A- A A+
Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 2 тоқсан

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі — экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері…», деп атап өтті.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Облыс бюджеті кіріс бойынша 2012 жылдың 1 шілдесіне 101,9% атқарылды, немесе жоспардағы 50502,6 млн теңгеден 51467 млн теңге түсті.

Меншікті кірістер бойынша жоспар 112103,2 млн теңге сомасында немесе 110% атқарылды (жоспар — 10192,1 млн теңге).

Салық комитетімен есепке алынатын салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 10191,7 млн теңгені құрайды, оның ішінен облыстық бюджеттің жоспары 4868,5 млн теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 5323,3 млн теңге.

Есепті кезең ішінде облыс бюджетіне 10774,5 млн теңге, немесе нақтыланған жоспардан 105,7% түсті, соның ішінде облыстық бюджетке 4956,8 млн теңге, немесе 101,8%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 5817,6 млн теңге, немесе 109,3%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 38723,2 млн теңгеден 38669,4 млн теңге сомасында түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2012 жылдың 1 шілдесіне 96% атқарылды, жоспардағы 52853,4 млн. теңгеден шығыстар 50723 млн теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 2130,4 млн теңге сомасында игерілмеген.

Білім берудің мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2012 жылдың 1 шілдесіне 19199,2 млн теңгені құрады (1 таблицаға сәйкес), немесе жоспардан 98,3% (жоспар — 19539,3 млн.теңге).

Білім берудің объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 410,7 млн теңгеден игеру 310,1 млн теңгені немесе 75,5% құрады.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердің күрделі жөндеуі 246,7 млн теңге сомасына жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 301,8 млн теңге бағытталған, жоспардан игеру 80,3 пайызды құрады (жоспар 374,7 млн теңге).

1 таблица

Денсаулық сақтау бойынша 2012 жылдың 1 шілдесіне шығыстар 8435,6 млн теңгені құрады (2 таблицаға сәйкес), немесе жоспардан 97,4% (жоспар 8660,9 млн теңге).

Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 570,1 млн теңге жұмсалды. Қаражат толық көлемде игерілді.

Медициналық мекемелерге күрделі жөндеу 83,8 млн теңге сомасына жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 150,3 млн теңге бағытталған, жоспардан игеру 63,5% құрады.

2 таблица

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 1940,4 млн теңгені құрады, немесе жоспардан 99,3% (жоспар 1954,5 млн теңге).

Әлеуметтік қорғау объектілерін күрделі жөндеуге 2,7 млн теңге бағытталды, қаражат игерілді. Әлеуметтік қорғау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 22,7 млн.теңге бағытталған, жоспардан игеру 92,7% құрады (жоспар 24,5 млн теңге).

3 таблица

Мәдениет бойынша шығыстар 972,3 млн теңгені, жоспардағы 995 млн теңге немесе 97,7% құрады (4 таблицаға сәйкес). Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәдениет объектілерінің күрделі жөндеуі жоспардағы 147,1 млн теңгеден 73,8 млн теңгеге жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 34,7 млн теңге бағытталған, қаражат толық көлемде игерілді.

4 таблица

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 949 млн теңгеден 943 млн теңге немесе 99,4% игерілді (5 таблицаға сәйкес). Туризм және спорт объектілерін дамытуға 41,7 млн теңге бөлінді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат 49,2 млн теңге сомасында бағытталды (жоспар 49,6 млн теңге немесе 95,7%).

5 таблица

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2012 жылдың 1 шілдесіне тұрғын үй салуға шығыстар 1442,8 млн теңгені құрады (жоспар 1799,3 млн теңге немесе 80,2%), республикалық бюджет қаражаты есебінен 545,5 млн теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салуға 2012 жылдың 1 шілдесіне 99,3 млн теңге бағытталды (жоспар 1061,4 млн теңге немесе 93,6%).

2012 жылдың 1 шілдесіне облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 587,5 млн теңге бағытталды. Қаражат толық көлемде игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты орындар құру болып табылады. Бағдарламаның міндеттері болып мыналар табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсіпкерлік секторын сауықтыру; 3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; 4) Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту.

2012 жылға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 928428 мың теңге бөлінді, оның ішінен:

  • кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 398000 мың теңге;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша 76482 мың теңге;
  • бизнес жүргізуді сервистік қолдауға 30885 мың теңге;
  • индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 423061 мың теңге.

2012ж.01.07 жағдайына индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша есепті кезеңнің жоспарындағы 240106 мың теңгеден атқарылу 112822,7 мың теңгені немесе 47% құрады. Жобаларға ЖСҚ болмау себебінен 127283,3 мың теңге игерілмеген.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 2012 жылға 3465 млн теңге бөлінген, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 3156 млн теңге, 309 млн теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен. 2012 жылғы 1 жартыжылдыққа 1721,5 млн теңге бөлінген, 1307,7 млн теңге немесе 76% игерілді. 413,8 млн теңге игерілмеген, соның ішінде 383,4 млн теңге — республикалық бюджет, 30,4 млн теңге — жергілікті бюджет.

Бірінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 970,9 млн теңгені құрайды (республикалық бюджет қаражаты есебінен), 2012 жылғы 1 шілдеге игеру жоспардағы 490,3 млн теңгеден 440,8 млн теңгені құрайды, 49,5 млн теңге игерілмеген.

Екінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 671,9 млн теңгені құрайды (республикалық бюджет қаражаты есебінен), 2012 жылғы 1 шілдеге игеру жоспардағы 610,9 млн теңгеден 600 млн теңгені құрайды, 10,9 млн теңге игерілмеген.

Үшінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 1361,7 млн теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 1052,7 млн теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 309 млн теңге, 2012 жылғы 1 шілдеге игеру жоспардағы 417,6 млн теңгеден 162,7 млн теңгені құрайды, 254,9 млн теңге игерілмеген соның ішінде республикалық бюджет 224,4 млн теңге, жергілікті бюджет 30,5 млн теңге.

Төртінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 460,5 млн теңгені құрайды (республикалық бюджет қаражаты есебінен), 2012 жылғы 1 шілдеге игеру жоспардағы 202,6 млн теңгеден 104,1 млн теңгені құрайды, 98,5 млн теңге игерілмеген.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 10:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 15:08
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы