A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі шараларды іске асыру бойынша қызмет туралы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманың негiзгi бағыттарын iске асыру мақсатында облыста жоспарлы жұмыс жүргiзiледi. Солтүстiк Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған бағдарламасында тиiстi бағытқа сәйкес келетiн iс-шаралар көзделген.

Орманды молықтыру бойынша бiрқатар iс-шаралар жүргiзiлдi, көшет материалдарын өсiру үшiн 24 тұқымбақ ұйымдастырылды, соның iшiнде 6 тұрақты, 18 уақытша. 2014 жыл iшiнде 15 уақытша тұқымбақтың iргесiн салу жоспарланып отыр.

677 гектар алаңда ағаш отырғызылды, бұл жоспарланған көлемнiң 153% құрайды. Ағымдағы жылдың күзгi кезеңiнде 1 мың гектарда орманды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр.

2014 жылы (шiлде–тамыз) мемлекеттiк орман мекемелерiнде 323 «Жасыл ел» жасақтарының жауынгерi жұмысқа орналастырылды.

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының азаюына, сондай-ақ өңiрдiң қоршаған ортасының сапасы жақсаруына осы бағытта шаралар кешенiн қабылдау септiгiн тигiздi.

«СевКазЭнерго» АҚ облыстың стационарлық көздерiнен шығатын жалпы ластаушы заттар шығарындыларының 50% жуығын беретiн кәсiпорын болып табылады. Жыл сайын кәсiпорынмен қоршаған ортаға әсердi азайту бойынша iс-шаралар жүзеге асырылады. 2013 жылы табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге 3 млрд. теңге бөлiнген болатын. Кәсiпорынның барлық 11 қазандық агрегаттарында қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу аспаптары орнатылды. Қазiргi уақытта аспаптарды жөндеу жүргiзiлiп жатыр, 2015 жылдың қаңтарында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2014 жылы эмульгаторлармен жабдықталған 8-шi қазандық агрегатын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ластаушы заттар шығарындыларын азайту жолдарының бiрi дәстүрлi қуат көздерiн су, жел және күн қуаты тәрiздi жаңғыртылатын қуат көзiмен ауыстыру болып табылады.

Жаңғыртылатын қуат көздерiмен 2013 жылы сағатына 18,5 млн. кВт электр қуатын өндiрдi (жоспар бойынша сағатына 12 млн. кВт болған кезде), соның iшiнде Сергеевка СЭС сағатына 16,5 млн. кВт.

Энергия тұтынудың жалпы көлемiндегi баламалы қуат көздерiнiң үлесi 1,3% құрады, жоспар бойынша 0,95% болған.

2012 жылы «Зенченко және К» командиттiк серiктестiгi Қызылжар ауданының Новоникольск ауылында екi жел элекстростанциясын орнатты, 2014 жылға тағы екi жел қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр. «Қазақтелеком» АҚ Ақжар және Уәлиханов аудандарында 3 жел-күн энергокешенiн орнатты.

Облыстың баламалы және жаңғыртылатын энергияны дамыту жоспарында Аққайың, Есiл, Тайынша аудандарында және Ғабит Мүсiрепов ат. ауданда алты iрi жел паркiнiң құрылысы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайту мақсатымен селолық елдi мекендердi дамыту жоспарларына кәсiпорындарда тазартқыш жабдықтар орнату жөнiндегi iс-шаралар енгiзiлдi.

Бiлiм мекемелерiнде 2014 жылға автоматты түрде басқарылатын 40 көмiр қазандығын орнату жоспарланған, 2015 жылы — 100 қазандық. Автономдық жылумен қамтамасыз ету саласында құрылғының бұл түрi

Дербес жылумен жабдықтау саласындағы жабдықтың бұл түрi жылтылатын алаң бiрлiгiне шаққанда отын шығысы қысқаратындықтан және екi жарты өртелетiндiктен атмосфераға шығарындылармен қоршаған ортаның ластану деңгейiн едәуiр дәрежеде азайтуға мүмкiндiк бередi.

Қатты тұрмыс қалдықтарды басқару нысанын жетiлдiруге едәуiр көңiл бөлiнуде.

Облыстың шартты түрде ұйымдастырылған қоқыс үйiндiлерiнiң жағдайы туралы ақпарат жиналды және талдау жүргiзiлдi. 2014 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша 583 объектiде қалдықтарды орналастыру жүзеге асырылуда, сондай-ақ 10 қоқыс үйiндiсiнде барлық қажеттi рұқсат беру құжаттары бар. 193 қоқыс үйiндiлерiне жер учаскелерi ресiмделген.

Қатты тұрмыстық қалдықтармен айналысу нысанындағы проблемаларды шешу мақсатында қоқыс үйiндiлерiне рұқсат құжаттарын ресiмдеу бойынша iс-шаралар ауылдық елдi мекендердi дамыту жоспарына енгiзiлген. 2014 жылы рұқсат құжаттарын ресiмдеуге 22 млн. теңге бөлiндi.

Одан әрi қайта өңдеу үшiн қалдықтарды бөлек жинау бойынша қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған кәсiпорындарға көмек көрсетiледi. Қазiргi уақытта облыс аумағында қайталама шикiзатты: қағаз, шыны ыдыс, пластмасса, полиэтилен, қара және түстi металдар қабылдайтын және қайта өңдейтiн бiрқатар кәсiпорындар жұмыс iстейдi.

Үнемi жұртшылық арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлшектеп жинауды насихаттау бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

2020 жылға дейiн Қазақстанның су ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарымен Ғ.Мүсiрепов ат. аудандағы Шарық су торабын, Есiл ауданындағы Есiл су торабына қайта өңдеу жүргiзу мен жобалау-сметалық құжаттарын әзiрлеу бойынша шаралар, сондай-ақ Сергеевка қаласы Есiл өзенiнде гидрологиялық бекет құрылысы қарастырылған.

Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылғыларын санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес, қанағаттанарлық жағдайда ұстау үшiн, ластануды, қоқыстануды және жоғарғы су көздерiнiң сарқылуын болдырмау үшiн, сондай ақ өсiмдiктер, жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шартымен су қорғау аймақтары мен белдеулерi орнатылуда. Қазiргi уақытта Есiл, Ақанбұрлық, Иманбұрлық өзендерiне және облыстың 72 өзенiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң жобалары даярланды. Есiл өзенi үшiн су қорғау аймағының көлемi 1000 метр құрайды, көлдер үшiн 300-ден 500 метрге дейiн, Есiл өзенi үшiн су қорғау белдеуi 100 метр құрайды, көлдер үшiн — 50 метр. Жыл сайын облыстың су айдындары жағалауларын тазарту акциялары жүредi. Ағымдағы жылы 5 маусымда Дүниежүзiлiк қоршаған ортаны қорғау күнi Петропавл қаласы мен облыс аудандарында Есiл өзенiнiң трансшекаралық желiсiнiң жағалауын тазарту бойынша акция өттi. Акцияға 1000 адам қатысты.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2016 11:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2016 11:03
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы