A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметiнiң 2017 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша қысқаша қорытынды

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстiк Қазақстан облысы банк секторының 2017 жылдың 1 сәуiрi жағдайында 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктердiң филиалдары және олардың 50 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Несие нарығы. Облыста несие беру көлемi 2017 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша өткен жылғы сәйкес мерзiммен салыстырғанда 4,3 пайызға артқан және 102,5 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегi облыстың несие салымының үлесi 0,82% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың несие салымының көлемi әдеттегiдей, заңды тұлғалардан басым . Заңды тұлғалардың несие салымы 38,4 млрд. теңгенi құрайды, өткен жылдың наурыз айымен (2016 ж. наурызда — 34,5 млрд.тг.) салыстырғанда 11,3% жоғары, жеке тұлғалар бойынша — 64,1 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 0,5% (2016 ж. наурызда — 63,8 млрд. теңге) өскен. Жалпы несие салымдарының көлемiнде жеке тұлғалар несиелерiнiң үлес салмағы 62,5% құрады.

2016 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда ұзақ мерзiмдi және орта мерзiмдi несиелердiң көлемi 82 млрд. теңгеге дейiн, яғни 0,6% көтiрiлдi. Несие салымдарының жалпы көлемiндегi орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлес салмағы 80% құрады.

Есептi кезеңде екiншi деңгейдегi банктер берген несиенiң жалпы көлемi 25,1 млрд. теңгенi құрап, 1,5 есеге артты.

Салалық құрылымда ең көп сома саудаға (17,4%), өнеркәсiпке (10%), көлiкке (5,9%) және ауыл шаруашылығына (4,6%) тиесiлi.

Ағымдағы жылдың есептi кезеңiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiнi несиелеуге 10,6 млрд. теңге бөлiндi, бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiнен 1,5 есеге жоғары. Берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң шағын бизнеске берген несиелердiң үлес салмағы 2016 жылдың қаңтар-наурызда 39,8% құраса, 2017 жылдың қаңтар-наурызда 42,2% құрады.

Есептi кезеңде заңды тұлғаларға 15,1 млрд. теңге немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 60,2% берiлсе, жеке тұлғаларға 10,0 млрд. теңге (2016 жылғы қаңтар-наурыз — 5,9 млрд. теңге) берiлдi.

Депозит нарығы. 2017 жылғы 1 сәуiр жағдайы бойынша банктердiң филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражатының көлемi 121,6 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 1,2 есеге артты.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 115,5 млрд. теңгенi құрады, бұл 2016 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 1,3 есеге (91,1 млрд. теңге) өстi. Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 95% келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 9 пайызға азайып, 6,1 млрд. теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 1,9 есеге өскен және 82,5 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 39,1 млрд. теңгенi құрады. Ұлттық валютадағы депозиттердiң үлес салмағы 67,8% құрады. Депозиттер бойынша долларлану деңгейi 32,2% дейiн төмендедi (2016ж. 01.04. жағдайында — 55,7%).

Тұрғындардың бiр адам басына шаққандағы салымы 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 24,3% өсiп, 213,8 мың теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттердiң сыйақы мөлшерiнiң тартымды болуы салдарынан (11,3%) облыс бойынша 2017 жылғы наурызда ұлттық валютадағы депозиттерге 25,9 млрд. теңге салынған, оның iшiнде заңды тұлғалардың депозит тартылуы 13,7 млрд. теңгенi немесе 52,9% құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2017 жылғы 1 сәуiрi жағдайында 117 айырбастау пункттерi, уәкiлеттi ұйымдар, «Қазпошта» АҚ филиалы және ЕДБ филиалдары қызмет көрсеттi, қаңтар-наурызда 6,73 млн. АҚШ доллардың, 1,92 млн. еуроның және 1287,84 млн.ресей рублiнiң таза сатылымдары жүргiзiлдi. 2016 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда ресей рублiн сатып алу бойынша — 6,5% артқаны және сатылуы бойынша 11,5% төмендегенi байқалды. 52,2% АҚШ доллары сатып алынған, ал сатылуы 25,1% төмендеген. Еуроны сатып алу 28% төмендедi, сату 3,1% артты.

Облыстағы төлем карточкаларының нарығы дұрыс даму үстiнде (мәлiмет 1 сәуiр жағдайы бойынша). Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2017 жылғы 1 сәуiрi жағдайында мынадай түрде берiлдi: 294 банкомат (2016 ж. 01.04. жағдайында — 282), 3034 pos-терминал (30,6% немесе 711 бiрлiкке өскен). Осылайша, есептi кезеңеде облыс бойынша 187 тұрғынға 1 терминалдан, 1934 тұрғынға — 1 банкоматтан келедi.

Төлем карточкаларын пайдаланушыларға және карточка ұстаушыларға саудалық — қызмет көрсету кәсiпорындары қарқынды дамуда, бұл дегенiмiз, олардың санының 26,3% немесе 1641-ға дейiн, ал карточка ұстаушылардың 8,8%, яғни 323,8 мың адамға өскенiн көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

«Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2017 10:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2017 10:44
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы