A- A A+
Облыс бюджетінің атқарылуы (2018 жылғы 3 тоқсандағы)

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін».

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2018 жылғы 1 қазанда 102,1% атқарылған немесе есепті кезең жоспарындағы 149 506,5 млн. теңгеден 152 590,8 млн. теңге түсті.

Жеке табыстар бойынша жоспар 29 762,1 млн. теңге сомасында немесе 109,3% орындалды (жоспар — 27 299,6 млн. теңге).

Мемлекеттік кірістер департаментімен ескерілетін салық түсімдері бойынша нақтыланған жоспар 24 462,2 млн. теңгені құрайды, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 9 278,8 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 15 183,4 млн. теңге.

Есепті кезеңде облыс бюджетіне 26 728,6 млн. теңге немесе нақтыланған жоспардан 109,3% түсті, соның ішінде облыстық бюджет жоспары 11 158,5 млн. теңге немесе 120,3%, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 15 570,1 млн. теңге немесе 102,5%.

Республикалық бюджеттен трансферттер 113 722,9 млн. теңге сомасында немесе 100% түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2018 жылғы 3-тоқсанда 99,3% атқарылды, жоспардағы 150 404,9 млн. теңгеден шығыстар 149 310,0 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 1 094,5 млн. теңге сомасында игерілмеді.

Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2018 жылғы 3-тоқсанда 38 432,6 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 100% (жоспар — 38 441,7 млн. теңге).

Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 1 077,0 млн. теңгеден игеру 100,0% құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 292,0 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,4 пайызды құрады (жоспар 293,5 млн. теңге).

1-кесте

Білім беру

Денсаулық сақтау бойынша 2018 жылғы 1 қазанда шығыстар 2 408,5 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,8% (жоспар 2 412,2 млн. теңге).

2-кесте

Денсаулық сақтау

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 4 581,3 млн. теңгені немесе жоспардың 100% құрады (жоспар 4 583,5 млн. теңге).

3-кесте

Әлеуметтік қорғау

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2 515,7 млн. теңгеден 2 516,4 млн. теңгені немесе 100,0% құрады (4-кестеге сәйкес).

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 90,2 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100,0% (жоспар 90,2 млн. теңге).

4-кесте

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 3 607,6 млн. теңгеден 3 607,4 млн. теңге немесе 100,0% игерілді (5-кестеге сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 92,0 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 92,0 млн. теңге немесе 100%).

5-кесте

Спорт

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2018 жылғы 1 қазанға тұрғын үй салуға шығыстар 10 542,4 млн. теңгені құрады (жоспар 10 542,4 млн. теңге немесе 100%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 4 060,7 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша жоспар 581,6 млн. теңге, игерілу 567,2 млн. теңге немесе 97,5%.

Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 9 926,9 млн. теңге игерілді (жоспар 9 931,8 млн. теңге немесе 99,9%).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
  2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
  3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;
  4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
  5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;
  6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
  7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау;
  8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  9. Кәсіпкерлердің/индустриалды-инновациялық қызмет субъектілер құзыретін арттыру;
  10. Кәсіпкерлердің/индустриалды-инновациялық қызмет субъектілер өнімділігін арттыру;
  11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бойынша 2018 жылға нақтыланған жоспар 2 051,3 млн. тенгені құрайды. 2018 жылғы 1 қазанға жоспарындағы 1 414 млн. теңгеден атқарылды 1 413,8 млн. теңге немесе 100% құрады, соның ішінде:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға есепті кезең жоспарындағы 902 млн. теңгеден игерілді 902 млн. теңге немесе 100% игерілді;
  • жеке кәсіпкерлікті қолдауға есепті кезең жоспарындағы 16 млн. теңгеден игерілді 16 млн. теңге, яғни 100%;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге жылдық жоспардағы 210 млн. теңгеден 210 млн. теңге, яғни 100% игерілді;
  • индустриялық инфрақұрылымды дамытуға есепті кезең жоспарындағы 286 млн. теңгеден 285,8 млн. теңге немесе 99,9% игерілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2018 жылы 6282,8 млн. теңге сомасына бюджеттік қаражат бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 4027,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2 555,7 млн. теңге.

2018 жылғы 1қазанға жоспардағы 4470,0 млн. теңгеден игерілу 4463,8 млн. теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бірінші бағыт бойынша бірінші мамандықты алу үшін тегін кәсіби оқуға жоспардағы — 196,1 млн. теңгеден 194,8 млн. теңге игерілді; қысқа мерзімді кәсіби оқуға жоспардағы 254,0 млн. теңгеден 254,0 млн. теңге игерілді немесе 100 пайыз.

Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жылдық жоспар 3016,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 2620,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 396,4 млн. теңге. есепті кезеңдегі жоспардағы 2785,7 млн. теңгеден 1 қазанға 2785,7 млн. теңге игерілді.

Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 2196,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 1289,9 млн. теңге, жергілікті бюджетен 907,1 млн. теңге. Есепті кезеңдегі жоспарындағы 914,6 млн. теңгеден игерілу 909,7 млн. теңгені немесе 99,5 пайызды құрады, игерілмеу 1585,6 мың теңге, соның ішінде:

әлеуметтік жұмыс орындары бойынша: 22 мың теңге — алушылардың нақты санының азаюына байланысты; жастар практикасы — 133,7 мың теңге, қоныс аударғандарға тұрғын-үйді жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі шығыстарды өтеу бойынша субсидия — 996,1 мың теңге, контингенттің болмауына байланысты, көшуге арналған субсидия — 169 мың теңге, контингенттің болмауына байланысты, қоғамдық жұмыстар — 165,7 мың теңге, бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмысқа орналастыруға байланысты, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру — 99,1 мың теңге, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу.

Басқа да шығыстар:

14 жұмыспен қамту орталықты ұстау — жылдық жоспар — 428,1 млн. теңге, есепті кезеңдегі жоспарындағы 319,1 млн. теңгеден 318,9 млн. теңге игерілді немесе 100%.

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу — жылдық жоспар 1,1 млн. теңге. 1 қазанға жоспардағы 555 мың теңгеден 554,1 мың теңге игерілді. Контингенттің болмауына байланысты 0,9 мың теңге игерілмеді.

Мақаланың шыққан күні: 24.11.2018 15:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 15:36
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы