A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2018 жылғы қаңтар айы бойынша қысқаша қорытынды

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысы банк секторының 2018 жылдың 1 ақпандағы жағдайында 16 аймақтық екінші деңгейлі банктердің филиалдары және олардың 47 құрылымдық бөлімшелері қызмет көрсетті.

Несие нарығы. Облыста несие беру көлемі 2018 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 10,2 пайызға артқан және 112,5 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың несие салымының үлесі 0,90% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың несие салымының көлемі әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың несие салымы 41,0 млрд. теңгені құрайды, 2017 жылдың қаңтар айындағыдан (2017 ж. қаңтарда — 38,5 млрд. тг.) 6,5% жоғарлады, жеке тұлғалар бойынша — 71,5 млрд. теңге, 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 12,3% (2017 ж. қаңтарда — 63,7 млрд. теңге) өскен. Жалпы несие салымдарының көлемінде жеке тұлғалар несиелерінің үлес салмағы 63,5% құрады.

Есепті кезеңде екінші деңгейлі банктер берген несиенің жалпы көлемі 8,9 млрд. теңгені құрады, ол 2017 жылғы сәйкес кезеңінен 11,3% артты.

Салалық құрылымда ең көп сома саудаға (14,1%), ауыл шаруашылығына (8,7%), өнеркәсіпке (8,5%) және көлікке (2,5%) тиесілі.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектіні несиелеуге 3,2 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңінен 5,9% төмен. Берілген несиелердің жалпы көлемінің шағын бизнеске берген несиелердің үлес салмағы 2017 жылдың қаңтарда 43,0% құраса, 2018 жылдың қаңтарда 36,0% құрады.

Тұтыну және ипотекалық несиелер нарығында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда несие беру көлемінің ұлғаюы байқалды. Осылайша, тұтынушылар несиесі — 3 015,0 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2017 ж. 01.02. — 2 111,4 млн. теңге) 1,4 есеге артық берілген. Тұрғындарға берілген ипотекалық несие алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен (2017 ж. 01.02. — 303,3 млн. теңге) 1,9 есеге артық немесе, 581,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердің филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражатының көлемі 150,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 25,9% артты.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негізгі көзі тұрғындардың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 141,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,9% (2017 ж. 01.02. жағдайында — 113,8 млрд. теңге) өсті. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесіне депозиттердің жалпы сомасының 93,5% келеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш 1,6 есеге көбейіп, 9,8 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,4 есеге көбейген және 109,7 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 41,1 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 72,7% құрады. Депозиттер бойынша долларлану деңгейі 27,3% дейін төмендеді (2017 ж. 01.02. жағдайынд — 35,0%).

Тұрғындардың бір адам басына шаққандағы салымы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9% өсіп, 252,5 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдайда уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 109 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, қаңтар айында 3,4 млн. АҚШ доллардың, 0,2 млн. еуроның және 475,8 млн. ресей рублінің таза сатылымдары жүргізілді. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда айырбастау пунктерінің ресей рублін сатып алу бойынша — 9,4% артқаны және сатылуы бойынша 12,4% төмендегені байқалды. 10,3% АҚШ доллары сатып алынған, ал сатылуы 0,8% көбейген. Айырбастау пунктерінің еуроны сатып алу 1,2% төмендеді, сату 7,0% артты.

Облыстағы төлем карточкаларының нарығы дұрыс даму үстінде. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желісі 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай мынадай түрде берілді: 286 банкомат (2017 ж. 01.01. жағдайында — 289), 3 128 pos-терминал (11,7% немесе 328 бірлікке өскен). Осылайша, есепті кезеңеде облыс бойынша 179 тұрғынға 1 терминалдан, 1 952 тұрғынға — 1 банкоматтан келеді. Төлем карточкаларын пайдаланушыларға және карточка ұстаушыларға саудалық — қызмет көрсету кәсіпорындары қарқынды дамуда, бұл дегеніміз, олардың санының 7,6% немесе 1 605 дейін, ал карточка ұстаушылардың 7,1%, яғни 348,7 мың адамға өскенін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1. Валюталық операцияларды тіркеу;
  2. Шетел банкіндегі банк шоттарын ашу жөніндегі немесе валюталық операциялар туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу;
  5. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» және «микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуі» «электронды үкімет: www.egov.kz» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат «Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» тарауында Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында, сонымен қатар «Бизнес» тарауының «Мемлекеттік органдар бойынша көрсетілетін қызметтер» кіші тарауында www.egov.kz» веб-порталына орналастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2018 14:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.03.2018 14:16
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы