A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мәдениет

СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2017 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму туралы ақпараты

1 шiлдеге облысымызда 608 мәдениет және архивтер объектiлер желiсi жұмыс iстейдi, соның iшiнде: 255 клуб, 320 кiтапхана, 12 музей, 15 архив, 3 театр, филармония, кинобейне қорды сақтау және пайдалану жөнiндегi орталық, 1 киноқондырғы.

2017 жылдың 6 айы iшiнде 9 мәдениет объектiсi ашылды, соның iшiнде 7 демалыс орталығы және 2 кiтапхана:

  • Аққайың ауданының Черкасское а. жеке демалыс орталығы;
  • Ғ. Мүсiрепов ат. ауданның Сокологоровка а. демалыс орталығы;
  • М. Жұмабаев ауданы Ноғайбай а. жеке демалыс орталығы;
  • Уәлиханов ауданы Бидайық а. және Жамбыл а. мемлекеттiк демалыс орталығы;
  • Тимирязев ауданы Жарқын а. және Комсомольский а. демалыс орталығы;
  • Жамбыл ауданы Железное а. ауылдық кiтапхана;
  • Аққайың ауданы Дайындық а. жеке кiтапхана.

Облыстық халық шағырмашылығы және мәдени-бос уақыт қызметiнiң орталығы

2017 жылдың 1-жартыжылдығында 99 мәдени-бұқаралық iс-шара ұйымдастырылды, бұл 2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырса 19 iс-шараға артық (80 мәдени-демалыс iс-шара), 46 646 көрерменге қызмет көрсетiлдi (2016 жылмен салыстырғанда 814 адамға аз).

Облыстық халық шығармашылығы орталығының «Арай» халық би ансамблi, «Сладка ягода» орыс әнi халық ансамблi, «Балқадиша» халықтық вокал-фольклор ансамблi ұжымдары табысты жұмыс iстеп, мемлекеттiк, кәсiби және мерейтойлық мерекелерге арналған iс-шараларға белсендi қатысуда.

Кiтапханалар

2017 жылғы 6 айда 6 715 iс-шара өткiзiлдi, бұл өткен жылмен салыстырғанда 312 iс-шараға артық. Iс-шараларға 133 865 облыс тұрғыны қатысты, 2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 1,6% артық.

2017 жылдың үстiмiздегi кезеңде облыс кiтапханалары 154 501пайдаланушыға қызмет көрсеттi, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 525 пайдаланушыға артық. Келулер саны 1 332 619 бiрлiктi құрады. Кiтап беру саны — 2 640 376 бiрлiк.

Мемлекеттiк кiтапханалар қоры 2017 жылғы 1 шiлдеге 3 678 368 құжаттан құрылған (2016 ж. I жартыжылдығында 3 701 155) жалпы сомасы 797 464,7 мың теңге, соның iшiнде мемлекеттiк тiлде — 945 493 дана (жалпы қордың 25%).

Музейлер

2017 жылдың 1 тоқсанында облыс музейлерiмен 1006 экскурсия, 123 көрме ұйымдастырылды, 165 дәрiс оқылды, келушiлер саны 85 961 адамды құрады (2016 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 0,9% кем).

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тұрғындардың туған жердiң тарихына, мәдениетiне және дәстүрiне деген қызығушылығын және құрметiн жаңғырту мақсаты болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргiзуде.

Музейлер тарихи-мәдени мұраны сақтаушылар ретiнде музейлiк-бiлiмдiк және инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша қызмет етуде. Әр жобаға музейлiк сабақтар, интерактивтi және театрландырылған iс-шаралар енгiзiлдi.

«Абылай хан резиденциясы» кешенiнiң «Жастар үшiн» жобасы аясында «Би-рух тынысы» фестиваль-байқауы ұйымдастырылды.

Облыс музейлерiнде «Туған жердiң аңыздары» тақырыбына «Музейдегi түн» және «Тарих ғасырлар арқылы» квест-ойыны өткiзiлдi.

Облыстағы балаларға арналған сауықтыру лагерлерiнде «Есiл өңiрi — менiң туған өлкем» акциясы өткiзiлiп жатыр.

2017 жылғы 25-29 мамыр аралығында «Солтүстiк Қазақстан облыстық музей бiрлестiгi» КМҚК қызметкерлерi ХIХ «Интермузей» халықаралық фестивалiне қатысты.

Театрлар

Ағымдағы кезеңде облыс театрларымен 378 спектакль қойылды, бұл осындай кезеңмен салыстырғанда 55 спектакльге артық, 40 549 көрерменге қызмет көрсетiлдi, көрермендер саны 2016 жылдың осындай кезеңiмен саластырса 74% артық, 6 жаңа спектакль қойылды:

  • С. Мұқанов ат. қазақ театрында: «Қасiрет» — Р.Отарбаевтың, «Ер Төстiк» — ертегi, «Азиза» Ш. Мұртаза;
  • Н. Погодин ат. орыс драма театрында: Э. Портер «Полианна» отбасылық комедиясы, О.Жанайдаровтың «Джут», Е. Кинцель «На исходе суток».

Басқармамен гастрольдер кестесi әзiрленiп, кестеге сәйкес облыс аудандарына iссапарлар жүзеге асырылады, 2017 жылдың 6 айында 53 гастрольдық сапарiске асырылды, 8 087 адам қамтылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1 442 адамға көп.

Театрлар Астана, Көкшетау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Павлодар, Ақтау қалаларына барып, өнерлерiн көрсеттi.

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының труппасы Ақтау қаласында өткен фестивальдiң лауреаты атанды, және де 12 шiлдеден 17 шiлдеге дейiн ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында Астанада А. Мамбетовтiң 85 жылдығына арналған «Сахнадан сәлем!» атты V халықаралық театр фестивалiне қатысты.

Кинобейне қорды сақтау және пайдалану орталығы

Кинобейне қордың есепке алынуын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн ағымдағы кезеңде 1210 фильм (10 129 бөлiм) тексерiлдi (қалпына келтiрiлдi), соның iшiнде қазақ тiлiндегi 7 көшiрме. Соның iшiнде тексерiлген фильмдер көшiрмелерi:

I санат — 10 көшiрме

II санат — 86 көшiрме

III санат — 1114 көшiрме

Техникалық төлқұжаттарда фильм көшiрмелерi тексерiлгенi туралы тиiстi белгiлер қойылды.

Филармония

Барлығы 80 концерт өттi, ауылдық жерлерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес облыс аудандарында 18 концерт ұйымдастырылды, барлығы 26 671 көрерменге қызмет көрсетiлдi, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 67,5% артық.

Наурыз мерекесiнiң продюсерлерiнiң және ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша «Әдемi-ау» мен «Туған жер» хореография ұжымдары Астана мен Алматыда өткен республикалық iс-шараларға қатысты, «Туған жер» ансамблi Қазақ КСР еңбек сiңiрген қайраткерi, режиссер, балетмейстер, Ленин комсомолының лауреаты, профессор М.Ж. Тлеубаевтың 70 жылдығына арналған республикалық фестивальға, Алматыда өткен «Өрлеу-2017» балет мектептерiнiң халықаралық фестивалiне, Омбы қаласындағы гастрольдық концертке, Астанада өткен РҚ IIМ 25 жылдығына арналған iс-шараға қатысты. Сегiз серi атындағы қазақ халық аспаптары оркестрi Алматыға гастрольдық сапарға барып келдi.

Филармония қаланың мекемелерi мен кәсiпорындарымен белсене ынтымақтасып, кәсiби мерекелерге арналған концертiк бағдарламаларын өткiздi.

Архивтер

Есептiк кезеңде облыстың мемлекеттiк архивтермен мемлекеттiк сақтауға 12 382 iс қабылданды, бұл 2016 жылдың кезеңiмен салыстырғанда 0,5 есе аз, соның iшiнде 5974 тұрақты сақталатын iс, 6323 жеке құрам бойынша iс, 13 бiрл. жеке тектi iс, 71 бiрл. фотоқұжат және 1 бiрл. бейнеқұжат. 3,0 мыңнан аса сақтау бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылды. 16 859 парақ қалпына келтiрiлдi, бұл жоспарланғаннан 1,5 есе артық (11095), көмескi тартқан 362 парақ қалпына келтiрiлдi.

31 984 iстiң толықтығы мен жай-күйi тексерiлдi, аса құнды құжаттарға 224 сақтау бiрлiгi жатқызылды. Құжаттардың 11 мыңнан астам сақтау бiрлiгiн сараптау жұмысы аяқталды.

Архив қызметкерлерi Қазақстан Республикасының құжаттарының бiрыңғай электрондық архивiн енгiзу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр: «Қорлар» файылы бойынша формалар толтырылды, «Тiзiмдемелер мен iстер» формасын толтыру жалғасуда. Қорлар толық көлемде, iстер тiзiмдемелерi 96% және iстер тек 88,4% енгiзiлдi (мамандардың болмауы және ескiрген компьютерлiк парк).

«Тiзiмдемелер мен iстер» модулiне тiзiмдемелердiң 4023 тiркеу карточкалары енгiзiлдi. «Сақтау бiрлiгi» модулiне 465583 iс енгiзiлдi.

Iс жүргiзу және құжаттарды сақтау, мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша 37 семинар ұйымдастырылды. Облыстық, аудандық газеттерде 51 мақала шықты.Облыс архивтерiмен мектептер, колледждер мен кәсiби лицейлер оқушылары үшiн 62 экскурсияжәне 85 көрме өткiзiлдi.

Есептiк кезеңде 12954 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрау келiп түстi, ХҚКО арқылы 4484 немесе 32,6%, веб-портал арқылы 1876 сұрау немесе 13,6%, өттi. Құжаттар болмағанына байланысты 2341 немесе 19% терiс жауап берiлдi.

2017 жылғы 20-22 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив iсi және құжаттама департаментiнiң басшысы А.К. Мұстафина басқарған қазақстандық архивистер делегациясы Армения Республикасының астанасы Ереван қаласында өткен Халықаралық архивтер кеңесiнiң Еуро-Азиялық өңiрлiк бөлiмшесiнiң 18-шi Жалпы конференциясына (ЕВРАЗИКА), ТМД елдерiнiң мемлекеттiк архив қызметтерiнiң консультациялық кеңестерiнiң отырысына, «Архивтердi толықтыру саласындағы проблемалар» халықаралық ғылыми конференциясына, «Ресей мен Арменияның қазiргi замандағы архив iсi» ресейлiк және армяндық архивистердiң кездесуiне қатысты.

Делегация құрамына Ұлттық қолжазба және сирек кiтаптар орталығының директоры Р.Т. Бикенев, ҚР Ұлттық архивiнiң директоры М.Ж. Махашов, Орталық мемлекеттiк архивтiң директоры Л.С. Актаева, ҚР Кино-фото құжаттар және дыбысжазу орталық мемлекеттiк архивiнiң директоры А.Ф. Сеитова, Ғылыми-техникалық құжаттаманың орталық мемлекеттiк архивiнiң директоры Г.С. Сарсенова, Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивiнiң директоры С.З. Мәлiкова кiрдi.

Бюджет

«Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 2017 жылға арналған қаржыландыру қоры 1697,6 млн. теңгенi құрайды, ү.ж. 1 шiлдесiне нақтыланған жоспар 919,6 млн. теңге, 919,3 млн. теңге немесе 100% орындалды.

2017 жылы нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшiн 126,9 млн. теңге бөлiндi (8 жоба бойынша күрделi және ағымдағы жөндеулер жүргiзуге), 1 шiлдеге жоспар 103,8 млн. теңге, 100% игерiлдi. 2017 жылы 37 жұмыс орнын құру жоспарланған, үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiне 30 жұмыс орны құрылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының 2015 жылға әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары туралы мәлiметтер (Zip 28 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының 2014 жылғы 9 айы бойынша ақпараты (Zip 4 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 16:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.07.2017 15:42
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы