс орындарына қатысуына байланысты; қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шығыстар өтеуге субсидиялар – 175,4 мың теңге, контингент жоқ; қоғамдық жұмыстар – 66,6 мың теңге, бағдарлама қатысушыларының тұрақты жұмыс орындарына орналасуына байланысты, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру – 4738,3 мың теңге, 2408,8 мың теңге – мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу; 2300,0 мың теңге – төлем жасалмаған; себебі шарт талаптары орындалмаған; 29,5 мың теңге – төлем факт бойынша жасалған;

Басқа да шығыстар:

14 жұмыспен қамту орталықты ұстау – жылдық жоспар – 435,9 млн.теңге, игерілгені 435 млн.теңге немесе 99,8%, жұмыспен қамту орталықтарын ұстау бойынша үнемдеу.

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу – жылдық жоспар 1,1 млн.теңге, игерілгені 1,05 млн.теңге. Игерілмегені 45,3 мың теңге, мемлекеттік сатып алу қорытындысынан үнемдеу.

2018 жылы Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Азаматтар Петропавл қаласының сыртқы келбетіндегі елеулі өзгерістерге тікелей куәгер болды.

Сонымен, Форумға дайындық барысында өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 9 696,2 млн. теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Үкімет резервінің есебінен 3 400,8 млн.теңге сомасына Петропавл қаласының көшелерін жарықтандыру желісі реконструкцияланды және қала көшелеріне орташа жөндеулер жүргізілді.

2 121,8 млн.теңге сомасына Петропавл қаласының әуежайына әуе кемелерінің тұрақтарын және кіреберісін реконструкциялау жүргізілді.

Оқушылар сарайының құрылысы аяқталды және құны 4 173,7 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат 100% игерілді.

Мақаланың шыққан күні: 29.03.2019 00:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2019 00:36
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы