A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2018 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша қысқаша қорытынды

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

 Солтүстік Қазақстан облысы банк секторының 2018 жылдың 1 наурыздағы жағдайында 16 аймақтық екінші деңгейлі банктердің филиалдары және олардың 47 құрылымдық бөлімшелері қызмет көрсетті.

Несие нарығы. Облыста несие беру көлемі 2018 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9,0 пайызға артқан және 111,6 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың несие салымының үлесі 0,89% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың несие салымының көлемі әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың несие салымы 40,0 млрд. теңгені құрайды, 2017 жылдың ақпан айындағыдан (2017 ж. ақпанда — 38,8 млрд. тг.) 3,1% жоғарлады, жеке тұлғалар бойынша — 71,6 млрд. теңге, 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 12,6% (2017 ж. ақпанда — 63,6 млрд. теңге) өскен. Жалпы несие салымдарының көлемінде жеке тұлғалар несиелерінің үлес салмағы 64,2% құрады.

Салалық құрылымда ең көп сома саудаға (14,8%), ауыл шаруашылығына (7,6%), өнеркәсіпке (8,2%) және көлікке (2,4%) тиесілі.

Есепті кезеңде екінші деңгейлі банктер берген несиенің жалпы көлемі 18,4 млрд. теңгені құрады, ол 2017 жылғы сәйкес кезеңінен 14,3% артты.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектіні несиелеуге 6,8 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңінен 2,9% төмен. Берілген несиелердің жалпы көлемінің шағын бизнеске берген несиелердің үлес салмағы 2017 жылдың қаңтар-ақпанында 43,4% құраса, 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 37,0% құрады.

Тұтыну және ипотекалық несиелер нарығында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда несие беру көлемінің ұлғаюы байқалды. Осылайша, тұтынушылар несиесі — 6 032,0 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2017 ж. 01.03. — 4 466,2 млн. теңге) 1,4 есеге артық берілген. Тұрғындарға берілген ипотекалық несие алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен (2017 ж. 01.03. — 698,0 млн. теңге) 1,6 есеге артық немесе, 1 086,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражатының көлемі 150,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 26,9% артты.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негізгі көзі тұрғындардың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 142,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,1% (2017 ж. 01.03. жағдайында — 113,6 млрд. теңге) өсті. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесіне депозиттердің жалпы сомасының 94,3% келеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш 1,7 есеге көбейіп, 8,6 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 2017 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 1,4 есеге көбейген және 111,4 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 39,3 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 73,9% құрады. Депозиттер бойынша долларлану деңгейі 26,0% дейін төмендеді (2017 ж. 01.03. жағдайында — 33,0%).

Тұрғындардың бір адам басына шаққандағы салымы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5% өсіп, 254,7 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдайда уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 104 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, қаңтар-ақпан айында 5,3 млн. АҚШ доллардың, 0,7 млн. еуроның және 1 157,7 млн. ресей рублінің таза сатылымдары жүргізілді. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда айырбастау пунктерінің ресей рублін сатып алу бойынша — 23,5% артқаны және сатылуы бойынша 32,8% төмендегені байқалды. АҚШ долларын сату және сатып алу 1,8% сәйкес, яғни 26,9% төмендеген. Айырбастау пунктерінің еуроны сатып алуы 15,7% төмендеп, сату 37,6% түсті.

Облыстағы төлем карточкаларының нарығы дұрыс даму үстінде. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желісі 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай мынадай түрде берілді: 288 банкомат (2017 ж. 01.02. жағдайында — 292), 3 131 pos-терминал (10,4% немесе 294 бірлікке өскен). Осылайша, есепті кезеңеде облыс бойынша 178 тұрғынға 1 терминалдан, 1 938 тұрғынға — 1 банкоматтан келеді. Төлем карточкаларын пайдаланушыларға және карточка ұстаушыларға саудалық — қызмет көрсету кәсіпорындары қарқынды дамуда, бұл дегеніміз, олардың санының 6,1% немесе 1 606 дейін, ал карточка ұстаушылардың 10,8%, яғни 350,7 мың адамға өскенін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1. Валюталық операцияларды тіркеу;
  2. Шетел банкіндегі банк шоттарын ашу жөніндегі немесе валюталық операциялар туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу;
  5. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» және «микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуі» «электронды үкімет: www.egov.kz» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат «Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» тарауында Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында, сонымен қатар «Бизнес» тарауының «Мемлекеттік органдар бойынша көрсетілетін қызметтер» кіші тарауында www.egov.kz» веб-порталына орналастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 29.03.2018 15:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2018 16:09
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы