A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша қысқаша қорытындысы

 «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысының банк секторында 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша 14 аймақтық екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен олардың 41 құрылымдық бөлімшелері бар.

Несие нарығы. Облыста несие беру көлемі 2019 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша 2018 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 15,0% артып, 133,4 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың несие салымының үлесі 1,0% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың несие салымының көлемі, әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың несие салымы 40,7 млрд. теңгені құрайды, 2018 жылдың тамыз айындағыдан (2018ж. тамызда — 37,3 млрд.тг.) 9,1% көтерілді, жеке тұлғалар бойынша — 92,7 млрд. теңгені, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 17,8% (2018ж. тамызда — 78,7 млрд. теңге) өсімді құрады. Жалпы несие салымдарының көлемінде жеке тұлғалар несиелерінің үлес салмағы 69,5% құрады.

Есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер берген несиенің жалпы көлемі 102,2 млрд. теңгені құрады, ол 2018 жылғы сәйкес кезеңінен 14,2% жоғары (2018ж. —– 89,5 млрд. тенге).

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерді несиелеуге 25,3 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңінен 11,8% төмен (2018ж.01.09. — 28,7 млрд. теңге). Берілген несиелердің жалпы көлемінен шағын бизнеске берген несиеледің үлес салмағы 2018 жылдың қаңтар-тамызында 32,1% құраса, 2019 жылдың қаңтар-тамызында 24,7% құрады.

Тұтыну және ипотекалық несиелер нарығында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда несие беру көлемінің көбейгендігі байқалды. Осылайша, тұтынушылар несиесі — 34 702,0 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен (2018ж.01.09. — 30 465,0 млн. теңге) 13,9% артық берілген. Тұрғындарға берілген ипотекалық несие алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен (2018ж.01.09 — 5 463,0 млн. теңге) 2,1 есеге артты немесе 11 427,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражатының көлемі (депозиттер) 166,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,7% артты.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негізгі көзі тұрғындардың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 157,6 млрд. теңгені құрады, бұл — 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5% (2018ж.01.09. жағдайында — 148,0 млрд. теңге) өсті. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесіне депозиттердің жалпы сомасының 94,5% келеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,0% ұлғайып, 9,1 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 2018 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 11,4% артқан және 128,1 млрд. теңгені құрады, ал, шетел валютасындағы депозиттер 38,6 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 76,8% құрады. Депозиттер бойынша долларлану деңгейі 23,2% дейін төмендеді (2018ж. 01.09. жағдайында — 26,4%).

Тұрғындардың бір адам басына шаққандағы салымы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% өсіп, 285,9 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 107 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айында 47,7 млн. АҚШ доллардың, 6,5 млн. еуроның және 5 666,6 млн.ресей рублінің таза сатылымдары жүргізілді. 2018 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда айырбастау пунктерінің ресей рублін сатып алу бойынша — 3,5% және сатылуы бойынша — 0,5% көбейгені байқалды. АҚШ долларын сатып алуға келетін болсақ, төмендеу 20,7%-ды құрады, ал сату — 18,6% өсті. Айырбастау пунктерінің еуроны сатып алу — 1,6% төмендеп, сатылуы 37,9% өскені байқалады.

Облыстың төлем карточкаларының нарығы. (ЕДБ филиалдары және «Қазпошта» АҚ). Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желісі 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мынадай: 317 банкомат (2018ж.01.08. жағдайында — 300), 3 211 POS-терминал (2018ж.01.08. жағдайында — 2 880), төлем карточкаларын пайдаланатын 1 565 сауда-сервистік кәсіпорын (2018ж.01.08. жағдайында — 1 394), 527,3 мың карточка ұстаушылар (2018ж.01.08. жағдайында — 342,4 мың адам).

2019 жылғы шілде айында төлем карточкасын пайдаланушылармен 31,8 млрд. теңге сомасына 1,2 млн. операция (2018ж. шілде айында — 26,1 млрд. теңге сомасында 0,8 млн. операция) жасалған. Қолма-қол ақшаларды алу бойынша аталған төлем операцияларының көлемі 26,4 млрд. теңгені немесе 83,0% құрады, қолма-қолсыз төлемдер (төлем карточкасы арқылы тауар және көрсетілген қызмет үшін төлемдер) — 5,4 млрд. теңге немесе үлес салмағы 17,0% (2018ж. шілде айында — 14,9%).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 3 түрін көрсетеді:

  1. Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;
  2. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу;
  3. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» және «микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуі» «электронды үкімет: www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат «Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» тарауында Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында, сонымен қатар «Бизнес» тарауының «Мемлекеттік органдар бойынша көрсетілетін қызметтер» кіші тарауында www.egov.kz веб-порталына орналастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 30.09.2019 15:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2019 15:57
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы