A- A A+
Облыстағы банк секторы қызметінің 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша қысқаша қорытынды

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысы банк секторының 2017 жылдың 1 қазандағы жағдайында 16 аймақтық екінші деңгейлі банктердің филиалдары және олардың 49 құрылымдық бөлімшелері қызмет көрсетті.

Несие нарығы. Облыста несие беру көлемі 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан және 105,2 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша жалпы көлемдегі облыстың несие салымының үлесі 0,8% құрайды.

Облыста жеке тұлғалардың несие салымының көлемі әдеттегідей, заңды тұлғалардан басым. Заңды тұлғалардың несие салымы 35,7 млрд. теңгені құрайды, өткен жылдың қыркүйек айындағы (2016 ж. қыркүйекте — 35,7 млрд. тг.) деңгейде қалып отыр, жеке тұлғалар бойынша — 69,4 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,9% (2016 ж. қыркүйекте — 63,2 млрд. теңге) өскен. Жалпы несие салымдарының көлемінде жеке тұлғалар несиелерінің үлес салмағы 66,0% құрады.

2017 жылғы 9 айда екінші деңгейдегі банктер берген несиенің жалпы көлемі 94,3 млрд. теңгені құрап, 1,4 есеге артты.

Салалық құрылымда ең көп сома саудаға (14,6%), өнеркәсіпке (9,2%), ауыл шаруашылығына (5,6%) және көлікке (2,7%) тиесілі.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектіні несиелеуге 35,8 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,4 есеге жоғары. Берілген несиелердің жалпы көлемінің шағын бизнеске берген несиелердің үлес салмағы 2016 жылдың қаңтар-қыркүйекте 36,9% құраса, 2017 жылдың қаңтар-қыркүйекте 38,0% құрады.

Тұтыну және ипотекалық несиелер нарығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда несие беру көлемінің ұлғаюы байқалды. Осылайша, тұтынушылар несиесі — 28 044,2 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2016 ж. 01.10. — 18 903,4 млн. теңге) 1,5 есеге артық берілген. Тұрғындарға берілген ипотекалық несие өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2016 ж. 01.10. — 2 167,6 млн. теңге) 2,7 есеге артық немесе, 5 765,0 млн. теңгені құрады.

Депозит нарығы. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша банктердің филиалдарымен тартылған заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражатының көлемі 137,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,3 есеге артты.

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негізгі көзі тұрғындардың салымдарынан құралып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері 130,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге (100,2 млрд. теңге) өсті. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесіне депозиттердің жалпы сомасының 95,0% келеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша көрсеткіш 8,1 пайызға азайып, 6,8 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 1,5 есеге көбейген және 91,4 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 45,8 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 66,6% құрады. Депозиттер бойынша долларлану деңгейі 33,4% дейін төмендеді (2016 ж. 01.10. жағдайында — 42,8%).

Тұрғындардың бір адам басына шаққандағы салымы 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,5% өсіп, 245,0 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдайда уәкілетті ұйымдардың, «Қазпошта» АҚ филиалының және ЕДБ филиалдарының 112 айырбастау пункттері қызмет көрсетті, 9 айда 42,1 млн. АҚШ доллардың, 3,4 млн. еуроның және 4 256,4 млн. ресей рублінің таза сатылымдары жүргізілді. 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ресей рублін сатып алу бойынша — 20,3% артқаны және сатылуы бойынша 29,1% төмендегені байқалды. 38,1% АҚШ доллары сатып алынған, ал сатылуы 13,4% көбейген. Еуроны сатып алу 2,5% төмендеді, сату 66,6% артты.

Облыстағы төлем карточкаларының нарығы дұрыс даму үстінде. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желісі 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай мынадай түрде берілді: 292 банкомат (2016 ж. 01.09. жағдайында — 288), 3 037 pos-терминал (14,3% немесе 379 бірлікке өскен). Осылайша, есепті кезеңеде облыс бойынша 184 тұрғынға 1 терминалдан, 1 918 тұрғынға — 1 банкоматтан келеді. Төлем карточкаларын пайдаланушыларға және карточка ұстаушыларға саудалық — қызмет көрсету кәсіпорындары қарқынды дамуда, бұл дегеніміз, олардың санының 16,1% немесе 1 657 дейін, ал карточка ұстаушылардың 5,1%, яғни 336,1 мың адамға өскенін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1. Валюталық операцияларды тіркеу;
  2. Шетел банкіндегі банк шоттарын ашу жөніндегі немесе валюталық операциялар туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу;
  5. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12.10.-дағы №637 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18.09.-дағы №983 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімдемесін тіркеу туралы мемлекеттік қызмет көрсету тізімдемесіне «Коллекторлық агенттіктің есептік тіркеу» көрсетілетін қызметі енгізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Уәкілеттік ұйымдарда шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» және «микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуі» «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат «Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» тарауында Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында, сонымен қатар «Бизнес» тарауының «Мемлекеттік органдар бойынша көрсетілетін қызметтер» кіші тарауында www.egov.kz веб-порталына орналастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 01.11.2017 12:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.11.2017 12:50
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы