A- A A+
Халықаралық ынтымақтастық
  • Сыртқы сауда айналымы

    Алдын ала мәліметтер бойынша 2018 жылғы қаңтарда Еуразия экономикалық одағының мүше-мемлекеттерімен өзара сауданы ескергенде Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 39,0 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңнен 19,6% артық. Бұл ретте, жалпы экспорт — 18,7 млн АҚШ долларын құрады (2,1 ұлғайды), жалпы импорт — 20,3 млн АҚШ долларын құрады (14,3%-ға қысқарды).

    Солтүстiк Қазақстан облысының сыртқы тауар айналымы, млн.АҚШ доллар

    Алдын ала мәлiмет бойынша 2018 жылғы қаңтардағы облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 16,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңнен 71,3% артық. Бұл ретте, экспорт 13,3 млн АҚШ долларын (2,4 есеге ұлғаюмен), импорт — 2,8 млн АҚШ долларын (28,2% қысқарумен) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 10,5 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

    Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 29,4%), Өзбекстан (23,2%), Бельгия (16,1%), Польша (6,3%), Иран (6,3 %), Қытай (5,6%).

    Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 100%-ы немесе 13,3 млн. АҚШ доллары) алады.

    Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (барлық импорт көлемiнiң 32,5%), Сербия (11,6%), Литва (10,7%), Украйна (10,2%), Польша (7,4%) болып табылады.

    Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 35,7%-ы немесе 1,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (25,0%-ы немесе 0,7 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз — қағаздан жасалған бұйымдар» (17,9%-ы немесе 0,5 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (10,7%-ы немесе 0,3 млн. АҚШ доллары), «Химиялық және өнеркәсiп салаларына байланысты өнiмдер» (7,1%-ы немесе 0,2 млн.АҚШ доллары).

    Сыртқы сауда айналымы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2018 жылғы қаңтардағы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемi 22,9 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтарға 98,7%). Бұл ретте, экспорт — 5,4 млн. АҚШ доллары (58,8% ұлғайды), импорт — 17,5 млн. АҚШ доллары (11,6% қысқарды).

    2018 жылғы қаңтарда облыстың Ресей Федерациясымен тауар айналымы 19,4 млн. АҚШ долларына қалыптасты және 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,2% ұлғайды. Бұл ретте, экспорт — 3,6 млн. АҚШ долларын (9,1% ұлғайды), импорт — 15,8 млн. АҚШ долларын (18,1% қысқарды).

    Солтүстiк Қазақстан және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының (Омбы, Түмен және Қорған) ынтымақтастығы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салалардағы өзара қарым-қатынас ынтымақтастығы туралы Келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

  • Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық

    Солтүстiк Қазақстан облысының шаруашылық субъектiлерi ресейлiк компанияларымен өз өнiмдерiн экспорттау, сондай-ақ өндiрiсте пайдаланылатын шикiзат, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарының импорты бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

    Ү.ж. «ЗМО» ЖШС 48,8 млн. теңге сомаға Түмен және Қорған ққ. әрiптестерiне бұрғылау сайманы үшiн жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң, «ВФ Поиск» ЖШС 5,8 млн. теңге сомаға мұнай саласына арналған жинақтаушы бұйымдардың, «Блок» ЖШС және «Изолит» ЖШС жалпы 301 млн. теңге сомаға электр оқшаулау материалдардың экспорттық жеткiзiлiмiне шарттар жасады.

    Жалпы аталған кәсiпорындар бойынша 2018 жылғы 2 айдың нәтижесi бойынша 355,3 млн. теңге сомаға экспорттауға жасалды, 125,5  млн. теңге сомаға орындалды.

    «Компания-Диорит-LTD» ЖШС 2017 жылы «Торговый дом СНК» ЖШҰ және «ОмскОйлТрейд» ЖШҰ-ға (РФ) жалпы көлемi 62,8 мың т.м. қиыршықтас жеткiздi.

    «Ақжар-Неруд» ЖШС 2017 жылы «Омск Агропромдорстрой» ППСРО ЖАҚ (РФ, Омбы қ.) жалпы көлемi 12,754 мың т.м. қиыршықтас жеткiздi.

    «Солтқазтас» ЖШС 2017 жылы «Бетонир», «Омскстройбетон», «ЖБИ 9», «ЖБИ 12» зауыттарына, «УКСК» ЖШҰ, «НерудПром» ЖАҚ, «АВМ ИНВЕСТ» ЖШҰ (РФ) көлемi 42 мың тонна фракциялық қиыршықтас жеткiздi.

    «НерудИндустрис» ЖШС 2017 жылы «Омск Агропромдорстрой» ППСРО ЖАҚ, «Стройщебень» ЖШҰ (РФ) көлемi 4,4 мың т.м. қиыршықтас жеткiздi.

  • Ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық

    Өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, ғылыми әзiрлемелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды жеткiзу салаларында ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

    Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi соңғы жылдары Ресей Федерациясының өнеркәсiп кәсiпорындарымен белсендi ынтымақтастық жасауда.

    Бiрқатар инвестор-фирмалары мен жеке агроқұрылымдар егiн себетiн машиналарды, топырақ өңдейтiн құралдарды, тiзбектi тырмаларды және басқа да техника жеткiзу бойынша Омбы қаласының зауыттарымен жұмыс iстеп жатыр.

    Солтүстiк Қазақстан облысында шамамен 8 мың бiрл. астық жинайтын комбайн (80%-ы РФ шығарылған), 1147 егiстiк кешен (1,2%), 5 мың валкалы дестелегiш (15%), 16,2 мың сепкiш (13,5%) және 1,2 мың бiрл. басқа да а/ш машиналары бар (шамамен 20% РФ шығарылған).

    2017 жылы барлығы 23,5 млрд. теңге сомаға 195 трактор (соның iшiнде 88 РФ шығарылған), 181 астық жинайтын комбайн (соның iшiнде 45 РФ шығарылған), 51 егiстiк кешенi (соның iшiнде 10 бiрлiк РФ) және басқа да техника сатып алынды.

    Техниканың негiзгi жеткiзушiлерi «Ростсельмаш» КЗ ЖШҰ дилерлiк және сервистiк орталығы (астық жинау комбайндар), «Каметекс» ЖШС («Клевер» зауытының жем-шөп жинайтын техникасы), «We Agro Group» ЖШС (топырақ өңдейтiн жабдық), «СЗК-Агро» ЖШС (Новосибирск машина жасау зауыттарының астық тазартатын және кептiретiн жабдығы), «СевАгроМаш» ЖШС (Нижний Новгород қ. «Мельинвест» АҚ астық тазартатын және кептiретiн жабдығы), «Урал ЛТД» ЖШС (тракторлар, егiстiк кешендер) болып табылады.

    «Тюменский аккумуляторный завод» ААҚ соңғы жылдары облыстың машина-трактор паркiне сыйымдылығы әртүрлi аккумуляторлар жеткiзiп тұрады.

    Ет өңдеу кәсiпорындары жыл сайын Ресейге мың тоннадан астам ет және ет өнiмдерiн жеткiзiп тұрады.

    Өнiмдi өткiзу үшiн Қорған қ. «Орталық» базарында сауда орындары ұсынылған. Қорған қ. шамамен 12 тонна (10 млн. теңге) ауыл шаруашылығы өнiмi жеткiзiлдi, соның iшiнде: шұжық өнiмдерi, сүт өнiмдерi, жұмыртқа, ұн, макарон өнiмдерi, бал және омарташылық өнiмдерi, кондитер өнiмдерi, басқа да тамақ өнiмдерi.

    Солтүстiк Қазақстан облысы Ресей Федерациясымен тұқым шаруашылығы саласында белсендi ынтымақтастық жасап жатыр.

    2017 жылы егiн егу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысына Ресей Федерациясынан 6220 мың тонна дәндi және майлы дақылдардың тұқымы әкелiндi, с.i. бидай 4449 тонна, арпа 636 тонна, сұлы 95 тонна, бұршақ 314 тонна, бұршақ 653 тонна, зығыр 164 тонна, жүгерi 24 тонна, судан шөбi 11 тонна.

    Облыстың агроқұрылымдары жыл сайын Ресей Федерациясынан асыл тұқымды iрi қара мал басын әкелуде. 2017 жылдан берi «Ебжанов және К» ЖШС (Есiл ауданы) — қара-ала тұқымды 100 бас аналық жас тайынша (Свердлов облысы) әкелiндi.

  • Көлік саласындағы ынтымақтастық

    Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының Петухов және Макушин аудандары қамтылған шекаралас Мамлютка және Булаев темiр жол өткiзу пункттерi бар.

    Омбы-Петропавл поезының жүрмеуiне байланысты 2017 жылғы 20 желтоқсаннан бастап сәрсенбi, сенбi және жексенбi күндерi Карбышево-1, а.п. 2883 км, Мариановка, Пикетное, Москаленки станцияларына баратын жолда аялдай отырып, «Омбы Исилькуль» бағытында қосымша электр поездары қатынайтын болады. 2017 жылдан бастап «Петропавл-Исилькуль» «Петропавл-Петухово» қала маңындағы поездардың жүруiне «Қала маңындағы тасымал» АҚ қызмет көрсетедi.

    Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасында 8 халықаралық автобус бағыты қызмет етедi: «Петропавл-Ишим», «Петропавл-Тобольск», «Петропавл-Түмен», «Петропавл-Омбы» (3), «Петропавл-Екатеринбург», «Пресноака с.-Қорған қ.».

  • Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық

    Халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру бiлiм беру үрдiсiн бiрiктiру мiндетiн iске асыруға ықпал етедi. Солтүстiк Қазақстан облысында бiрнеше жылдар iшiнде Ресей Федерациясы бiлiм мекемелерiмен табысты ынтымақтасып отыр.

    Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiби-техникалық бiлiм беру мекемелерi бiрнеше жылдан берi Ресей Федерациясының бiлiм беру мекемелерiмен тығыз байланыста. Техникалық және кәсiби бiлiм беру саласында Ресей Федерациясының шекаралас аудандарымен ынтымақтастық аясында әдiстемелiк, әдебиет жағынан тәжiрибемен алмасып, халықаралық конференциялар мен конкурстарға ұдайы бiрге қатысады.

    Омбы облысының бiлiм мекемелерi арасында тәжiрибелiк алмасу белсендi өтiп жатыр. Омбы облысының бiлiм мекемелерiнiң студенттерi мен оқушылары арасында Мағжан оқуларына үнемi қатысушылары мен жүлдегерлерi.

    «Жәлел Қизатов атындағы Есiл ауылшаруашылығы колледжi» базасында «Солтүстiк Орал сырты Түмен мемлекеттiк аграрлы университетi» ЖБ ФМББМ жұмыс атқару аясында «Агрономия», «Ветеринария», «Агроинженерия», «Орман iсi» мамандықтары бойынша жоғары кәсiптiк бiлiммен кадрларды даярлау жүргiзiлетiн қашықтықтан оқыту орталығы қызмет етедi. Қазiргi таңда аталған қашықтықтан оқыту орталығында 87 бiлiм алушы оқиды.

    «Гуманитарлық-техникалық колледжi» мемлекеттiк емес бiлiм ұйымында 18 жыл бойы қашықтықтан бiлiм беру технологиясы қолданылатын, мамандарды даярлау жүзеге асырылатын Түмен мемлекеттiк университетiнiң өкiлдiгi қызмет етедi.

    2018 жылдың 12-15 ақпан күндерi Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң студенттерi Қорған облысы бойынша «Жас мамандар» (WorldSkillsRussia) III Өңiрлiк чемпионатына қатысты.

    Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң III курс студентi Андрей Ковзалов аталған чемпионатқа «Жүк техникасына қызмет көрсету» кұзыреттiлiгi бойынша қатысып, 3 орынға ие болды.

    2018 жылдың 22-23 ақпан күндерi Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi базасында колледж директоры С.К.Бегалиндi еске алуына арналған Х халықаралық футзал турнирi өткiзiлдi. Турнирге №1 Омбы педагогикалық колледжi, Н.Е.Жуковский атындағы Омбы авиациялық колледжi, Ресей Федерациясы Шадринск қаласының политехникалық колледжi және облысымыздың бiлiм ұйымдары қатысты. Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң құрама командасы турнирдiң жүлдегерi болып аталынды.

    «Өнер колледжi-музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат" кешенiнiң оқытушылары мен студенттерi РФ Омбы қаласында өткен «Сiбiр жұлдыздарды жандырады» халықаралық конкурсқа қатысып, «вокалды ән айту» номинациясында Гран-при, ал «фортепиано» номинациясында I дәрежелi дипломға ие болды.

    РФ Қорған қаласында өткен халықаралық музыкалық-теориялық олимпиадасында музыка теориясы бойынша студент А.Калкенова 2 жүлделi орынға ие болды.

  • Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық

    Байланыстар орнату аясында Ресей қалалары клиникаларының базаларында облыс дәрiгерлерiн оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру тәжiрибесi жалғастырылуда.

    2017 жылғы қаңтар-наурызда «3-iншi қалалық аурухана» ШЖҚ КММ акушер-гинеколог дәрiгерi — И.М. Грицюк Омбы мемлекеттiк медициналық университетiнде «Бала және жасөспiрiм жасында гинекология» циклi бойынша мамандандырылудан өттi.

    «Солтүстiк Қазақстан облысының медицина колледжi» ШЖҚ КММ студенттерi Смоленск қ. өткен «Зима-2017» биология бойынша халықаралық қашықтық олимпиадада жүлделi орындарға ие болды.

    Сондай-ақ, Омбы медициналық колледжiнiң базасында 16 ақпанда өткен «Зертханалық диагностика» мамандығының үздiк түлегi» кәсiптiк шеберлiк конкурсының бiрiншi турына студент О.Юрченко қатысып, II орынға ие болды. Студент Х. Боранбаев «Экспо-2017» арналған «Ақ барс» шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша «фельдшер» бiлiктiлiгiмен «Емдеу iсi» мамандығы бойынша аяқтау курстарының халықаралық конкурсына қатысып, IV орын алды (Қостанай қ.).

    Үстiмiздегi жылғы сәуiр айында Омбы қаласында халықаралық қатысумен өткен «медициналық бiлiмдегi шұғыл көмектiң заманауи аспектiлерi» бүкiлресейлiк дискуссиялық алаңшада облыстың медицина колледжiнiң директоры сөз сөйледi. Бұдан басқа, колледждiң арнайы пәндердiң оқытушылары, сондай-ақ, студенттерi аталған алаңшаның жұмысына қатысты.

    Қорғанда WorldSkills технологиясы бойынша «Ең үздiк медицина бикесi» кәсiби шеберлiк конкурсы өттi, оның сарапшысы Солтүстiк Қазақстан медицина колледжiнiң медбике iсiнiң оқытушысы И.М. Стогниев болды.

    Ү.ж. сәуiрде «Кардиологиялық орталық» ШЖҚ КМК аритмолог дәрiгерi РФ Томск қ. Кардиология ҒЗИ базасында «Жүрек iшiндегi электрофизиологиялық зерттеулер мен тахикардияларды радио жиiлiк абляциялау» тақырыбы бойынша айлық курста оқып шықты.

    «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК акушер-гинеколог дәрiгерi 2017 жылғы 10 қыркүйектен бастап 17 желтоқсанға дейiн «Ультрадыбыстық диагностика» циклi бойынша Омбы мемлекеттiк медицина университетiне қайта даярлау курсына жiберiлдi.

    Омбы облысының медицина колледжiне БКБМ 165 жылдығына арналған «Дәрiлiк қалыптардың экспресс-анализiндегi рефрактометрия», «Репродуктивтi денсаулық — ұлт денсаулығы» тақырыптары бойынша «Бiз XXI ғасырдың медицина қызметкерлерiмiз» халықаралық қатысумен аймақ аралық ғылыми-практикалық конференциясына 3 және 4 курстардың студенттерi қатысты.

    Осындай iс-шаралар өткiзу дәрiгерлер мен оқытушылардың бiлiктiлiгiн, студенттердiң бiлiм деңгейiн, олардың академиялық ұтқырлығын арттыруға ықпал етедi, тәжiрибе алмасуға мүмкiндiк бередi.

  • Дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық

    Тұрақты негiзде шекаралас және өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясы қалаларының спортсмендерiмен бiрлесiп спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлiп отыр.

    Үстiмiздегi жыл басынан облыс спортшылары шайбамен хоккей өңiраралық турнирге, спорт биi бойынша халықаралық турнирге, биатлон бойынша өңiраралық жарыстарға, жеңiл атлетика, еркiн күрес, грек-рим күресi бойынша, баскетбол және волейбол жарыстарға, батутта және акробатикалық жолақта секiру бойынша бiрiншiлiкке, жүзу бойынша бiрiншiлiкке қатысу үшiн Красноярск, Санкт-Петербург, Мәскеу, Тобольск, Екатеринбург, Новосибирск, Омбы, Қорған қалаларына барып қайтты.

    Ресей Федерациясының спортшылары Солтүстiк Қазақстан облысында өткен Қазақстан Республикасының көркем гимнастика бойынша ашық халықаралық турнирге, жеңiл атлетика бойынша облыс чемпионатына қатысты.

  • Төтенше жағдайлардың алдын-алу саласында

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы төтенше жағдай жөнiндегi департаментi және Ресей Федерациясының Омбы, Қорған және Түмен облыстары бойынша Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Бас басқармасымен өзара iс-әрекет жоспарлары аясында трансшекаралас жағдайлар туындаған және болған жағдайда жүзеге асырылатын жұмысты ұйымдастыру.

    Ақпараттық алмасу және ұсыну, сондай-ақ командалық-штабтық оқуларды бiрлесiп өткiзу және тәжiрибелiк алмасу жүзеге асырылуда.

    Сондай-ақ, кадрларды бiрлескен оқыту, жаттығу, оқу және бiлiктiлiгiн арттыру, ақпарат және технологиялармен алмасу тұрақты жүргiзiледi.

  • Құқық қорғау саласында

    Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы аясында қылмысқа қарсы жұмыста белгілі бір оң нәтижелерге бірлесіп, қол жеткізілді. Осы жұмыста негізгі күш есірткі бизнесіне қарсы тұруға, заңсыз көші-қонға, контрабандаға және іздеудегі адамдардың орналасу орнын белгілеуге бағытталған.

  • Ынтымақтстық туралы меморандумдар

    1. ҚХР Сиань қаласы мен ҚР Солтүстiк Қазақстан облысы арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту туралы меморандум Zip (1 Mb)
    2. Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi мен Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Сиань қаласының Халық Өкiлдерiнiң бүкiл қытайлық жиналысы арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум Zip (18 Mb)
Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 11:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2018 17:17
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы