A- A A+
Облыс дамуының қорытындысы

Соңғы 10 жылдағы облыс дамуының қорытындысы (2009-2019 жж.)

Жалпы өңірлік өнім. 2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 908,4 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың 9 айы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1 644,4 мың теңгені құрады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнім құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен пайызға ие — 26,4%, өнеркәсіп үлесіне — 11,5% келеді, сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге — 13,2%, көлік және қоймада сақтау — 12,6%, құрылысқа — 5,2% келеді.

2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 908,4 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8% ұлғайды.

2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім өндірісінде ең көп үлесті Алматы қ. — 18,5%, ең аз үлесті Солтүстік Қазақстан облысы — 2,05% алады.

Азық-түлік тағамдардың өндірісі. Бүгінгі таңда бұл сала өңдеуші өнеркәсіп көлемінің жарты бөлігіне ие. 2019 жылы азық-түлік тағамдардың өндіріс көлемі 119,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2008 жылдың көлемінен 10%-ке артық. Сүт пен қаймақ өндірісінде оң үрдістер 16,6%-ке, макарон өнімдері — 16,3%-ке, өсімдік майы — 23,5%-ке, сары май — 7,2%-ке.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылы 254,4 млрд. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағада 2009 жыл деңгейінен 1,4 есе асып түседі.

Өңдеу өнеркәсібі өнімдері өндірісінің көлемі 2019 жылы 186,8 млрд. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағада 2009 жыл деңгейінен 1,3 есе жоғары.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2018 жылы 520,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 472,9 млрд. теңгені құрады. Соңғы 10 жылда шағын бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 89 есе өсті (2009 жылы — 5,3 млрд. теңге, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек 472,9 млрд. теңгені құрады).

Негізгі капиталға инвестициялар. Инвестициялық қызметті дамыту экономиканың өсуіне әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Соңғы 10 жылда облыс экономикасын дамытуға әртүрлі көздерден 1 400,9 млрд. теңге жіберілген, соның ішінде 65,9% — кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті кірістері, 22,5% — бюджеттік қаражат, 8,5% — қарыз қаражат, 3,1% — банктік қарыздар

10 жылда негізгі капиталға инвестицияларды игеру бойынша басымды салалар ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп болып табылады, оларға облыстың жалпы инвестициялары көлемінен сәйкесінше 38,5% және 22,8% жіберілді.

2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығына кемінде 538,8 млрд. теңге салынды. Ауыл шаруашылығын дамытуда басты орын ірі инвесторларды тартуға беріледі, олар машина-трактор паркін жаңартуға және өндірісті дамытуға айтарлықтай қаражат салды және салуда.

Облыс өнеркәсібі қарқынды дамуда, соңғы 10 жылда оны дамытуға кемінде 319,9 млрд. теңге жіберілді.

Сумен жабдықтау. Облыстың ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтау жөніндегі өткір әлеуметтік мәселені шешу «2002-2010 жылдарға арналған ауыз су» салалық бағдарламаға және 2003-2010 жылдарға арналған облыстық сумен жабдықтау бағдарламасына сәйкес мақсатты түрде жүргізілді, нәтижесінде жалпы тұрғындар саны 111,4 мың адам облыстың 145 елді мекеніне ауыз су берілді, 193,6 мың адам тұратын 122 елді мекеннің сумен жабдықталуы жақсартылды.

1463 км су құбыры салынды және реконструкцияланды, одан 379 км топты су тартқышты реконструкциялау, Ақжар, Жамбыл және Уәлиханов аудандарын сумен жабдықтау үшін су тартқыштарының жалпы ұзақтығы 315 км 6 бұталы ұңғымалы бастоған және Тайынша қ. сумен жабдықтау үшін 43 км су тартқыш салу, 28 елді мекенге топты су құбыры бұрғыштарының 169 км және 33 ірі елді мекенде тарату желілерінің 508 км реконструкциялау, су тартқыштарының жалпы ұзақтығы 49 км 64 жергілікті ұңғымалы бастоған салу, Сергеевка және Петропавл 1 кезекті гидротүйіндерді реконструкциялау.

Осы мақсаттарға 19 млрд. теңге жұмсалды, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты — 14,9 млрд. теңге, жергілікті бюджет — 2,5 млрд. теңге, Азия даму банкінің қарызы — 1,5 млрд. теңге, шаруашылық жүргізу субъектілері — 96 млн. теңге.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» (бұдан бұрын — «Ақ бұлақ») бағдарламасы қолданыста болған жылдары (2011-2018 жж.) 36,4 млрд. теңге жіберілді, 1,9 мың км құбыр салынды, облыстың 36,9 мың адам халқы бар 56 елді мекеніне ауыз су тартылды,халық саны 182 мың адам 141 елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды.

Облыс ауылдарын орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімдік 2010 жылғы 49%-дан 2018 жылы 57,5%-ға (10,6%-ға) артты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша халық саны 29 мың адам болатын 48 ауылда су берілді және сумен жабдықтау жақсартылды. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 62,4%, ауыл тұрғындары — 81,7%-ға жетті.

Облыстың сыртқы сауда айналымы. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 2007 жылға қарағанда 36,9% қысқарып, 739,4 млн. АҚШ долларын құрады.

2009 жылы экспорт көлемі 2007 жыл деңгейіне қарағанда 2,2 есеге қысқарып, 136,8 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттың негізгі үлесін мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (2009 жылы — 87,6% немесе 119,8 млн. АҚШ доллары), минералды өнімдер (2009 жылы — 4,8% немесе 6,6 млн. АҚШ доллары), металлдар мен одан жасалған бұйымдар (4,7% немесе 6,4 млн. АҚШ доллары) алады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша импорт көлемі 2007 жылға қарағанда 31,0% қысқарып, 602,6 млн. АҚШ долларын құрады. Әкелінетін тауарлардың айтарлықтай көлемі мыналарға келеді: минералды шикізат (2009 жылы — 40,4%); машиналар, жабдықтары, көлік құралдары (2009 жылы — 26,3%); химия өнеркәсібінің және оған байланысты салалардың өнімдері (2009 жылы — 11,8%); мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (2009 жылы — 9,3%).

2010-2017 жылдар аралығында тауар айналымының жалпы көлемінде облыстың Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдермен тауар айналымының айтарлықтай үлесі мынадай көрініс тапты: 2010ж. — 78,3%, 2011 ж. — 80,9%, 2012 ж. — 66,3%, 2013 ж. — 73,2%, 2014 ж. — 72,4%, 2015 ж. — 68,6%, 2016 ж. — 62,6%, 2017 ж. — 67,0%.

Сөйтіп, 2017 жылғы өзара сауданы ескергенде, облыстың сыртқы сауда айналымы 604,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылғы өзара сауданы ескергенде, облыстың сыртқы сауда айналымы көлемінен 31,8%-ға кем, ол 2010 жылғы екінші жартыжылдықтан бастап ескеріледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерге экспортталатын негізгі тауарлар бидай, меслин, ұн, рапс тұқымы, электр энергиясы, құбыршалар, құбырлар, профильдер, мыс сынықтары және қалдықтары, қара металлдардың сынықтары және қалдықтары, цистерналар, ыдыстар және т.б. болып табылады.

Негізінен импортталатындар: мұнай және мұнай өнімдері, үй тұрмысына қажетті заттар, ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар, құбырлар, құбыршалар мен дайын өнім өндірісіне арналған профильдер, құбырларға арналған арматуралар.

Сондай-ақ, облыс жақын және алыс шетелдің 60-тан астам елімен ынтымақтастық жасайды. Сауданың айтарлықтай көлемі келесі елдерге келеді: Ауғанстан, Қытай, Өзбекстан, Германия, Бельгия, Польша, Тәжікстан, Швеция, АҚШ.

2019 жылғы қаңтар-қарашада Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауданы ескере отырып, алдын ала деректер бойынша 560,4 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасып, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артты. Бұл ретте, жалпы экспорт 212,9 млн. АҚШ долларын (24,3%- ға өсті), жалпы импорт — 347,5 млн. АҚШ долларын (1,3%- ға өсті) құрады.

Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына кредиттік салымдар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өсті және 01.01.2020 ж. 148,5 млрд. теңгені құрады.

Депозиттік база да айтарлықтай өсті. Демек, 2010 жылдың 1 қаңтарында тартылған депозиттер көлемі 25,5 млрд. теңгені құраса, ал 2020 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша депозиттер көлемі 181,2 млрд. теңгеге дейін немесе 7,1 есе өсті.

Екінші деңгейдегі банктер берген кредиттердің жалпы көлемі 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,9 есеге өсіп, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 166,8 млрд. теңгені құрады (2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда — 28,1 млрд. теңге).

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2016 10:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2020 16:31
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов Казахстана Стратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы