A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Облыс мұражайлары
  • М. Жұмабаев ауданының тарихи-мәдени мұражайы

    Мұражай 2011 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ашылды.

    Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Булаев қ-сы, Киреев көшесi, 15.

    Телефоны: 8-715-31-22345.

    Email: museiy_bulaevo@mail.ru. «вконтакте» әлеуметтiк желiсiнде тiркелген, никнэйм «музей р-на-МЖумабаева».

    Директорының м.а.: Жумағулов Серiк Тұрарұлы.

    Жұмыс уақыты: 9:00-18:00. Дүйсенбi демалыс.

    Бiр билет құны: Балалар үшiн — 50 тг., ересектер — 150 тг., студенттер мен зейнетқорлар — 70 тг., шет елден келгенлер — 300 тг., фото — 250 тг.

    Штаттық қызметкерлер саны 10 адам (директор, қор сақтаушысы, бухгалтер, экскурсия жүргiзушi, байқаушы, 4 күзетшi-от жағушы).

    Көлемi 378 ш.м.

    Жәдiгерлер саны — 2885.

    Аудан мұражайының экспозициясы — 5 залда орналасқан белгiлi жүйе бойынша орналастырылған заттарды мақсатты көрсету: «Ауданның 18 ғасырдан 1917 жылға дейiнгi тарихы», «Ауданның 1917-1991 жылдар аралығындағы тарихы», «Поэзия жұлдызы Мағжан», «Тәуелсiздiк залы», «Табиғат залы». Алдын ала қарастырылған түпкi ой тақырыпты кең ашады. Экспозицияда бұрынғы және қазiргi заманның оқиғалары қамтылған.

    2015 жылдың қазанынан Ботай мәдениетi атты тұрақты экспозияциясы ашылды.

    2016 жылдың 1 мамырынан Қазақстан халқы Ассамблеясы атты көрме өтiп жатыр.

    Мұражай қызметкерлерiнiң жұмысы Мағжан Жұмабаев ауданының тарихын, өлкетануын зерттеуге, ұлы ақын, жерлесiмiз Мағжан Жұмабаевтың өмiрi мен қызметiн зерделеуге бағытталған.

    М. Жұмабаев ауданының тарихи-мәдени мұражайы М. Жұмабаев ауданының тарихи-мәдени мұражайы М. Жұмабаев ауданының тарихи-мәдени мұражайы М. Жұмабаев ауданының тарихи-мәдени мұражайы
  • Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы

    Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы

    Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайыМекенжайы: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сi, 48

    Басшысы: Мұқышева Гүлнәр Ботанқызы

    Қабылдау бөлмесi: +7 7152 46-20-97

    Жұмыс уақыты: 10:00-18:00, демалыс күнi — дүйсенбi

    Бiр билет құны: Балалар үшiн — 200 тг, ересектер — 400 тг.

    e-mail: muzej_skomo@mail.ru

    Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды.

    Мұражай 19 ғасырдың соңында салынған сәулет өнерiнiң ескерткiштерi болып есептелетiн бiрнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражай экспозициясы бұрынғы коммерсант Т.Л. Аркельге тиесiлi үйде, сонымен қатар көпес Стреловтың үйiнде және дүкенiнде орналасқан. Мұражайдың әкiмшiлiгi, қор сақтау жерi көпес Стреловтың қоймаларында орналасқан.

    Мұражайда 2004-2005 жылдары қазiргi дизайнға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргiзiлдi. Мұражайдың көлемi — 2400 шаршы метр, оның iшiнде экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Мұражай кешенiнiң жөндеу жұмыстары Алматы қ. «Казреставрация» РМК, бастығы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жүргiздi. Көркемдеу жұмыстарын Астана қ. «Дара» ЖШС, бастығы Жансүгiров Алмас Дүзелханұлы жүргiздi. Мұражай қайта жасаудан кейiн 2005 жылдың 27 қарашасында ашылды.

    Мұражай кешенiнiң жалпы көлемi — шамамен 2400 шаршы метр, экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Экспозиция 12 залда орналасқан және жалпы тарихтық кезеңдер ескерiлiп, көне кезден қазiргi кезге дейiн көрсетiлген. 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi залы» ашылды.

    Мұражайға келушiлер Солтүстiк Қазақстанның археологиялық зерттеулерiнiң материалдарымен, өлкемiздiң көне тарихы бойынша тамаша жәдiгерлерiмен, Петропавл қ. пайда болуы және дамуымен, 20 ғ. 90-шы жж. басындағы өлке тарихымен таныса алады. 2 залдың жаңа экспозициясы жасалды: «Қазақ мемлекеттiлiгiнiң құрылуы және қалыптасуы. Қазақ этнографиясы» және «Тәуелсiздiк жылдарындағы СҚО тарихы».

    Мұражай қорында 350 мыңнан астам жәдiгер бар. Мұражай өзiнiң топтамаларын экспедициялар арқылы, басқа мұражайлармен айырбастау арқылы, қалалықтардың көмегi арқылы толықтырды. Мұражай мұражайлық топтамаларды өндеу бойынша әдiснаманы жетiлдiру үшiн «Музеолог» бағдарламасын алды.

    Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргiзiледi. Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған бағдарламалар дайындалған, оның құрамында әр түрлi iс-шаралары бар мұражай-танымдық жобалары жасалды:

    «Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негiзiнде өлкемiздiң көне тарихын насихаттау мiндеттерiн шешедi.

    «Туған табиғаттың тазалығы үшiн» жобасы туған табиғат туралы тереңдете бiлу, оған сақтықпен қарауды шешедi, қоршаған ортаны қорғауды қалыптастырады.

    «Дәстүрiмiздi сақтайық» жобасы СҚО тұратын әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң бай мәдени мұрасын зерттеу бойынша мiндеттi қояды.

    «Мәңгiлiкке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы әңгiмелейдi және патриоттық сезiмге баулиды, 20 ғасырдың соғыстарын, ядерлiк қару сынақтары туралы айтады.

    «Халық күнтiзбесiнiң мерекелерi» жобасы әр түрлi халықтардың салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлi этностардың мәдениетiне құрметпен қарауға баулиды.

    Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы
  • Бейнелеу өнерінің мұражайы

    Бейнелеу өнерінің мұражайыМекенжайы: Петропавл қ., 314 Атқыштар дивизиясы к-сi, 83

    Басшысы: Жахин Орал Мүталлапұлы

    Байланыс телефоны: 33-56-46, 39-76-60

    Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыссыз

    Бiр билет құны: Балалар үшiн — 100 тг., ересектер — 200 тг.

    E-mail: muzey-izo@mail.ru

    Бейнелеу өнерi мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнерi бөлiмiнiң негiзiнде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерiнiң ескерткiшi — көпес Юзефовичтiң үйi болып табылады.

    Алғашқы топтамалары — Қазақстан суретшiлерiнiң кескiндеме туындылары, графика, мүсiн өнерi 60-шы жылдары Алматы қ. картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ, жергiлiктi суретшiлерден кенептер алынды. Топтамалар Мәскеу қ. Вучетича атындағы, Суретшiлер Одағы, Қазақстанның Мәдениет министрлiгiнiң көрмелер дирекциясы, сатып алулар және сыйлықтармен толықты.

    Топтамалардың негiзгi бөлiгiн графика бөлiмi атақты суретшiлердiң шығармашылығы — В. Фаворский, Кукрыникстер, Г. Поплавский, Р. Хачатряна және т.б. құрайды. Кескiндеме бөлiмiнiң негiзгi бөлiгiн Қазақстан шеберлерi Ә. Қастеев, Н. Хлудов, Н.А. Ысмаилов, Ж. Шарденовтердiң жұмыстары құрайды.

    Сәндiк-қолданбалы өнерiнiң қорына орыс, украин, қазақ қолданбалы өнер шеберлерiнiң топтамалары: оралдық жайпақ табақ, самаурындар, төс белгiлер, керамика және этнография заттары ендi.

    Балалар шығармашылығының жұмыстары бар.

    Бейнелеу өнерінің мұражайы Бейнелеу өнерінің мұражайы Бейнелеу өнерінің мұражайы Бейнелеу өнерінің мұражайы Бейнелеу өнерінің мұражайы
  • «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені

    «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешеніМекенжайы: Петропавл қ-сы, К. Сүтiшев к-сi, 1б

    Басшысы: Садаев Аян Набиұлы

    Жұмыс уақыты: 10:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi

    Бiр билет құны: Балалар үшiн 150 тг., ересектер — 250 тг., студенттер үшiн — 150 тг., шет елден келеушiлер үшiн — 4$.

    Телефондары: 492937 — қабылдау бөлiмi, 492132 — экскурссиян жүргiзушiлерi

    «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенi.

    2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы №38 ҚазКСР Министрлiгi Кеңесiнiң Қаулысымен мемлекеттiк сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткiшi «Абылай хан үйiнде» қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi.

    Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестiң байқатқан мүддесi негiзiнде және-де облыс басшылығымен алғашқы түрде болған тарих ескерткiштерiн құру мәселесi бойынша шешiм қабылданған.

    Жобаны iске асырудың мақсаты Абылай ханның өмiрiне қатысты экспозиция құру және ескерткiш-ғимаратты қалпына келтiру жұмыстарды жүргiзу, резиденция аумағын көрiктендiру жұмыстарын iске асыру, қазақ халқының алып ұлына арнап «Абылай хан ат үстiнде» ескерткiшiн орнату болып табылады.

    Мұражайды көркемдеп әшекейлендiру жұмысын «Қазреставрация» АМК iшкей кәсiпорыны, «Дара» ЖШС iске асырды.

    Кешен құрамына

    1. Абылай хан үйi 2 қабатты, жалпы аумағы — 1078 м2
    2. Абылай хан кеңсесi, жалпы аумағы — 37,08 м2
    3. Қонақ жайы, жалпы аумағы — 37,08 м2
    4. Монша, жалпы аумағы — 37,08 м2

    Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы — 1288,5 м2.

    Жердiң жалпы аумағы — 1,58 га енедi.

    Мұражайда XVIII ғасырдың ұлы қайраткерiнiң тарихи үлестерiн айқындайтын Абылай ханның өмiрi туралы экспозиция құрылды.

    «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенiне 4 экспозициялық залдар кiредi: 1 зал. «1711–1770 жылдардағы Абылай хан өмiрлiк кезеңi», 2 зал. «Абылай тынышы», 3 зал. «Тақ залы», 4 зал. «Абылай хан — ұлы мемлекеттiк қайраткер».

    Мұражай ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды.

    «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде қазақ халқының мәдениетi мен тарихын терең бiлiп өрбуге машықтайтын маңғаз тарихи ескерткiшi бой көтердi.

    Шолу және тақырыптық экскурсиялар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Мектеп түлектерi мен шәкiрттер үшiн құрамына әр түрлi iс-шаралар енгiзiлген бағдарламалар әзiрлендi:

    • Қош келдi, Наурыз!
    • «Ер аты — халық жадында»
    • «Халық ертегiлерi» кiредi
    «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені
  • Мағжан Жұмабаевтың мұражай

    Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылы.

    Басшысы: Жүнiспаева Айгүл Теңдiкқызы.

    Байланыс телефоны: +7 71531 2-34-62.

    Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай 1993 жылы, ақынның туғанына жүз жыл толуына орай елi М. Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында ашылды.

    2008 жылдың шiлдесiнде, ақынның 115 жылдығына арнап 2008-2009 жылдардағы «Мәдени мұра» аумақтық бағдарлама аясында мұражайда толыққанды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

    Ғимарат аумағы жөндеуден кейiн 60 ш.м. құрады, экспозициялық аумағы 55 ш.м. Ақынның өмiрлiк және әдеби-шығармашылық жолына арналған экспозиция 3 залда орналасқан. Бұл мұражайдың экспозициялық залдары жоғары эстетикалық деңгейде қазiргi заман талаптарына сәйкес «Дара» фирмасымен рәсiмделген.

    2008 жылы мұражайға мемлекеттiк мәртебесi берiлдi.

    Мұражайда, ақындармен, жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, және-де мемлекеттiк, ұлттық мейрамдарға арналған iс-шаралар жүргiзiледi.

    Мағжан Жұмабаевтың мұражай Мағжан Жұмабаевтың мұражай Мағжан Жұмабаевтың мұражай Мағжан Жұмабаевтың мұражай Мағжан Жұмабаевтың мұражай Мағжан Жұмабаевтың мұражай
  • Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы

    Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы.

    Басшысы: Құлбаев Уәлихан Қайроллаұлы.

    Байланыс телефоны: +7 71533 2-83-18.

    Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы.

    Мұражай Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан. Мұражай құрамына 1663 ш.м. аумағы бар Ш. Уәлиханов атындағы мұражайы мен оңтүстiк-шығыс бағытында жалпы аумағы 4030 ш.м. тұрғын Сырымбет ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан әйгiлi ғалым Ш. Уәлихановтiң әжесi Айғанымның үйi (Сырымбет үйi) кiредi.

    19 ғасырдың ағаш сәулет ескерткiшi «Сырымбет үйiнiң» сәулет бейнесi бiрте-бiрте құрастырылды. Оған, ағаш қоршаумен оқшаланған тұрғын үй, мешiт, медресе, шаруашылық құрылымдар, монша кiредi.

    2008-2009 жылдардағы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында Сырымбет өткелiнде қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде.

    Үйдi қалпына келтiру үшiн 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және, ақпарат министрлiгiмен 28,0 млн. теңге бөлiндi, қалпына келтiру жұмыстарын «Қазреставрация» мемлекеттiк кәсiпорынның Батысқазақстандық филиалы жүргiзедi.

    Қазiргi уақытта келесiдей жұмыстар атқарылды: тұрғын үй және мешiт қалпына келтiрiлдi, ағаш қоршаулар, үй айналасындағы бөгеттер тұрғын үйде екi қабатқағаш қойылымдар, есiктер және терезе қақпақтары ауыстырылды.

    Қайта қалпына келтiру 2010 жылда 2009-2011 жылдардағы «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаның Концепциясына сәйкес жалғастырылады.

    Жалпы жәдiгерлер саны — 6980, олардың iшiнен 1300 бұйымы экспозициялық залдарда орналасқан. Мұражайда Ш. Уәлихановтың өмiрi, оның туысқандары, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениетi, салт-дәстүрi туралы материалдар жиналды.

    Мұражай қызметкерлерiнiң жұмысы ғылыми әдебиет, мақалалар және тағы да басқа Ш. Уәлихановтың өмiрi мен қосқан үлесi, оның туысқандары, бiрлесе белсендiлiк атқарғандар туралы материалдық дәлел жинақтауға және экспозиция мен көрмелердi ұйымдастыру арқылы тарихи мәлiметтердi жолдауға бағытталған.

    Жыл сайын мұражай қабырғасында әдеби оқулар, «Шоқан (Мухаммед-Ханафия) Уәлиханов», «Ш. Уәлиханов Петербург қаласында орыс жазушылары арасында», «Омск iстерi», «Басынан барлық жолды кешу-өлкетанушы жазбалары» тақырыптары бойынша дәрiстер және тағы басқа iс-шаралар жүргiзiледi.

    Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы
  • «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені

    Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарасай ауылы.

    Басшысы: Омаров Самидин Ниятоллаұлы.

    Байланыс телефоны: +7 71533 2-15-52.

    Қарасай және, Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi 1999 жылдың 15 қазанында ашылды.

    Бой көтерген кесене Қазақстанның барлық халқының бiрлiгi, достығы мен ұйымшылдығының дәйегi болып табылады.

    Композициялық тұрғыдан кешен бейнесi бұрынғы түрiк қағандардың дәстүрiн жалғастырады.

    Барлық кешен өзiнiң басты осiмен Меккеге мешiт михрабы шоғырына бағытталған. Құрбан шалу және құран оқуға арналған кесене алдындағы алаңға шығаратын екi мұнарасы бар кiрпiш қоршаумен шеңбер кiрiсi оқшаланған.

    Алаң бұрыштарында мәрмәр негiзiнде қола қоймалары бар қиғаш салынған темiр найзалардан тұратын жауынгерлiк белгiнiң айғағы ретiнде орнатылған.

    Шеңбер ортасында Солтүстiк Қазақстан үшiн тән эллипс пiшiндi батырлардың екi кесенесi орналасқан. Олардың алдыңда кiшiгiрiм конус пiшiндi мешiт (сенiм, естелiк, үмiт жады) және өз бойында рәмiздi және сәулеттi сипаттарды бiрiктiретiн кесене бой көтерген.

    Алыс емес жерде бiрнеше жауынгерлердiң қорғандары бар. Қазу жұмыстары кезiнде осы арада бойы 2 метрге жететiн батыр, жанында ауыр салмақты қылыш, шекпен салынған мәйiт табылды.

    Ортада кесене араларында кiшiгiрiм зал-пинакотека бар, онда қабырғаларында батырлардың асқан ұлы iстерiн баяндайтын үш тiлде қол жазба басылған.

    Шыңдалған қызыл құрдай мәрмәрiнен жасалған қорғандағы мәйiт үстiндегi құлпытас пен қойтасты орнату ертегi түрiк дәстүрiн жалғасы болып табылады.

    Әрбiр қорған үстiнде шырақ орналасқан және-де әрбiр келген көрушiге аруақтардан көмек сұрауға демеуiн тигiзедi.

    Кешен қажылық және жиi экскурсиялар өтетiн орын болып табылады.

    «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені
  • И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі

    Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы.

    Басшысы: Макенов Данияр Мейрамович.

    Байланыс телефоны: +7 71544 2-22-44.

    И. Шухов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1981 жылдың 21 желтоқсанында жазушы тұрған үй жайда қаланған.

    Мұражай 1942 жылы жазушының үйi ретiнде салынған қазiргi таңда жергiлiктi маңызы бар мәдениет және тарих ескерткiшi болып табылатын бiр қабатты мансардасы бар құрылымнан тұрады.

    Ғимарат алаңы 117 ш.м., оның iшiнен экспозициялық көлемi 104 ш.м. құрайды.

    Бұған қоса, үй жайы аумағында көл жағасында үлкен бақ және-де жазушының туысқандары, ауылдастарымен жинақталған жәдiгерлер мен құжаттар сақталған. 137,9 ш.м. көлемдi құрайтын әкiмшiлiк корпусы орналасқан.

    4 залда экспозиция келесiдей тақырыптарда рәсiмделген:

    1752 жылы Пресновка ауылы қорғау бекiнiс ретiнде қалануы.

    Өлкеде Кеңес үкiметiнiң орнығуы, Азаматтық соғыс.

    Ұлы Отан соғысы жылдары.

    Өлкеде тың игеру жылдары.

    И. Шуховтың Ғ. Мүсiрепов, С. Мұқанов жазушы-жерлестерiмен достастығы туралы экспозиция орын алады.

    Мұражай негiзiнде Шуховқа арналған оқу кештерi, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлерiнiң қатыстырылуымен өткiзiледi, «Бiз осында өмiр сүремiз, мұнда бiздiң Отанымыздың бастауы» атты дөңгелек үстел жүргiзiледi.

    Аудандық халық ұжымдары, фольклорлық казак ұжымын қатыстырумен театрландырылған көрiнiстер қойылады.

    Үй-мұражайда солтүстiкқазақстандық жазушылар және, ақын-жерлестерiмiзге арнау болған әдеби кездесулерге арналған қонақ жайы ашылды.

    Үй-мұражай аумағында 2006 жылы жазушының туған күнiне 110 жыл толуына арналып И.П. Шуховтың бюстi орнатылып ашылған едi.

    И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
  • Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы

    Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы.

    Басшысы: Кошаева Клара Утегеновна.

    Байланыс телефоны: +7 71545 3-36-45.

    Жазушы Ғ. Мүсiреповтың үй-мұражайы 1992 жылы ашылып, оның өмiрi мен шығармашылығына арналған.

    Мұражай 278 ш.м. аумақты құрайды, одан экспозициялық көлемi 95,3 ш.м., басқа аумақта қонақ үй орналасқан мансардасы бар бiр қабатты жай болып табылады.

    Мұражай экспозициясы әдеби мұра негiзiнде құралып, жазушының қоғамдық, мемлекеттiк қызметiн айқындайды.

    Залдарда Ғ. Мүсiреповтың барлық ғұмырлық жолын айқындайтын жәдiгерлер-жеке киiмдерi, құжаттар, жазушының фотобейнелерi орын алады және жазушының анасы Дина Оңарбай қызы, ағалары мен апалары туралы да мәлiмет табуға болады.

    Этнографиялық зал қазақ халқының тұрмысын бейнелейтiн бұйымдар: самауыр, торсық, ұлттық әйел және ер адамның киiмдерi, керосин шамы және т.б.

    Жамбыл ауданындағы жерлестерi, туысқандары жазушының өмiрлiк жолын айқындайтын көлемдi әрi толыққанды материал жинады.

    Мұражайдан алыс емес жерде жазушыға арнап бюст орнатылған.

    Жыл сайын аудан қоғамы Ғ. Мүсiреповке арналған кездесулер мен iс-шаралар ұйымдастырады.

    Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы
  • С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі

    Мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл аудан, Сәбит ауылы.

    Басшысы: Сарсекова Әлия Ескендiрқызы.

    Байланыс телефоны: +7 71544 5-15-22.

    С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1990 жылы Сәбит ауылында С. Мұқановтың ағасының үйiнде ашылды.

    Мұражай жалпы аумағы 180 ш.м., бiр қабатты қарағай бөренеден жасалған, ағаш ғимарат 5 бөлмеден тұрады: ұйқы жайы, қонақ жай, зал, ас бөлме, кiрiс жайы.

    Үй аумағында 247 ш.м. көлемде саябақ орын алады, онда жазғы сауығу орны және шошала орналасқан.

    Экспозиция мемориалдық мұражай типi бойынша салынған және-де жазушының кабинетi, ұйқы жайы, шығармашылық мұрасы, жазбалары, кiтаптары мен жеке киiмдерi орналасқан залдан тұрады.

    Мұражайда этнографияға қатысты экспозиция да бар.

    Қорда С. Мұқановтың әдеби шығармашылығына қатысты өнегелi құнды құжаттар сақталған.

    Мұражайда жалпы жәдiгерлер саны 364 бiрлiктi құрайды.

    Жол картасы бағдарламасын iске асыру барысында үй-мұражайда және қонақ үйде толыққанды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

    Мұражай аумағында жазушыға арнап бюст орнатылған.

    С. Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына орай қазiргi заманның талаптарына сай жаңа жәдiгерлердi қоса жаңа экспозиция құру жоспарлануда.

    С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
  • Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

    Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайыМекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Шал, ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончар к-сi, 112.

    Директордың м.а.: Қаскарбаева Алтынай Тлеулесқызы.

    Байланыс телефоны: +7 71534 2-74-09.

    Жұмыс уақыты: 9.00-18.30, демалыс: сенбi, жексенбi. Бiр билет құны: Балалар үшiн 75 тг., ересектер — 150 тг., студенттер үшiн — 100 тг.

    E-mail: murazhai@mail.ru.

    Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы 1986 жылы 25 ақпанда құрылды. Мұражайдың негiзiн қалаған Ұлы Отан соғысының ардагерi, ардагер ұстаз, өлкетанушы Кузнецов Василий Дмитриевич. 2007 жылы Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жаңа ғимаратқа көшiрiлдi. Мұражай қазiргi заманға сай дизайнмен жасалынып, жабдықтар мұражай талаптарына сәйкес келедi.

    Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы Сергеевка қ. П. Гончара көшесi, 112 мекенжайында орналасқан. Мұражай орналасқан екiқабатты ғимаратта. Мұражайдың аумағы — 549 шаршы м., оның iшiнде 239 шаршы м. — экспозициялық. Экспозиция 8 залда орналасқан және жалпы тарих кезеңдерiнiң негiзiнде ежелгi уақыттан бастап қазiргi уақытқа дейiн көрсетiлген.

    Казiргi уақытта қорда 4108 экспонат бар, оның iшiнде негiзгi қорда 3038, ғылыми қосалқы қорында 1027.

    18 мамыр Халықаралық мұражай күнi. Осы күнi тарихи-өлкетану мұражайы өзiнiң 30-жылдық мерей тойын тойлады. Салтанатты iс шарада еңбек ардагерлерi, мемлекттiк мекемелердiң басшылары, аудан мұражайлардың директорлары, қоғам кайраткерлерi т.б. Мұражайдың негiзiн қалаған Кузнецов Василий Дмитриевичке арналған көрме ашылды.

    Астана күнiне қарсанында және Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25-жыл, Солтүстiк Қазақстан облысына 80 жылдығына орай мұражай қызметiң көпшiлiкке тарату мақсатында тарихи-өлкетану мұражайы аудандық фотоконкурс «Музей в объективе» өткiзедi.

    Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы
  • Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

    Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайыМекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ж.Қизатов к-сi,77 «а».

    Мұражай директор: Попова Галина Владимировна.

    Байланыс телефоны: +7 71543 2-20-81.

    Электрондық мекенжайы: muzey@inbox.ru.

    Есiл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы 1972 жылы 19 желтоқсанда жауынгерлiк және еңбек даңқы мұражайы ретiнде 17 жыл бойы бiрiншi қоғамдық директоры мен қордың басты сақтаушысы өлкетанушы М.П. Ключеровпен негiзi қаланған едi.

    1983 жылы Қазақ КСР мәдениет министрлiгiмен мұражайға халықтық атағы берiлiп, ал 1990 жылдан мемлекеттiк мәртебеге ие болды.

    Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 2012 жылдың 27 қарашасынан бастап орналасу орнын өзгертi.

    Мұражайдың жеке ғимараты бар. Мұражай орналасқан ғимарат тарихи, Явленкалық аурухананың бiр корпусы, А.И. Мухин салған, ғимарат қабырғасында орналастырылған мемориал тақта осы жайлы еске салады. Ғимарат бiр қабатты, бейiмделген.

    Мұражайдың жалпы ауданы — 171,1 шаршы метр, экспозициялық — 91,1 шаршы метр, қор қоймасы — 10,8 шаршы метр.

    Мұражай экспозициясы 4 экспозициялық залда орналасқан. Мұражай қорында 4 мыңнан астам экспонат бар, (4140 е. с. б. жәдiгерлерi ғасырлардағы аудан тарихы, оның аса маңызды тарихи оқиғалары мен аудан өмiрiнде жарық iз қалдырған тұлғалар туралы әңгiмелейдi. Кеңес одағы қаhармандары және Социалистiк Еңбек ерлерi туралы көлемдi таныстырылған экспозиция. Тығыз қарым-қатынаста түрлi ұйымдармен аудан мұражайы iс-шаралар өткiзедi, оқушыларға, жастар мен аға буын өкiлдерiне.

    Мәдени-бұқаралық iс-шаралар жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, эстетикалық, өлкетану, салауатты өмiр салтын насихаттау, мемлекеттiк мерекелерге iс-шаралар,мерейтойлар мен маңызды күндерде — дәстүрге айналды.

    Өз жұмысында мұражай ұжымы әр түрлi нысандары және жұмыс әдiстерiн пайдаланады.

    Мұражайда экскурсиялар, қызықты адамдармен кездесулер, т.б. iс-шаралар жүргiзiледi. Мұражай жұмысының қызықты жүйесiнiң бiрi көрме қызметтi болып келедi.

    Соңғы жылдары көрме неғұрлым қызықты, жарқын, мазмұнды. Мұражай қызметкерлерi ұйымнан тыс көрмелер өткiзудi тәжрибелеуде облыстық және аудандық iс-шараларда, мектептерде, кiтапханаларда, мұрағата, АМҮ және сқ.

    Мұражай жұмысы жарияланады облыстық және аудандық газет беттерiнде. Мұражай мүмкiндiк бередi мұражай қорларымен жұмыс жасауға және әдiстемелiк көмек көрсетедi ғылыми жобалар жазуда.

    Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

Облыстық мұражай

Есеп беру кезеңінде 41 көрме жасалды. Облыстық мұражай бірлестігіне келушілердің саны 63 421 мың адам, оның ішінде тегін келушілер 44 мың адамды құрады (қала қонақтары, әскери бөлімнің солдаттары, арнайы интернат оқушылары, еңбек ардагерлері), облыстық және қалалық іс-шараларға жылжымалы көрмелерге келушілер.

2016 жылдың І жартыжылдығында облыстық мұражай бірлестігінің қызметкерлері 293 экскурсия, оның ішінде мемлекеттік тілде — 35 экскурсия өткізілді, 686 іс-шара, оның ішінде мемлекеттік тілде – 45 іс-шара өткізілді. 79 дәріс оқылды. 2016 жыл — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 25 жыл.

Мұражай қызметі жоспар бойынша жүзеге асырылды.

Тарихи-өлкетану мұражайында арналған көрме:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан».

Көрмеде мына бөлімдер бойынша фото және құжаттық материалдар: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау, ҚР Президентінің сайлаулары; Конституция, ұлттық валюта — теңге, Қазақстанның елордасы — Астана, мемлекеттің сыртқы саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы көрсетілді. Көрмеде Қазақстан Президентінің жарлықтары, сайлауалды атрибуттарының көшірмелері, ҚР Президентінің қызметіне арналған кітаптар, елорда Астананың тарихы, Нейзильберден жасалған естелік тиындар, «Қазақстан қалалары» сериясынан тиындар көрсетілді.

  • «­­­­­­Көңілдің ақ қайыңдай аппақ жарығы»

Көрме жерлес ақын В.Д. Щукиннің 75 жылдығына арналды. Көрмеде ақынның шығармашылық жолы, кітаптары, өлеңдер жинағы көрсетілді.

  • «­­­­­­Тамырым терең жайылды осы жерде»

Көрме Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге арналды.

  • «­­­­­­Бір ел,бір халық,бір тағдыр»

Алғыс айту күніне арналған мұражай қорынан жылжымалы көрме. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп жасалды. Көрмеде СҚО территориясында тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, үй керек-жарақтары көрсетілді. Көрме облыстық филормонияда қойылды.

  • «Бостандыққа ұзақ жол»

Фотокөрме. «Алаш» партиясының белсенді мүшесі Ә. Бөкейхановтың 150 жылдығына арналды. Фотокөрме ғалым-энциклопедист, қазақ өлкетануының негізін салушы, тарих, экономика, этнография, Қазақстан әдебиеті бойынша көптеген зерттеулердің авторы, Далалық өлкедегі ең танымал «Қазақ» газетінің ұйымдастырушысы Ә. Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Көрмеде отбасы, мектеп, студент кезіндегі фотосуреттер, Ә. Бөкейхановтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі құжаттарының көшірмелері, Ә. Бөкейханов туралы кітаптар көрсетілді.

  • «­­­­­­Ботай — энеолит дәуірінің ескерткіші»

«Ботай — энеолит дәуірінің ескерткіші» жылжымалы көрмесі өлкенің ежелгі тарихы бойынша баяндайды. Көрмеде б.з.д. ІҮ-ІІІ ғғ. Солтүстік Қазақстан территориясында тұрған адамдардың еңбек құралдары, тұрмыстық заттары, ыдыс-аяқтардың қалдықтары көрсетілді. Материалдар Ботай қонысы республикалық маңызы бар ескерткіштегі археологиялық қазба құмыстарының нәтижесінде алынды. Көрме М. Жұмабаев және Шал ақын аудандарында қойылды.

  • «1986 ж. Чернобыль қасіреті». Көрме Чернобыль АЭС-ның 30 жылдығына арналды. Көрмеде құжаттар, фотосуреттер, марапаттар, Чернобыль АЭС жоюға қатысушылардың қарулары көрсетілді.

  • Облыстың 80 жылдығына және Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облысында Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет күндеріне облыстың 80 жылдығына арналған «Өзіне тартады туған жер» жылжымалы көрмесі.

Бейнелеу өнері мұражайында мынадай көрмелер жасалды:

  • «Рождестволық қиялдар» — «Рождестволық қиялдар» балалар суреттері және сәндік-қолданбалы шығармашылық ІҮ сайысының қорытындысы бойынша көрме. Көрме ұйымдастырушылары: Орыс Православиелік Шіркеуінің Қазақстан Республикасының Митрополиен округінің Петропавл және Булаев епархиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облысының орыс қоғамы, ЮНЕСКО клубы «Көркемөнер лицейі» МКҚК.
  • «Мемлекет негізін қалаушы: жасампаздықтың 25 жылы» — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған фотокөрме. Мұражай мұрағатынан алынған 74 фотожұмыс 25 жыл ішінде республикада өткен маңызды оқиғалар туралы баяндайды: елорданы Астана қ. көшіру, Азиада-2011, Қазақстандағы самиттер, біздің өңірге Президент Н. Назарбаевтың сапарлары және т.б.

  • «Арнау-Посвящение» — солтүстікқазақстандық суретшілер, ҚР суретшілер одағы мүшелерінің көрмесі, ҚР Тәуелсіздік күніне арналды.

  • «Экстремизмге «Жоқ» де!» — жалпы білім беретін мектептер, облыс және қала қосымша білім беру мекемелерінің арасындағы салынған плакаттар сайысының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді көрме.

  • «Солтүстік Қазақстанның табиғаты» — Андрей Красниковтың және Станислав Губиннің фотокөрмесі Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналды. Авторлардың 79 фотожұмысы көрсетілді. Солтүстік Қазақстанның флорасы мен фаунасы туралы мәліметтер берілді.

  • «Болашақ үшін» — «Сау ұлт. Спорттық Қазақстан» айлығы аясында өткізілді.

  • «Көктемгі көңіл-күй» —  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған облыс және қала сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі Қазақстандағы гендерлік теңсіздікті қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясынд ұйымдастырылды.

  • Солтүстік Қазақстан облысының және Тайынша ауданының Ясная Поляна селосының құрылғанына 80 жыл толуына арналған Юлия Голубьтің «Шығармашылық мозаика» жеке көрмесі — «Шығармашылық мозаика» экспозициясында көрермендердің назарына барлығы 25-тен астам әртүрлі техника және жанрда орындалған автордың жұмыстары ұсынылды.

  • «Күн тандемі» — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Солнечный дом» қоғамдық қоры ұйымдастырған көрме.

  • «Туған өлкеме арнаймын» — Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толуына арналған СҚО, Есіл ауданының суретшісі Вячеслав Смирновтың жеке кескіндеме көрмесі.

«Абылай хан» резиденциясы

2016 жылдың І тоқсанында музей кешеніне 8035 адам келді (оның ішінде 3495 адам-тегін), барлығы — 100 экскурсия, 100 іс-шара, 19 мұражай сабағы өткізілді:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған «Абылайдай хан өткен, еліміз егемендікке жеткен», «Менің елім, менің Қазақстаным» атты музей сабақтары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде тәуелсіз болу жолы туралы білім беру; патриоттық тәрбие беру, халықтың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықтарын ояту, Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін ояту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтерін қалыптастыру.
  • «Бірегей болашақ ұлты. Ұлы дала дәстүрлері» айлығы аясында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған — «Наурыз көктем, нұрын төккен!» 13 іс-шарасы өткізіліп, этнографиялық шағын-көрмемен көрсетілді.
  • «Жақсылық жаса!» науқаны аясында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектеріне экскурсия өткізілді.
  • «Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы» атты мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Ә.Н. Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған 4-тақтадан тұратын және өмірбаянын баяндайтын жылжымалы көрме ұсынылды.
  • Халықаралық мұражайлар күні мен Халықаралық отбасы күніне арналған «Ғасырларға саяхат» атты квест-ойын өтті.
  • Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күнінің Шығыс Қазақстан облысында тойлануына байланысты ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл және СҚО 80 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген — Абылай» мен «Өзіне тартады туған жер» атты жалпы экскурсиялар мен жылжымалы көрме өткізілді. Мұражай қызметкері көрме бойынша жалпы шолу өткізді. Көрмемен 720 адам танысты.
  • Музей залдарында «Наурыз құтты болсын!» жылжымалы көрмесі қойылды. Көрме материалдары келушілерге қазақ халқының Наурызды қарсы алу дәстүрлері туралы баяндайды.
Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 16:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2017 12:09
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы