A- A A+
Облыс бюджетiнiң атқарылуы 2013 жылғы 2 тоқсан

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында айтқандай, «Бiз бюджет саясатының жаңа принциптерiмен қарулануға — өз мүмкiндiктерiмiз шегiнде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкiндiкте қысқартуға тиiспiз. Ұзақ мерзiмде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет».

Салық салынатын базаның өсуi, түсiмдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Облыс бюджетi кiрiс бойынша 2013 жылғы 1 шiлдеге 102,1% атқарылды немесе жоспардағы 53207,9 млн. теңгеден 54324,2 млн. теңге түстi. Кiрiс бөлiгiн асыра атқару жалпы облыс бойынша 1116,3 млн. теңгенi құрады.

Меншiктi кiрiстер бойынша жоспар 12460,3 млн. теңге сомасында немесе 109,9 % атқарылды (жоспар — 11341,6 млн. теңге).

Салық комитетiмен есепке алынатын салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 11332,3 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнен облыстық бюджеттiң жоспары 5601,4 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 5730,9 млн. теңге.

Есептi кезең iшiнде облыс бюджетiне 12426,9 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 109,7% түстi, соның iшiнде облыстық бюджетке 5859,5 млн. теңге немесе 104,6%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетiне — 6567,4 млн. теңге немесе 114,6 %.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 41029,3 млн. теңгеден 41026,8 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2013 жылғы 1 шiлдеге 96,3% атқарылды, жоспардағы 54003,5 млн. теңгеден шығыстар 52019,6 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi. Шығыстар 1983,9 млн. теңге сомасында игерiлмедi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2013 жылғы 1 шiлдеге 19421,2 млн. теңгенi құрады (1-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 99,2% (жоспар — 19577,4 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жоспардағы 108,5 млн. теңгеден игеру 107,5 млн. теңгенi немесе 99,1% құрады.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердiң күрделi жөндеуi 110,5 млн. теңге сомасында жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 67 млн. теңге бағытталды.

1-таблица

 

Денсаулық сақтау бойынша 2013 жылғы 1 шiлдеге шығыстар 10876,4 млн. теңгенi құрады (2-таблицаға сәйкес).

Медициналық мекемелерге күрделi жөндеу 190,8 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

2-таблица

 

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 1788,1 млн. теңгенi құрады немесе жоспардан 99,7% (жоспар 1793,8 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 59,8 млн.теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,7% құрады (жоспар 60 млн. теңге).

3-таблица

 

Мәдениет бойынша шығыстар жоспардағы 966,1 млн. теңгеден 947 млн. теңгенi немесе 98% құрады (4-таблицаға сәйкес). Мәдениет объектiлерiнiң күрделi жөндеуi 23,4 млн. теңгеге жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 36,6 млн. теңге бағытталды.

4-таблица

 

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 981,7 млн. теңгеден 973,9 млн. теңге немесе 99,2% игерiлдi (5-таблицаға сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 8 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды.

5-таблица

 

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi.

2013 жылғы 1 шiлдеге тұрғын үй салуға шығыстар 1447,5 млн. теңгенi құрады, республикалық бюджет қаражаты есебiнен 344,1 млн. теңге инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға 495,9 млн. теңге бағытталды.

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 492,9 млн. теңге бағытталды немесе жоспардың 100%.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және баланстандырылған өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты орындар құру болып табылады.

Бағдарламаның мiндеттерi болып мыналар табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

2013 жылы «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 1213 млн.теңге бөлiндi:

  • жеке кәсiпкерлiктi қолдауға — 25 млн.теңге, есептi кезеңге 1,4 млн.теңге игерiлдi;
  • пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға — 499,6 млн. теңге, қаражат толық көлемде игерiлген;
  • кредиттердi кепiлдендiруге — 50 млн. теңге, жоспардағы 18,1 млн.теңгеден игерiлу 100 құрады;
  • бизнестi жүргiзудi сервистiк қолдауға — 37,4 млн.теңге;
  • индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға — 601 млн.теңге.

2013 жылға арналған Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 2380,0 млн. теңге бөлiндi. 2013 жылғы 1-тоқсанда 1139,1 млн. теңге игерiлдi.

Бiрiншi бағыт бойынша есептi кезеңдегi жоспарда 316,1 млн. теңгеден атқарылу 313,7 млн. теңгенi құрады, соның iшiнде мына түрлер бойынша:

  • әлеуметтiк жұмыс орындарының қатысушыларына жалақыны жартылай субсидиялауға, жастар практикасына, кадрларды қайта даярлау және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға — 103,8 млн. теңге;
  • 14 жұмыспен қамту орталықтарын ұстауға — 75,8 млн. теңге.
  • бiлiктiлiктi арттыру, кәсiби даярлау және қайта даярлау тегiн курстарына — 134,1 млн. теңге.

Екiншi бағыт бойынша есептi кезең жоспарындағы 503,1 млн.теңгеден атқарылу 501,3 млн. теңгенi құрады, соның iшiнде:

  • ауылда кәсiпкерлiктi дамытуды қолдауға арналған бюджеттiк кредиттердi ұсыну — 500 млн.теңге, немесе жоспардың 100%.
  • Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын кәсiпкерлiкке оқыту — 1,3 млн.теңге.

Үшiншi бағыт бойынша есептi кезең жоспарындағы 163,8 млн.теңгеден атқарлу 133,7 млн.теңге құрады.

Төртiншi бағыт бойынша есептi кезеңдегi жоспар 229,1 млн.теңге, атқарылу 190,5 млн.теңге.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2017 12:00
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы