A- A A+
2009 жылғы рыногіндегі жағдай туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ» ММ-нің СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

 

№ 1 баспасөз релизі, 20 10 жылғы 28 қаңтар

 

2009 жылдың облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы ахуалы

 

1. Инфляция.

Ресми деректер бойынша, 2009 жылғы инфляциясы 5,9% құрады (2008 жылы – 9,1%), республикалық деңгейі - 6,2% (2008 жылы – 9,5%). Көршілес облыстарда: Акмола облысында – 7,8%, Қостанай облысында – 5,3% және Павлодар облысы – 5,5%.

2009 жылдың желтоқсан инфляциясы. 2009 жылғы желтоқсанда 0,4% (2008 жылы – 0,1%) . Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3% өсті (0,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7% өсті (0,2%) және ақылы қызмет көрсету 0,2% (0,1%) өсті.

 

2. Облыстың қ аржы нарығындағы ахуалы туралы.

2010 жылдың 1 қаңтар күніндегі жағдайы бойынша СҚО банк секторы екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалынан, облыстық орталық пен ауылдық жерде орналасқан 70 қосымша құрылымдық бөлімшеден тұрады.

Облыстың валюталық нарығы. 2010 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойыншаСолтүстік Қазақстан облысында 133 айырбастау пункті қызмет көрсетеді: олардың ішінде 68 АП 14 ЕДБ филиалдарынан («Тұрғын-үй ҚұрылысЖинақбанкі» басқа), 57 АП 24 уәкілетті ұйымнан және 8 АП – «Қазпочта» АҚ филиалынан.

2009 жылы банктер мен УҰ айырбастау пункттерімен облыста 133,6 млн. АҚШ долларын, 11,7 млн.евро және 243,6 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда АҚШ доллары мен Ресейлік рубльдерді таза сату көлемі 8,3% және 10,6%-ға артты, сәйкесінше, евро, керісінше, 36,3%-ға төмендеді.

Жүргізілген операциялар бойынша уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар арасындағы қатынасты талдай келсек, есепті мерзімде ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттерімен облыс тұрғындарының негізгі сұранысы екі валюта түрлері бойынша қамтамасыз етілген: жалпы сату көлемінің АҚШ доллары бойынша - 84,7%-ы, евро бойынша – 74,5 %-ы. Ресей рублі бойынша уәкілетті ұйымдардың үлесі жалпы сату көлемінің 65,3 %-ын құрайды.

Облыста шетел валютасының жетпеушілігі байқалмайды, банктер мен уәкілетті ұйымдардың кассаларында тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру үшін шетел валютасының жеткілікті мөлшері бар, доллардың да, евроның да.

Талдау мерзімінде былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шетел валюталарының барлық түрлері бойынша сатып алу / сату бағамдарының артқанын атап өту керек. АҚШ долларының 2009 жылғы орта есеппен алғандағы сатып алу бағамы 146,90 теңгені құрады, сату – 144,26 теңге, бұл былтырғы жылдың деңгейінен сатып алу бойынша 22,5 %-ға, сату бойынша 19,7%-ға жоғары. Осыған ұқсас евроның бағамы былтырғы жылдың деректерімен салыстырғанда едәуір өскені байқалады, сатып алу бойынша 16,5 %-ға, сату бойынша 16,9 %-ға. Алайда ресейлік рубль бойынша орта есеппен алғанда сатып алу / сату бағамдарының төмендегені байқалады - 3,5%-ға және 2,4 %-ға .

2009 жылға депозиттік нарық. 2009 жылдың қаңтар - желтоқсан айларына тұрғындардың банктердегі депозиттерінің жалпы мөлшері 12% -ға 25,5 млрд. теңгеге дейін өсті. 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жеке тұлғалардың депозиттері 16,3%-ға 25,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Депозиттердің жалпы сомасына қарағанда жеке тұлғалардың депозиттер үлесі 98%-ды құрайды. ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы біздің облыстың үлесі өзгеріссіз қалды және 0,7 %-ды құрады. 2009 жылдың қаңтар – желтоқсан айларына ұлттық валютадағы депозиттер 2,4%-ға 17,4 млрд. теңгеге дейін өсті, шетел валютасындағы депозиттер 44,6%-ға артты, 8,1 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 70%-дан 68,2%-ға дейін төмендеді.

2009 жылдың желтоқсанына облыстың банк жүйесіндегі тұрғындардың депозиттерінің көлемі 0,8 млрд. теңгеге көбейді.

СҚО депозиттік нарығындағы депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық ставкалар ұлттық валюта бойынша - 10,9 %, шетел валютасы бойынша – 8,2%. СҚО бойынша тұрғындардың бір адамға шаққандағы салымы 16%-ға 38,5 мың теңгеге артты, ҚР бойынша 26%-ға артты және103,2 мың теңгені құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі шетел валютасындағы депозиттердің жалпы көлемінің 31,6%-ын құрады.

 

2009 жылға облыстың несиелік нарығы. 2009 жылдың қаңтар – желтоқсан айларына банктердің экономикаға несиелік жұмсалымдарының жалпы көлемі 61,6 млрд. теңгені құрады. ҚР бойынша несиелік жұмсалым құрылымындағы біздің облыстың үлесі 0,8 %-ды құрады.

2009 жылға былтырғы жылмен салыстырғанда ұлттық валютадағы несиелер 8,9%-ға азайды, 45,3 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы несиелер 6%-ға 16,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгелік несиелердің меншікті салмағы 73,8%-ды құрады. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына орта- және ұзақмерзімді несиелердің көлемі 53,3 млрд. теңгені құрады.

2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына банктермен берілді:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 11 млрд. теңге;
  • тұрғындарға тұтыну несиелері 3,2 млрд. теңге сомасына;
  • тұрғындарға ипотекалық несиелер 1,7 млрд. теңге сомасына;

Салаларға бөліп қарасақ, экономиканың сауда (23,5%), ауыл шаруашылығы (6,3%) және өнеркәсіп (5,8%) секілді салалары ең белсенді несиелендірілуде. Республика бойынша несиелік жұмсалымды салалық бөлу басқаша және келесі түрде: сауда (23,9%), құрылыс (19,6%), өнеркәсіп (9,8%) және ауыл шаруашылығы (3,6%).

Несиелер бойынша долларландыру дәрежесі шетел валютасындағы несиелердің жалпы көлемінің 26,2%-ын құрады.

2009 жылы ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орта есеппен алғандағы сыйақы ставкасы 15,8% болды, шетел валютасы бойынша – 14,8%.

2009 жылға облыстың төлем жүйесі. 2009 жылдың қаңтар – желтоқсан айларына облыста жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны облыс бойынша 202-ге жетіп отыр, оның ішінде облыс аудандарында екінші деңгейлі банктер филиалдарымен орнатылғаны – 28, бұл 01.01.09 ж. қарағанда 9,2%-ға (17 банкомат) артық. Облыста банкоматтар саны бойынша ең үлкен меншікті салмақ 30% Халық банкі филиалынікі.

Есепті мерзімге облыстың төлем жүйелерінің дамуына оң әсер беріп отырған pos-терминалдардың 613-ге дейін артуы (2,2%-ға) және пластикалық карточкалар иелері санының 177,5 мың адамға (12,4%-ға), артуы, бұл облыстың барлық экономикалық белсенді тұрғындарының 52%-ын құрайды, бұл көрсеткіш 82%-ды құрайтын орта республикалық көрсеткіштен қалып қойып отыр.

Облыста Қазпочта филиалының төлем жүйесі серпінді дамуда. 01.01.2010 ж. жағдайына Қазпочта құрылымында 8 банкомат қызмет көрсетеді, оның 6-ы – елді мекендерде. Карта ұстаушылардың саны 1987 адамды құрайды.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 16:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 16:08
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы