2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы | Облыстағы банк секторы қызметінің 2020 жылғы қаңтар-мамыр айының қысқаша қорытындысын хабарлайды
A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2020 жылғы қаңтар-мамыр айының қысқаша қорытындысын хабарлайды

 «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысының банк секторында 2020 жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша 14 аймақтық екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен олардың 42 құрылымдық бөлімшелері бар.

Кредит нарығы. Облыстағы банктердің кредиттеу көлемі 2020 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34% көбейіп, 171,1 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың кредит салымдарының үлесі 1,22% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың кредиттік салымдар көлемі, әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың кредит салымы 59,5 млрд. теңгені құрайды, 2019 жылға қарағанда (2019 ж. — 41,1 млрд. тг.) 44,7% жоғары, жеке тұлғалар бойынша 111,6 млрд. теңге, 2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда өсім 29% (2019 ж. қаңтар-мамырда — 86,6 млрд. теңге) құрады. Жалпы кредит салымдарының көлеміндегі жеке тұлғалар кредиттерінің үлес салмағы 65,3% құрады.

Есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер арқылы 77,1 млрд. теңге кредит берілді, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 25,9% жоғары (2019 ж. — 61,2 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеуге 15,6 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,5% төмен (2019 ж. қаңтар-мамырында — 16,5 млрд. теңге). Берілген кредиттердің жалпы көлемінен шағын бизнеске берілген кредиттердің үлес салмағы 2019 ж. қаңтар-мамыр және 2020 ж. сәйкесінше 27,0% және 20,3% құрайды.

Тұтыну және ипотекалық кредиттер нарығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кредит беру көлемдерінің азаю байқалады. Осылайша, тұтыну кредиттері — 17 990 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен (2019 ж. 5 айда — 20 030 млн. теңге) 10,2% кем берілген. Халыққа берілген ипотекалық кредиттер өткен жылғы сәйкес кезеңнен (2019 ж. 5 айда —  6 687 млн. теңге) 23,4% кем немесе 5 122 млн. теңгені құрады.

Депозиттер нарығы. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және халықтың ақша қаражатының көлемі 184,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3% көбейді.

Банк секторының ресурстық базасын толықтырудың негізгі көзі халықтың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 169,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8% өсті (2019 ж. 01.06. — 157,2 млрд. теңге). Жеке тұлғалардың дипозиттері жалпы көлемнің 91,7% құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 15,4 млрд. теңгені (2019 ж. 01.06. — 8,8 млрд. теңге) құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2020 ж. 01.06. 11,6% артып, 147,4 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 37,4 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттердің үлесі 79,8% құрады. Депозиттер бойынша долларландыру деңгейі 20,2% дейін азайды (2019 ж. 01.06. — 20,5%).

Халықтың жан басына шаққандағы салымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артып, 309,5 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 103 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, 2020 жылдың қаңтар-мамыр айында 19,04 млн. АҚШ доллардың, 1,92 млн. еуроның және 2 121,13 млн. ресей рублінің таза сатылуы болды.

Облыстың төлем карточкаларының нарығы (ЕДБ филиалдары және «Қазпошта» АҚ). 2020 жылғы 1 сәуірдегі* төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі келесі түрде ұсынылған: 327 банкомат (2019 ж. 01.04. жағдайда — 315), 3 914 POS-терминалдар (2019 ж. 01.04. — 3 047), төлем карточкаларын пайдаланатын 1 948 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (2019 ж. 01.04. — 1 517), 2020 ж. 1 мамырында карточка ұстаушылардың саны 615,4 мың адамды құрайды (2019 ж. 01.05. жағдайында — 362,8 мың адам).

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында төлем карточкаларын қолдану арқылы 176,0 млрд.теңге сомасында 8,6 млн. операция (2019 ж. қаңтар-сәуірінде — 105,9 млрд.теңге сомасында 3,7 млн. операция) жасалды. Қолма-қол ақшаларды алу бойынша аталған төлем операцияларының көлемі 98,4 млрд. теңгені немесе 55,9% құрады, қолма-қолсыз төлемдер (төлем карточкасы арқылы тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер) — 77,6 млрд. теңге немесе үлес салмағы 44,1% (2019 ж. қаңтар-сәуірде — 14,6%) құрады.

*Ақпарат тоқсан сайын жаңартылады

Мақаланың шыққан күні: 26.06.2020 22:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2020 22:08
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов Казахстана Стратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы