A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2020 жылғы қаңтар айының қысқаша қорытындысын хабарлайды

 «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысының банк секторында 2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 аймақтық екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен олардың 42 құрылымдық бөлімшелері бар.

Кредит нарығы. 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстағы кредит салымдарының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3% артып, 152,4 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемде облыстың кредит салымдарының үлесі 1,11% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың кредиттік салымдар көлемі, әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың кредиттік салымдары 53,5 млрд. теңгені құрайды, 2019 жылғы қаңтарға қарағанда 25,9% жоғары (2019ж. қаңтарда — 42,5 млрд.теңге), жеке тұлғалар бойынша — 98,9 млрд. теңге, 2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда өсім 22,0% құрады (2019ж. қаңтарда — 81,0 млрд. теңге). Кредиттік салымдардың жалпы көлеміндегі жеке тұлғалар кредиттерінің үлес салмағы 64,8% құрады.

Есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер арқылы 15,4 млрд. теңге сомаға кредит берілді, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 2,1 есе жоғары (2019ж. — 7,3 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың қаңтар айында шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге 1,5 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 21,1% төмен (2019ж. 01.02. — 1,9 млрд. теңге). Шағын бизнеске берілген кредиттердің үлес салмағы берілген кредиттердің жалпы көлемінен 2019ж. қаңтар және 2020ж. қаңтар 26,0% және 9,7% құрады.

Тұтыну және ипотекалық кредиттер нарығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кредит беру көлемдерінің ұлғаюы байқалады. Осылайша, тұтыну кредиттері — 3,7 млрд. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен (2019ж.01.02. — 3,2 млрд. теңге) 19,8% артық берілген. Халыққа берілген ипотекалық кредиттер өткен жылғы сәйкес кезеңнен (2019ж.01.02. — 812,0 млн. теңге) 21,8% артты немесе 989,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк филиалдарымен тартылған тұрғындар мен заңды тұлғалардың ақша қаражатының көлемі 183,0 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% көбейді.

Банк секторының ресурстық базасын толықтырудың негізгі көзі халықтың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 172,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% өскені байқалады (2019 ж. 01.02. — 156,9 млрд. теңге). Депозиттердің жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесіне 94,1% келеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,9% өсіп, 10,8 млрд. теңгені құрады (01.02.2019 ж. — 10,5 млрд. теңге).

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 13,2% артып, 148,0 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 35,0 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 80,9% құрады. Депозиттер бойынша долларландыру деңгейі 19,1% дейін төмендеді (2019 ж.01.02. — 21,9%).

Халықтың орташажан басына шаққандағы салымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8% артып, 313,7 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 103 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, 2020 жылғы қаңтарда 4,4 млн. АҚШ доллардың, 0,6 млн. еуроның және 370,4 млн. ресей рублінің таза сатылуы болды. 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, айырбастау пункттерінің ресей рублін сатып алу көлемінің 13,9%, сату бойынша — 2,5% өсуі байқалады. АҚШ долларын сатып алу бойынша — 16,3%, ал сату бойынша — 0,6% төмендеді. Еуроны айырбастау пунктерінің сатып алуы 6,9%, ал сату бойынша — 3,9% өскенін көрсетеді.

Облыстың төлем карточкаларының нарығы (ЕДБ филиалдары және «Қазпошта» АҚ). 2020 жылғы 1 қантардағы төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі келесі түрде ұсынылған: 318 банкомат (2019ж.01.01. жағдайда — 310), 3 782 POS-терминалдар (2019ж.01.01. — 2 931), төлем карточкаларын пайдаланатын 1 845 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (2019ж.01.01. — 1 424), 595,4 мың адам карточка ұстаушылар (2019ж.01.01. жағдайында — 356,7 мың адам).

2020 жылдың қаңтарында төлем карточкаларын қолдану арқылы 39,4 млрд.теңге сомасында 1,9 млн. операция (2019ж. қаңтарында — 27,7 млрд.теңге 0,8 млн. операция) жасалды. Қолма-қол ақшаларды алу бойынша аталған төлем операцияларының көлемі 22,8 млрд. теңгені немесе 57,9% құрады, қолма-қолсыз төлемдер (төлем карточкасы арқылы тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер) — 16,6 млрд. теңге немесе үлес салмағы 42,1% (2019ж. қаңтарда — 11,2%) құрады.

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2020 14:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2020 14:27
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы