A- A A+
Зейнетақы жүйесін жаңғырту

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді ашық есік куніне шақырады!

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді ашық есік куніне шақырады!

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы 
  2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы  
  3. Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 Қаулысы (2015.28.11. берiлген өзгерiстермен)
  4. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  5. Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi № 341 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстермен)
  6. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 984 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  7. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттер меншiктi қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 Қаулысы (2015.10.12. берiлген өзгерiстермен)

ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті сауалдары

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесiн жаңғырту жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық материал

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудың мақсаты мен ерекшелiктерi:

1. Зейнетақы төлемдерiнiң алдыңғы табысқа және елiмiздегi өмiр сүру деңгейiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету.

2. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету(зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылатын ағымдағы табыстар мен резервтердiң, сондай-ақ бюджет қаражатының және өзге түсiмдердiң зейнетақы төлеу бойынша шығыстарға үнемi сәйкес келуi).

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлi жүйесiн сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажеттi және өзара байланысты өзгерiстер базалық деңгейде жүргiзiлетiн болады, ал мiндеттi деңгейде — ынтымақты және жинақтаушы, және ерiктi құрамдас бөлiктерде жүргiзiледi.

Алдағы өзгерiстер тұрғындар мен зейнеткерлердiң қандай топтарына бағытталатын болады?

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерiнiң ерекшелiгi бүкiл және әрбiр адамға қатысты болатындығында: бүгiнгi зейнеткерлердi де, зейнетке шығу құқығына әлi еңбек сiңiретiндерге де, әйелдер мен ер кiсiлерге; жұмыс iстейтiндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қатысты болады.

Осыған орай, алдағы өзгерiстер мемлекет, жұмыс берушi және тiкелей азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажеттi қамтамасыз етуге жауапкершiлiктi бөлудi көздейтiн адам мүддесiнде жүзеге асырылады.

Жаңғырту бағыттары

1. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi институционалдық өзгерiстер, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырудың және оның қызметiндегi ерекшелiктер.

2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына ауыстыру.

3. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңiмен ұлғайту.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру моделi, оның негiзгi құрамдас бөлiктерi

Бүгiнгi таңда Қазақстанда базалық, мiндеттi және ерiктi деңгейлерден тұратын көпдеңгейлiзейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Базалық деңгейдезейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж.) және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде қатысуды ескергенде) базалық зейнетақы төлемi (БЗТ) төленедi. Бұл төлем еңбек өтiлiне және алдын алған табыстарына қарамастан барлық мөлшерде бiркелкi белгiленедi.

Анықтама үшiн: БЗТ алушылардың саны 2013 ж. 1 шiлдеге 1833,5 мың адамды құрайды, оның iшiнде шамамен 830 мың адамы — ынтымақты жүйеге қатысушылар, ал 1 млн-ға жуығы — зейнетақымен қамсыздандырудың аралас (ынтымақты және жинақтаушы) жүйесi. БЗТ мөлшерi 2013 жылы 9 330 теңгенi немесе ЕТКД-нiң 50%-н құрады.

Мiндеттi деңгейде зейнеткерлерге мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты (еңбек) және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларын қаржыландыру есебiнен –жинақтаушы зейнетақылар төленедi.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өту кезiнде азаматтар үшiн оларда 01.01.1998 ж. кемiнде 6 ай еңбек өтiлi және 1995 жылдан бастап кез-келген қатар 3 жыл үшiн жалақысы болған жағдайда мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшiн мiндеттi еңбек өтiлi әйелдер үшiн 20 жылды және ер кiсiлер үшiн — 25 жылды құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақылар жалақының 10% мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы жүйе қатысушыларына төленедi.

Әйелдер өз зейнетақы жинақтарын аннуитеттiк (сақтандыру) компанияға аудару арқылы зейнетақы аннуитетiн сатып алу жолымен зейнетке шыққаннан кейiн 18 жыл iшiнде оның ең төмен мөлшерiнен аз емес мөлшерде ай сайын зейнетақы төлеу үшiн жеткiлiктi болған жағдайда әйелдерге — 50 жастан, ер кiсiлерге — 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарын ертелеу алуға құқық көзделген.

I. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру

2013 жылғы 1 тамызда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылып, Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құрылтайшысы мен акционерi болып белгiлендi.

БЖЗҚ құрудың мақсаты мен басымдықтары:

  • мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсiмдерiнiң және зейнетақы активтерiн пайдаланудың тиiстi есебiн қамтамасыз ету;
  • инвестициялық стратегияларды жетiлдiру және зейнетақы активтерiнiң табыстылығын арттыру, әкiмшiлiк шығыстарды азайту;
  • тұрғындардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және оның қозғалысының барынша тазалығын қамтамасыз ету.

БЖЗҚ барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлiнген барлық зейнетақы активтерiн шоғырландырады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын және олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорларынан аудару биылғы жылдың қыркүйегiнен бастап кесте бойынша салымшылардың өз зейнетақы жинақтарына меншiк құқығы сақтала отырып (бұл өте маңызды!), толық көлемде жүзеге асырылатын болады.

БЖЗҚ негiзгi мiндеттерi:

  • мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және салымшының қалауы бойынша ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) тарту;
  • салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу;
  • салымшыларға шоғырландырылған зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;
  • зейнетақы жинақтарының жоғары табыстылығын қамтамасыз ету;
  • ЖЗЖ қатысушыларды қамтуды кеңейту
  • халықты жеке зейнетақы шотындағы қаражат туралы ақпараттандыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiнҚазақстанның Ұлттық Банкi басқаратын болады.

Инвестициялауды ұйымдастыру үшiн ҚР ҰБ-ға инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдердi басқаратын ұйымдарды таңдау құқығы берiледi. Алайда инвестициялық стратегия мен БЖЗҚ зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн рұқсат берiлген қаржылық құралдардың тiзбесi жөнiндегi ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мақұлдайтын болады.

Оның дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Кеңестiң құрамына ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, ҚР Үкiметiнiң, ҚР Ұлттық Банкiнiң өкiлдерi, қаржылық нарық қатысушылары мен отандық тәуелсiз сарапшылар кiретiн болады.

Кеңестiң негiзгi функциясы:

  • Қордың зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
  • Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат берiлген құралдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және осы тiзбенi мақұлдау;
  • Қордың инвестициялық стратегиясын бекiту.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттiң зейнетақы жинақтарының сақталуы жөнiндегi кепiлдiк сақталатын болады.

Осылайша, мемлекеттiң зейнетақы активтерiнiң сақталуы және инвестициялық табыстылығын қамтамасыз етуге жауаптылығы арттырылады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

II. Ерiктiден мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына өту

Зейнетақы жүйесiн жаңғырту бағытындағы қайта құрулар қолданыстағы үлгiнiң ерекше еңбек жағдайларында жұмыс iстеуiмен байланысты тәуекелдердi өтей алмауына байланысты.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерiктi кәсiптiк схемасы тиiстi деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын көбейтiп және 53-55 жаста зейнеткерлiкке шығуға мүмкiндiк бередi деп болжанған едi. Алайда, қазiргi уақытта 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгенi құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыста iстейтiн адамдардың жұмыстарының ерекшелiктерiн ескере отырып 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) өту жүзеге асырылатын болады.

Бұл ендi еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда iстейтiн адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетiн болады, оның 10 пайызы қызметкердiң өзiнiң еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс берушi есебiнен жүргiзiледi. Бұл олардың жүйеге үздiксiз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелi түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезiнде зейнеткерлiкке ерте шығуы үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарына мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Бұл ретте жұмыс берушiге де жүктеме азаяды, өйткенi кәсiптiк зейнетақы жарналарына төленетiн сома салық төлемдерiн жүзеге асырған кезде шегерiмге жатқызылады.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшiн:

1) базалық зейнетақы төлемдерi;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 6 ай стажы болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

3) жалпыға ортақ белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

4) еңбек жарақатынан және кәсiби аурулар салдарынан еңбек ету қабiлетiнен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетiн өмiрлiк сақтандыру төлемдерi сақталады.

Бүгiнде, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншiктi қаражаты есебiнен олардың пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндiрiстердiң, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн дайындау жұмысы аяқталды.

Тiзбе жобасының түпкiлiктi нұсқасы 17 бөлiмнен — өндiрiс түрлерiнен және кәсiптер, лауазымдар және оларды бiрiктiретiн мазмұндардың атаулары көрсетiлген үш мыңнан астам ұстанымдардан тұрады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары зиянды, қауiптi жағдайлардағы еңбегi еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау нәтижесiмен расталған қызметкерлерге қолданылады, аттестаттауды өткiзу тәртiбiн елiмiздiң Үкiметi айқындайды.

Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау мамандандырылған 146 ұйымда жүргiзiлуде. Аталған ұйымдарды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау бойынша қызметтердi жүргiзу құқығына аккредиттеуге тиiс.

Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациядан өткiзу сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Сондықтан, ұсынылатын шаралар зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығын күшейтедi және елiмiздегi артып келе жатқан өмiр деңгейiн зейнетақымен қамсыздандыру шегiнiң барабарлығын арттырады.

III. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту

Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтiлiнiң азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындау үшiн өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң 12 астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтiлi жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердiң барлығында толық өтiл болмайды.

Бұл, 2018 жылдан кейiн зейнетке шығатын әйелдердiң зейнетақысы:

  • базалық зейнетақыны;
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлiне сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақыны қамтитын болады. Бұл ретте, еңбек зейнетақысының мөлшерi толық емес еңбек өтiлiне байланысты жыл сайын бекiтiлетiн ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн,
  • зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.

Болжамды есептер бойынша әйелдердiң алатынзейнетақысының мөлшерi осы онжылдықтың өзiнде бұрынғы орташа айлық жалақысының 40 пайызынан төмен болады.

Мұндай жағдайларда, зейнетақы жасын бiрiздендiру бюджет қаражатын үнемдеу үшiн емес, әйелдердiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн және зейнетақы жинақтарының көлемiн арттыру үшiн ұсынылады, бұл тиiсiнше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерiнiң артуына алып келуге тиiс.

Қазiргi кезде көптеген шет елдерде (Ұлыбритания, Германия, Франция, Норвегия, Швеция, Оңтүстiк Корея, Чехия, Әзiрбайжан, Украина, Эстония және т.б.) зейнетақы жасын арттыру есебiнен зейнетақы жүйесiн халықтың жасына бейiмдеу пайдаланылады.

Бұл ретте Еуроодақтың 18 елiнде әйелдердiң зейнеткерлiк жасы ер адамдардың зейнеткерлiк жасына 2020 жылға теңестiрiледi, бесеуi оны кейiн жасауды жоспарлап отыр.

Әлемдiк тәжiрибеге және 1996 жылдан 2001 жылға дейiн iске асырылған қазақстандық тәжiрибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңiмен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл iшiнде жүзеге асырылады.

Бұл:

  • бiрiншiден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өтуге мүмкiндiк бередi. Мысалы, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға бередi, яғни 6 айдан кейiн, ал 57-ге толғандар бiр жылдан кейiн немесе 59 жасында зейнетке шығады;
  • екiншiден, психологиялық тұрғыдан дайын болуға және бейiмделуге (63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшiн);
  • үшiншiден, әйелдердiң нәтижелi жұмыспен қамтылу мүмкiндiктерiн кеңейту шараларын қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Дей тұрғанмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған үлгi, барлық әлеуметтiк ерекшелiктердi ескерiп, ауыртпалық салмай және негiзделiп 5 жылдан кейiн — 2018 жылы қолданыла бастайды.

Себебi ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейiн жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын бiрiздендiру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.

Зейнеткерлiк жасты ұлғайта отырып, Үкiмет халықты, оның iшiнде ең алдымен орташа жастағы әйелдердi жұмыспен қамту бойынша қосымша шараларды қолға алу қажеттiгiн түсiндi.

Бұған мемлекет iске асырып отырған, нәтижелi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек табыстарының өсiмiне бағытталған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы септiгiн тигiзедi, оның шеңберiнде әйелдер халықтың жұмысқа орналасуда және өзге де әлеуметтiк қолдау нысандары бойынша басымды құқыққа ие нысаналы тобына жатқызылған.

Аталған бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарламада әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтылуына баса назар аударылған. Әйелдердiң еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi болуы мақсатында Жол картасы шеңберiнде оларға:

  • еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегiн оқу, оларды мемлекет субсидиялайтын әлеуметтiк жұмыс орындарына, жастар практикасына жiберу мүмкiндiгi берiледi. Бұл ретте оқу кезеңiне оларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек берiледi, степендия төленедi;
  • микрокредит алу арқылы өз iсiн ашу және кеңейту және кәсiпкерлiк негiздерiне оқу;
  • еңбек ресурстарына қажеттiлiк бар әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге өз еркiмен көшудi жүзеге асыру мүмкiндiгi берiледi. Осындай отбасыларға жаңа тұрғылықты жерiнде жұмысқа орналасуына, қызметтiк тұрғын үймен қамтамасыз етуде, көшуге субсидия беруде көмек көрсетiледi.

2011 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн Бағдарлама шараларымен 100 мыңнан әйел қамтылды.

Әйелдерге бала күтiмi бойынша демалыстан шыққаннан кейiн еңбек нарығында бейiмделуiне жәрдемдесу. Бәсекеге қабiлеттiлiгi арттыру мақсатында жұмыспен қамту орталықтары еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен бiлiктiлiгiн арттыруды, қажетiне қарай қайта оқуын және сұранысқа ие мамандық алуын қамтамасыз етедi.

Әйелдердiң еңбегiн кеңiнен қолдануға, қашықтықтан жұмыспен қамту түрлерiн пайдалануға, үйде еңбек етудi дамытуға, сондай-ақ әйелдер үшiн кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған бiрқатар шаралар көзделуде.

Бұдан басқа, Еңбек кодексiне жұмысқа орналастыру кезiнде кемсiтушiлiктi жоюға және 55 жастан асқан адамдардың жұмыспен қамтылуын сақтауға бағытталған кепiлдiктердi күшейтудi, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсiтушiлiк сипаттағы талаптарды (жынысты және жасты көрсету) қамтитын ақпаратты орналастырғаны үшiн өсiмпұл енгiзудi көздейтiн түзетулер енгiзiлдi.

Сонымен қатар, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек өтiлi бар әйелдер үшiн зейнеткерлiкке ерте шығу құқығы сақталады:

  • 5 және одан көп бала туған(немесе асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтiлi 6 айдан кем емес;
  • «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемiнде 20 жыл жалпы еңбек өтiлi бар әйелдерге 45 жаста.

Сондай-ақ еңбек өтiлiне жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейiн, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт есептеледi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

IV. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтуды кеңейту

Қазақстанның еңбекке қабiлеттi халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуының ағымдағы деңгейi 67,7%, оның iшiнде жалдамалы қызметкерлер 98%-ын құрайды.

Сондықтан, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тартымдылығын арттыру, көлеңкелi сектор қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтылуын кеңейту жөнiнде ұсыныстар қарастырылуда.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтардың негiзгi үлесi жалақының 10% мөлшерiнде зейнетақы жарналарын төлейдi.

Егер қарапайым есептеулер жүргiзетiн болсақ, онда осындай жарналарды жүзеге асыратын азаматта 35 жылда қандай жинақ болатынын есептеуге болады: жыл сайын адам 23 мың теңгедей жинайды (егер 2013 жылды алатын болсақ), тиiсiнше 35 жыл iшiнде жинақтар 42 ең төменгi жалақыны құрайды. Мұндай жинақтар 3,5 жылға ең төменгi жалақы мөлшерiнде зейнетақы төлеуге жетедi.

Егер өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар зейнетақы жүйесiне қатыспайтын болса, зейнеткерлiк жасқа толған кезде оларға жасына байланысты мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 пайызынан аспайтын әлеуметтiк жәрдемақы төленедi, ол 2013 жылдың үлгiсi бойынша 9330 теңгенi құрайды.

Бұл мәселенi шешу үшiн мынадай жұмыстар жоспарлануда:

  • өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн нақтылау және оларды нәтижелi жұмыспен қамтуға тарту жөнiнде (Жұмыспен қамту 2020 картасы шеңберiнде) жүргiзiлетiн шараларды ескере отырып, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн алған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне мiндеттi қатыстыру туралы талап енгiзiлетiн болады;
  • жарналарды төлеу тәртiбi өзгередi;өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар бүкiл табысын жариялап, осы сомадан зейнетақы жарнасын төлеуге тиiс болады.
  •  ең төменгi кепiлдiктер жүйесi өзгертiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғырту жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу бойынша тапсырмалары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына 2013 жылғы 7 маусымдағы үндеуiнде жария еткен тапсырмаларын ескер отырып, халықты әлеуметтiк қорғау деңгейiне мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және қызметкердiң ынтымақты жауапкершiлiгiн көздейтiн зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғыртудың кешендi шаралары әзiрленетiн болады, атап айтқанда:

А)жұмыс iстейтiн әйелдер үшiн бала туу және бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттiң субсидиялауы.

Әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болуы, бiрiншiден жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiнiңүзiлуiне, екiншi жағынан — зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң объективтi түрде артта қалуына (ерлермен салыстырғанда) әкеледi.

Есептеулер мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға қатысушылар (бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша) үшiн жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталған жағдайда бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңде (Заң бойынша — 3 жыл) жинақ мөлшерi тиiсiнше 2,5 есеге төмендейдi.

2014 жылғы 14 қаңтардан бастап әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген. Бюджеттен субсидияланатын мiндеттi зейнетақы жарналары Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен төленетiн әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын зейнетақы жарналарымен қоса белгiленетiн болады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерi аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген бұрынғы табыстан 10% құрайды.

Ел Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлген «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрсетiлген мақсаттарға 30,6 млрд. теңге сомада шығыстар көзделген.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

1-мысал, баланың туған күнiне дейiн соңғы 2 жыл әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген орташа айлық табысы 150 мың теңге құрайтын жұмыс iстейтiн әйелдi алатын болсақ. Егер қазiргi уақытқа дейiн бала бiр жасқа дейiн оның күтiмi кезiнде оның зейнетақы жарналары айына 6 мың теңгенi құраса, ұсынылып отырған тетiк бойынша 9 мың теңге мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын бюджеттен қосымша субсидиялауды ескере отырып, оның жалпы зейнетақы аударымдары айына 15 мың теңгенi құрайды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Назарға алыңыз! Әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн ескерiлетiн табысқа арналған қолданыстағы шектеудi ескере отырып, субсидиялау мөлшерi ең төмен жалақы мөлшерiнен (ағымдағы жылы 18 600 теңге) аспайтын болады.

Зейнетақы жарналарын есептеу объектiсiн 10 ең төмен жалақымен шектеу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында енгiзiлген жоқ. Ол МӘСҚ-тан төленетiн сақтандыру төлемдерiне, сол сияқты мемлекет субсидиялайтын зейнетақы жарналарын мөлшерiн айқындауға зейнетақы жарналарын есептеуге бiрыңғай тәсiл қолдану қажеттiгiмен байланысты. Осындай тәсiл/шектеу әдiл болып отыр және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк заңнамасына сәйкес ол өзге де әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруда қолданылады.

2-мысал. баланың туған күнiне дейiн соңғы 2 жыл әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген орташа айлық табысы 1399,5 мың теңге (75 ең төмен жалақы) құрайтын жұмыс iстейтiн әйелдi алатын болсақ.Ұсынылып отырған тетiк бойынша 11 196 теңге мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын бюджеттен қосымша субсидиялауды ескере отырып, оның жалпы зейнетақы аударымдары айына 18 660 теңгенi құрайды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Б) жұмыс берушiнiң есебiнен барлық қызметкерлер үшiн 5 % мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу.

Мiндеттi жинақтаушы деңгей шеңберiнде әрбiр қызметкер (салымшы) өзiнiң қарттығын қамтамасыз етуге (өзiнiң табыстарынан 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналары) жауапкершiлiкте болады. Бұл ретте, мемлекет зейнеткерлiкке шығу және өмiр бойы базалық зейнетақы төлемдерiмен қамсыздандыру кезiнде әрбiр салымшы бойынша зейнетақы жинақтарының нақты құнына кепiлдiктi қамтитын бiрқатар мәселелер бойынша жауапты болады.

Осыған байланысты, жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiнiң пайдасына аударатын мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiледi. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, аудару тәртiбiн, осы жарналарды қалыптастыру және пайдалану тетiгiн әзiрлеу ұсынылады.

Осындай негiзде қол жеткiзiлетiн базалық және ерiктi құрамдауыштарды сақтау кезiнде жұмыс берушiлердiң тiкелей қатысуы есебiнен мiндеттi деңгейде зейнетақымен қамсыздандыру көздерiн кеңейту зейнетақы жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын күшейтедi және зейнетақы төлемдерiнiң сәйкестiгiн және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.

В) жұмыс берушi есебiненмiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын кезең-кезеңiмен тағы 5 пайызға арттыру (жыл сайын 1%).

2014 жылдан бастап еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстармен айналысатын қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушiлер есебiнен еңбекақы қорынан 5 % мөлшерiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiледi.

Кәсiптiк жүйенi одан әрi дамыту мақсатында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi 5-тен 10 %-ға дейiн кезең-кезеңiмен арттырылатын болады.

Осы өзгерiстер:

  • зиянды өндiрiсте жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуына және жұмыс берушiлердiң жауапкершiлiгiн арттыруға;
  • жұмыс берушiнiң салық салу базасындағы кәсiптiк зейнетақы жарналарын шегеруге жатқызу бөлiгiнде салық жеңiлдiгi бойынша нормалардың сақталуына әкеледi.

Осылайша, зиянды және қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстейтiн адамдар үшiн зейнетақы жинақтары айтарлықтай тез көбейетiн болады, өз кезегiнде, оларға зейнетақы төлемдерiн ерте алу мүмкiндiгiн берiледi. Бұл жүйеге үздiксiз (кемiнде 30 жыл) қатысқан және жарнаны ұдайы (жылына 12 рет) аударған кезде зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн адамдарға 50 жасқа жеткенде зейнетақы аннуитетiн сатып алу арқылы зейнеткерлiкке ерте шығу үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға мүмкiндiк туады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және
әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ

03.05.2018 ж.

Дәстүрлi «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесi ақпараттарды ұсынамыз.

1. Зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрменi салымшылар мен алушыларға жылына бiр рет конвертпен жiберудiң не қажетi бар? Мүмкiн жаппай электрондық хабарлау тәсiлiне ауысатын уақыт келген шығар?

Цифрландыру үдерiсi қазақстандықтардың өмiрiнiң барлық саласын қамтитыны сөзсiз. БЖЗҚ бұл мәселеге ерекше көңiл бөледi. 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсiлi таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бiрлiкке немесе 66 пайызға артты. Сөйтiп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бiрлiктi құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие болды. Бiр жыл iшiнде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бiрлiктi құрады.

2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдады. Оның iшiнде 823 мыңнан астам адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшiн Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады. Осылайша, ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдайтындар саны күннен-күнге артып келедi. Бiрақ БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат берудiң барлық тәсiлi бойынша қызмет көрсетуге дайын. Өйткенi көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету — Қордың басты мiндеттерiнiң бiрi.

2. Зейнетақы Қорынан қандай электрондық қызметтердi алуға болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселерiне келмей-ақ негiзгi қызметтердi пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сервистердi енгiздi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлiк жасқа толған кезде немесе 1-шi және 2-шi топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру мүмкiндiктерiн атауға болады.

Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетiлетiн қызметтердiң үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейiн өстi. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.

Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтерiне өз бетiмен қол жеткiзе алулары үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету терминалымен жұмыс iстеу бойынша арнайы сервис әзiрлендi. 2017 жылдың 4-шi тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар ендi зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерiн тағайындауға дейiнгi барлық дерлiк электрондық қызметтердi пайдалана алады.

Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына, олардың iшiнде әсiресе мүмкiндiгi шектеулi жандарға ерекше көңiл бөледi. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдiк кеңсе» жобасы аясында 2016 жылға қарағанда 6,5 есе көп операция жүзеге асырылды. 2017 жылы Қор қызметтерiн тұтынушылардың тұрғылықты жерi бойынша 7,1 мың көшпелi шара өткiзiлiп, 189,5 мың операция жасалды.

2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай Қор сайтында электрондық сервистер iске қосылғалы берi оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгердi. Олардың iшiнде 2298 салымшы онлайн тәртiбiнде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелерiне өзгерiстер енгiзсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсiлiн интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

3.Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесiн енгiзерде Чили елiнiң моделi негiзге алынғаны белгiлi. Бұл ретте Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi қалай тексерiледi? Ол халықаралық стандарттарға сай ма?

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметiнде ашықтық қағидасын ұстанады. Қорда жыл сайын тәуелсiз сарапшылардың күшiмен сыртқы аудит жүргiзiледi.

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджментi Жүйесi бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәттi өттi. Мақсат — оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерiн көрсету саласындағы талаптарына сәйкестiгiн растау. Аудиттi алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргiздi. Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджментi жүйесi толық көлемде нәтижелi екендiгiн, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрi дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өттi. Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негiзiнде Сапа Менеджментi Жүйесiн енгiзуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңiнен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсеттi. Бұл ретте IT-технологиялар iшкi бизнес-үдерiстердi, сондай-ақ қызметкерлердiң бiлiктiлiгi мен құзыреттiлiгiн айқындау үшiн де қолданылады.

Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлi байланыс арналары арқылы келiп түсетiн өтiнiштердi талдауда заманауи бағалау әдiстемелерi қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсiз аудиторлар бұл механизмдi жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары — байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Керi байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзiнде, «Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабы» және әлеуметтiк желiлер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтiнiш келiп түскен. Оларға 1-3 күн iшiнде жауаптар қайтарылды.

Аудит нәтижесi бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бiрде-бiр сәйкессiздiк, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды. Сертификат алғанға дейiн Қорда сапа менеджментi жүйесiн қалыптастыру және енгiзу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Халықаралық стандарттарға сәйкестiгiмiздi растау — бiздiң дұрыс бағытта келе жатқанымызды бiлдiредi. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу бiз үшiн өте маңызды. Қол жеткiзiлген нәтижелер — бұл көрсетiлетiн қызметтердi дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бiр көрiнiсi. Қолданыстағы Сапа менеджментi жүйесi бизнес-үдерiстердiң тиiмдiлiгiн және Қордың ашықтығын арттырады.

4. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерi Латын Америкасы елдерiне инвестицияланғанын естiдiм. Бұл қаншалықты қауiпсiз? Табыстылық бойынша қандай мәлiмет бере аласыздар?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiн дербес басқару аясында арнайы механизм әзiрледi. Ол макроэкономикалық көрсеткiштердi талдау негiзiнде инвестициялық жағынан тартымды елдердi таңдауға мүмкiндiк бередi. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзiрлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексiне енген. 2017 жылы зейнетақы активтерiн инвестициялау мақсатында жүргiзiлген талдау нәтижесiнде тұрақты макроэкономикалық көрсеткiштерге және кредиттiк рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстiк-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.

2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкiметiнiң АҚШ долларында номинирленген мемлекеттiк бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды.

2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай зейнетақы активтерiнiң 73,29 пайыздан астамы рейтингi «ААА» -дан «BBB-»-ға дейiн болатын, тәуекелi ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегi тәуекелi бар (рейтингi «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. 2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейi 7,1 пайыз болғаны белгiлi.

Табыстылық деңгейi зейнетақы активтерiн бiрiктiру кезеңiнен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi аралықта орта есеппен инфляция деңгейiнен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейi 41,76 пайызды құрады. Қосымша айта кетелiк, бизнес-үдерiстердi оңтайландыру, тиiмсiз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтердi енгiзу және олардың үлесiн арттыру бойынша жүргiзiлген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерiнен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi. Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерiнен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.

5. БЖЗҚ сайтында зейнетақы калькуляторы орналасқан. Салымшылар мен алушылар оны қаншалықты жиi пайдаланады?

Тұрғындар арасында дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитiн қалыптастыру мақсатында Қор сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылды. Сол арқылы салымшылар өздерiнiң болашақ зейнетақысын болжамды түрде есептей алады. 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтiк даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбiр салымшы үшiн кәсiпқой кеңесшiге айналуы тиiс. Осы мiндеттердi орындау үшiн 2018 жылы сәуiрде Қор дербес кеңес беру қызметiн iске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтiк зейнетақы калькуляторы қолданылады.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екi апта iшiнде (2-14 сәуiр аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелерi бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткiздi. Бұл ретте консультациялардың басым бөлiгi Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткiзiлдi.

2017 жылы enpf.kz сайтын ашып қарау саны 20,8 миллион бiрлiктен асты.

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетiн дамыту мақсаты қойылды. Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру қажет.

03.05.2018 ж.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың мәселесi бүгiн пайда болған жоқ. Ол талай жылдан берi көтерiлiп келедi. Бiрақ, Елбасының сынынан кейiн бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен талқыланды. Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында мемлекет басшысы мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiн кейiнге қалдыруға тура келгендiгiн атап өттi. Бұған өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс iстейтiн азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесi себеп болған.

«Олар салық төлемейдi, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелi экономикада жүр. Мен бұл туралы кемiнде бес жылдан берi айтып келемiн. Нақты тапсырмалар да бердiм. Алайда мұнымен нақты ешкiм айналыспайды», — дедi өз сөзiнде Президент.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар кiмдер және олардың саны қанша? Оларды ел экономикасына тарту үшiн не iстеу керек? Ең алдымен өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжiрибелерге сүйенер болсақ, «өз бетiнше жұмыспен қамтылу» дегенiмiз — бұл жеке адамның жұмыс берушiге емес, өзiне жұмыс iстеуi. Өзiн-өзi жұмыспен қамтушы адам — бұл әр түрлi бизнес саласында табыс табу үшiн жұмыс iстейтiн және өз iсiн өзi басқаратын адам.

Қазақстанның заңнамасында «өз бетiнше жұмыспен қамтылу — сыйақы мөлшерi тауарлар мен қызметтердi өндiруден (сатудан) түсетiн табысқа тiкелей байланысты болатын жұмыс» деп көрсетiлген. Бұл ретте меншiктi тұтыну — табыстың бiр бөлiгi ретiнде қаралады.

Тағы бiр анықтама: «Өзiн-өзi жұмыспен қамтушы — бұл табыс табу үшiн тауарлар мен қызметтердi өндiрумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң, сондай-ақ отбасылық кәсiпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушiлердiң ақы төленбейтiн жұмыскерлерiнiң бiрi.

Бүгiнде өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларды екi үлкен топқа жiктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбектi пайдаланбайтын жеке кәсiпкерлер және жалдамалы еңбектi пайдаланатын жеке кәсiпкерлер. Бiрiншi топқа өзi үшiн жұмыс iстейтiн адамдар, фрилансерлер, уақытша мердiгерлiк шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттiктердiң мердiгерлерi және маусымдық жұмыскерлер жатады. Ал екiншi топқа шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң, сондай-ақ микрофирмалардың иелерiн, фирмалардың кәсiби тұрғыда қызмет көрсететiн серiктестерiн жатқызуға болады.

Адамдардың өз беттерiнше жұмыс iстеуiне әр түрлi жағдайлар себеп болады. Олар жағымды және жағымсыз сипатта болып келуi мүмкiн. Жағымды себептердiң iшiнен өз iсiнiң иесi болуға, өзiн бизнес саласында дамытуға, икемдi жұмыс кестесi бойынша еңбек етуге деген құштарлықты атап өтуге болады.

Ал жағымсыз себептерге жұмыссыз қалу, таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмау секiлдi жағдайлар жатады. Қандай себеп болмасын, өзiн-өзi жұмыспен қамтушы адам өзiнiң қазiргi шағы мен болашағына, зейнет жасындағы өмiрiне өзi жауапты болатындығын түсiнуi керек. Әрине, ертеңгi күндi ойламай, тапқан табысты бетiне қарамай бүгiн жұмсай беруге де болады. Бiрақ, өз уақтысында зейнетақы жарналарын төлеп, болашаққа сенiммен қарағанға не жетсiн!

Егер бiр шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектiсiнде жұмыс iстейтiн болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қоластындағы қызметкерлерi еңбек шартынсыз жұмыс iстейтiн мыңдаған жұмыс берушiнi анықтады. Яғни, бұл жұмыскерлер жалақыны «конвертпен» алады деген сөз. Бұл жағдай оларды түптеп келгенде тығырыққа әкеп тiреуi мүмкiн.

Бiрiншiден еңбек шартын жасасу — бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиiстi еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың дер кезiнде төленуiнiң кепiлi.

Екiншiден, бұл еңбек өтiлi мен жұмыскердiң бiлiктiлiгiн растаудың айқын жолы.

Егер жұмыскердiң пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтiн болса, онда ол зейнеткерлiк жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерiн ала алмайды. Өкiнiшке қарай, кейбiр отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтiк кепiлдiктер туралы бiле бермейдi. Ниетi бұзық жұмыс берушiлер мұны өз пайдасына пайдаланады.

Егер сiздiң жұмыс берушiңiз зейнетақы аударымдарын жасамаса не iстеу керек? Әрбiр жұмыскер жұмыс берушiден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақтылы аударып отырғандығы туралы мәлiмет беруiн талап етуге құқылы. Егер жұмыс берушi зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағына алады. Жұмыс берушiлердiң зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершiлiгi осы салық органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгiнуге болады. Өз кезегiнде еңбек инспекторы жұмыс берушiге келiп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады.

Азаматтарды толыққанды экономикалық өмiрге тарту — маңызды және стратегиялық мемлекеттiк мiндет.

Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi өткiзген жұмыстардың нәтижесiнде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерiнiң жұмыс берушiлерiмен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерiнiң жалдамалы жұмыскер екендiктерiн мәлiмдеген. Бiрақ, олар өкiнiшке қарай зейнетақы және әлеуметтiк аударымдарды жасамаған.

2018 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,12 млн бiрлiктi құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бiр-ақ рет түседi. Ал бұл санның тек үштен бiрiне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейiн түсетiндiгiн атап өткен жөн.

1991-2001 жылдар аралығында жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың саны 8,7 есеге өстi. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердiң саны экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың шамамен 71 пайызын, өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың 24 пайызын, жұмыссыздардың 5 пайызын құрайды. Салыстырып қарайтын болсақ, шет мемлекеттерде өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың пайыздық үлесi экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың: Австралияда — 10,3%, Германияда — 10,8%, Канадада — 8,6%, Францияда — 9,7%, Жапонияда — 11,5%, Ұлыбританияда — 15,4%, АҚШ-та — 6,5%-ын құрайды.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар санының артып кетуi мынадай мәселелердi тудырады:

  • көлеңкелi экономиканың жоғары деңгейi — 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетi);
  • бейресми жұмыстардың болуы;
  • табыстарды жасыру;
  • өзiн-өзi қамтушы азаматтардың әлеуметтiк қорғансыздығы.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың мәселесi ауқымды әлеуметтiк сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тiкелей байланысты. Сондықтан ол бiр министрлiктiң немесе бiр зейнетақы қорының өкiлеттiгi аясында шешiлмейдi. Бұл ретте өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларға қатысты ұсынылатын бастамалар әлеуметтiк және экономикалық саладағы министрлiктер мен мекемелердiң жұмысында көрiнiс табуы тиiс. Яғни, бұл жүйелiк мәселе және ол жүйелi тұрғыда шешiлуi тиiс. Ең алдымен еңбекке қабiлеттi азаматтарды толыққанды экономикалық өмiрге тартудың тиiмдi мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажет. Сонымен қатар, жастарды және 40 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесiн ескеру керек. Қазiр тиiстi ұсыныстар БЖЗҚ-да, депутаттық корпуста және Үкiметте әзiрленiп жатыр. Бұл мәселедегi басты мiндет — ынталандырушылық сипаттағы шараларды қабылдау.

БЖЗҚ өз кезегiнде зейнетақы жарналары түспейтiн жеке зейнетақы шоттарын өңдеу науқанын қолға алу туралы бастама көтердi. Осылайша, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бiрақ содан берi бiрде-бiр рет жарна түспеген, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар, бiрақ 2017 жыл барысында жарна түспеген шоттар сәйкестендiрiлдi. Ал өңiрлiк желi қызметкерлерi осы шоттардың иелерiне жоспарлы түрде телефон шалу жұмысын бастады. Ондағы мақсат — оларға зейнетақы шоттарына зейнетақы жарналарының түспейтiндiгiн хабарлау және қолданыстағы зейнетақы заңнамасы, болашақ зейнетақыны жоспарлау және жұмыспен қамту мәселесi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.

Қазiргi уақытта әр түрлi қиын жағдайға тап болған адамдар үшiн пайдалануға болатын бiрқатар мүмкiндiктер қарастырылған. Олар:

  • әлеуметтiк жұмыс орны;
  • кәсiптiк оқыту;
  • жастар тәжiрибесi;
  • қоғамдық жұмыстар;
  • кәсiпкерлiк бастамаларға қолдау көрсету;
  • ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепiлдiк беру;
  • мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға бюджет тарапынан көмекқаржы бөлу.

Жоғарыда келтiрiлген бағыттар бойынша толыққанды мәлiметтердi Қордың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» — «Жұмыссыздарға» бөлiмiнен оқып бiлуге болады.

Бүгiнде елiмiзде үш деңгейлi зейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi. 2040 жылдан кейiн зейнеткерлiкке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерiн алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үмiт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтiлi 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Сондықтан БЖЗҚ-ның стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi — тұрғындар арасында тұрақты негiзде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.

Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесiне, әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiне қатысу — заман талабы.

03.05.2018 ж.

«БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы мен «Қазпошта» акционерлiк қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерiн БЖЗҚ бөлiмшелерi жоқ шалғай елдiмекендерде Қазпошта бөлiмшелерi арқылы көрсету жоспарлануда.

Трансферагенттiк қызметтердi көрсету үшiн елдiмекендердi таңдағанда ең алдымен экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындары аз, аудан орталықтарынан алыста орналасқан шағын елдiмекендерге басымдық берiледi.

Қазiргi уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзiрленген. Техникалық мәселелер шешiлiп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлер құрамы оқытылған соң, трансферагенттiк қызметтер ең алдымен кезең-кезеңмен тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 24 елдiмекенде, кейiн биылғы жылдың соңына дейiн тұрғындары 2 мыңнан 5 мың адамға дейiн болатын 70 елдiмекенде көрсетiлетiн болады. Осылайша, 2018 жылы БЖЗҚ қызметiнiң көрсетiлу деңгейi республика бойынша 43 пайызға артады.

2019 жылы тұрғындарының саны 2 мыңға жетпейтiн 125 елдiмекенде трансферагенттiк қызмет көрсету жоспарланған.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

02.04.2018 ж.

1. Мен екi айдан кейiн зейнеткерлiкке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер туралы естiдiм. Осы туралы толығырақ бiлгiм келедi. Мен зейнетақыны қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен құралған зейнетақы төлемдерi тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн алушы алғаш рет өтiнiш берген күнi, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаса, бұл сома алушыға бiр рет толығымен төленедi. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшерi: 33 745 теңге. Сәйкесiнше оның 12 еселенген мөлшерi: 404 940 теңге.

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдердi есептеу үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерi қолданылады. Коэффициенттер кестесi тұрақты шама және ол ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12-ге бөлiнедi. Одан шыққан сома — айлық зейнетақы болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сiздiң ай сайын алатын зейнетақы төлемдерiңiз былайша есептеледi: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiледi (мысалы 63 жаста ол — 0,10467 санын құрайды). Шыққан сома 12-ге бөлiнедi. Одан алынған сома Сiздiң тиiстi күнтiзбелiк жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады.

Еске сала кетелiк, БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

2. Мен зейнеткерлiкке шыққан кезде қандай да бiр өтемақы берiлетiндiгiн естiдiм. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгiме мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджет есебiнен берiлетiн бiр жолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейiн ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда — айырма төлемi жүзеге асырылмайды және уәкiлеттi орган айырма төлемiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда — Мемлекеттiк корпорация бiр жұмыс күнi iшiнде айырма төлемi сомасын есептейдi.

Айырма төлемiн алуға зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар да құқылы.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын есептеу және төлеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдерi жөнiндегi мемлекеттiк орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бiр жолғы төлемдi алу үшiн осы ұйымға жүгiнiп, тиiстi өтiнiштi толтыру қажет.

3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдерi БЖЗҚ-дан ай сайын төленедi. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлiкке 2017 жылы 23 шiлдеде шықтым және бiр жылдық төлемдi алдым. Ендi зейнетақыны биыл қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгiзiлген бұл өзгерiстер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енген. Бұл өзгерiстер зейнетақы төлемдерiн 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесiлi.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн тiркеген зейнеткерлер үшiн төлем кестесi өзгерiссiз қалады. Олар үшiн зейнетақы төлемдерiн алу кезеңдiлiгi (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданыста болған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу әдiстемесi сақталады.

Бiрақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесiне ауыса аласыз.

Зейнетақы төлемдерiн ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келедi.

Зейнетақы төлемдерi бiр жолғы төлем ретiнде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердiң күнделiктi тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуге арналған.

Төлем кестесiн өзгерту үшiн Сiз БЖЗҚ-ның жергiлiктi кеңсесiне жүгiне аласыз. Қор бөлiмшелерiнiң мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

4. Енгiзiлген өзгерiстердiң ерiктi зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерiктi жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн ай сайын жүзеге асыру тәртiбiне қатысты заңнамалық өзгерiстер МЗЖ және МКЗЖ есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесiлi.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

  1. елу жасқа толған;
  2. мүгедек болып табылатын;
  3. Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакетi ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай, қажеттi құжаттардың маңызды тiзбесi, оларды рәсiмдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтiнiштер бланкасы, төлем валютасының түрiне қарай оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.

5. Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бүгiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемi, жай-күйi туралы ақпарат берудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады.

Нақты айтар болсақ салымшы:

  • зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);
  • пошта байланысы арқылы (үзiндi-көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жолданады);
  • электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бiр рет) жолданады);
  • және логин мен құпия сөздi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Жеке кабинет» бөлiмi, www.e-gov.kz сайтының «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» — «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмi, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.

Салымшы осы тәсiлдердiң iшiнен өзiне ыңғайлысын таңдайды. Бiрақ, олардың iшiнде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңiнен танымал болып жатыр. Өйткенi ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi.

Егер бұған дейiн зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсiлдi, оның iшiнде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергiлiктi бөлiмшесiне бiр рет барып өтiнiш берсеңiз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желiсiне жалғанған болуы тиiс.

Үзiндi-көшiрменi кез келген кезең бойынша (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдауға болады.

Бүгiнде логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН) енгiзуге рұқсат етiлген. Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан берiледi.

Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткiштерi және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегiн жүктеуге болады.

12.03.2018 ж.

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер (2018 жыл)

2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есiк күнi өтедi. Аталмыш шара әдеттегiдей барша салымшылар мен алушылар үшiн өте өзектi тақырып — зейнетақы жүйесiндегi өзгерiстерге арналмақ. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсiндiрмелiк жұмыстарды белсендi жүргiзiп, салымшыларға зейнетақы жүйесiне қатысты кешендi сауалдар бойынша жан-жақты мәлiмет беруде.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудың басты мақсаты — зейнетақы жинақтарының тиiмдiлiгiн арттыру. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелi табыстың лайықты көлемiн қамтамасыз ету мақсатында түрлi төлем көздерiнен, нақтылар болсақ, мемлекеттiк бюджет қаржылары есебiнен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдерi) берiлетiн қаржы ретiнде қарастырады.

2014 жылы Мемлекет басшысы бекiткен Зейнетақы жүйесiн жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы жинақтарын бiр мәрте шешiп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртiбi бекiтiлдi. Бұл шаралар зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығы мен тиiмдiлiгiн арттыру, бюджет есебiнен және жинақтаушы зейнетақы есебiнен жасалатын зейнетақы төлемдерiнiң ортақ көлемiн ұлғайтуға бағытталған.

Бүгiнде зейнеттегi азаматтарға төленетiн зейнетақының 80−85% мемлекеттiк зейнетақыдан құралады. Бұл жағдай бiртiндеп өзгермек. 2018 жылға дейiн еңбек өтiлi жоқ азаматтар 2040 жылдан бастап зейнетке шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады. Әрi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап азаматтардың зейнетақысы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу мерзiмiне қатысты белгiленедi.

Яғни, зейнетақымен қамту деңгейi мемлекет пен жұмыс берушiнiң жарнаны уақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзiне көбiрек байланысты болмақ», -деп атап өттi «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының өкiлдерi.

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енген және таяу болашақта енгiзiлетiн басқа да өзгерiстермен қор мамандары 27 наурызда өтетiн шара барысында кеңiрек таныстырады. Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есiк күнi барысында өздерiн толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

Естерiңiзге сала кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есiк күнiн тура бiр жыл бұрын «Зейнетақы жүйесiнiң құрылымы қандай?» деген тақырыпта өткiзген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды Қор жүйелi түрде әрбiр тоқсан сайын ұйымдастырып келедi.

05.01.2018 ж.

«5 сауал» атты дәстүрлi айдарымызды жалғастыра отырып, сiздердiң назарларыңызға келесi ақпаратты ұсынамыз.

1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйi туралы ақпаратты қандай жиiлiкпен ала алады?

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күнi, төлемақы ұстамай, яғни тегiн беруi тиiс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдiстерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдiсiмен жүргiзiледi. Бұл үшiн алушы (салымшы) келесi хабарландыру әдiстерiнiң бiрiн таңдауы тиiс:

  • БЖЗҚ офисiне жеке өзi келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың (алушылардың) ақпаратты қанша рет сұратуына шек қойылмаған;
  • ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерiнде немесе ақпараттандыру әдiсiн өзгерту/таңдау туралы қосымша келiсiмде көрсетiлген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдiс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бiр жылда) бiр мәрте;
  • пошта байланысы арқылы — жылына бiр мәрте;
  • интернет-ақпараттандыру — онлайн режимiнде; ақпараттандырудың бұл әдiсi арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильдi қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкiметтiң сайтындағы «Әлеуметтiк қамсыздандыру» — «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме» бөлiмiнен ҚР электрондық үкiмет порталында тiркелiп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады.

2. Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге мiндеттi ме?

2013 жылдың 21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сай БЖЗҚ-ны Қор мiндеттемелерiн орындауға ықпал ететiн барлық өзгерiстер туралы бұл өзгерiстер туындаған сәттен бастап, он күнтiзбелiк күн iшiнде ескертуi тиiс.

Бұған салымшы тиiстi хабарландыру тәсiлiн таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.

1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келiсiм-шартта көрсетiлген пошта мекен-жайының өзгергенi туралы, егер Сiз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсiлiн таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзiңiз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөнiңiз, тегiңiз, туған жыл, ай-күнiңiз, жеке идентификациялық номерiңiз (ЖИН) көрсетiлген, жеке куәлiгiңiздiң көшiрмесi салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.

2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келiсiм-шартта немесе ақпараттандыру әдiсiн белгiлеу/өзгерту туралы қосымша келiсiмде ақпараттандыру әдiсi ретiнде «электрондық пошта (e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осы электрондық мекен-жай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорды ескертуiңiз керек. Көңiл аударатын жәйт, Сiз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергенi туралы тек ЖЗБҚ офисiне өзiңiз барып қана ескертуiңiзге болады.

Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейiн тұрғылықты мекен-жайын өзгертiп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жiберiлген үзiндi-көшiрме БЖЗҚ-ға қайтып келедi. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесi жылы үзiндi-көшiрменi пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы.

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының) тиiстi жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдiсi туралы тиiстi келiсiм жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйi туралы хабарландырмауға құқылы. БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерiнiң жеке мәлiметтерiн жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсiлiн таңдау үшiн Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес бередi.

3. БЖЗҚ офисiне бармай-ақ реквизиттердегi мекен-жайды өзгертуге бола ма?

БЖЗҚ 2017 жылы өзiнiң электрондық қызмет көрсету жүйесiн кеңейтiп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинетi арқылы реквизиттерiне өзгерiс енгiзуге мүмкiндiк бердi. Ендi БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде тiркелген реквизиттердiң (жеке куәлiк туралы ақпарат, тұрғылықты жердiң мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлерi) өзектiлiгiн электрондық сандық қолтаңбаның өзектi кiлтi бар жағдайда өз бетiнше тексерiп, қажет жағдайда өзгерiстер және (немесе) түзетулер енгiзуге болады. Бұл үшiн БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлiмге кiрiп, «Реквизиттерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу» атты электрондық қызметке жүгiнiп, керектi өзерiстердi енгiзу қажет.

4. Егер зейнетақы қорымен келiсiм-шарт жеке куәлiк негiзiнде жасалған болса, ақпараттандыру әдiсiн өзгерту туралы қосымша келiсiмге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма?

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсiлiн өзгерту/ белгiлеу туралы келiсiмге қол қою үшiн пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негiзгi деректемелерiнiң сәйкестiгi салымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесiнiң аты көрсетiлген жеке куәлiк, тұруға ықтиярхат) беруi салдарынан пайда болған «әкесiнiң аты» деректемесiндегi алшақтықты есепке алмай-ақ тексерiледi.

5. ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кiм талап ете алады?

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшiншi тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсiмделген жазбаша келiсiмi арқылы ғана беруге болады.

ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:

1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндiрiсiндегi қылмыстық iстерге қатысты;

2) соттарға — сот ұйғарымы бойынша олардың өндiрiсiндегi iстерге қатысты;

3) сот орындаушыларына — сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негiзiнде олардың өндiрiсiндегi атқару құжаттары негiзiнде;

4) мемлекеттiк кiрiс органдарына — тексерiлiп жатқан тұлғаның мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу мәселелерiне байланысты;

5) өкiлеттi органға — салымшының (алушының) арызына немесе өкiлеттi органның Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруiне байланысты туындаған мәселелерге қатысты;

6) прокурорға — қарауындағы материалға қатысты оның өкiлеттiгi аясында тексеру жүргiзу туралы қаулыға сәйкес;

7) қаржылық мониторинг жөнiндегi өкiлеттi органға — ҚР «Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жариялауға және лаңкестiктi қаржыландыруға тосқауыл қою туралы» Заңында көрсетiлген мақсаттарда және тәрiпте;

8) салымшының (алушының) өкiлдерiне — нотариалды бекiтiлген сенiмхат немесе сот шешiмiнiң негiзiнде;

9) Орталыққа — мiндеттi зейнетақы қорлары, кәсiби мiндеттi зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәлiметтер базасын жасау және мiндеттi зейнетақы жарналары, кәсiби мiндеттi зейнетақы жарналарының бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдерiне құқын алу сәтiне нақты салымдарының инфляция деңгейiн ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында;

10) орталық атқарушы органға — салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай;

11) бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға;

12) Халыққа қызмет ету орталықтарына — салымшыға (алушыға) немесе оның арызы бойынша, олардың өкiлiне нотариалды бекiтiлген сенiмхат бойынша немесе сот шешiмi бойынша.

Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі.

20.12.2017 ж.

1. Базалық зейнетақыны есептеу механизмi қашан және қалай өзгередi?

Бүгiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтiлдерiнiң көлемiне қарамастан 14 466 теңге мөлшерiнде төленедi (ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң жартысынан сәл жоғары). Ал 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап ол еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты төленетiн болады. Яғни, зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын (2018 жылы бұл — 15 273 теңге) құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады (2018 жылы бұл — 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

2. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, ай сайынғы төлемдердi есептеу әдiстемесiнiң өзгеретiндiгiн естiдiм. Осыны түсiндiрiп берсеңiз екен.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi Үкiмет Қаулысымен бекiтiлген, Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде айқындалады. Әдiстеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi ескерiледi. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi — зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзiмiн есепке ала отырып олардың болашақтағы құнын ескеретiн көрсеткiш. Зейнетақы төлемдерiн алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп 12-ге бөлiнедi. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бiрақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан төмен болмайды.

Егер Қорға жүгiнген күнi зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкiндiк бар екендiгiн тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгенi құрайды. Егер зейнетақы жинақтары бұл сомадан артық болса, онда тек ай сайын төленедi.

3. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құны коэффициентiнiң шамасы қалай белгiленедi? Мысалдар келтiре отырып, түсiндiрiп берсеңiз екен.

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттер кестесi ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген және жинақтаушы зейнетақыны есептеу үшiн 2003 жылдан берi қолданылып келедi. Коэффициенттер кестесi зейнеткерлер өмiрiнiң орташа күтiлген ұзақтығын ескере отырып, зейнетақы жинақтарын тиiстi жылдарға үлестiруге мүмкiндiк бередi. Ендi зейнетақы жинақтарының кесте бойынша қалай төленетiндiгiн мысал арқылы көрсетейiк. Зейнеткерлiк жасқа толған азаматтың зейнетақы жинақтарының сомасы 4 000 000 теңге болсын делiк. Бекiтiлген әдiстемеге сәйкес, 63 жаста зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi — 0,10467. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасын осы коэффициентке көбейтемiз — 418 680 теңге болады. Бұл соманыы 12-ге бөлемiз — 34 890 теңге шығады. Осы сома БЖЗҚ-дан алғашқы жылы ай сайын алынатын сома болып табылады. Бұдан кейiнгi жылдары төлемдер тиiстi жастағы коэффициенттер негiзiнде анықталады.

Бұл ретте 2018 жылы құрметтi демалысқа шығатын азаматтардың 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлдерi бар. Сәйкесiнше олар ортақ зейнетқы да алады. Одан басқа, базалық зейнетақы төленедi. Ол 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты есептелетiн болады.

Мысал: Зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн 20 жылдық еңбек өтiлi бар делiк. Бұл еңбек кiтапшасындағы жазбалармен расталады. 1998 жылдан кейiн 13 жылдық еңбек өтiлi бар делiк. Бұл мiндеттi зейнетақы жарналарының төленгенiмен және Мемлекеттiк корпорацияның Бiрыңғай есепке алу орталығымен расталады (бұрынғы зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық).

Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшiн жиынтық еңбек өтiлi 33 жылды құрайды (20 жылдық еңбек өтiлi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 13 жыл). Демек, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап оның базалық зейнетақысының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызын құрайтын болады.

4. Коэффициенттiң шамасы зейнетақы жинақтарының инвестициялану жағдайына тәуелдi ме? Осыған байланысты арттырушы коэффициент пайда болуы мүмкiн бе?

Зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасатын жинақтарға күн сайын инвестициялық табыс есептеледi. Сәйкесiнше бұл ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiне оң әсер етедi.

Кезектi төлемнен кейiн жеке зейнетақы шотындағы қаржы тұрақты түрде инвестицияланады және оған күн сайын табыс есептеледi. Демек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы арта түседi деген сөз. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының көлемi зейнетақы жарналарының қомақты мөлшерде тұрақты аударылып отыруына да тәуелдi.

Сонымен қатар инфляция деңгейi ескерiле отырып, ең төмен күнкөрiс деңгейi, ең төмен зейнетақы және басқа да есептiк көрсеткiштер жыл сайын қайта есептелiп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшерiне әсер етедi.

5. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы Қорынан мерзiмiнен бұрын алуға бола ма?

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындайтын жағдайлар нақты белгiленген. Зейнетақы жинақтарын бiрiншiден — зейнеткерлiк жасқа толғанда, екiншiден — 1,2 топтардағы мүгедектiгi бар адамдардың мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленгенде, үшiншi — Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ала алады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған жағдайда 55 жасқа толған ерлер, 50 жасқа толған әйелдер өздерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте әйелдер үшiн зейнетақы аннуитетiн жасау мерзiмi 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын 6 айға өсiп отырады. Яғни, зейнетақы аннуитетiн жасау 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда жүргiзiледi. Заңда зейнетақы жинақтарын басқалай жолмен алу жағы қарастырылмаған. Бұл өте өзектi мәселе.

Зейнетақы төлемдерi зейнеткердiң лайықты өмiр сүруiн қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан зейнетақы жарналарын ерте бастан қомақты көлемде зейнетақы Қорына аударған сайын, болашақта алар зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi де арта түседi. Ал егер адамдар зейнетақы жарналарын аудармай, жалақыларын «конвертпен» алатын болса болашақта алатын зейнетақы төлемдерiнңң мөлшерi де мардымсыз болады.

Тағы да еске сала кетелiк, жыл сайын инфляция деңгейi ескерiле отырып, ең төмен күнкөрiс деңгейi, ең төмен зейнетақы және басқа да есептiк көрсеткiштер қайта есептелiп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшерiне әсер етедi.

12.12.2017 ж.

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелердің заманауи жай-күйін салымшыларға түсіндіріп, халыққа насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы салымшылар үшін өзектілігі мен маңызын ешқашан жоғалтпайтын зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тақырыбы алынды.

Аталған іс-шараға келгендер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына инвестиция түрінде қалай құйылатындығы жөнінде хабардар болды. Инвестициялаудан түсетін табыстың инфляция деңгейінен жоғары немесе төмен болуы мүмкін екеніне орай нақты жинақ пен салынған жарна сомасы арасында айырма сомасы пайда болады. Бұл айырма алушыларға зейнетақы төлемдерін алуға құқық берілген кезде төленеді. Мемлекет кепілдігі бойынша төлемге құқықтың кімге берілетіні, сондай-ақ төлемді алу үшін қайда бару керектігі жайлы Қор қызметкерлері толық айтып берді.

Ашық есік күні бағдарламасында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тұсаукесері қамтылған. Онда Қазақстан Республикасында зейнетақы жинақтарының сақталуы мен табыс мәселелеріне қатысты толық ақпарат таратылды. Іс-шараға қатысушыларға тұсаукесерден соң өздерін қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.

БЖЗҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей жүйесі жұмыс істейтінін атап көрсетті. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты салынған міндетті зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескеріп сақтауға кепілдік береді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес алушыларға мемлекет БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық берілген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, нақты салынған зейнетақы жарналары мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіндегі инфляция деңгейіне қатынасы есептеледі. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болатын болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. «Бұл қаржы нарықтарында жағдайдың қалай өрбитініне және инвестициялық табыстың қандай болатынына қарамастан, салымшылардың жинақтары сенімді түрде қорғалады деген сөз. Зейнетақы активтерін сақтау кепілдігі барлық жинақтың БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы арқылы да қамтамасыз етіледі. БЖЗҚ акционері — Үкімет, ал сенімді басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі», — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Р.Ж.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін тұрақты түрде өткізеді. Дәл осы күні кез-келген адамға Қордың стандарт қызметтерінің топтамасы ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар олар зейнетақы жүйесі және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлімет ала алады.

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында іс-шараға шамамен 476 қала тұрғыны келді. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің сөзіне сүйенсек, іс-шара өте қызықты болған. «Мен жаңа әрі пайдалы көп ақпарат алдым. Жеке кеңес алып, келешекте де осындай кездесулерге келіп тұратынымды түсіндім. Енді өз туыстарыма, таныстарыма, әріптестеріме, көршілеріме де келуге кеңес беремін. Зейнетақы мәселесі баршамызға қатысты. Сондықтан біз зейнетке шыққанда болатын өзгерістер, жаңалықтар туралы біле жүруіміз керек. Ең бастысы, жинағымыз түгел», — деді іс-шараға қатысушы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ» АҚ-нан ақпарат

06.06.2018 ж.

БЖЗҚ-да «Ашық есiк күнi» өтедi

2018 жылдың 20 маусымында БЖЗҚ-ның республикадағы барлық аймақтық филиалдарында биылғы жылғы екiншi «Ашық есiк күнi» өткiзiлмек. Шараға барлық ниет бiлдiрушiлер қатыса алады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлау әдiстерi».

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықпен зейнетақы жүйесiне қатысты кешендi сұрақтар бойынша түсiндiрмелiк жұмыстар жүргiзудi жалғастыра бермек. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартумен; зейнетақы жинақтарын төлеумен және есептеумен айналысады; салымшылар мен алушыларға олардың жеке зейнетақы шоттарының жай-күйi туралы хабарлап отырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Жеке зейнетақы шоттарының (ЖШС) жай-күйi туралы хабарлаудың 6 тәсiлi бар: БЖЗҚ-ның жеке қызмет көрсету орталықтарына бару немесе сенiмдi өкiл жiберу арқылы; пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрме алу» қызметi арқылы; ENPF ұялы қосымшасы арқылы, EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталы арқылы. 2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдiспен көрсетiлген. Қордың корпоративтiк стратегиясына сай, бұл көрсеткiштi 2021 жылы 60 пайызға жеткiзу көзделiп отыр.

Ашық есiк күнiне келушiлерге зейнетақы жарналарының түрлерi мен жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алу әдiстерi түсiндiрiледi. Сонымен қатар, Қор қызметкерлерi шараға қатысушыларға жеке сұрақтары бойынша кеңес бередi.

«Ашық есiк күнi» жобасы БЖЗҚ-да 2017 жылдың қаңтар айынан бастап тоқсан сайын өткiзiлiп келедi. Осы кезеңде шараға 19 мыңға тарта адам қатысты.

Шараға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырамыз.

Басталуы: 20 маусым 2018 жыл; сағат 10:00 мен 17:00 аралығында
Өткiзiлетiн орны: Петропавл қаласы, Бөкетов көшесі, 31 «А»
БАҚ өкiлдерiмен байланыс: Казкенова Самал Сабитовна, ж.т: 8 (715-2) 46 99 02, iшкi номер 55, e-mail: s.kazkenova@enpf.kz

05.05.2018 ж.

БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйрендi

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетiн дамыту мақсаты қойылды.

«Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, БЖЗҚ-ның оң беделiн қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiмдi нығайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитiн қалыптастыру және ерiктi зейнетақы жоспарларын дамыту керек, — дедi «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибi Наурызбаева.

2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтiк даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбiр салымшы үшiн кәсiпқой кеңесшiге айналуы тиiс. Осы мiндеттердi орындау үшiн 2018 жылы сәуiрде Қор дербес кеңес беру қызметiн iске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтiк зейнетақы калькуляторы қолданылады.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екi апта iшiнде (2-14 сәуiр аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелерi бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткiздi. Бұл ретте консультациялардың басым бөлiгi Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткiзiлдi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

05.05.2018 ж.

Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесiне сенедi

2017 жылдың соңында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пiкiрлердi Зерттеу Орталығы» ЖШС бiрлесе отырып, әлеуметтiк зерттеу жүргiздi. Соның нәтижесi бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесiне қаншалықты сенетiндiгi, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейi анықталды.

Сауалнама нәтижесi бойынша мынадай мәлiметтерге қол жеткiзiлдi: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесiне деген сенiм индексi ықтимал 10 баллдың iшiнде 5,9 баллды құраса, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенiм индексi ықтимал 10 баллдың iшiнде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық бiлiмге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшiлiгi (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттiлiк негiзi — зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы (50,4%) болашақ зейнетақының қандай болатындығына өздерi жауапты болатындығын түсiнедi, ал 85 пайызы қолданыстағы зейнетақы жарналарының бiрi туралы хабардар.

Әлеуметтiк-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау — 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттiк қызметкерлер және үкiметтiк емес сектор жұмыскерлерi арасында сенiм деңгейiнiң жоғары екендiгiн көрсеттi. Сенiм деңгейi Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлiк тұрғыда айырмашылық жоқ.

Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенiмдi одан әрi нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негiз болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

05.05.2018 ж.

БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес бередi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционерi мен директорлар кеңесi Қор қызметiнiң барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерiн алушыларымен тиiмдi коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән бередi. Қор өз кезегiнде бұл үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланды. Ай сайын брифингтер, үш ай сайын баспасөз мәслихаттары өткiзiлдi. Жазғы қаржы журналистикасы мектебi ұйымдастырылды. 2017 жылы Қор бастамасы бойынша республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мыңдай материал жарық көрдi. Бұл 2016 жылғы көрсеткiштен 3 есе және оған дейiнгi үш жыл iшiндегi көрсеткiштерден 2,3 есе артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ филиалдық желiсiнiң қызметкерлерi 2017 жылы кәсiпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiздi. Оларға 557 мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, жарты миллионнан астам қазақстандық осындай кездесулер барысында өздерiн мазалған сұрақтарға жауап алды.

Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкiмдiктерiмен ынтымақтастық және әлеуметтiк мiндеттердi жүзеге асыру мәселелерi бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды. Ал бұл, Қорға ел өңiрлерiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қолдауымен ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Бекiтiлген кестеге сәйкес жергiлiктi атқарушы орган өкiлдерiмен бiрге аудан орталықтарында журналистердiң қатысуымен 283 кең көлемдi таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оларға 27,4 мың адам қатысты. Бұл ретте аудандарда, ауылдық округтарда ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге ерекше мән берiлдi.

Айта кетелiк, 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсiлi таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бiрлiкке немесе 66 пайызға артты. Сөйтiп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бiрлiктi құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие болды. Бiр жыл iшiнде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бiрлiктi құрады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсiлiн пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдады. Оның iшiнде 823 мыңнан астам адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшiн Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.

Сондай-ақ, БЖЗҚ қашықтықтан байланыс жасау арналарын белсендi түрде дамытып жатыр. Байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Керi байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзiнде, «Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабы» және әлеуметтiк желiлер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтiнiш келiп түстi. Бiрде-бiр сұрақ жауапсыз қалған емес.

Әрбiр өтiнiштiң, әрбiр операцияның артында Қор қызметкерлерiнiң қажырлы еңбегi, нақты бизнес-үдерiстер тұр. 2017 жылы бизнес-үдерiстер тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiн күшейту тұрғысында қайта қаралды.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

04.05.2018 ж.

БЖЗҚ-ның өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларға қатысты белсендi жұмысы

Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейттi. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтiн шоттарды өңдеу туралы бастама көтерiлдi. Сөйтiп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бiрақ содан берi бiрде-бiр рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бiрақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.

2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесiнде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл — 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшiн Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түстi. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды.

Сауалнама жүргiзу нәтижесiнде байланыс орнатылған салымшылардың 68 пайызының жұмыссыз екендiгi, ал 15 пайызының өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар екендiгi анықталды. Оларға қолданыстағы өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк әлеуметтiк бағдарламалары бойынша ақыл-кеңес берiлдi. Экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамту үшiн осы бағыттағы жұмыстар одан әрi жалғасатын болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

04.05.2018 ж.

БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсендi жұмыстар жүргiзiлуде

Еске сала кетелiк, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры және бiрқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс iстедi. Осы кезеңде салымшылардың бiр қордан екiншi қорға ауысуына және мемлекеттiк қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етiлмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.

2017 жылы Қор өзiнiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорындағы зейнетақы шарттарын өзектендiру бойынша жұмыстар жүргiздi. Соның нәтижесiнде сәйкестендiрiлмеген жеке зейнетақы шоттарының саны (жеке сәйкестендiру нөмiрi жоқ техникалық шоттар) 2017 жылы 72,5 мың бiрлiкке азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 326,4 мың шотты құрады. Осылайша, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы шарттарын БЖЗҚ-ға өткiзу үдерiсi аяқталған сәттен бастап, соңғы 4 жыл iшiнде 495 мың техникалық шарт немесе олардың 60 пайызы өңделдi. Шарт базасын өзектендiру бойынша жұмыстарды 2020 жылға дейiн аяқтау жоспарланған.

2017 жылы барлық проблемалық эмитенттерге қатысты белсендi жұмыстар жүргiзiлдi. 2013 жылдың күзi мен 2014 жылдың көктемi аралығында жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру жұмыстары жүргiзiлген болатын. Осы кезеңде Қорға барлығы 32 эмитенттiң проблемалық қаржы құралдары өткiзiлдi. Олардың облигацияларының атаулы құны — 161,45 млрд теңге болды.

Берешектердi қайтару бойынша жүргiзiлген кешендi шаралардың арқасында 2017 жылы зейнетақы активтерi бойынша Қор алдындағы өтелген берешектердiң жалпы сомасы 1,25 млрд теңгенi құрады. Бұл 2014-2016 жылдар аралығында өтелген берешектердiң жалпы сомасына жақын. Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 19 проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерiнiң жалпы сомасы 37,3 млрд теңгенi құрады. Бұл зейнетақы активтерiнiң жалпы көлемiнiң 0,5 пайызына жуық.

Проблемалық эмитенттерге қатысты жұмыс бұл өте күрделi үдерiс. Ол көптеген факторларға байланысты. Қазiргi уақытта тағы бiр эмитент: «АБДИ Компани» АҚ дефолтқа жол берiп отыр (атаулы құны бойынша 3,8 млрд теңге). Бұл эмитент Қорға қатысты өзiнiң облигациялары бойынша негiзгi қарызының бiрiншi кезеңiн өтеу бойынша 1,2 млрд теңге мөлшерiнде дефолтқа (төлей алмау) жол берген. Қазiргi уақытта Қор осы эмитентке қатысты берешектi сотқа дейiн реттеу жұмыстарын жүргiзiп жатыр.

Қор алдындағы мiндеттемелердiң орындалмау мүмкiндiгiнiң жағымсыз салдарын азайтау мақсатында 2018 жылдың бiрiншi тоқсанында алдын алу шараларын жүргiздi. Соның арқасында «Астана финанс» АҚ эмитентiнiң берешегi реттелдi. Эмитент Қордың зейнетақы активтерiнiң портфелiндегi теңгелiк ноталарды толық көлемде сатып алды. Сөйтiп, Қордың зейнетақы активтерiне шығын келтiру қатерi жойылды. Нтәтижесiнде салымшылардың шотына инвестициялық табыс ретiнде 10,8 млрд теңге есептелдi.

Сондай-ақ, Қор атқару өндiрiстерi мен эмитенттердi оңалту және олардың банкротқа ұшырау рәсiмдерi бойынша iлеспе қызмет көрсетiп жатыр.

«Қазақстан Қағазы» АҚ эмитентiне қатысты өткен жылдың соңында Лондонның Жоғарғы соты «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының Мақсат Әрiп, Бағлан Жүнiс және Шынар Диханбаеваның үстiнен берген талап-арызын қанағаттандыру туралы шешiм шығарды. Бұл азаматтар «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының бұрынғы акционерлерi және директорлары. Бұл талаптардың «Қазақстан Қағазы» АҚ пайдасына қанағаттандырылуына байланысты тиiстi қаражат өндiрiп алынып, «Қазақстан Қағазы» АҚ кредиторларының, оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ талабын қанағаттандыруға бағытталуы мүмкiн. Бұл ретте бұл эмитентке қатысты оңалту рәсiмiнiң тоқтатылып, банкротқа ұшырау рәсiмiнiң қозғалуына байланысты бұл мүмкiндiктердiң жүзеге аспай қалуы мүмкiн деген қауiп бар. Бұл қауiп Лондонның сот талқылауы бойынша жауапкер ретiнде қатысып жатқан тұлғалардың қарсы тұруына, сондай-ақ «Қазақстан Қағазы» компаниясына қатысты қолданылған банкротқа ұшырау рәсiмiнiң салдарынан туындайтын қиындықтарға байланысты орын алып отыр.

Сонымен, 2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай Қордың инвестициялық портфелiнде 20 проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерiнiң жалпы сомасы — 41,15 млрд теңге.

Қазiргi уақытта Қордың бұған дейiн зейнетақы активтерi бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту бойынша жiберген арызы аясында 5 қылмыстық өндiрiс қозғалды («Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «Астана Недвижимость» АҚ, «Астана Финанс» АҚ, «Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ).

Сондай-ақ, зейнетақы Қоры бiрқатар эмитенттердiң қызметiн тексеру мәселесi бойынша Қазақстан республикасының Ұлттық Банкiмен, сондай-ақ Мемлекеттiк кiрiстер департаментi Экономикалық зерттеу қызметiнiң аумақтық бөлiмiмен бiрлесе әрекет жасап жатыр. Ондағы мақсат — эмитенттердiң өз құнды қағаздарын сатудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланған-пайдаланбағанын анықтау.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

04.05.2018 ж.

БЖЗҚ қызметтерiнiң сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келедi

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджментi Жүйесi бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәттi өттi. Мақсат — оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерiн көрсету саласындағы талаптарына сәйкестiгiн растау. Аудиттi алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргiздi.

Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджментi жүйесi толық көлемде нәтижелi екендiгiн, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрi дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өттi.

Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негiзiнде Сапа Менеджментi Жүйесiн енгiзуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңiнен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсеттi. Бұл ретте IT-технологиялар iшкi бизнес-үдерiстердi, сондай-ақ қызметкерлердiң бiлiктiлiгi мен құзыреттiлiгiн айқындау үшiн де қолданылады.

Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлi байланыс арналары арқылы келiп түсетiн өтiнiштердi талдауда заманауи бағалау әдiстемелерi қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсiз аудиторлар бұл механизмдi жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары — байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Керi байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзiнде, «Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабы» және әлеуметтiк желiлер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтiнiш келiп түскен. Оларға 1-3 күн iшiнде жауаптар қайтарылды.

Аудит нәтижесi бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бiрде-бiр сәйкессiздiк, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды.

«Сертификат алғанға дейiн Қорда сапа менеджментi жүйесiн қалыптастыру және енгiзу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.

Халықаралық стандарттарға сәйкестiгiмiздi растау — бiздiң дұрыс бағытта келе жатқанымызды бiлдiредi. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу бiз үшiн өте маңызды. Қол жеткiзiлген нәтижелер — бұл көрсетiлетiн қызметтердi дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бiр көрiнiсi. Қолданыстағы Сапа менеджментi жүйесi бизнес-үдерiстердiң тиiмдiлiгiн және Қордың ашықтығын арттырады», — дедi өз сөзiнде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.

TÜV Thüringen e.V. — сапа және қауiпсiздiк саласында сертификация бойынша халықаралық орган. TÜV Thüringen-нiң тарихы 100 жылдан асады. Жиырмасыншы ғасырдың елуiншi жылдары бұл ұйымның қызметi мемлекеттiк техникалық қадағалау қызметi ретiнде жалғастырды. Тоқсаныншы жылдары TÜV Thüringen сертификаттау бойынша халықараолық орган мәртебесiн алды. Сөйтiп, әлемдiк аудит нарығында едәуiр абыройлы қатысушыларының бiрiне айналды.

Бүгiнде автокөлiк жасау кәсiпорны — TÜV Thüringen халықаралық компаниясының маңызды мамаманданған маңызды салаларының бiрi.

04.04.2018 ж.

Мобильдiк кеңсе

«БЖЗҚ» АҚ өзiнiң 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтiк даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететiн қызметтерiнiң сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетедi.

Қордың басты мiндеттерiнiң бiрi — зейнетақы қызметтерiн алуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажеттi жағдайларды жасауға ұмтылу.

Осылайша, 2018 жылдың екiншi жартысында «Мобильдiк кеңсе» жобасы iске қосылады. Ондағы мақсат — шалғайда орналасқан елдi мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлiмшелерi жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.

Айта кетелiк, Қор қазiрдiң өзiнде тұрғындарға көшпелi қызмет көрсетiп жатыр. Егер салымшы (алушы) қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлерi оған өздерi келедi. 2017 жылы 7 094 көшпелi шара өткiзiлiп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мобильдiк топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.

Егер қазiр мобильдiк агенттер салымшыларға портативтiк компьютер және тиiстi құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдiк кеңсе» барлық қажеттi техникалармен және жерсерiктiк байланыспен жабдықталады.

Бұл ретте жүрiп-тұру үшiн ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсерiктiк жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлiгi операторларға арналған автоматтандырылған екi жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екi орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретiнде кезек күтушiлер үшiн үш кiсiлiк орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтердi онлайн тәртiбiнде көрсететiн өзiндiк бiр жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.

Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңiрi — Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетiледi. Бұл өңiрлер бiрiншi кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңiрiнде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елдi мекендер көп.

Алматы облысы Қазақстанның басқа өңiрлерiнен елдi мекендерiнiң көптiгiмен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленедi. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергiлiктi тұрғындардың көпшiлiгiнiң мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс iстейтiндiгiне байланысты iске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елдi мекендерден жырақта орналасқан.

«Мобильдiк кеңсенiң» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергiлiктi әкiмдiкпен алдын ала келiсiледi және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала бiлiп отырады.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижесi бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрi қарай көшпелi қызмет көрсету туралы нақты шешiм қабылдайды.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң барлық 18 өңiрлiк филиалында «Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсiптiк пайдалануға берiлгендiгiн хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтiк даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзiнiң көрсететiн қызметтерiнiң сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетедi.

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темiрден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлiгiнде сенсорлық экраны бар. Корпустың iшiнде жаңа үлгiдегi жүйелiк блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Одан басқа, үздiксiз қуат көзiнiң (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндiрiлсе де өз қызметiн жалғастыра бередi.

Осылайша, салымшылар мен алушылар өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкiндiгiне ие болды.

Қазiр терминалда мынадай қызметтер қолжетiмдi:

  1. Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;
  2. Жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу;
  3. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтiнiш беру;
  4. Жеке деректемелердi өзгерту;
  5. Берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

Бұл қызметтердi өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшiн салымшыны (алушыны) анықтап танудың екi әдiсi қолданылады. Олар:

  1. ЖСН және құпия сөз (пароль);
  2. Жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегi арқылы.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру, оларды барынша жетiлдiру жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзiп келедi. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетiлiп жатыр. Таяу уақытта өзiне-өзi қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметi пайда болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тың басты мiндеттерiнiң бiрi — ақпараттық-кеңес беру қызметiн Қор мамандарының тiкелей көмегiнсiз алуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажеттi жағдайларды жасауға ұмтылу.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

27.03.2018 ж.

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгiзiлген өзгерiстер туралы

БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi өткiзiлдi

2018 жылдың 27 наурызында, сейсенбi күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгiзiлген өзгерiстер» тақырыбы бойынша Ашық есiк күнi шарасы өткiзiлдi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстерге қатысты кешендi мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсендi түрде жүргiзiп келедi.

Ашық есiк күнi шарасына қатысушылар зейнетақы жүйесiн жаңғырту себептерi мен алға қойылған мақсат-мiндеттер жайында толыққанды мәлiметтер алды. Қор қызметкерлерi зейнетақы төлемдерiн ай сайын жүзеге асыру кестесiне ауысу себептерi, базалық зейнетақыны тағайындау тәртiбiнiң өзгеруi және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгiмеледi.

Ашық есiк күнi бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгiзiлген өзгерiстер» атты көрнекi таныстырылым паш етiлдi. Онда зейнетақы заңнамасына енгiзiлген және болашақта енгiзiлетiн өзгерiстер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлiмет берiлген.

БЖЗҚ Солтүстiк Қазақстан филиалының қызметкерлерi қатысушыларға аталған өзгерiстердiң зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығы мен тиiмдiлiгiн нығайту, сондай-ақ мемлекеттiк бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру мақсатында енгiзiлгендiгiн атап көрсеттi.

«Зейнетақы жүйесiнiң құрылымы туралы бiлу, түсiну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септiгiн тигiзедi. Бұл жәйт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесiлi. Өйткенi, болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазiрден бастап ойластыруға мүмкiндiк бередi», — дедi Солтүстiк Қазақстан облыстық филиал директоры Муканов Р.Ж.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнi шарасын тұрақты негiзде өткiзiп тұрады. Бұл күнi кез келген ниет бiлдiрушi азамат Қор тарапынан көрсетiлетiн қызметтердi алып қана қоймай, Қордың қызметi мен зейнетақы жүйесi туралы қызықты мәлiметтер ала алады.

2018 жылдың наурыз айында Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалында өткiзiлген iс-шараға шамамен 209 қала (облыс) тұрғыны қатысты. Ашық есiк күнiне алғаш келген салымшылардың бiрiнiң айтуынша Ашық есiк күнi өте қызықты болды. «Мен зейнеткермiн. Зейнетақы жүйесiне енгiзiлген өзгерiстердiң зейнеткерлерге немесе зейнеткерлiк жасқа жаңадан толатын азаматтарға қаншалықты қатысы бар екендiгi жайлы пайдалы ақпарат алдым. 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақының өсетiндiгi менi қуантады» — дедi ол.

Шараға қатысушы әйелдердiң бiрi әйел азаматтардың зейнеткерлiкке шығу жасының кезең-кезеңмен ұлғаятындығына түсiнiстiкпен қарайтындығын жеткiздi. «Бұл мен үшiн Қордағы зейнетақы жинақтарының көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Сәйкесiнше болашақ жиынтық зейнетақымның мөлшерi арта түседi» — дедi ол.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

19.03.2018 ж.

Зейнетақының сақталуына мемлекет кепiл

Зейнетақы жинақтарының сақталуы — әрбiр қазақстандықты толғандыратын келелi мәселелердiң бiрi. Бүгiнгi салымшылардың басым бөлiгi ондаған жылдардан кейiн зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсiну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшiн «Зейнетақымыздың сақталатынына кiм кепiл?» деген сылтау айтады. Шын мәнiсiнде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып сақталуына кепiлдiк беретiн бiрден –бiр елдердiң санатында екенiнен халықтың көпшiлiгi бейхабар .

Мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесi жұмыс iстейтiн Жапония, Чехия, Словакия сынды елдермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, оларда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыс мүлде қарастырылмаған. Бұл елдердегi басқарушы қорлар жарналардың номиналды, яғни нақты жиналған сомасының сақталуына ғана кепiлдiк бередi. Бұл дегенiңiз инфляция есепке алынбайды, инвестициялық табыс нольге тең деген сөз. Басқаша айтқанда, адам қорға қанша жарна аударса, ақырында қолына сонша қаржы тиедi.

Словенияда басқарушылардың шектi табысы мемлекеттiк облигациялардың орташа табыстылығының 40 пайызынан кем болмауы заң жүзiнде бекiтiлген. Чилиде басқарушы қорлардың табыстылығы әркелкi, бiрақ алдыңғы 36 айдағы шынайы табыстылықтың орташа көрсеткiшiнiң 2 пайызынан кем болмауы тиiс. Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шыққан күнге 2,25 пайыз табыстылыққа кепiлдiк бередi. Венгрияда зейнетақы қорларының инвестиция табыстылығы мемлекеттiк облигациялар табыстылығының 15 пайызынан кем болмауы кепiлдендiрiлген. Ал Австрия, Швеция, Эстония, Израиль, Мексика және Норвегия сынды елдерде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк мүлде қарастырылмаған.

Өзге елдердегi жағдайды қысқаша шолып шықтық. Ал бiздiң елiмiзде зейнетақы жүйесi қалай жұмыс iстейдi? Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесiн Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын қолға алды. Сол шақта салымшылардың нақты аударылған зейнетақы жарналарының зейнетке шыққан сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып сақталуына мемлекет кепiл болатыны құқықтық тұрғыда негiзделдi. Заң тiлiмен айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында «Мемлекет салымшыларға мiндеттi зейнетақы жарналарының (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жинақтарының (МКЗЖ) нақты салынған мөлшерiнiң зейнетақы алу құқығы туындаған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып, сақталуын қамтамасыз етедi».

2013 жылы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы да бiрiншi кезекте салымшылардың мүддесiн қорғауға бағытталған болатын. Бұған дейiн жұмыс iстеген жеке зейнетақы қорларының бiрқатары активтердi тиiмсiз басқарғандықтан, салымшылардың есепшоттарындағы табыс көрсеткiшi нольден төмен түсiп кеткен. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың мүддесiнен олардың қожайындарының мүдделерiн жоғары қойды.

Қазiр салымшылардың жинақтары бiрiңғай оператордың жауапкершiлiгiнде. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және бiрегей акционерi — Қазақстан Республикасының Үкiметi. Қордың мемлекеттiк акциялар пакетi Ұлттық Банктiң сенiмдi басқаруына берiлген. Зейнетақы активтерiн Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңеспен бiрлесiп басқарады. Салымшылардың зейнетақы жарналары диверсификациялау негiзiнде тәуекел мен табыс арақатынасын сақтай отырып, түрлi қаржы құралдарына салынады. Зейнетақы активтерiнiң 40 пайыздан астамы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарына, қалғаны — инвестициялық декларацияға сәйкес ел iшiндегi, шет елдердерi квазимемлекеттiк компаниялардың, екiншi деңгейдегi банктердiң құнды қағаздарына, корпоративтiк облигацияларға, басқа да қаржы құралдарына салынады.

Нарық заңдылығына сәйкес, инвестициялаудан түскен табыс инфляция деңгейiнен жоғары болуы да, төмен болуы да мүмкiн. Осыған орай жарна мен инфляция деңгейiн есептегендегi табыстың жиынтығынан тұратын шынайы зейнетақы жинақтары мен салынған зейнетақы жарналарының арасында айырмашылық туындайды. Егер инвестициялық табыс инфляциядан төмен болса, айырма сомасы азамат зейнетке шыққан шақта төленедi.

Мемлекеттiң кепiлдiгiн алу құқына зейнеткерлер зейнет жасына толған сәтте ие болады. Сонымен қатар, мұндай кепiлдiк I и II топтағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген азаматтарға, Қазақстаннан тысқары елдерге тұрғылықты өмiр сүруге кеткендерге, мiндеттi кәсiби зейнетақы жинақтарын аударып тұрған шет елдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға елден бiржола кеткен шақта берiледi. Мемлекеттiк кепiлдiкке құқы бар азамат қайтыс болса, оған тиесiлi өтемақы мұрагерлерiнiң еншiсiне өтедi.

Мемлекет кепiлдiгiн алу үшiн «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының әлеуметтiк төлемдер жөнiндегi ведомствоаралық есептеу орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша арыз жазу керек. Әрбiр алушыға тиесiлi сома арнайы жасалған әдiстеме бойынша жеке есептелiп, оның банк шотына аударылады.

Айырма сомасы (мемлекеттiк кепiлдiк) мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. Оның мөлшерi азаматтың зейнетақы төлемдерiн алу құқы туындаған сәтке инфляция деңгейiн ескере отырып нақты аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының арасындағы айырманы құрайды.

Егер инвестициялық табыс көлемi инфляцияның рұқсат етiлген деңгейiнен артық болса, онда салымшыға мемлекеттiк кепiлдiк төленбейдi. Қалған жағдайларда салымшылар өздерiне тиесiлi өтемақыны алады. Осылайша, Қазақстанда қазiргi күнi азаматтардың зейнетақы жинақтарын сақтаудың барлық мүмкiндiктерi қарастырылған. Тек 2017 жылы мемлекеттiк кепiлдiк ретiнде 12,7 млрд теңге төлендi. Мұндай кепiлдiк тiптi өте дамыған елдерде жоқ екенiн ескере отырып, көптеген сарапшылар Қазақстанның зейнетақы жүйесiн әлемдегi озық үлгiлердiң санатына қосып отыр.

Өздерiнiң Зейнетақымен қамту саласындағы құқықтары, мүмкiндiктерi, зейнетақы жинақтарының көлемi, шоттарының жай-күйi туралы бiлгiсi келетiн азаматтар үшiн БЖЗҚ әрбiр тоқсан сайын Ашық есiк күндерiн өткiзiп тұрады. Сонымен қатар, Қордың сайты, әлеуметтiк желiлердегi аккаунттары, байланыс орталығы арқылы да кеңес алуға болады. Жұртшылыққа зейнетақы жүйесiнiң жұмысын кеңiрек түсiндiру үшiн Қор мамандары кәсiпорындар мен мекемелерде көшпелi таныстырылымдар өткiзiп тұрады. Бұл шаралар Қор жұмысының сапасын көтеруге, ашықтығын қамтамасыз етуге, осы арқылы қазақстандықтардың зейнетақы жүйесiне деген сенiмiн арттыруға бағытталған.

05.03.2018 ж.

БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистерi

Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды және заманауи сипатқа ие болды. Қазiргi уақытта пайдаланушылар үшiн оның құрылымын, беттерiн аралау өте ыңғайлы. Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легi жақсы қабылдануы үшiн Қор артық бөлiмдердi жойып, басты беттiң құрылымын өзгерттi. Ендi www.enpf.kz сайтына кiрiп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәлiметтермен танысып, Қордың жiберiлiмiне жазылуға болады.

Сайттың құрылымына өзгерiстер енгiзудегi басты мақсат — сайтты түсiнiктi және барынша қолжетiмдi ету. Сонымен қатар маңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару. Сайт Қор мамандарының күшiмен жасалды. Бұған қандай да бiр қаражат жұмсалған жоқ.

Порталды жетiлдiру жұмыстары одан әрi жалғасуда: қазiр БЖЗҚ қызметкерлерi салымшылар мен алушылардың қажеттiлiктерiне негiзделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшiрме нұсқалар») қызметi iске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлiмшелерiнде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшiрме нұсқалары» берiлдi.

Ендi Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кiре алатын, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзектi кiлтiне ие қазақстандықтар бұл қызметтердi қашықтықтан пайдалана алады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейiн Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкiндiгi жүзеге асырылады.

Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жыл барысында Қор сайтында бiрқатар жаңа электрондық сервистер iске қосылды. Солардың көмегiмен Қордың негiзгi қызметтерiн қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ: Қордың ресми сайтына кiрiп, «Жеке кабинет» бөлiмi арқылы мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру. Сол өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау, жеке деректемелерге өзгерiстер енгiзу және зейнетақы шотының жай-күйi туралы үзiндi-көшiрменi электрондық поштаға жiберу мүмкiндiгi.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтердi дамытумен ғана шектелiп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсендi ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат — абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафиктi есепке алмай пайдалануға мүмкiндiк беру.

Қазiрдiң өзiнде Tele2 және Altel бiрлескен компаниясының абоненттерi өздерiнiң шоттарында теңгерiмнiң бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келiсiмдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтердi деректердi талдау және дербестендiру негiзiнде көрсетедi. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистердi пайдаланушылардың қажеттiлiктерi ескерiледi. Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкiндiк бередi.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту — БЖЗҚ қызметiнiң басты бағыттарының бiрi.

Айта кетелiк, қазiргi кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетiлетiн қызметтердiң үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейiн оны 55 пайызға жеткiзу жоспарланған.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

26.02.2018 ж.

Зейнетақы төлемдерi

«Кiм көп жұмыс iстесе, сол көп зейнетақы алатын болады»
Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2018 жылғы қаңтар

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi бiрнеше бөлiмнен тұрады.

Олар — мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және ортақ зейнетақы төлемдерi. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыскердiң 10 пайыздық мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушiнiң қаражатынан еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерiнiң пайдасына аударатын 5 пайыздық мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi, сондай-ақ ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтар. Бұл мақалада БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерi жайында әңгiме қозғалады.

Зейнетақы жүйесiнiң қалай жұмыс iстейтiндiгiн бiлу, түсiну, болашақ зейнеткерлерге құрметтi демалысқа алдын ала дайындалуға мүмкiндiк беретiндiгi сөзсiз. Яғни, болашақ туралы, зейнетақы туралы, еңбекке қабiлетсiз жастағы қаржылық тәуелсiздiк туралы ерте бастан ойлану керек.

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершiлiгi толығымен мемлекеттiң жауапкершiлiгiнде болған уақыт келмеске кеттi. Әрине, қазiр де мемлекетiмiз жауапкершiлiктен толығымен бас тартпайды. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде алты ай еңбек өтiлi бар зейнеткерлерге ортақ зейнетақы әлi де төленiп келедi. Сонымен қатар қазiр барлық зейнеткерге бiрдей мөлшерде базалық зейнетақы төленедi.

Бiрақ, қазiргi заманда зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершiлiгi мемлекет, жұмыс берушi және жұмыскерге оңтайлы үлестiрiлуi тиiс.

Жинақтаушы зейнетақының қандай болатындығы жұмыскердiң өзiне байланысты. Қанша жинасаң, сонша аласың. Бұл ақылға қонымды логика.

Сондықтан, жалақыларын «конвертпен» алатын азаматтар болашақта қомақты зейнетақы алудан құр қалатындарын бiлулерi тиiс.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы азаматтар:

  • Зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар — ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58,5 жасқа толғанда (биылдан бастап әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасы 2027 жылға дейiн 63 жасқа толғанша жылына 6 айға ұлғайтылып отырады);
  • мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар;
  • Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  • Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi, отбасы мүшелерi.

2018 жылғы өзгерiстер

1) Төлемдер кестесi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 29 қыркүйекте бекiтiлген және 2017 жылғы 3 қазанда күшiне енген «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 603 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларына өзгерiстер енгiзiлдi.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi тек ай сайын жүзеге асырылады.

Зейнетақыны ай сайын төлеу әлемдiк стандартқа сәйкес келедi.

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдердi есептеу үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерi қолданылады. Ал ол қазақстандықтардың орташа өмiр сүру ұзақтығына байланысты есептеледi. Коэффициенттер кестесi тұрақты шама және ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген. Кестеге сәйкес жыл сайын жинақталған қаржының тек бiр бөлiгiн ғана алуға болады. Сондықтан коэффициенттiң шамасы қашанда 1-ден аз болады.

Осылайша, алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12 айға бөлiнедi. Одан шыққан сома — БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады.

Ай сайынғы төлемдердiң сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты қалыптасады.

Жаңа ережеге сәйкес ай сайынғы төлемнiң мөлшерi ағымдағы қаржы жылындағы ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан төмен болмайды.

Жаңа кесте бойынша Қордан ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру мерзiмi ұзара түседi. Бұған зейнетақы шотына күн сайын есептелетiн инвестициялық табыс та оң әсер етедi.

Ал бiржолғы төлемге келер болсақ, ол белгiлi бiр шарттарға байланысты жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен бiржолғы төлемдер Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне, жерлеудi ұйымдастырған адамға және мұрагерлерге төленедi.

Зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтарға және 1-шi, 2-шi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген адамдарға ай сайын төленедi. Егер зейнетақы төлемдерiн алушы өтiнiш берген күнi, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгi зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаса, бұл сома алушыға бiр рет толығымен төленедi. Ал егер асып кетсе, зейнетақы төлемдерi ай сайын жүзеге асырылады. Айта кетелiк, биыл ең төмен зейнетақы көлемi: 33 745 теңге.

Сәйкесiнше оның 12 еселенген мөлшерi: 404 940 теңге.

2) Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердiң зейнеткерлiк жасы 2027 жылға дейiн 63 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

2018 жылдан бастап зейнетке шығатын әйелдердiң 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi толық болмайды. Сәйкесiнше, олардың алатын ортақ зейнетақысының мөлшерi де барған сайын азая түседi. Мiне, осы жағдайларға жол бермес үшiн әйелдердiң зейнетке шығу жасы ұлғайтылып отыр.

Ал ортақ зейнетақы толық көлемде болуы үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлi әйелдер үшiн 20 жылдан кем болмауы керек.

Оның үстiне әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне белсендi түрде тартуға және оларға өздерiнiң зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

Бұл ретте әйелдер үшiн жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн мерзiмiнен бұрын алу мүмкiндiгi сақталады:

  • Төтенше және радиация қаупi ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз — 1963 жылғы 5 шiлде аралығындағы кезеңде кемiнде 5 жыл тұрған әйелдердiң 45 жасқа толғанда;
  • 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердiң 53 жасқа толғанда мемлекеттiк бюджеттен жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Сонымен қатар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өздерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған жағдайда ерлер 55 жасқа толғанда, әйелдер 50,5 жасқа толғанда өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Сол арқылы зейнетақы ретiнде ай сайын сақтандыру төлемдерiн алып отырады. Сақтандыру ұйымдарының талаптары әрқалай. Сәйкесiнше оларға аударылатын зейнетақы жинақтарының мөлшерi де өзгеше болады. Бүгiнгi таңда зейнетақы аннуитетiн жасасу үшiн жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшерi ерлер үшiн 9 млн теңге, әйелдер үшiн 12 млн теңгеден жоғары болуы шарт. Егер қаржы жетiспесе үшiншi тұлғалардан (зайыбы, балалары және басқалардан) келiп түскен қосымша жарналар пайдаланылады.

Бұл ретте мына жәйттi ескере кеткен жөн, әйелдер үшiн зейнетақы аннуитетiн жасау мерзiмi 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейiн 55 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға өсiп отырады.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы ерiктi түрде шешiм қабылдай отырып, зейнетақы аннуитетi шартын мұқият оқу керек. Онда бiржолғы төлемнiң, жылдық төлемнiң, ай сайынғы төлемнiң мөлшерiне, кепiлдендiрiлген мерзiмге ерекше көңiл бөлген жөн. Өйткенi, сақтандыру ұйымынан төлемдер өмiр бойы жүзеге асырылады ғой. Сондықтан, олардың мөлшерiнiң қандай болатындығын бiлу өте маңызды.

Әрбiр азаматқа таңдау құқығы берiлген: ол, зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшерiне қарай зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ-дан, зейнетақы аннуитетi арқылы сақтандыру ұйымынан немесе бiр бөлiгiн БЖЗҚ-дан, бiр бөлiгiн сақтандыру ұйымынан ала алады.

Әрине, зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қомақты болуы үшiн әрбiр адамның ресми айлық табысы жоғары болып, зейнетақы жарналары Қорға тұрақты аударылып тұруы қажет. Сәйкесiнше, болашақта алатын зейнетақы да қомақты бола түседi.

Демек, болашақ зейнетақының лайықты деңгейде болуы әрбiр адамның өз қолында.

16.02.2018 ж.

2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақының өсетiндiгiн естiдiм. Осы туралы бiлгiм келедi. Тағы бiр сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшерi қандай?

Қазақстанда мемлекеттiк бюджеттен екi түрлi зейнетақы төленедi. Бiрi — ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екiншiсi — базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өстi. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазiргi таңда елiмiзде ең төмен зейнетақы 49 019 теңгенi, ал орташа зейнетақы мөлшерi 71 333 теңгенi құрайды. Бұл өзгерiс барлық зейнеткерлерге тиесiлi.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы жаңа әдiстемемен есептелетiн болады. Яғни, ендi базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi жылдардағы еңбек өтiлi толық ескерiледi. Яғни, еңбек өтiлi жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшерi де ұлғая түседi деген сөз.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетiн болады?

Бүгiнде базалық зейнетақы зейнеткерлiкке шыққан әрбiр азаматқа еңбек өтiлi мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлемiне қарамастан өмiр бойына бiрдей мөлшерде тағайындалып келедi. Оның мөлшерi қазiр 15 274 теңгенi құрайды (ең төмен күнкөрiс деңгейiнен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсiп отырады.

Ал 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап оның мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейiн артатын болады.

Жаңа әдiстеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi жылдардағы еңбек өтiлi толығымен ескерiледi.

Егер зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi жоқ немесе 10 жылға дейiн болса, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемi биыл — 28 284 теңге.

Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшерi 14 466 теңге болды. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгенi құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өстi). Ендi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап ол, еңбек өтiлi 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейiн ұлғаяды.

Базалық зейнетақы зейнеткерлiк жасқа толған барлық азаматтар үшiн қайта есептеледi. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшiн базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшiн қосымша құжаттар ұсынудың қажетi жоқ. Жарналардың төленуi жайында барлық деректер бiрыңғай ақпараттық жүйеде бар.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi туралы мәлiметтер ұсынулары тиiс.

Мен екi жылдан кейiн зейнеткерлiкке шығамын. Ай сайынғы төлемдi қалай есептеуге болады?

Ай сайынғы төлемдердi есептеу үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi қолданылады. Оның көлемi қазақстандықтардың орташа өмiр сүру ұзақтығына байланысты есептеледi. Ол тұрақты шама.

Коэффициенттер кестесi ҚР Үкiметi қаулысымен бекiтiлген.

Зейнеткерлер кестеге сәйкес, жыл сайын зейнетақы жинақтарының тек бiр бөлiгiн ғана ала алады. Сондықтан, коэффициенттiң шамасы қашанда 1-ден төмен болады.

Осылайша, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12 айға бөлiнедi. Одан шыққан сома — БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем болып табылады.

Ай сайынғы төлемдердiң сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады.

Зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесi кестеге сәйкес алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептеледi:

Алушының жасы Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті
58  0,09421
59  0,09582
60   0,09764
61   0,09969
62   0,10202
63   0,10467
64   0,10771
65   0,11121
66   0,11528
67   0,12005
68   0,12570
69  0,13246
70  0,14067
71   0,15081
72   0,16362
73   0,18024
74   0,20257
75  0,23404
76  0,28152
77   0,36099
78   0,52048
79  1,00000

Осы кестені қолдана отырып, ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептеп шығаруға болады.

Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер ағымдағы жылғы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмауы керек.

Болашақ зейнетақыны есептеу үшін болжамдық зейнетақы калькуляторын пайдалануға болады. Ол enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қолжетімді (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php).

Мен банктегі берешегімді өтеуім керек. Сол үшін зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын ала аламын ба?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындамай жатып мерзімінен бұрын берілмейді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.

Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған.

Менің зейнеткерлікке шыққаныма үш жыл болды. Қазір төлемдерді кестеге сәйкес жылына бір рет аламын. Мен оны ай сайынғы кестеге ауыстыра аламын ба?

Зейнетақы заңнамасына енгізілген және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.

Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алып келген азаматтар зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни, жаңа өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдейтін азаматтарға ғана тиесілі.

Зейнетақы төлемдерін тағайындаудағы басты мақсат – еңбекке қабілетсіз, яғни зейнет жасындағы азаматтардың күнделікті тіршілігін лайықты деңгейде қамтамасыз ету.

Зейнетақы төлеу кестесін өзгерту үшін БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жүгіну қажет.

Айта кетелік, ағымдағы жылдың қаңтарында еліміз бойынша 20 шақты адам зейнетақы төлемдерін жыл сайын алу кестесін ай сайын алу кестесіне ауыстыру жөнінде өтініш берген. Осылайша, уақыт өткен сайын зейнетақы жинақтарын үнемдеп жұмсайтындар саны біртіндеп артатын болады.

24.01.2018 ж.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты жылына кемiнде бiр рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы мiндеттi ақпарат беру науқанын бастады.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпарат тегiн берiледi, ал алу тәсiлiн салымшы (алушы) өзi таңдайды. ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрменi мынадай тәсiлдермен алуға болады:

  • дәстүрлi пошта байланысы арқылы — жылына бiр рет;
  • электрондық пошта арқылы — үзiндi-көшiрме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;
  • Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде — шектеусiз түрде;
  • интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) — онлайн тәртiбiнде — шектеусiз.
  • ҚР электрондық үкiметi (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» — «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмi арқылы үзiндi-көшiрме алуға болады.

2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсiлдерi танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңселерiне келiп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулi түрде азайған. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсiлi ретiнде «Жеке өзi келiп өтiнiш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсiлiн таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.

Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсiлiн таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзiндi-көшiрменi электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жеттi. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзiндi-көшiрменi электрондық жолмен алу тәсiлiн таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.

Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсiлi Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелiсте тұрғысы келмейтiндер саны бiр жыл iшiнде сәйкесiнше 65 және 70 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екi қаланың экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.

Ел өңiрлерiнде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие. Бiрiншi орында Алматы қаласы, екiншi орында Оңтүстiк Қазақстан облысы, ал үшiншi орында Қарағанды облысы келедi. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың iшiнде сәйкесiнше 30, 35 және 33 пайызға өсiп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395 мың және 324 мың адамға жеттi. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.

Үзiндi-көшiрмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiмде көрсетiлген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейiн БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жiберiлген үзiндi-көшiрме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесi жылы үзiндi-көшiрменi оған жiбермеуге құқылы.

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бiр хабарлау тәсiлi таңдалмаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты жiбермейдi.

2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты алу мүмкiндiктерi жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсiндiру науқаны жүргiзiлген болатын. Бiрақ, соған қарамастан қазiргi уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзiндi-көшiрме алмайды. Оған себеп — олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсiлiн белгiлемеген.

Қазiргi уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Қорға өтiнiш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу тәсiлi ретiнде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тiкелей хабарлау шараларын жүргiзiп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыру және ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жiберiлу үстiнде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерiн өзектендiру қажеттiгi туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын одан әрi жалғастыруда.

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселерiне келiп өтiнiш жасау немесе өзектi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен өзiнiң жеке деректемелерiн өзектендiруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсiлiн таңдауға кеңес бередi. Өйткенi ескi деректемелер Қордың өз мiндеттемелерiн орындауына керi әсер етедi.

Ең танымал және заманауи хабарлау тәсiлi — интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрменi онлайн тәртiбiнде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзiндi-көшiрме алу үшiн кез келген кезеңдi (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдай алады.

22.01.2018 ж.

БЖЗҚ электрондық қызметтерi

«БЖЗҚ» АҚ алдында тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi — тұрғындарға әлемдiк стандарттарға сәйкес сапалы зейнетақы қызметiн көрсету. Қор зейнетақы жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында әрбiр азаматқа зейнетақы қызметiне тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету стратегиясын алдына мақсат етiп қойып отыр. Ал оған жету үшiн тiкелей, қашықтықтан және өзiне-өзi қызмет көрсету жүйелерiн дамыту қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң халыққа жыл сайынғы Жолдауында сандық технологияларды ендiру, инновациялық даму және қарқынды технологиялық жаңғырудың ел экономикасы үшiн маңызды екендiгiн атап өткен болатын.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетiлетiн қызметтердi оңтайландыру және жаңғырту жолында салымшылар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтердi ұсынады. Айта кету керек, бұл қызметтер уақыт шығындап Қорға келiп, қағаз құжаттарды толтырудан құтқарады.

БЖЗҚ 2017 жылдың 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» және «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнде мынадай сервистердi iске қосты. Олар:

  • мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру;
  • зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру;
  • берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

Ескере кеткен жөн, зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар мен мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген, 1-шi және 2-шi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар ғана жолдай алады.

Өткен жылдың үшiншi тоқсанынан бастап тағы да жаңа сервистер iске қосылды. Оларды атап өтер болсақ, салымшының (алушының) жеке деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және зейнетақы жинақтарының жай-күйi бойынша хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы қызметтер.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнеткерлiк жасқа толу немесе 1,2 топтардағы мүгедектiктiң мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi өтiнiш беру рәсiмi бiрнеше минутты ғана алады.

Осылайша, Қор онлайн тәртiбiнде салымшының жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде болған бүкiл кезеңi барысында — жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерiн алғанға дейiн оған iлеспе қызмет көрсетедi. Осы электрондық қызметтер iске қосылған сәттен бастап алты ай iшiнде көптеген салымшылар мен алушылар Қор кеңселерiне келмей-ақ қашықтықтан барлық маңызды операцияларды жүзеге асырды.

Атап көрсетер болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылар мен алушылар тарапынан жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде — 250, ал зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде — 48 электрондық өтiнiш келiп түскен. Сондай-ақ 1 181 адам жеке деректемелерiне өзгерiстер енгiзсе, шамамен 500 салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсiлiн интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты мiндеттерiнiң бiрi — сапалы консультативтiк қызмет көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық байланыс арналарын дамыту.

БЖЗҚ филиалдық желiсiнiң қызметкерлерi 2017 жылы кәсiпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiздi. Оларға 556 мыңнан астам адам қатысты. «БЖЗҚ» АҚ филиалдары салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 6,3 миллионға жуық операцияны жүзеге асырған.

2017 жылдың наурыз айынан бастап Қордың сайтында «Төрайымның блогы» арнасы жұмыс iстей бастады. Сол арқылы тұтынушылар Қордың Басқарма төрайымына тiкелей сұрақ қоя алады.

Одан басқа, Қордың байланыс орталығының 1418 телефон нөмiрi, Қордың корпоративтiк сайтының «Керi байланыс», «Онлайн-чат» нысандары, сондай-ақ Қордың әлеуметтiк желiдегi парақшалары арқылы Қорға хабарласуға болады.

Зейнетақы Қоры барлық салымшылар мен алушылар үшiн ашық және қолжетiмдi. Қордың орталық аппаратына өтiнiштер қағаз жүзiнде де келiп түседi. Сонымен қатар «Пiкiрлер мен ұсыныстар» кiтабына пiкiрлер мен ұсыныстар қалдыруға болады.

Қордың ресми сайтында өткен жылы маусым айында iске қосылған көптеген сервистердi 2018 жылы Қазақстан Республикасының электрондық үкiмет және Қордың ұялы қосымшасы арқылы қолжетiмдi ету жоспарланып отыр.

05.12.2017 ж.

2018 жылы күшiне енетiн зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер туралы

Зейнетақы жүйесi — әлеуметтiк тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтiк топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстердiң мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбiр азаматына жеткiзу өте маңызды.

2018 жылдан бастап әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерiстер күшiне енедi. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейiнгi еңбек өтiлi ескерiлетiн болады. Бұдан басқа, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу тәртiбi мен оларды алу кестесi де өзгерiске ұшырайды.

2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн одан әрi жаңғыртудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасына (бұдан әрi — Тұжырымдама) сәйкес зейнеткерлiк жасқа толуға және I, II топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын бiржола алуды жою жоспарланған болатын. Бұл ретте жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бiр рет толығымен төленедi. Ал егер алушы зейнетақы төлемдерiн алу үшiн зейнетақы Қорына жүгiнген күнi оның зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

Айта кету керек, Тұжырымдаманың бұл нормалары зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның ережелерiне 2015 жылы енгiзiлген болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйегiнде 2018 жылдың қаңтарынан бастап күшiне енетiн Ережелерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

Егер Қорға жүгiнген күнi зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкiндiк бар екендiгiн тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгенi құрайды. Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленедi. Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ-дан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi Үкiмет Қаулысымен бекiтiлген, Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде (12/1) айқындалады. Әдiстеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi ескерiледi. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi — зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзiмiн есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретiн көрсеткiш. зейнетақы төлемдерiн алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп 12-ге бөлiнедi. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бiрақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан төмен болмайды.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық зейнетақы еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн ескере отырып тағайындалады. Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртiбi өзгередi.

Бүгiнде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемiнде төленедi (ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң жартысынан сәл жоғары). Сонымен, зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейiн туған азаматтарға 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi бойынша ортақ зейнетақы төленбейдi.

Дегенмен, бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгi кепiлдiктерiн алуға құқылы (бұл бүгiнгi базалық зейнетақы). Бiртiндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетедi, сәйкесiнше 2030 жылға дейiн және одан кейiн жинақтаушы құрамдауыштың үлесi бiртiндеп арта түседi.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртуда басты мiндет — оны нығайту және зейнетақы төлемдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлi төлем көздерiнен берiлетiн төлемдер жиынтығы ретiнде қарайды. Бұл төлем көздерi: мемлекеттiк бюджеттен төленетiн зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзiнiң зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер). Бұл жердегi басты мақсат — зейнет жасындағы азаматтарды тұрақты негiзде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерi салымшы өтiнiш жасаған күннен бастап белгiленiп, таусылғанша жүзеге асырылатындығын тағы да еске салады. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дер кезiнде жүгiну қажет.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (кеңсеге өзi келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшiншi тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемiн ресiмдеуге қажет барлық құжат тiзбесiн, оларды ресiмдеуге қойылатын талаптарды, өтiнiштердiң бланкiлерiн, сенiмхаттардың үлгiлерiн, кеңселердiң мекенжайларын, жұмыс тәртiбiн және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз. Онда ақпарат үнемi жаңартылып тұрады, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласа аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн).

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндерi барлық операциялық бөлiмшелердiң таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн жұмыс iстейтiндiгiн хабарлайды. Басты мақсат — БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдердi рәсiмдеу құқығын жүзеге асыру.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

10.05.2018

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметiнiң қорытындысы

Алматы, Қазақстан — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншiктi активтерi бойынша 2017 жылғы қаржы есептiлiгiне сыртқы аудит жүргiзiлдi. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншiктi капиталы 91,3 млрд. теңгенi құрап, есептi жылда 18,1 млрд. теңгеге өстi. Өсiм есептi кезеңде үлестiрiлмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есептi жыл iшiнде салық салудан кейiн қалған таза пайда — 18,2 млрд. теңгенi құрады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн. теңгенi құрады. Сөйтiп 2017 жылдың басынан берi 1,1 трлн. теңгеге артты. Яғни, бiр жыл iшiндегi өсiм 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы iшкi өнiмiне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша — 14,2%).

2017 жылы түсiмдердiң жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд. теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсiмi 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткiш (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд. теңгенi құраған болатын. 2017 жылы мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуық қаржы келiп түстi.

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд. теңге болды. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 7,1 пайыз болғанын еске саламыз.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 211,12 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд. теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 169,69 млрд. теңге төленсе, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд. теңгенi құрады. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берiлген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы шамамен 576,5 мың теңгеге жеттi.

Сонымен қатар есептi кезеңде зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында электрондық қызметтердi дамытуға ерекше мән берiлдi.

2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсiлi таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн. бiрлiкке немесе 66 пайызға артты. Хабарлау тәсiлi ретiнде интернет байланысы таңдалған зейнетақы шоттарының үлесi 30 пайыздан 49 пайызға өстi. Сөйтiп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн. бiрлiктi құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн. адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн. адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие болды. 2017 жылы олардың қатарына хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы қосымша келiсiм жасау арқылы 1,3 млн. салымшы (алушы) келiп қосылды.

Қор 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселерiне келмей-ақ негiзгi қызметтердi пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сервистердi енгiздi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлiк жасқа толған кезде немесе 1,-шi және 2-шi топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру мүмкiндiктерiн атауға болады.

Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетiлетiн қызметтердiң үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейiн өстi. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.

Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтерiне өз бетiмен қол жеткiзе алулары үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету терминалымен жұмыс iстеу бойынша арнайы сервис әзiрлендi. 2017 жылдың 4-шi тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар ендi зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерiн тағайындауға дейiнгi барлық дерлiк электрондық қызметтердi пайдалана алады.

Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына, олардың iшiнде әсiресе мүмкiндiгi шектеулi жандарға ерекше көңiл бөледi. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдiк кеңсе» жобасы аясында 2016 жылға қарағанда 6,5 есе көп операция жүзеге асырылды. 2017 жылы Қор қызметтерiн тұтынушылардың тұрғылықты жерi бойынша 7,1 мың көшпелi шара өткiзiлiп, 189,5 мың операция жасалды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы 1,1 мың көшпелi шара өткiзiлiп, 29 мың операция жүзеге асырылды. Оның iшiнде жоба бойынша 13,5 мың салымшы мен мүмкiндiгi шектеулi жандарға қызмет көрсетiлiп, 38,7 мың операция орындалды. 2016 жылы осы санаттағы 15,7 мың адамға қызмет көрсетiлiп, барлығы 47 мың операция жүзеге асырылған болатын.

БЖЗҚ филиалдық желiсiнiң қызметкерлерi 2017 жылы кәсiпорындар мен ұйымдарда 18,1 мың көшпелi таныстырылымдық шара өткiздi. Бұл кездесулерге 557 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тарту үшiн ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын күшейту және облыстық филиалдардың жұмысымен жете танысу үшiн Қор басшылығы Қазақстанның барлық облыстарына iс-сапармен шықты. Iс-сапар барысында Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкiмдiктерiмен ынтымақтастық және әлеуметтiк мiндеттердi жүзеге асыру мәселелерi бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындармен арадағы байланысты нығайту мақсатында БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Ол Қор және салымшылар мен алушылар арасындағы тұрақты да тиiмдi ақпараттық-коммуникациялық арна iспеттес болды. 2017 жылы 6 отырыс және ҚР Ұлттық Банкi мен қаржы нарығының сарапшыларын тарта отырып, зейнетақы жүйесi туралы дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Есептi кезеңде Қорға керi байланыс арналары бойынша азаматтардан 405 780 өтiнiш келiп түстi. Бұл 2016 жылға қарағанда (169 159) 2,4 есе көп. Өтiнiштердiң 65 пайызы байланыс орталығы, 27 пайызы Қор сайтындағы онлайн кеңесшi, 8 пайызы басқа арналар арқылы келiп түскен. Олардың iшiнде Қор кеңсесi, керi байланыс сервисi, Қор сайтындағы Басқарма төрайымының блогы, Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабы және Қордың әлеуметтiк желiдегi парақшалары бар.

2018 жылдың бiрiншi тоқсанында зейнетақы активтерi 193 млрд. теңгеге артып, 2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай 7,97 трлн. теңгенi құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негiзгi бөлiгi (98%) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасты. Биылғы жылдың алғашқы үш айында 92,2 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Жеке зейнетақы шотына келiп түсетiн бiр зейнетақы жарнасының орташа мөлшерi 15 700 теңгенi құрады.

2018 жылдың алғашқы үш айы iшiнде таза инвестициялық табыс 66 млрд. теңгенi құрады. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейi 6,6 пайызға жеттi. Яғни, табыстылық инфляция деңгейiнен жоғары болды.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 72,4 млрд. теңгенi, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,9 млрд. теңгенi құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың сәйкес кезеңiнде БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 77,35 млрд. теңгенi, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 6,04 млрд. теңгенi құраған болатын.

2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай Қор сайтында электрондық сервистер iске қосылғалы берi оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгердi. Олардың iшiнде 2298 салымшы онлайн тәртiбiнде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелерiне өзгерiстер енгiзсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсiлiн интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Одан басқа 2018 жылдың алғашқы үш айы iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесi бойынша кәсiпорындар мен ұйымдарда 4,8 мың таныстырылымдық шаралар өткiзiлiп, оларға 152 мыңнан астам адам қатысты.

БЖЗҚ тұрақты түрде Ашық есiк күнi шарасын өткiзiп тұрады. 2018 жылдың 27 наурызында кезектi шара өткiзiлiп, оған шамамен 4806 адам қатысты.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсiлiн пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдады. Оның iшiнде 823 мыңнан астам адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшiн Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

10.05.2018

ҚР Ұлттық Банкiнiң инвестициялық қызметi

Зейнетақы активтерiнiң валюталық портфелiне қатысты жаңа стратегиялық үлестiрiм аясында зейнетақы активтерi дамушы және дамыған елдердiң облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексiне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс — тәуекел мен табыстылықтың белгiлi бiр шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретiнде қолданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi дербес басқару аясында арнайы механизм әзiрледi. Ол макроэкономикалық көрсеткiштердi талдау негiзiнде инвестициялық жағынан тартымды елдердi таңдауға мүмкiндiк бередi. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзiрлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексiне енген.

2017 жылы зейнетақы активтерiн инвестициялау мақсатында жүргiзiлген талдау нәтижесiнде тұрақты макроэкономикалық көрсеткiштерге және кредиттiк рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстiк-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.

2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкiметiнiң АҚШ долларында номинирленген мемлекеттiк бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды.

2018 жылдың 1 сәуiрiне қарай зейнетақы активтерiнiң 73,29 пайыздан астамы рейтингi «ААА» -дан «BBB-»-ға дейiн болатын, тәуекелi ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегi тәуекелi бар (рейтингi «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд. теңгенiң қаржы құралдары (инвестициялық портфельдiң 10,08 пайызы) рейтингтiк бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттерi алдыңғы қатарлы халықаралық агенттiктер тарапынан барабар кредиттiк рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнiнде мемлекеттiк кепiлдiк бар.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

10.05.2018

БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд. теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейi 7,1 пайыз болғаны белгiлi.

Табыстылық деңгейi зейнетақы активтерiн бiрiктiру кезеңiнен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi аралықта орта есеппен инфляция деңгейiнен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейi 41,76 пайызды құрады. Жылдарға бөлiп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейiн былайша салыстыруға болады:

Жыл Табыстылық деңгейі Инфляция
2014 6,31% 7,40%
2015 15,65% 13,6%
2016 7,95% 8,5%
2017 7,92% 7,1%

Қосымша айта кетелiк, бизнес-үдерiстердi оңтайландыру, тиiмсiз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтердi енгiзу және олардың үлесiн арттыру бойынша жүргiзiлген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерiнен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерiнен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

06.04.2018

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткiштерiне шолу

Алматы, Қазақстан — 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгенi құрады. Сөйтiп, жыл басынан берi 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсiм 1,3 пайызды құрады.

2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,61 млн бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бiрлiктi құрады.

Ағымдағы жылдың екi айы iшiнде зейнетақы жарналары бойынша түсiмдердiң жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.

Жыл басынан берi БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан берi 29,4 млрд теңге болды. Сөйтiп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсiм 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейi 6,5 пайыз болды.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 62,75 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгенi құраған.

Бүгiнде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты (оның iшiнде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесiнде, сондай-ақ дәстүрлi пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде хабарлаудың электрондық тәсiлiн таңдағандардың саны 5 млн адамға жеттi. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие.

2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бiрлiктi құрады, яғни жыл басынан берi 14 пайызға өстi.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру, оларды барынша жетiлдiру жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзiп келедi. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетiлiп жатыр. БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерiн оның кеңселерiне келмей-ақ қашықтықтан пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сервистерiн iске қосты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен, Қор сайтының жеке кабинетi арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш жолдауға, олардың орындалу мәртебесiн қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге және хабарлау тәсiлiн өзгертуге болады.

2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңiрлiк филиалында өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкiндiгiне ие болды. Бүгiнде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетiмдi: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу; мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтiнiш беру; жеке деректемелердi өзгерту; берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау. Бұл қызметтердi өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшiн салымшыны (алушыны) анықтап танудың екi әдiсi қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегi арқылы алу. Одан басқа, таяу уақытта өзiне-өзi қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметi iске қосылады.

Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздерi келiп, не болмаса 1418 тегiн нөмiрiне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтiк желiлер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтiк сайтындағы «Керi байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерiн қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

05.03.2018

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткiштерiне шолу

Алматы, Қазақстан — 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,62 млн бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бiрлiктi, ал ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша — 39 мың бiрлiктi құрады.

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсiмдердiң жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсiм 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесiнде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердiң зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгенi, ал әйелдерде — шамамен 2 млн теңгенi құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 0,13 пайызды құрады, бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейiн жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткiштер сәйкесiнше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

2018 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 48,9 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгенi құрады.

Бүгiнде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты (оның iшiнде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесiнде, сондай-ақ дәстүрлi пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер iске қосылды. Қазiр сол электрондық сервистердi пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселерiне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлiк маңызды операцияларды жүзеге асыра алады.

2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде электрондық өтiнiш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екiншi жартысында, яғни электрондық сервистер iске қосылғаннан берi шамамен 250 адам осы қызметтi пайдаланған. Яғни, бiр айдың iшiнде өсiм 60 пайызды құрады. Ал өздерiнiң деректемелерiне өзгерiстер енгiзген салымшылардың саны бiр ай iшiнде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екiншi жартысында 1 180 адам осы сервистi пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер iске қосылғалы берi оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелiк, БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметiн көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшiн ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда салымшылардың керi байланыс арналары арқылы жасаған өтiнiштерiнiң саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына ерекше көңiл бөледi: «Мобильдiк агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелi қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiшке қарағанда 125 бiрлiкке артық. Яғни, өсiм 27 пайызды құрады.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелi тыныстырылымдық шара өткiзiлдi. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазiргi уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бiрақ бiрде-бiр жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат — бұл салымшылардың деректерiнiң мәртебесiн айқындау.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

04.09.2017

2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан — 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергi өсiм 588 млрд теңгенi (8%) құрады.

2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,62 млн бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бiрлiктi, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бiрлiктi құрады.

2017 жылғы шiлдеде келiп түскен жарналардың жалпы сомасы 59,5 млрд теңгеге жетсе, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы 56,7 млрд теңгенi құрады.

2017 жылдың басынан берi салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң табыстылығы жыл басынан берi 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейi 3,8 пайыз болды.

2017 жылдың басынан берi БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 134,31 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,13 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде БЖЗҚ-дан шамамен 106,58 млрд теңге төленген, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 10,95 млрд теңгенi құраған.

Салымшы (алушы) өзiнiң ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (оның iшiнде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бiрiнен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 769 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайына алады. Ал 3,5 миллионға жуық адам бұл үшiн Қордың ресми сайтын немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкiндiгiне ие. 2017 жылдың шiлдесiнде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылардың қатарына шамамен 100 000 салымшы (алушы) қосылды. Олар бұл үшiн ақпарат алу тәсiлiн өзгерту туралы қосымша келiсiмге қол қойған.

Бiр ай iшiнде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 67,4 мыңға артып, барлығы 917,7 мың бiрлiктi құрады. Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткiш 509,7 мың жүктеудi құраған болатын.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзi келiп, не болмаса 1418 тегiн нөмiрiне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтiк желiлер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтiк сайтындағы «Керi байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзiн қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ әрбiр салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелi қызмет көрсету бойынша «Мобильдiк агент» жобасы — Қор мен салымшылар арасында тиiмдi қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсiлiне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңiрiнде БЖЗҚ қызметкерлерiнен көшпелi командалар құрылған. Қор қызметкерлерi ақыл-кеңес беру үшiн салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгiзу және қызмет көрсету үшiн мүмкiндiгi шектеулi жандарға қажеттi құжаттарды жинап Қорға жеткiзуге көмектеседi. Одан басқа БЖЗҚ мобильдi тобы таныстырылымдар өткiзу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерiн түсiндiру үшiн әр түрлi кәсiпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Барған жерлерiнде сондай-ақ зейнетақы қызметтерiнiң барлық түрiн көрсетедi. Олардың iшiнде салымшының деректемелерiн өзгерту/толықтыру туралы өтiнiштi рәсiмдеу, жаңа редакциядағы өтiнiштi ұсыну, ақпарат беру тәсiлi туралы келiсiм жасау және ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрме беру секiлдi қызметтер бар. Жыл басынан берi мобильдiк агенттер 4 мыңнан астам рет көшпелi шара өткiзiп, осы шаралар барысында 113,2 мыңнан астам операция жасаған. Қор қызметкерлерi мүмкiндiгi шектеулi 7 120 адамға қызмет көрсете отырып, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсiмдеу, зейнетақы шотының жай-күйi туралы үзiндi-көшiрме беру, деректемелердi және ақпарат беру тәсiлiн өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсеткен.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 17:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.06.2018 10:01
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы