A- A A+
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар

Кәсiпкерлiк бастаманы қолдау, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң беделiн көтеру және қызметiн ынталандыру мақсатында 2015 жылдың басынан келесi бiрқатар iс-шаралар жүзеге асырылды.

1) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк бағдарламалары туралы ақпараттандыру, заңнамаға енгiзiлген өзгерiстермен таныстыру, шаруашылық етушi субъектiлерге бизнестi дамытуда практикалық көмек көрсету мақсатында Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттiк құрылымдар мен қаржы ұйымдарының өкiлдерi кiрдi. Облыстың 13 ауданына шығу кестеге сәйкес жүзеге асырылды. Аталмыш кеңестерге шаруашылық етушi субъектiлерi, ауылдық округтер әкiмдерi, аудандық әкiмдiктер өкiлдерi, барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

Жұмыс тобы

2) үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру барысын насихаттау мен түсiндiру, шағын және орта бизнестi облыстық, республикалық деңгейде қолдау жөнiнде ақпараттық-имдждiк жұмыстың жоспары құрылды.

3) ) Мемлекеттiк қолдау шаралары туралы кәсiпкерлерге кеңестер беру үшiн облыстың барлық аудандарында Кәсiпкерлiктi қолдаудың ұтқыр орталығының жұмысы ұйымдастырылды.

4) «Солтүстiк Қазақстан облысында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту» тақырыбында екiншi деңгейдегi банктермен кеңес өткiзiлдi, онда 2014 жылдың қорытындысы шығарылып, облыс кәсiпкерлерiмен жұмыс жөнiнде алдағы аралыққа мiндеттер қойылды.

5) кәсiпкерлiк бөлiмдерi басшыларымен «2014 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамуы және 2015 жылға арналған мiндеттер» тақырыбына кеңес өткiзiлдi.

6) өңiрлiк «Қазақстанда жасалған» Кәсiпкерлер форумы өткiзiлдi. Оған Ұлттық компаниялар мен холдингтер, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, мемлекеттiк органдар, қорлар мен даму институттарының өкiлдерi, бизнес субъектiлерi қатысты. Форумда тауарлар, жұмыстар мен қызметтерде қазақстандық және жергiлiктi қамтуды қамтамасыз ету және отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдау шаралары талқыланды.

«Қазақстанда жасалған» Кәсіпкерлер форумы

7) Кәсiпкерлер үшiн «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасын түсiндiру жөнiндегi семинарлар өткiзiлдi. Басқарма қызметкерлерi Даму консультанттарымен бiрге бағдарламадағы жаңа өзгерiстер туралы сөз қозғады. Жекелегенде, көпшiлiк арасында ауылды жерлердегi кәсiпкерлерге қатысты өзгерiстер қызығушылық тудырды. Мысалы, ендi мемлекет салалық шектеусiз жылдық 14%-дан аспайтын кредиттер бойынша пайыздық ставканың 10%-н субсидиялайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын түсіндіру жөніндегі семинар

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2016 09:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2017 16:36
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы