A- A A+
2016 жыл қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы СҚО аудандары мен Петропавл қ, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талдау

Әлеуметтік-экономикалық даму талдауы өңір кесіндісінде елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық қарқынын объективті бағалау мақсатында жыл сайын жүргізіледі.

Облыс және аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талдау объектілері болып табылады.

Рейтинг жүргізу үшін Қазақтан Республикасының Статистика агенттігінің және ведомстволық статистиканың мәліметтері ақпарат көзі болып табылады.

2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық талдау қарқыны жөнінде өңірішілік талдау нәтижесі бойынша:

  • Даму қарқыны жоғары өңірлер тобына мына аудандар кірді: Ғ.Мүсірепов атынд (1 орын), Тимирязев (2 орын), Тайынша (3 орын), Шал ақын (4 орын), Ақжар (5 орын);
  • Даму қарқыны орташа өңірлер тобына мына аудандар кірді: Айыртау (6 орын), Уәлиханов (7 орын), Петропавл қаласы (8 орын), Аққайың (9 орын);
  • Даму қарқыны төмен өңірлер тобына мына аудандар кірді: М.Жұмабаев (14 орын), Қызылжар (13 орын), Жамбыл (12 орын), Есіл (11 орын) және Мамлют (10 орын).

Өнеркәсіп

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесін өңдеу өнеркәсібі алады — 72 %, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа тазартқышын беру — 22,7% құрайды. Облыстың жалпы өндіріс көлемінде кен өндіру өнеркәсібі қазіргі уақытта 1,5% құрайды.

2016 жылы облыстың өнеркәсіптік секторымен өнім өндірілді, 191,7 млрд. теңге сомасына өнеркәсіптік тұрғыдағы қызметтер көрсетілді, нақты көлем индексі 100,5%.

Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 6% өсті, сусындар — 75,6%-ға, тоқыма бұйымдары — 2,1 есе, негізгі фармацевтикалық өнімдер — 2,7 есеге, өзге де металл емес өнімдер — 6,3%-ға, химия өнеркәсібі өнімдері — 46,7, өзге де көлік құралдарын өндіру — 19,8%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа тазартқышымен қамтамасыз ету — 9,1%-ға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі 6,3%-ға өсті.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі — 70,6%, машина жасау — 10,4%-ға, киім — 2,3%-ға, ағаш және тоздан жасалған бұйымдар — 4,9%-ға, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер — 27%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар — 3,2%-ға, дайын металл бұйымдарын — 49,9% төмендеді.

2016 жылы өнеркәсіпте пайдалануға 29 жаңа өндіріс берілді. Жаңа өндірістерді іске қосу және әрекеттегілерді қайта жаңарту және кеңейту арқылы 649 жұмыс орны ашылды.

Машина жасау саласы. Бүгінгі таңда, салада негізгі үш бағыт қалыптасқан — мұнай-газ, көлік және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау.

Өндіріс көлемі Қазақстан Республикасының жетекші кешендерінің қажеттіліктері үшін импорт алмастыратын өнімдер шығару есебінен ұлғаюда.

Өңдеу өнеркәсібінің 23,2% көлемін алатын машина жасау саласында 32 000 млн. теңгеге өнім шығарылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау кәсiпорындарының тапсырыс портфелi 36,8 млрд. теңге құрады, шарттардың маңызды көлемдерi мұнайгаз компанияларына — 8,2 млрд. теңге және темiржол кешендерiне — 17,2 млрд. теңге келедi. Жасалған келiсiмшарттар аясында 24,1 млрд. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

«ПАМЖЗ» АҚ 26%-ға өткен жылдың ұқсас кезеңі өндірісінің деңгейіне жеткен жоқ, себебі 60%-ға ПАП-60 көтергіш қондырғылардың өндірісінің болған жоқ. Сондай-ақ, МБУ өндірісі жоқ, 46%-ға жылу алмасу жабдығының өндірісі төмендеген.

Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі бюджеттік қаражаттың қысқаруы және «Қазмұнайгаз» ҰҚ» АҚ өндіруші кәсіпорындарда мұнай және газ ұңғымаларын жөндеу және бұрғылауға арналған техниканың сатып алынуын қайтару, темір жол секторының негізгі ірі тапсырысшыларының бюджеттерін қайтадан қарау және қысқарту болып табылады.

«ЗИКСТО» АҚ есепті кезеңдегі өндіріс көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады, өсім — 71,2%, арнайы өнімді шығару арқылы, астық тасмалдаушылар мен платформалар 353 бірлік.

«С.М. Киров ат.зауыт» АҚ 2016 жылы баспа платаларын жасау учаскесін жаңғырту жөнінде жоба іске асырылды, екі жақты баспа платаларын жасайтын желі сатып алынды және пайдалануға берілді, ол 300-450 мм көлеміндегі платаларды жасауға мүмкіндік береді. 2015 жылға қарағанда өсім қарқыны 108% құрады.

Өндірістің жоспарын орындау және «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін сұйықтықты айдауға арналған орталықтан тепкіш сорғыларды(штангалы тереңдікке арналған сорғылар), дайын өнімді жөнелтуге арналған келісімшарттар мерзімдері шеңберінде 9%-ға аз жасалынды (2016 ж. — 6 502 бірлік, 2015 ж. — 7 178 бірлік).

Тұтастай алғанда кәсіпорын 2016 жылы 2 млн. 093 млн. теңгеге өнім өндірді, өсім қарқыны — 93%.

«Казмұнайгазмаш» АҚ өндірісі 43% өсті. «ЗМО» ЖШС — өсім қарқыны 129,3% құрады.

Тамақ өнімдері өндірісі. Қазіргі уақытта сала өңдеу өнеркәсібінің жартысынан астам бөлігін алады. 2016 жылы тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі көлемі 83,6 млрд. теңге, бұл 2015 жылғы көлеменен 6%-ға артық. Өндірісте оң үрдістерге қол жеткізілді: ұн — 32,7%-ға, жаңа піскен нан — 1,5%-ға, ірімшік және сүзбе — 6,6%-ға, сары май — 1,6%-ға, кондитер өнімдері — 12,0%, жемшөп дайын жануарлар үшін — 11,5%-ға, алкогольді ішімдіктер — 2 есе артқаны байқалады.

Соңғы жылдары ұн тарту өнеркәсібі дамуда, бұл тиімділігі жоғары инновациялық технологиялардың негізінде бәсекеге қабілетті өнімді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ұн тартатын кәсіпорындар тұтыну нарығының қанығуын қамтамасыз етеді және осы кезеңде бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетеді.

Өңірдің жетекші ұн тарту кәсіпорындары: Мамлют ұн үгу комбинаты, «Асыл-Дан» ЖШС, «Султан ЭММК» АҚ, «Фирма Диканшы» ЖШС, «СевЕсильЗерно» ЖШС, «КЭСС» ЖШС өндірілген өнімдерін экспортқа жібереді.

Энергетикалық сала, облыстың негізі сияқты табысты үдемелі дамуы үшін жағдай жасайды, өңірдің экономикалық және әлеуметтік қажеттілігін энергия ресурстармен қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан облысының энергетикалық кешені «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «Көкшетау Энерго» ЖШС компаниялар тобымен ұсынылды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (ПЖЭО-2) энерго өндіретін кәсіпорын, «Петропавлдық Жылу Желілері» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ және «Севказэнергосбыт» ЖШС — жылу және энергетикалық желілерін, «СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындар тобымен ұсынылды.

ЖЭО-2 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл қ. жылу энергияның, Петропавл қ. және Солтүстік Қазақстан облысының сегіз ауданына электр қуатының басты көзі болып табылады. Ішкі нарығына жеткізіліммен қатар, облыс шегінен тыс электр қуатының жеткізілуі жүзеге асырылады.

Негізгі жабдықтар құрамына 12 энергетика шаңкөмір қазандықтары мен 7 құбыр агрегаттар жатады.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стансаның орнатылған электр қуаты 541 МВт, жылу қуаты 713 Гкал/с құрайды. Көмірдің жылдық қажеттілігі 3,1 млн.тоннаны, қара май 3,3 мың тоннаны құрайды.

Петропавл ЖЭО-2 электр энергиясын өндіру 2016 жылы 3207 млн.кВтс құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 14% артық. 2015 жылы жылу энергиясын өндіру 1,791 млн.Гкал құрады.

2016 жылдың желтоқсанында 2-ЖЭО «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ № 12 қазан агрегатты және № 5 түрбоагрегатты пайдалануға енгізілді. Жобалардың құны 3,4 млрд. және 6,6 млрд. теңгені құрады.

«Петропавлдық Жылу Желілері» ЖШС қызметтерінің негізгі түрі Петропавл қ. тұтынушыларға жылу энергияны беру және бөлу болып табылады. Кәсіпорын қаланың тұрмыстық секторы 68 мың абонеттеріне және 2 мыңнан астам абоненттерге — заңды тұлға мекенжайларына жылу энергияны тасымалдауды жүзеге асырады. Кәсіпорынның теңгерімде 233,3 км жылу желілерін бар, соның ішінде 83,7 км магистралды желілер және 149,6 км тарату, 5 магистралды сорғы стансасы және 47 абоненттік.

2016 жылы ЖШС «Петропавлдық Жылу Желілері» 14.7 км жылу желілердің күрделі жөндеуі, сондай-ақ 11.7 км ұшыраған құбырдың жылу оқшалауы, 225 дана қармау арматурасын ауыстыру өткізілді.

Петропавл қ. жылу желілердің жаңарту мәселесін шешу үшін және жылумен жабдықтау саласына халқыаралық қаржы институтарын тарту бойынша елдің Президентінің тапсырмасын орындауда Петропавл қаласының жылу желілерін жаңғыртуға 4,650 млрд. теңге сомасында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің ұзақ мерзімді қарызы тартылған. Жобаны қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан 4,650 млрд. теңге көлемінде Ұлттық қордан қаражат бөлінген. Жалпы жобаның құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асру мерзімі: 2016-2019 жылдар.

УБҚҚД қарыз қаражаты және бюджеттік субсидиялау шеңберінде кәсіпорынмен 1,6 км құбырдың ТМ №5 және 972 метр құбыдың ТМ №2 қайта құру жасалды.

Жалпы 2016-2020 жылдар аралығында 30 км жылу желілерін жалпы 12 млрд.теңге сомасына жаңғырту жсопарланып отыр. Жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жылу желілердің тозуын 2020 жылға қарай 62% дейін азайтуға әкеледі.

«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Петропавл қ. мен облыстың солтүстік аудандар үшін электр қуатын тасымалдау және бөлуді жүзеге асырады. Кәсіпорын теңгерімінде 13,5 мың км электр берудің ауа және кабельді желілер, 2 469 қосалқы станса мен трансформатор пунктері бар. 2016 жылы кәсіпорынмен жабдықтарды жөңдеуге, қайта құруға және жаңғыртуға 1,2 млрд.теңге мөлшерінде қаражат жіберілген. Осы қаражаттар есебінен 131 ТП және КТП 10/0,4 кВ және 1174 км электрмен жабдықтау жөндеу орындалған.

«Көкшетау Энерго» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының бес оңтүстік аудандарға (Айыртау, Ақжар, Ғ. Мүсірепов атын., Тайынша, Уәлиханов) электр қуатын тасымалдау және бөлуді жүзеге асырады. Кәсіпорынның теңгерімінде 8,9 мың км электр берудің ауа және кабелді желілері, 1 749 қосалқы станса мен трансформатор пунктері бар. 2016 жылы кәсіпорынмен 284 ТП және КТП 10/0,4 кВ және 1644 км электрмен жабдықтау желілерін жөндеу орындалған.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында энергиямен жабдықтаушы екі ұйым жұмыс істейді — «Севказэнергосбыт» ЖШС және «Солтүстік Қазақстан Энерго Орталық» ЖШС. «Севказэнергосбыт» ЖШС Петропавл қ. және облыстың сегіз солтүстік аудандарында, «СолтүстікЭнергоОрталық» ЖШС облыстың бес оңтүстік аудандарында жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі нақты көлем индексі 101,8% болғанда, 416,7 млрд. теңгені құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 296,1 млрд. теңге (НКИ — 101,7%), мал шаруашылығы бойынша 120,1 млрд. теңге (НКИ — 102%).

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 56,8 млрд. теңгеге немесе 2015 жылғы деңгейге 123,3% инвестиция салынды.

2016 жылы облыс бойынша барлық егіс алқабы 4375,4 мың гектарды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 2,6 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 3217,7 млн. гектарды құрады, соның ішінде бидай 2451,7 мың гектар, бидай алқабы 2015 жылғы деңгейден 128,4 мың гектарға ұлғайды. Майлы дақылдар 512,1мың гектарға себілді, азықтық дақылдар 612,4 мың гектар алқаптан орын алды. Картоп пен көкөністердің алқабы сәйкесінше 27,5 мың гектарды және 5,3 мың гектарды құрады.

Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 5,5 млн. тоннаны (алғашқы кіріске алынған салмақта) құрады, гектардың орташа шығымдылығы 17,2 центнерден болды.

2017 жылғы өнім үшін 490,6 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы құйылды, бұл жоспарланған көлемнің 100%-ын құрайды.

Облыстың шаруашылықтары азықтық, майлы дақылдардың және картоп тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген.

2,8 млн. га гербицидтік өңдеу ауданда жүргізу жоспарлануда.

Облыста агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жарақтандыру мәселелері бойынша күрделі өзгерістер болды.

Аграрлық сектордың техникалық жабдықталуы оны серпінді дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

2016 жылы техника паркі 32,1 млрд. теңгеге өнімділігі жоғары 1342 бірлік жаңа техникамен толықты, соның ішінде лизинг арқылы 11,5 млрд. теңгеге 352 бірлік сатып алынды.

Облыс бойынша жалпы астық сақтау сыйымдылығы 6,6 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 52 лицензияланған астық сақтау кәсіпорнында 3,5 млн. тонна және жеке агроқұрылымдарда 3,1 млн. тонна.

2016 жылы 3,2 млрд. теңгеге жалпы сыйымдылығы 86 мың тонна 4 АҚҚ пайдалануға берілді:

  • Уалиханов ауданында сыйымдылығы 27 мың тонна «Северная Нива» ЖШС,
  • Аққайың ауданында сыйымдылығы 37,8 мың тонна Смирново а. «Виталмар Астық» ЖШС,
  • Тайынша ауданында сыйымдылығы 15,0 мың тонна «Classik Agro» ЖШС,
  • Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда сыйымдылығы 6,2 мың тонна Разгульное с. «Приишимский» АФ» ЖШС.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ІҚМ саны 325,4 мың бас, шошқа 149,9 мың бас, қой мен ешкі 357,9 мың бас, жылқы 101,9 мың бас, құс 4643,6 мың бас.

Өндірілген өнім көлемі: тірідей салмақтағы ет — 91,8 мың тонна, сүт — 525,5 мың тонна, жұмыртқа — 576,1 млн. дана.

2015 жылы «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру аясында 710,2 тонна ет экспортталды, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен 21,6 мың бас ірі қара мал сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2261 бас, «Құлан» бағдарламасы арқылы 1691 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 4704 бас қой сатып алынды, «Ырыс» бағдарламасы арқылы 400 басқа арналған 5 ферма құрылды.

Сапалы, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім өндіретін заманауи технологиялар енгізу мақсатында ірі және орта тауарлық өндіріс құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыста 75 агроқұрылым сүт өндірумен айналысады, оның 14 заманауи сүт кешендері. Сапасы бойынша бәсекеге қабілетті сүтті өндіру технологиялары жолға қойылған. Бір сиырдан сауылған орташа сүт сауымы агроқұрылымдарда 4460 кг құрады.

Облыста «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС, «Алекри» ЖШС, «Атай СК» ЖШС, «Әділ Құс» ЖШС, «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС құс фабрикалары тұрақты жұмыс істеп жатыр.

2016 жыл Қайта өңдеу картасы аясында 7,8 млрд.теңгеге 20 жоба іске асырылды, 270 жұмыс орындары құрылды.

Шағын және орта бизнес

Облыста 01.01.2017 жылғы жағдай бойынша нарықта жұмыс істейтін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны 28683 бірлікті құрады, оның 4,3 мыңы заңды тұлғалар, 2,7 мыңы шаруа қожалықтары, 21,6 мыңы жеке кәсіпкерлер.

2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарында белсенді қамтылғандар саны 101,7 мың адамды құрады: шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 55,8 мың адам; жеке кәсіпкерлікте 41,1 мың адам; шаруа қожалықтарында 4,7 мың адам жұмыс істейді.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сомасы 255,5 млрд. теңгенің өнімі (тауарлары мен қызметтері) шығарылды, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 0,8%-ға төмен.

Кәсіпкерліктің орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай құру мақсатында қаржылық, мүліктік, ақпараттық және өзге де қолдау жүзеге асырылады.

Екінші деңгейлі банктердің 17 филиалы 2016 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сомасы 43,0 млрд. теңгенің кредитін немесе берілген кредиттің жалпы көлемінің 41,3%-ын берді, өткен жылғы көлемнен 1,5 есе артық (2015 жылы — 28 млрд. теңге). 

Құрылыс

2016 жылғы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 54 950 млн теңгені немесе 2015 жылға 96,1%-ды құрады.

Облыс бойынша құрылыс жұмыстары жалпы көлемінің едәуір көлемі жеке құрылыс ұйымдарымен — 98%, мемлекеттік ұйымдармен — 2% орындалды.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы облыстың жеті ауданында және облыс орталығында байқалады. Бұл ретте, көлемнің айтарлықтай ұлғаюы Шал ақын (2,3 есе), Тимирязев (157,7%), Жамбыл (157,4%) және Ғ. Мүсірепов ат. (131%) аудандарында байқалады.

2016 жылы пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы ауданы 261 150 шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы ауданы 2015 жылмен салыстырғанда 17% ұлғайып, 164 256 ш. м. құрады.

2016 жылы тұрғын үй құрылысына 15 102,8 млн теңге бағытталды, ол 2015 жылғыдан 1,6 есе артық.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің өсуі облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. байқалды. Аққайың — 2 есе, Айыртау — 1,7 есе, Жамбыл — 1,7 есе, М. Жұмабаев аудандарында — 122,8%-ға едәуір өсім байқалады.

Негізгі капиталға инвестициялар

2016 жылы қайта есептеумен негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 165 738,5 млн.теңгені немесе 2015 жылғы деңгейге 101,9 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаттары (жалпы көлемнен 65,5%), бюджеттік қаражаттар (21,4%), шетел қаражаттары (9,9%), қарыз қаражаттары (3,2%) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (34,3%), өнеркәсіп (27,4%), көлік және қоймалау (16,9%) болып табылады.

Сауда

Сауда — облыс экономикалық қызметінің ірі салаларының бірі, оның дамуы-экономиканың табысты қызмет ету шарттарының бірі.

Облыста сауданың заманауи нысандары мен әдістерін қолданып, сатып алушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, заманауи сауда-технологиялық жабдықпен жарақтандырылып, дамыған сауда инфрақұрылымын құру, мамандандырылған, сонымен қатар әмбебап бағытындағы ірі сауда кешендерін дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге аса назар аударылады.

2016 жылы сауд инфрақұрылымын дамсыту мақсатында облыста бернеше объектілер қанауға енгізілді. Олардың ең ірі объектілері:

  • «Семейный Эксперсс» супермаркеті, жалпы ауданы 1,5 мың кв.м. («Таткрафт Инвест» ЖШС);
  • «Низкоцен» 2 дүкені («Холлифуд» ЖШС), Ресей Федерациясымен шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде іске асырылды;
  • «Олжа» көтерме-бөлшек базары;
  • «Береке» супермаркеті (Омаров ЖК).

2017 жылы жаңа сауда объектілерінің құрылысы жоспарлануда:

  • «Тайга» ЖШС тұрмыстық қызмет көрсету орталығының құрылысы (2020 БЖК шеңберінде инфрақұрылым);
  • «Зенченко и К» КС фирмалық дүкенінің құрылысы;
  • Богданов Е.А. ЖК сауда ойын-сауық орталығының құрылысы (2020 БЖК шеңберінде инфрақұрылым).

2016 жылы бөлшек сауда көлемі 201 371,9 млн. теңгені құрады, 2015 жылдан 0,2% жоғары.

2016 жылы сауда кәсіпорындардың тауар қорының көлемі 6992,2 млн. теңгені құрады, сауда күндері — 44 күн.

Азық-түлік тауарлардың бөлшек сауданың жалпы көлемінен үлесі 31,1% құрайды, азық-түлік емес кәсіпорындардың — 68,9.

Азық-түлік тауарлардың шығарылу көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 18,8%-ға көтерілді, азық-түлік емес тауарлар — 6,5%-ға төмен.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 187,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 0,1%-ға артық. Бұл ретте, экспорт — 108,9 млн АҚШ долларын (10,7%-ға ұлғаюмен), импорт — 78,7 млн АҚШ долларын (11,7% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 45,0%-ы), Өзбекстан (14,4%-ы), Тәжікстан (9,3%-ы), Бельгия (7,6%-ы), Польша (4,4%-ы) болып табылады.

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,4%-ы немесе 96,7 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикізаты, аң терісі және олардан жасалған өнімдер» (0,2%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: АҚШ (барлық импорт көлемінің 21,0%-ы), Қытай (18,1%-ы), Израиль (14,9%-ы), Украина (7,7%-ы) Германия (6,8%-ы) болып табылды.

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 55,0%-ы немесе 43,3 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (17,2%-ы немесе 13,5 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (11,6%-ы немесе 9,1 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (7,0%-ы немесе 5,5 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 313,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 41,0 млн. АҚШ доллары, импорт — 272,5 млн. АҚШ доллары.

Инфрақұрылым

Сумен жабдықтау. 2016 жылы сумен жабдықтауға және су бұруға барлығы 3,8 млрд. теңге жіберілді, с.і. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында — 1,3 млрд. теңге, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында — 2,5 млрд. теңге.

2016 жыл нәтижесі бойынша «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2 елді мекенде (халық саны 12 042 адам) сумен жабдықтау жақсартылды, 2 ауылға (халық саны 453 адам) су берілді. Ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімдігі 56,3% дейін ұлғайды (2015 жыл соңына қарай 55,8% құрады).

2017 жылы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға барлық қаржыландыру көздерінен 5 млрд. теңге жіберілді, соның ішінде республикалық бюджеттен — 3,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен — 0,3 млрд. теңге және Ұлттық қордан — 1,2 млрд. теңге.

2017 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2 млрд. теңге сомаға ауылдық сумен жабдықтау бойынша 7 жобаны іске асыру жоспарлануда, одан 2017 жылы 6 жобаны (Қызылжар ауданының Шаховское с., Ғ. Мүсірепов ат. ауданның Раисовка с., Сарыбұлақ а., Қырымбет а., Сокологоровка с., Ковыльное с., Возвышенка с., Чернозубовка, Тимирязев ауданының Дмитриевка с.), 2018 жылы 1 жобаны (Ғ. Мүсірепов ат. ауданның Бірлік а., Старобелка с.) аяқтау жоспарлануда.

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 ауыспалы (2016 жылдан) жобаны аяқтау және Петропавл қ. су бұру бойынша 6 жобаны іске асыра бастау жоспарлануда.

Автомобиль жолдары. 2016 жылы 6 814,3 млн. теңге сомасына жергілікті маңызы бар автожолдарды реконструкциялау, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы 6 814,3 млн.теңге игерілді, соның ішінде:

  • автожолды реконструкциялауға — 1 006,3 млн.теңге;
  • облыстық автожолдарды күрделі жөндеуге — 197,8 млн.теңге;
  • облыстық автожолдарды орташа жөндеуге — 2 581,6 млн.теңге;
  • 2487 км автожолды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға — 1 911,3 млн.теңге;
  • аудандық автожолдарды күрделі жөндеуге — 34,2 млн.теңге;
  • аудандық автожолдарды орташа жөндеуге — 207,5 млн.теңгені;
  • ТЖ салдарын жоюға — 335,1 млн.теңге;
  • аудандық автожолдарды ағымдағы жөндеуге — 288 млн.теңге;
  • ЖСҚ әзірлеуге — 3,1 млн.теңге;
  • 5043 км автожолды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға — 249,4 млн.теңге.

2016 жылы жалпы облыс бойынша (темір жол көлігінен басқа) коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес кәсіпорында мен кәсіпкерлерді қосқанда, 48,2 млн. жолаушы тасымалданды немесе бұл 2015 жылға 97%. Жүк айналымының көлемі (бағалауды ескергенде) 3438,3 млн.т.км құрады (темір жол көлігінен басқа) немесе 2015 жылға 102,8% құрады.

2016 жылы 506,8 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2015 жылға 102,3%. Жолаушылар айналымының көлемі көліктің барлық түрлері бойынша (темір жолдан басқа) 3917 млн. жкм немесе 2015 жылға 100% құрады.

Жолаушылар тасымалында тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін облыс бойынша 220 автобус маршруты жұмыс істейді, соның ішінде халықаралық — 6, облысаралық — 31, қалааралық облысішілік — 71, қала маңы — 10, ауданішілік — 61, қалалық — 25, кентішілік — 16.

Тұрақты жолаушылар автомобилі қатынасымен 675 ауылдық елді мекеннің 632 қамтылған, оларды қамтудың 93,6% құрайды. Бағыттарда заңды тұлғалармен қатар (автопарктармен басқа кәсіпорындар), жеке кәсіпкерлер де (жеке тұлғалар) қызмет көрсетеді.

Туризм

2016 жылдың 9 айы бойынша объектілерді орналастыру саны 44,4% өсті (63-тен 91 бірлікке дейін). Нәтижесінде нөмірлік қор 1328 бірлікке дейін 47,7% ұлғайды. Біржолғы сыйымдылығы 3795 төсек орынға дейін 74,8%-ға ұлғайды. Объектілермен орналастыру 66553 адамға қызмет көрсетті, бұл 2015 жылдың қарағанда 9 айдан 24,3%-ға артық. Бұл ретте, көрсетілген қызмет көлемі 39,7% ұлғайып, 589,3 млн. теңгені құрады.

Өңірге дем алу және ермек ету мақсатында келетін туристердің санының өсу тенденциясы байқалуда, 2015 жылы 26,7 мың адам болса, 2016 жылдың 9 айда 32,9 мың адам болды.

Орналастыру орындарында 1328 нөмерлер бар, олардың біржолғы сыйымдылығы 3795 төсек орынын құрайды. Олармен 143894 төсек-күндері ұсынылды.

Республиканың 12 теміржол вокзалдарын (Алматы 1, 2; Шымкент, Семей, Қорғаныс (Өскемен), Ақтөбе, Орал, Атырау, Манғышлақ, Астана, Қарағанды, Көкшетау) өңірдің көрікті жерлері туралы видеороликтер жүргізіледі.

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының 85 туристік фирмаларында және Ресей Федерациясының шекара маңыдағы аудандарында өңір туралы ақпараттық материалдар жолданды.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «31 канал», «Қазақстан-Петропавл» телеканалдарда Айыртау ауданының туристік орындары туралы ақпараттар көрсетіледі.

Өңірді таныстуры мақсатында халықаралық сайттарда туристік объектілер бойынша ақпараттар орналастырылған (booking.com, аpartment.kz).

«Солтүстік Қазақстан облысының туризм аптасы» шеңберінде «Қызылжар. Туризм-2016» 1-ші өңірлік туристік көрме және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Респубилкасы туроператорлары үшін ақпараттық тур өткізілді. Онда мемлекеттік органдар мен РФ шекара маңыдағы өңірлердің республиканың көрші облыстарының туроператорлары қатысты.

Қазақстан Респубилкасының инвестициялар және даму министрлігімен бірге «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдері үшін Халықаралық жастар лагерін ұйымдастыру» жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта жобаның тұжырымдамасы мен презентациясы дайындалды.

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені дайындау мен өткізу аясында келесі жұмыстар жүргізілуде.

Көрмеге бару кестесі әзірленді, соған байланысты 136 мың адамды жолдау жоспарлануда, соның ішінде 60 мың адам оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары.

Біздің облыстан көрмеге қатысу үшін қосымша 3 айлық оқыту курстарын өткен (ағылшын тілі және психология) 180 волонтерді таңдалды.

Жетім балалар, аз қамтылған отбасылар және 100 волотерлердің жол ақысына жергілікті бюджетпен 38 млн. тееңге қарастырылды (37,5 млн. теңге — жетім балалар және аз қамтылған отбасылар, 105 млн. теңге — 100 волонтер).

Ресей Федерациясы шекара маңындағы облыстарының (Қорған, Омбы, Түмен) тұрғындары үшін туристік бағыттар әзірленді, онда ЭКСПО-2017 және облыстың туристік объектілеріне бару қарастырылған.

Қазіргі уақытта осы өңірлерде осы турмашруттың презентациялары жүргізілуде. Екатеринбург, Қорған турфирмаларымен Көрмеге 650 турпакеттерді алу бойынша келісім шарттарға қол қойылды.

«Қазақстан» павильоның толықтыру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен «жасыл энергетика» саласындағы 8 жоба түсті, олар облыста іске асырылуда.

Көрмені белсенді әйгілеуі 300 мыңнан астам адамдарды қамтумен билбордтарды (облыс бойынша66 билборд) орнату, қоғамдық көліктерде, ірі сауда объектілерінде, екінші деңгейлі банктерде, демалыс орындарында, ХҚҚО-да, соныме қатар өңірлік БАҚ арқылы аудио және видеоролитерді трансляциялары жүргізіледі.

Теміржол көлігінде қондырмалы орындарды 1100-ге дейін арттыру сұрағы қарастылыды (№ 701 Алматы-Петропавл — 4 вагон, № 15 Алматы-Петропавл — 2 вагон, № 623 Петропавл-Астана — 3 вагон, Петропавл-Қызылорда поездың бағытынның орнын 600-800-ге дейін ұзарту).

Облыстың 32 шаруашылық және 21 өндіруші кәсіпорындары Көрмеге тауарларды жеткізушілері болды. Әрқайсысына азық-түлік тауарларының белгілі көлемі бекітілді. Жалпы жеткізу көлемі — 1352 тонна (АШМ жарлығына сәйкес: 910 тонна — нан және жарма өнімдері, 311 тонна — ет өнімдері, 132 тонна — сүт өнімдері). Қосымша 1200 тонна сүт, шұжық өнімдерін, балды және 15 млн. дана жұмыртқа жеткізуге дайын.

Кәсіпорындар тауарларды өздері жеткізуді жоспарлап отыр. Оларды басым жолдарын қамтамасыз ету үшін Астана қ. әкімдігімен тығыз қатынас жүргізілуде.

Банктік сала

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың банк саласында екінші деңгейдегі банктердің 17 филиалы және 51 қосымша құрылымдық бөлімше желісі қызмет көрсетеді.

2016 жылы кредиттік салымдар көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,8%-ға 105,1 млрд. теңгені құрады.

Есепті кезеңде облыс тұрғындары 26,2 млрд. теңге сомаға тұтыну кредиттерін алды, 2015 жылмен салыстыр5анда 7%-ға төмендеу байқалады.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс банктерінің филиалдары 4,8 млрд. теңге ипотекалық кредит берді, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 4,3%-ға артық.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың және банк филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың ақшалай қаражат көлемі 119,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,7%-ға артты.

2017 жылғы 1 қаңтарға облыста 121 айырбастау пункті жұмыс істейді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 6,2%-ға кем.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста екінші деңгейдегі банктер филиалдары орнатқан 288 банкомат жұмыс істейді, бұл 2015 жылғы сәйкес датаға — 279, 9 банкоматқа артық. Сондай-ақ, 2749 pos-терминал (16.01.01. — 2116 pos-терминал) жұмыс істейді. Карта ұстаушылардың саны 312,4 мың адамды құрайды, бұл 2015 жылғы сәйкес көрсеткіштен 2,6%-ға артық.

Әлеуметтік қорғау

Халықты жұмыспен қамту. 2016 жылы жұмыспен қамту органдары арқылы 9655 адам, соның ішінде ауылдық жерлерде 7514 адам жұмысқа орналастырылды (77,8%). 2016 жылы 4060 жұмыссыз жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты (жоспарлы көрсеткішке 102,8%). Ауылдық жерлерде 2769 жұмыссыз үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, өткізілді (жалпы қатысушы санынан 68,2% құрайды). Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздар саны 2015 жылғымен салыстырғанда халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың нормаларын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру талаптары мен тәртібі бөлігінде өзгертілуі себебінен 723 адамға азайды.

2016 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен еңбек нарығында талап ететін мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға 515 жұмыссыз жіберілді (жоспарлы көрсеткішке 103,0%), соның ішінде ауылдық жерлерден 260 жұмыссыз (қатысушылардың жалпы санынан 50,5%). Кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 46 адамға артты.

Есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны 996 адамды құрады, бұл 2015 жылғыдан 73 адамға артық. Осы көрсеткіштік артуы халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың нормаларының «жұмыс іздестіріп жүрген тұлғалар» азаматтарының санатын тіркеу бөлігінде енгізілген өзгерістермен байланысты.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар облыста жұмыссыздық деңгейін 4,9%да ұстауды қамтамасыз етті (2016 жылғы 4 тоқсан).

2016 жылы облыста барлық бағыттар бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру жүзеге асырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 81 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оларда 1217 жұмыс орнын, соның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 628 жұмыс орнын құру жоспарланған.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 80 объектіні іске асыру аяқталды.

Іске асырылудағы жобаларда 1217 жұмыс орны құрылды, оларға Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 651 адам еңбекке орналасты.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағытын іске асыру аясында 307 селолық елді-мекендерін абаттандыру жөнінде 512 жобаны іске асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 1,4 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2016 жылдың нәтижесі бойынша 511 объекті іске асырылды. 781 жұмыс орны құрылды, соның ішінде Бағдарламаға қатысушылар үшін — 609.

Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» деген екінші бағыты аясында 2016 жылы жалпы сомасы 917,1 млн. теңгеге 378 кредит беру жоспарланған. Қайтарылған қаражаттар есебінен жалпы сомасы 40 млн. теңгеге 13 кредит берілді. Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасымен Бағдарламаның 143 қатысушысына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары өткізілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 129 адам кәсіптік оқуды, (қайта даярлау 105 адам, біліктілігін арттыру курстарына — 24 адам) аяқтады, олардың ішінде 125 адам жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 332 қатысушы (жоспар — 200 бола тұра) жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесінен өтуге 513 адам (жоспар — 350 бола тұра) жіберілді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3887 адам дерекқордағы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі уақытта 99 пәтерге 4 жатақхана (Айыртау, Аққайың — 2, Қызылжар) және 5 жеке тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Ағымдағы жылдың басынан Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша салынған Петропавл қ. жастар жатақханасына орналастыру аяқталды. жалпы саны 283 адам 190 отбасы көшірілді.

Экономикалық белсенділік деңгейі. Облыста жыл сайын халық санының азаюы есебінен де, жұмыспен қамтылған тұрғындар санының азаюы есебінен де экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының азаю үрдісі орын алып отыр.

Демек, 2016 жылғы 4 тоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2015 жылғы 4 тоқсанға қарағанда 17,2 мың адамға немесе 5,2%-ға қысқарып, 315,2 мың адамды құрады (2015 жылғы 4 тоқсан — 332,4 мың адам).

2016 жылғы 4 тоқсанда экономикалық белсенділік деңгейі 69,7%-ды құрады (2015 жылы 4 тоқсан — 73,1%).

Бұдан басқа, 2016 жылғы 4 тоқсанда экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 2015 жылғы 4 тоқсандағы 316,2 мың адамнан 299,8 мың адамға дейін қысқарды. Осымен қатар, жұмыссыздардың саны 2015 жылғы 4 тоқсандағы 16,1 мың адамнан 2016 жылғы 4 тоқсандағы 15,4 мың адамға дейін қысқаруы байқалуда. 2016 жылғы 4 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, бұл 2015 жылғы 4 тоқсандағы 4,9 %-бен бірдей.

Еңбекақы. 2005-2015 жылдар кезеңінде бір қызметкерге орташа айлық номиналды жалақы 3,5 есеге ұлғайып, 2015 жылға 81117 теңгені құрады.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бір қызметкерге орташа айлық жалақысы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16%-ға ұлғайып, 97065 теңгені құрады.

Жалақының максималды мөлшері қаржы және сақтандыру қызметі саласында белгіленген (178168 теңге), ол орташа облыстық көрсеткіштен 1,8 есеге асты. Жалақының минималды мөлшері (81001 теңге) ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында қалыптасты.

Демографиялық жағдай, көші-қон

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 569,4 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары — 248,8 мың адам немесе 43,7 пайыз, село тұрғындары — 320,7 мың адам немесе 56,3 пайыз. 2015 жылмен салыстырғанда тұрғындар жалпы саны 2,3 мың адамға қысқарған. Соның ішінде қала тұрғындарының саны 5,6 мың адамға ұлғайған, ал ауылда 7,9 мың адамға азайған.

Көші-қонның теріс сальдосы халық санының азаюына ықпалын тигізді, ол СҚО статистика департаментінің жедел мәліметтері бойынша 2014 жылмен салыстырғанда 1737 адамға немесе 32,3% ұлғайды, 3646 адамды құрады, с.ш. сыртқы көші-қон сальдосы — 2099, ішкі көші-қон сальдосы — 1547.

2015 жылы көшіп келген халық саны 20426 адамды, көшіп кеткен халық саны — 24072 адамды құрады. Өткен жылғымен салыстырғанда көшіп келгендер саны 7210 адамға артты, көшіп кеткендер саны 5473 адамға артты.

Айтарлықтай белсенді көші-қонның алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асырылуда. 2015 жылғы ТМД елінен 853 адам келді, 2748 адам кетті. СҚО-нан Қазақстанның басқа өңірлеріне 6455 адам кетті.

Мына аудандарда келгендер мен кеткендердің арасында айтарлықтай айырмашылық бар: Жамбыл (-940), Тайынша (-882), Есіл (-848), Айыртау (-782) және М. Жұмабаев (-686).

Тұрғындар санына әсерін тигізетін басқа да маңызды факторлардың бірі табиғи өсу (кему) болып табылады.

2015 жылы табиғи өсім1333 адамды құрады, бұл 2014 жылдан 1376 адамға немесе 3,1% төмен. М. Жұмабаев (-47), Аққайың (-30), Есіл (-16), Мамлют (-6) аудандарын қоспағанда, облыстың бірқатар аудандарында тұрғындардың табиғи өсімі байқалады.

2015 жылы облыс бойынша туылғандар саны 8122 адамды құрады, 2014 жылмен салыстырғанда (8227 адам) 1,3% (105 адамға) азайды. Туғандардың айтарлықтай саны Петропавл қ. (3316 адам), Тайынша (671 адам), Қызылжар (596 адам) және Айыртау (541 адам) аудандарында байқалады.

Өткен жылғымен салыстырғанда 2015 жылы қайтыс болғандар саны 62 адамға немесе 0,9% азайды және 6789 адамды құрады. Мыналардан басқа, аудандардың көбінде өлім-жітім азайды: Петропавл қ. 78 адамға, Мамлют 33 адамға, Есіл 11 адамға, М. Жұмабаев 8 адамға және Тимирязев 7 адамға.

Білім беру

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста мектепке дейінгі ұйымдар желісі — 546 бірлікті құрайды, соның ішінде 78 — балабақша, 1 — «Мектеп-балабақша» кешені және 467 шағын орталық. Онда 23128 бала тәрбиеленеді.

Есепті кезеңде облыста 520 орындық 2 мектепке дейінгі ұйым енгізілді, қолданыстағы мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту есебінен жаңа 373 орын ашылды.

3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 98% құрады.

2016-2017 оқу жылының басында облыста 528 білім беру ұйымы жұмыс істеді, соның ішінде 517 күндізгі жалпы білім беретін мектеп: 131 — қазақ тілінде оқытатын, 271 — орыс тілінде, 115 — аралас тілде оқытатын, сонымен қатар 1 — Назарбаев зияткерлік мектебі; 1 — мемлекеттік емес түрде; 7 — түзету; 1 — кешкі мектеп; 1 — спортта дарынды балаларға арналған интернаты.

Жалпы саннан шағын жинақталған мектептердің саны 79,88% құрайды, онда 25,7 мың оқушы оқиды. Қосымша білім ұйымдарының желісі 55,8% қамтумен 80 ұйымды құрайды (2015 жылы — 45,5%).

Жалпы білім беретін мектептердің барлығы Ғаламтор жүйесіне қосылған, 400 мектеп — кең жолақты Ғаламторға қосылды.

ҰБТ нәтижесі бойынша орта мектептің 2016 жылғы түлектері 79,01 ұпай алды (2015 жылы — 77,88 ұпай). «Алтын белгі» белгісіне ие орта мектеп түлектерінің саны 56 оқушыға жетті. (2015 ж. — 37 адам).

Облыста 27 техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым жұмыс істейді. Оларда 75 мамандық бойынша 12073 студент оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша — 8160 немесе 67,5%.

2016 жылы 3632 білікті кадр, соның ішінде бюджет негізінде 2376 адам даярланды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жұмысқа орналасқан түлектер — 72%. Түлектердің жалпы жұмыс бастылығы 94,5% құрады.

Даярланған кадрлар сапасын арттыру және түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызына қол жеткізу мақсатында 15 колледжде 24 мамандық бойынша оқытудың дуалдық жүйесі енгізілуде, онда 2475 студент немесе 20,5% оқытылуда.

2016 жылы облыста біліктілікті арттыру курстарына 4823 педагог өтті. Соның ішінде: «Тиімді оқыту» бағдарламасы бойынша — 94 адам: 37 — ПШО (Педагогикалық шеберлік орталығы), «Өрлеу» БАРО — 57; «Мұғалімнің мектептегі озаттығы» бағдарламасы бойынша 53 педагог оқудан өтті, одан: ПШО — 45 өтті, «Өрлеу» БАРО — 8; «Мұғалімнің педагогикалық қауымдағы озаттығы» бағдарламасы бойынша 108 педагог өтті, олардың барлығы ПШО оқудан өтті; «Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының озаттығы» бағдарламасы бойынша Астана қ. — 26 педагог оқудан өтті. Орта білім беру құрамын жаңарту аясында ПШО — 2414, «Өрлеу» БАРО — 1736 педагог өтті. Орта білім беруде үш тілде оқытуды енгізу аясында 100 адам оқудан өтті, одан КТЛ — 60, М. Қозыбаев атынд. СҚМУ — 40 адам. STEM-білім беру (робототехника) іске асыру аясында — 150 адам оқудан өтті.

Қысқамерзімді (2 апталық) директорлар мен директордың орынбасарларының біліктілігін арттыру курсынан Алматы қ. Республикалық біліктілікті арттыру институтында облыстың 69 мектеп директорлары, 73 директордың орынбасарлары курстан өтті.

Жастар саясаты

Солтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының мәліметтері бойынша облысыта 2016 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 және 29 жас аралығында 121 265 адам тұрады. Соның ішіне қалалық жерлерде — 56 160 адам, ауылдық жерлерде — 65 105 адам. Жастардың жалпы санынан 63 529 адам — ер адамдар және 57 736 — әйелдер құрайды.

Облыста 65 жастар ұйымы қызмет етеді, соның ішінде 14 — аудандарда. Облыс әкімі, аудан әкімдері және Петропавл қаласы әкімінің қолдауымен облыста жастар саясатын қолдау үшін жастар саясаты жөніндегі Кеңестер жұмыс істейді. 2016 жылы барлық деңгейдегі әкімдіктер жанында жастар істері жөніндегі Кеңестердің 33 отырыстары өткізілді. Облыстық ауқымдағы Кеңестің 2 отырысы өткізілді. 2016 жыл қаралған сұрақтар тақырыптарының негізгі блогы: мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша еңбекпен қамту, қылмыс, дін, СӨС, жастар кәсіпкерлігі, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, жастардың патриоттық тәрбиесі, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмыс туралы, жастардың спорт және мәдениіс-шараларға қатысуы туралы болды.

2016 жылы жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қаржы көздерінің жалпы көлемі 155 млн. теңгеден астам соманы құрайды.

Оқу орны мен жұмыс бойынша жастармен адрестік жұмысты қамтамасыз ету мақсатында облыста барлық түрлердің жастар істері бойынша 27 комитет өз қызметін жүзеге асырды (19 оқу мекемелерінде, 1 М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және 7 кәсіпорындарда).

Облыста жастар бастамасының 15 орталығы құрылды және жұмыс істейді. 2016 жылы облыстың жастар бастамасы Орталықтарына жастар санынан 1312 адам жүгінді. Талдаудың көрсетуінше, сұрақтадың көпшілігі жас отбасылардың еңбекпен қамтылуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, бос уақыты, консультативтік және мемлекеттік бағдарламалар бойынша болды.

2016 жылы «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде 67 млн. теңге. сомасына 513 жас маман еңбекпен қамтылған.

«Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде жазғы кезеңде оқу мекемелерінңң 435 студенті және жұмыссыз қалған жастар еңбекпен қамтылған болатын. Бағдарлама қатысушылары облыстың 12 мемлекеттік орман мекемелерінде еңбек етті. Бюджеттен 10,8 млн. теңге сомасы олардың жалақысына бөлінді. игерілуі 100% құрады.

Барлығы 2016 жылы 1 мың іс-шаралар жүргізілді, жастар санынан қамту 70 мың адамды құрады.

2016 жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 357 маман қамтылды. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен жеңілдік несиеге 318 млн. теңге, ал аудан бюджеттерінен 53 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлінді.

Денсаулық сақтау

Облыстың денсаулық сақтау жүйесі 24 ауруханалық ұйымнан, 72 амбулаториялық-емханалық ұйымнан, олардың ішінде 67 дәрігерлік амбулаториядан, 445 медициналық пункт пен 49 ФАП-тан тұратын медициналық ұйымдар желісімен ұсынылған.

«Денсаулық сақтау» саласына 2016 жылы 25,2 млрд. теңге немесе 2015 жылғыдан 18,9% артық қаражат бөлінді (2015 жылы — 21,2 млрд. теңге).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9 жоба бойынша күрделі жөндеу жүргізілді, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 12 жоба бойынша күрделі жөндеу, 3 жоба бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді.

43 бірлік медициналық жабдық, 9 бірлік автокөлік, 8 су жылытқыш қазандық сатып алынды, Қызылжар ауданының Новоникольское а. ДА және Бәйтерек а. ФАП орналастыру үшін ғимараттар сатып алынды.

2016 жылы облыстың 6 ұйымында (облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, облыстық перинаталдық орталық, кардиологиялық орталық, онкологиялық диспансер және 3-ші қалалық аурухана) халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) түрінде қызметтер көрсетеді. 2016 жылы облыс ұйымдарында 1547 адам ЖММК қабылдады.

2016 жылы 139 аорто-коронарлық тұйықтау операциясы (2015 ж. — 166), 517 стент қойылды (2015 ж. — 488), 1523 коронаргография (2015 ж. — 1380), 149 ангиография (2014 ж. — 63) жасалды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «№3 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК базасында репродукция бөлімшесі ашылды, онда экстракорпоральдік ұрықтандыру жүзеге асырылады, бұл отбасыларға бедеулік сияқты проблеманы шешуге мүмкіндік берді. Репродукция бөлімшесінің мамандары Израильде, Алматыда және Киевте оқудан өтті. 2016 жылы 16 жәрдемдесетін репродуктивтік технологиялар бағдарламасы жасалды, олардың ішінде 6 әйелде оң нәтиже бар.

2017 жылғы 1 қаңтарға Солтүстік Қазақстан облысында МҚ жүйесінде 1424 дәрігер және 4 819 орта медицина қызметкері жұмыс атқарады.

МҚ жүйесінде дәрігерлермен қамтылу 10000 мың тұрғынға шаққанда 25,2-ні құрады, 2015 ж. — 24,8. МҚ жүйесінде орта медицина қызметкерлермен қамтылу 85,4-ті құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен төмен — 86,1.

2016 жылы 154 дәрігер келді, одан 90 жас маман (немесе 58,4%).

2017 ж. 01.01. облыс бойынша кадрлар тапшылығы — 144 дәрігерді құрайды, олардың ішінде аудандар бойынша — 60.

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығына байланысты Денсаулық сақтау басқармасымен медициналық ЖОО түлектерін тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Жас мамандарды бекіту мақсатында, әкімдіктермен әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады — республикалық бюджеттен 70 АЕК мөлшерінде міндетті «әлеуметтік пакет» беріледі және жергілікті бюджеттен 200 АЕК мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау (жеңілдікпен кредит) көрсетіледі.

Медициналық ұйымдарға бюджеттен тыс қаражаттар есебінен тұрғын үй мәселесін шешу үшін жалданған тұрғын үйді бірлесіп төлеу жүргізіледі.

Келген 90 жас маманның 50-не жалданған тұрғын үйге бірлесіп төлеу жүргізіледі, соның ішінде 3-і ауылдық жерде.

Дәрігер кадрлардың кетуінің негізгі себебі зейнеткерлік жас, Қазақстан Республикасынан тыс көшу болып табылады (анықтамалық: жұмыс атқарып жатқан дәрігерлердің 15,4%-ы зейнеткерлер, одан 14,9%-ы жасы бойынша).

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2016 жылы атқарылған жұмыс облыстың денсаулық сақтау ісінің негізгі көрсеткіштерін тұрақтандыруға мүмкіндік берді:

  • сәби өлімінің көрсеткіші 7,8%-ға төмендеді;
  • ана өлімінің жағдайы тіркелген жоқ (2016 ж. — 0 жағдай);
  • туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2,9%-ға төмендеді;
  • туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 2,5%-ға төмендеді;
  • балалар арасында туберкулезден қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ;
  • онкологиялық аурулардан өлім-жітім көрсеткіші 11,4%-ға төмендеді;
  • жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал облыс бойынша аса қауіпті аурулар мен кейбір аурулардың жоқ болуына қарай тұрақты болып отыр.

Спорт

Солтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша дене шынықтырумен және спортпен 170 мыңнан астам адам айналысты (облыс тұрғындарының жалпы санының 30%). 2015 жылмен салыстырғанда 7,8 мың адамға көбею байқалады немесе 1,6%.

Өңірде 77 спорт түрі кеңінен тараған, 2016 жылдың басынан бастап 302 мыңнан астам адамды қамтумен 1329 іс-шара өткізілді, оның ішінде ең көпшіліктісі «Солтүстік» қысқы спорт мерекесі, облыстық Денсаулық күні, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында «Дені сау ұл — болашаққа деген сенімділік» іс-шаралары, Жүгірудің Олимпиадалық күні, «Надежда» дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы облыстық спартакиада, қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыстық турнирі, ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада, әйелдер спартакиадасы, БАҚ өкілдері бойынша облыстық спартакиадасы, ЕССШ А. Винокуров жүлдесіне облыстық ашық көпкүндік.

Балалар мен жеткіншектердің көпшілігін дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшін Солтүстік Қазақстан облысында 26 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері спорттың ойын түрлері бойынша 7 спорт клубы, 1 — жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиада резервін дайындау орталығы, 23 аулалық клуб, облыстық мамандандырылған спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернат жұмыс істейді.

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысу үшін 2828 спорт құрылысы жұмыс істейді. 2015 жылмен салыстырғанда спорт құрылыстары желісі 61 бірлікке көбейді.

Спорт алаңдары тапшылығын кеміту мақсатында салыңды:

  • 2 жабық хоккей корты. Қысқы спорт маусымы басталғаннан бері 404 хоккей кортынасу құйылып, қатырылды, Петропавл қаласының тұрғын үйлері аулаларындағы 27 айдынға және 8 хоккей кортына тұрғындардың өтініштері бойынша қар қалашықтары салынды. 2016 жылдың соңында облыс аудандарында қосымша 25 хоккей корты салынды;
  • облыстың 12 ауданында және Петропавл қаласында 25 көшелік жатттығң кешендері орнатылды;
  • облыс орталығында және 6 ауданда 10 күш қолданылатын гимнастикамен айналысу үшін «Street workout» алаңдары орнатылды;
  • 2 спорт ұяшығы орнатылды (доппен ойнауға арналған, жеңіл атлетикалық жүгіу жолақшасымен қоршалған) Ғ. Мүсірепов атыдағы ауданның Володаровка ауылында және Урожайное ауылында);
  • облыс аудандырында — 15 спорт алаңы: 8 — баскетбол алаңы және 6 — волейбол алаңы;
  • жасанды жабынмен 18 шағын футбол алаңы;
  • cпорт алаңдарының тапшылығы 867 ш.м. метрге Шал ақын ауданының Жаңажол ауылында ДСК және Сергеевка қаласындағы ДСК жанындағы спорт залының («ТНС-2020» ЖШС) пайдалануға беру есебінен қысқарды (2016 жылы 14762 ш.м., 2015 жылы — 15629 ш.м.).

Петропавл қаласында әмбебап теннис орталығын салуға ЖСҚ әзiрлендi (теннис орталығының ғимараты 1000 (1200 орынға дейiн көбейту мүмкiндiгiмен) орынған есептелiнген, өткiзу қабылетi 72 адам, 4 жабық және 3 ашық корт) (4 кортқа дейiн көбейту мүмкiндiгiмен); Қазақстанның футбол федерациясмен Петропавл қаласында УЕФА қаражаты есебiнен футбол манежiн салу туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi, жобаның құны 3,5 млн. еуро.

Бұқаралық спортты дамытуға жүйелі түрдегі көзқарас жоғары жетістіктер спортында жоғары жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша спорт түрлері бойынш ҚР құрама командаларының құрамына 356 солтүстікқазақстандық кірген болатын.

Облыс жаттықтырушыларымен 2016 жылы дайындалды: 8 ХДСШ, 45 СШ, 203 СШҮ және 242 бірінші разрядты спортшы.

Облыс спортшылары 16 Әлем Чемпионатына, 15 Азия Чемпионатына, 181 ҚР Чемпионатына, 55 халықаралық турнирге қатысты. Спортшылар үшін 92 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Республикалық және халықаралық жарыстарда солтүстікқазақстандықтармен 540 медаль жеңіп алынды, оның ішінде 361 медаль спорттың олимпиадалық түрлерінен және 179 олимпиадалық емес спорт түрлерінен.

2016 жылы Азия чемпиондары болды: И. Хван, А. Қадырменова,, Д.Назырова (таэквондо-ИТФ), А. Баталов, Архипенво (армрестлинг), Е. Боранғалиев (жастар арасындағы еркін күрес).

Азия чемпионаттыарының жүлдегерлері болды: А. Захаров — 2-орын (велосипед спорты), В. Фролова, А. Фролова, М. Диденко — 2-орындар (армрестлинг), К. Яловенко — 2-орын (белбеу күресі), Н. Маратова — 2-орын (дзюдо), С. Рыльский — 2-орын, С. Ярош, Е. Матвейкина — 3-орын (грек-рим күресі), Б. Сәдуақасов (жастар арасындағы грек-рим күресі).

Солтүстікқазақстандық атлеттер Әлем және Еуропа Біріншіліктері біздің ел намысын лайықты қорғауда.

Әлем чемпиондары болды: Д. Акишин (гір спорты, қоссайыс, ардагерлер), Р. Креч (коньки спорты), Г. Лымарь (жастар арасындағы таэквондо-ИТФ), Р. Заякин (тай боксы).

Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері болды:

  • гір спорты: 2-орындар — Д. Акишин (ұзын цикл), М. Вологодский (ұзын цикл), М. Наумова (жұлқа көтеру), Н. Нохрина (жұлқа көтеру), В. Дементьева (жұлқа көтеру), А. Головин (қоссайыс); 3-орындар — М.Вологодский (эстафета ұзын цикл), А. Головин (эстафета қоссайыс), А. Марчук (қоссайыс), В. Третьяков (қоссайыс), В. Третьяков (эстафета қоссайыс), О. Окс (қоссайыс), Н. Бекетов (эстафета қоссайыс), Р. Арсланов (эстафета қоссайыс);
  • тай боксы: Ш. Ермағамбетов — 2-орын, Р. Заякин 3-орын;
  • президенттік көпсайыс (қысқы): А. Сапаев — 3-орын;
  • грек-рим күресі: С. Рыльский — 3-орын.

Республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға 100 ай сайынғы ақшалай үлес төленді.

Мәдениет

Облысымызда 587 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, соның ішінде мемлекеттік меншікте 485 объект, жекеменшікте — 102. Соның ішінде 3 театр, 1 филармония, әртүрлі меншік нысанындағы 251 клуб (мемлекеттік 151), әртүрлі меншік нысанындағы 318 кітапхана (мемлекеттік 317), 12 мұражай, кинобейнеқорды сақтау және пайдалану орталығы, киноқондырғы.

2016 жылғы 14 мәдениет объектісі ашылды: 12 демалыс орталығы 2 кітапхана.

  • Айыртау ауданында: Заря демалыс орталығы, Бұрлық демалыс орталығы, Заря ауылдық кітапханасы.
  • Ғ. Мүсірепов ауданында: Шұқыркөл демалыс орталығы, Гаршино демалыс орталығы, Буденное ауылдық кітапханасы.
  • Есіл ауданында: Бесқұдық демалыс орталығы, Лузинка демалыс орталығы, Горное демалыс орталығы.
  • Қызылжар ауданында: Бугровое демалыс орталығы.
  • М. Жұмабаев ауданында: Лебяжье демалыс орталығы, Ноғайбай демалыс орталығы.
  • Шал ақын ауданында: Жаңажол демалыс орталығы.
  • Уәлиханов ауданы: Бидайық демалыс орталығы

2016 жылы обыс кітапханалары 211 602 пайдаланушыға қызмет көрсетті. Келулер саны 2 170 655 бірл.. Кітап беру саны — 4 524 501 дана.

2017 жылғы 01 қаңтар күніне мемлекеттік кітапханалар қоры 3 685 153 дананы құрайды, жалпы сомасы 743775,8 мың теңге, соның ішінде мемлекеттік тілде — 934 089 дана (жалпы қордың 25 %-ы).

2016 жылы кітапханалар қорына 80 501 мың дана құжат түсті, жалпы сомасы 86 246,4 мың теңге. Соның ішінде мемлекеттік тілде 44 640 дана (жалпы түсімнің 58%-ы). Жинақтаудың негізгі көзі — мемлекеттік тапсырыс (жалпы түсімнің 51%-ы), мерзімді баспасөз (25%). Бюджеттік қаражатқа жалпы түсімнің 6%-ы алынды, 9%-ы сыйлық ретінде қабылданды, 4%-ы басқа көздерден.

Жаңа әдебиет алуға бюджеттен 54 544,7 мың теңге бөлінді, соның ішінде С. Мұқанов атындағы ОӘҒК — 49557,0 мың теңге, Ғ. Мүсірепов атындағы ОБЖК — 526,4 мың теңге, Есіл ауданында — 200,0 мың теңге, Жамбыл ауданында — 899,9 мың теңге, Қызылжар ауданында — 129,5 мың теңге, Мамлют ауданында — 985,2 мың теңге, Ғ. Мүсірепов ауданында — 2034,7 мың теңге, Шал ақын ауданында — 212,0 мың теңге.

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің 19-грантының иегері және «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның үздік кітапханасы» номинациясында үздік болып атанды.

2016 жылы облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы 182-тен аса мәдени-демалыс іс-шара өткізіп, 85 810 көрерменге қызмет көрсетті. 2016 жылы 17 облыстық іс-шара өтті, оларға сомасы 10121,2 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді.

Театрлар 613 спектакль қойды, соның ішінде ауылдық елді-мекендерде — 95, жаңа қойылымдар — 20,61 837 адамға қызмет көрсетілді, соның ішінде ауылдық жерде — 16 476 адам.

Облыс мұражайларымен 2 132 экскурсия өткізілді, 430 дәріс оқылды, 230 көрме ұйымдастырылды, 138 747 адамға қызмет көрсетілді.

Кинобейнеқорды сақтау және пайдалану жөніндегі орталықта 6 сеанс көрсетілді, 87 адамға қызмет көрсетілді. Мекеме жұмысының негізгі бағыттарының бірі ұлттық киноны насихаттау болып табылады.

Облыстық филармония 110-ден астам концерт өткізді, соның ішінде гастрольдық — 30, 36 050 көрерменге қызмет көрсетілді. 36 мәдениет объектісін ашу жоспарланған: 28.

Саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар және діни бірлестіктер

Облыста өз қызметтерін әр түрлі салаларда жүзеге асыратын 308 үкіметтік емес ұйымдар қызмет етеді. Үкіметтік емес ұйымның секторымен ынтымақтасу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

Жыл сайын ҮЕҰ әлеуметтік маңызы бар жобалардың байқауы өткізіледі. 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау аясында 92 жоба іске асырылды.

Жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу аясында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу және өз ара әрекеттесу жөніндегі Кеңес қызмет етеді.

Консультативті-кеңестік органның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, 50% ҮЕҰ өкілдерінен құрылды. Отырыс жарты жылда бір рет өткізіледі.

С. Мұқанов атындағы кітапханасының жанында «Общественный диалог» баспа орталығы қызмет етеді онда қоғамдық бірлестіктердің, депутаттар, ардагерлер, жастардың өкілдері қатысуымен қоғамдық-саяси өмірдің өзекті мәселелері бойынша бірлескен семинарлар, «дөңгелек үстелдер», оқыту семинар-тренингтер өткізіледі.

Облысты мекендейтін этностардың мәдениеті мен салт дәстүрлерін сақтап қалу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан облысы ассамблеясында аумақтағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға, барлық этностардың мәдениетін, дәстүрі мен салтын дамытуға, сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуын арттыруға бағытталған үлкен жұмыс атқарылуда. Қазақстандық бірдейлік пен бірлестікті нығайту мен дамыту Тұжырымдамасын, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясян түсіндіру бойынша ЭМБ арасында жұмыстар атқарылды.

Облыс бойынша 25 облыстық және 154 аудандақ этномәдени бірлестіктер ойдағыдай жұмыс атқарады. «Үлкен ел-үлкен отбасы» жалпыұлттық жобаны іске асыру бойынша іс шаралар Жоспар шеңберінде аймақтық деңгейде 2016 жылы келесі нәтижелер орындалды: 250 мың адамды қамтитын 400 іс-шаралар өткізілді, олар: ЭКСПО 2017 арналған «Болашақ біздің қолымызда» облыстық жастар Форумы, «Қазақстан жерінің жылылығы» этностардың облыстық Форумы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы — Ел бірлігі мен келісімнің кепілі мен нышаны» форумы, конференциялар, дөңгелек үстел, дәрістер, семинар-тренингтер, жастар акциялары, этномәдени бірлестіктердің көрмелері, фотоэкспозициялр, ұлттық мәдениеттердің фестивалі, облыс мектептері этноклубтарымен кездесулер, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер, диалог алаңдары форматындағы «тірі» кездесулер, мектеп оқушылары үшін Достық үйінде ашық есіктер күні өткізіледі, ҚХА ұйымдастырылған конкурстар.

Ұлттық мәдениеттердің 24 фестивалі өткізілді. Қайырылымдық акциясы шеңберінде Қазақстан халқының облыстық ассамблеясы «Қоғамдық келесім» КММ бірлесе отырып 30 астам ірі шаралар өткізілді.

2016 жылы қоғамдық келісім Кеңесінің, аналар Кеңесінің, Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан облысы ассамблеясы медиация Орталығының жұмысы күшейтілді. Тұрақты негізде отырыстар, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар, семинар-тренингтер және т.б. өткізіледі.

Барлақ шаралар облыст тұрғындары арасында қазақстандық патриотизімді қалыптастыруға және дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының Ассамблеясы рөлін көтеруге бағытталған.

Діни бірлестіктер. Солтүстік Қазақстан облысында 138 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген, одан 70 ислам, 31 — православты бағыттағы христиан (2014 ж. — 31), 11 — католик, 26 — протестант бағытында (2015 ж. — 26).

Аудандық және облыстық әкімдіктер маңында Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес тұрақты жұмыс істейді. 2016 жылы 4 облыстық Кеңес өткізілді.

Облыстың жетекші конфессияларының басшылары Қазақстан халқының облыстық ассамблеясының, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына енеді, діни бірлестіктердің өкілдері Діни келісімдік күніне арналған іс-шараларға қатысады.

Бюджет (бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі)

Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінің соңғы үш жылдағы атқарылуы, соның ішінде кірістердің түсуі тұрақты оң динамикасымен сипатталады.

2016 жылы жеке кірістер 37 951,6 млн.теңге немесе 103,8% түсті (жоспар — 36 545,6 млн.теңге). 2015 жылмен салыстырғандағы өсім 5 920,2 млн.теңгені немесе 18,5 % құрады.

Облыс бюджетіне түсімдер құрылымындағы едәуір көлемді республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер құрайды, 2016 жылы — 73,7%, 2015 жылы — 73,3%, 2014 жылы — 76,7%.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 2016 жылы 128 884,8 млн. теңгені құрады. 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 31,2% немесе 30 671,9 млн. теңгені құрады.

Облыс бюджетінің шығыстар бойынша көлемінің едәуір артқанын атап өткен жөн. Сонымен, 2014 жылы бюджет көлемі шығыстар бойынша 127 202,5 млн. теңгені құрады, 2016 жылы — 173 579,9 млн. теңге, яғни 36,5%-ға немесе 46 377,4 млн. теңгеге өскен.

Бұл ретте жылдан-жылға бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттылығы — білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдіниет, спорт, мұрағат дамытуға сақталып отырады. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шығыстар үлесі 2016 жылы 50,4%-дан астам немесе 87 472 млн. теңге құрайды, ол 2014 жылдан 25,3%-ға немесе абсолютті мәнде 17 681 млн. теңгеге артық.

Президенттің жыл сайынғы жолдаулары бюджеттің атқарылу үрдісін бюджет шығыстарының тиімділігіне және нәтижелілігіне, бюджеттік тәртіпті ұстану жөніндегі талаптардың күшейтілуіне, әлеуметтік емес сипаттағы шығыстарды қысқартуға бағытталған, экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жаңа міндеттерді айқындайды.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2016 10:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2017 09:48
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы