A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша қысқаша қорытындысы

 «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысының банк секторында 2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 14 аймақтық екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен олардың 42 құрылымдық бөлімшелері бар.

Несие нарығы. Облыстағы банктердің кредиттеу көлемі 2019 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша 2018 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4% артып, 148,5 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың кредит салымдарының үлесі 1,1% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың кредиттік салымдар көлемі, әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың кредит салымы 50,1 млрд. теңгені құрайды, 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда (2018ж. желтоқсанда — 45,1 млрд.тг.) 11,1% жоғары, жеке тұлғалар бойынша — 98,4 млрд. теңге, 2018 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда өсім 21,0% (2018ж. желтоқсанда — 81,3 млрд. теңге) құрады. Жалпы кредит салымдарының көлеміндегі жеке тұлғалар кредиттерінің үлес салмағы 66,3% құрады.

Есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер арқылы 166,8 млрд. теңге кредит берілді, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 21,1% жоғары (2018ж. — 137,7 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеуге 35,7 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 17,7% төмен (2019ж. 01.01. — 43,4 млрд. теңге). Берілген кредиттердің жалпы көлемінен шағын бизнеске берілген кредиттердің үлес салмағы 2018ж. қаңтар-желтоқсан және 2019ж.қаңтар-желтоқсан сәйкесінше 31,6% және 21,4% құрайды.

Тұтыну және ипотекалық кредиттер нарығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кредит беру көлемдерінің ұлғаюы байқалады. Осылайша, тұтыну кредиттері — 53 748,0 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен (2019ж.01.01. — 44 878,0 млн. теңге) 19,8% артық берілген. Халыққа берілген ипотекалық кредиттер өткен жылғы сәйкес кезеңнен (2019ж.01.01. —  9 429,0 млн. теңге) 1,9 есеге артты немесе 18 294,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және халықтың ақша қаражатының көлемі 181,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% көбейді.

Банк секторының ресурстық базасын толықтырудың негізгі көзі халықтың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 171,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% өсті (2019 ж. 01.01. — 156,5 млрд. теңге). Жеке тұлғалардың дипозиттері жалпы көлемнің 94,4% құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0% өсіп, 10,1 млрд. теңгені құрады (2019 ж. 01.01. — 10,0 млрд. теңге).

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 14,4% артып, 145,5 млрд. теңгеге дейін өсті, ал, шетел валютасындағы депозиттер 35,7 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттердің үлесі 80,3% құрады. Депозиттер бойынша долларландыру деңгейі 19,7% дейін төмендеді (2019 ж.01.01. — 23,6%).

Халықтың жан басына шаққандағы салымы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4% артып, 311,4 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 107 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 77,0 млн. АҚШ доллардың, 9,8 млн. еуроның және 8 400,6 млн.ресей рублінің таза сатылуы болды. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, ресей рублін айырбастау пункттерінің сатып алу көлемінің 7,2% артқаны, сату бойынша — 1,1% төмендеуі байқалады. АҚШ долларын сатып алу кезінде төмендеу — 20,0%, ал сату бойынша — 15,2% өсті. Еуроны айырбастау пунктерінің сатып алуы 1,7%, ал сатуы — 25,2% өскенін көрсетеді.

Облыстың төлем карточкаларының нарығы (ЕДБ филиалдары және «Қазпошта» АҚ). 2019 жылғы 1 желтоқсандағы төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі келесі түрде ұсынылған: 321 банкомат (2018ж.01.12. жағдайда — 308), 3 683 POS-терминалдар (2018ж.01.12. — 2 970), төлем карточкаларын пайдаланатын 1779 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (2018ж.01.12. — 1 412), 561,0 мың адам карточка ұстаушылар (2018ж.01.12. жағдайында — 360,0 мың адам).

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында төлем карточкаларын қолдану арқылы 350,3 млрд.теңге сомасында 14,3 млн. операция (2018ж. қаңтар-қарашасында — 269,4 млрд.теңге 8,7 млн. операция) жасалды. Қолма-қол ақшаларды алу бойынша аталған төлем операцияларының көлемі 275,4 млрд. теңгені немесе 78,6% құрады, қолма-қолсыз төлемдер (төлем карточкасы арқылы тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер) — 74,9 млрд. теңге немесе үлес салмағы 21,4% (2018ж. қаңтар-қараша айында — 13,8%) құрады.

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:11
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Ақпан 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы