A- A A+
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық

3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою

4-тарау. Қорытынды ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңның мақсаты

1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

2-бап. Негiзгi ұғымдар

1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

3. Мемлекеттiк мiндеттер — Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

3-1. Алып тасталды — ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4. Лауазымды адамдар — тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.

5. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар — мемлекеттiң функцияларын және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адамдар, оның iшiнде Парламент депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк саяси лауазымдарды не «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарын атқаратын адамдар.

Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.07.23 № 454 (2000.01.01 бастап күшiне енедi), 2001.06.08 № 206, 2003.09.25 № 484, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 № 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi

1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) мәслихаттардың депутаттары;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелерi;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және оның ведомстволарының қызметшiлерi теңестiрiледi.

4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Ескерту.

1. Осы Заңда мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетiлген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады.

2. Ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк мiндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметi түсiнiледi. Бұл мiндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және iрiктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртiптiк жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртiбiн сақтау жатады.

3. Әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде мүлiктi, соның iшiнде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билiк ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсiнiледi.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда — ҚР 2003.09.25 № 484, өзгерiс енгiзiлдi — 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-бап. Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесi туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн.

3. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.

4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауаптылық пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделедi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерту енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi — ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;

2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;

5-1) мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк және құқықтық қорғауды мемлекеттiң қамтамасыз етуi;

6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;

7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;

8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;

9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;

10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;

11) кәсiпкерлiк қызметтi атқару заңмен белгiленген қызметтiк мiндеттерiмен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару органдарында ақы төленетiн қызметтер атқаруға тыйым салуды белгiлеу;

12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiк жағдайын қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар

1. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның iшiнде мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшiн кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi тарта отырып, онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, сондай-ақ өздерiне белгiлi болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тiркеудi және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етедi.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттiк кiрiс, әскери полиция органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi жүзеге асырады.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндеттi.

Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтерi бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiнде заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.

4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2001.07.12 № 240, 2002.08.09 № 346, 2003.09.25 № 484, 2007.07.27 № 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi

1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкiметi көздеген тәртiппен көтермеленедi.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық

8-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға үмiткер адамдарға және мемлекеттiк ұйымдарда, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап

 

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға, мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға не мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.

2. Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелi жоғары мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң өздерiне қатысты қолданылу мүмкiндiгi туралы өздерiне мiндеттеме алады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелi жоғары лауазымдардың тiзбесi мен оларды анықтау әдiстемесiн және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудi жүзеге асыру тетiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

9-бап. Қаржы бақылау шаралары

1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;

банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, олардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

2. Мемлекеттiк лауазымдар атқаратын адамдар өз өкiлеттiгiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыстары мен салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етедi.

2-1. Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдар босатылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыстары мен салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етедi.

3. Осы баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация тапсырады;

мыналар:

банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы акта қаражаты туралы;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, олардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көрсетiлген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыстары мен салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етедi.

3-2. Арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына осы баптың 3-тармағында көрсетiлген декларация мен мәлiметтердi табыс етедi.

Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.

4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 3-1-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттiк кiрiс органының одан алғаны туралы анықтама табыс етедi.

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғады.

5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген, қасақана жасалған, сондай-ақ бiрнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгiленген тәртiпте қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

6. Адамдар мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай iс-әрекеттердi қайталап жасау заңда белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.

8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.

9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi.

10. Мемлекеттiк кiрiс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген органдардың сұрау салулары бойынша ғана, сондай-ақ заңда белгiленген сот тәртiбiмен табыс етiледi.

Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мақсатта және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.

11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен; 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

10-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға (өз қызметiн тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды қоспағанда) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кiретiн ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын адамдар Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кiретiн өзге ұйымдардың басқару органдарында, қадағалау кеңестерiнде, атқарушы органдарында ақы төленетiн лауазымдар атқаруға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерiне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiне, судьяларға кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуға, материалдық игiлiк алу мақсатында өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуге тыйым салынады.

2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасына және оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарға тағайындалған күндерiнен бастап бiр ай iшiнде лауазымдарға тағайындалғандарына дейiн сатып алған, инвестициялық қорлардың тиесiлi пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қызметке кiрiскеннен кейiн бiр ай iшiнде өздерiне тиесiлi, пайдаланылуы табыс табуға әкелетiн мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы функцияларды орындау уақытына сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесiлi ақша, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiк қосылмайды. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға, егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуға, материалдық игiлiк алу мақсатында өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуге, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынады, бұған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен аспайтын көлемдегi жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткiзу, сондай-ақ тұрғын үйлердi жалдауға беру қосылмайды.

Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар акцияларды сатып алған жағдайда оларды сатып алынған күнiнен бастап бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сенiмгерлiк басқаруға беруге және мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде нотариалды куәландырылған шарттың көшiрмесiн жұмыс орны бойынша кадр қызметiне табыс етуге мiндеттi.

5. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кiрiскеннен кейiн бiр ай iшiнде өзiнiң меншiгiндегi, пайдаланылуы табыс алуға әкелетiн мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы функцияларды орындау уақытына сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесiлi ақша, облигациялар, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiк қосылмайды. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.

6. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысатын адамдар заңда белгiленген тәртiппен жұмысынан шығарылуға немесе тиiстi функцияларды орындаудан босатылуға жатады. Аталған функцияларды орындаудан мұндай функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуына байланысты босатылған мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға немесе оған теңестiрiлген адамға осы бапта көрсетiлген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейiн мұндай функцияларды орындауға қайталап уәкiлеттiк берiлмейдi.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда — ҚР 2009.12.08 № 226-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерту енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi — 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:

1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;

2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;

3) мемлекеттiк қызметке және мемлекеттiк ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметiн жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).

4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;

6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;

7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;

8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;

9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;

10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;

11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалана отырып мүлiктiк пайда, игiлiктер не артықшылықтар алу үшiн аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;

12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;

12-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 28-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгiленген, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты тексерулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге қойылатын талаптарды өрескел бұзу;

13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;

13-1) мемлекеттiк бақылау мен қадағалау мiндеттерiн мемлекеттiк орган мәртебесi жоқ ұйымдарға беру;

14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

2. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 12-1) және 14) тармақшаларында көрсетiлген қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын iс-әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда — заңда белгiленген тәртiппен қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.

Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2000.04.28 № 46, 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:

1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына көрсетiлген адам хабардар етiлмей келiп түскен ақша, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиiстi функцияларды орындауына байланысты алған қаражаты олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттiк кiрiс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;

2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметiнде бетiмен жiбергенi үшiн сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.

Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;

егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетiшiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;

4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

2. Сотқа дейiнгi тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайда, бiрақ осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдардың iс-әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, жазалау осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдерде қолданылады.

Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды — ҚР 2003.09.25 № 484, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн жауаптылығы

 

Ескерту. 14-бап алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн жауапкершiлiгi

 

Ескерту. 15-бап алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн жауаптылығы

 

Ескерту. 16-бап алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.

2. Алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою

18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.

2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттiк кiрiс органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Көрсетiлген органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiктi сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнiнде шаралар қолданады.

3. Егер мемлекеттiк функцияларды орындайтын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылғаннан, тиiстi функцияларды орындаудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына құқыққа қайшы алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларда прокурор, мемлекеттiк кiрiс органдары не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлiктi қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын төлеу бойынша мiндеттерi туындаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кiрiсiне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнедi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен; 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жояды.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану

Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2017 15:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2017 10:57
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы