A- A A+
2010 жылдың облыстың қаржы нарығындағы жағдай туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ-нің Солтүстік Қазақстан филиалы № 1 баспасөз релизі, 2011 жылғы 28 қаңтар

2010 жылдың облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы ахуалы

1. Инфляция, қайта қаржыландыру ставкасы және алтын валюталық қоры:

  • Облыс бойынша 2010 жылдың инфляция мәні — 7,5% құрады, республикалық мәні — 7,8%. Көрші облыстарда, Ақмола және Қостанай — 7,4% құраған, Павлодар облысында — 7,6% өскен;
  • Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7% жылдық деңгейде өзгеріссіз қалды;
  • Ақша массасы 8,5 трлн.теңге;
  • Еліміздің алтын валюталық қоры 58,8 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық қорлары — 28,2 млрд. АҚШ доллары, Ұлттық Қордың активтері 30,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

2. Облыстың қаржы нарығындағы ахуалы туралы.

2011 жылдың 1 қаңтар күніндегі жағдайы бойынша СҚО банк секторы екінші-деңгейдегі банктердің 16 филиалынан, облыстық орталық пен ауылдық жерде орналасқан 68 қосымша құрылымдық бөлімшеден тұрады.

Валюталық нарығы. Орта есеппен алғанда теңгенің биржалық айырбастау бағамы 2010 жылдың бір доллар үшін 147,35 т/$, евроға — 195,67 т/евро, ресей рубліне — 4,85 т/р.р. құрады.

2011 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 127 айырбастау пункті қызмет көрсетеді: олардың ішінде 65 АП банк филиалдарынан, 54 АП уәкілетті ұйымнан және 8 АП — «Қазпочта» АҚ филиалынан. Өткен жылда банктер мен УҰ айырбастау пункттерімен облыста 161,2 млн. АҚШ долларын, 7,7 млн. евро және 368,6 млн.ресейлік рубльдерді таза сату жүзеге асырылды (2009 жылы таза сату көлемі 133,6 млн. АҚШ долларын, 11,7 млн. евро және 243,6 млн.ресейлік рубльдерді құрады).

Депозит нарығы. 2010 жылы тұрғындардың банктердегі депозиттерінің жалпы мөлшері 33,4 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанды 31% өсті (2009 ж.- 25,5 млрд.теңге). Жеке тұлғалардың депозиттері 30%-ға өсіп, 32,5 млрд. теңгені құрады. Депозиттердің жалпы сомасына қарағанда жеке тұлғалардың депозиттер үлесі 97,2%-ды құрады. Заңды тұлғалардың депозиттер мөлшері 74% артып, 0,9 млрд. теңгені құрады. Мерзімдік салымдар құрылымында 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіміндегі салымдар — 82% құрайды немесе 27,2 млрд. теңге. Ұлттық валютадағы депозиттер 42%-ға 24,7 млрд. теңгеге дейін өсті, шетел валютасындағы депозиттер 8% төмендеп, 8,7 млрд. теңгені құрады. 2009 жылымен салыстырғанда теңгемен алғандағы депозиттердің меншікті салмағы 68,4%-дан 74%-ға дейін өсті. СҚО депозиттік нарығындағы депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық ставкалар ұлттық валюта бойынша — 9,9%, шетел валютасы бойынша — 7,4%. СҚО бойынша тұрғындардың бір адамға шаққандағы салымы 43%-ға артып, 55,2 мың теңгені құрады, ҚР бойынша 117,3 мың теңгені құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі шетел валютасындағы депозиттердің жалпы көлемінің 26%-ын құрады.

Несиелік нарығы. 2010 жылы банктердің экономикаға несиелік жұмсалымдарының жалпы көлемі 68,7 млрд. теңгені құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 11,5% өскен. Ұлттық валютадағы несиелер 56,4 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасындағы 12,2 млрд. теңгеге дейін төмендеді. 2010 жылы ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орта есеппен алғандағы сыйақы ставкасы 14,2% болды, шетел валютасы бойынша — 14,4%. Несиелер бойынша долларландыру дәрежесі шетел валютасындағы несиелердің жалпы көлемінің 17,8%-ын құрады. Тұрғындарға тұтыну несиелерінің көлемі 8,2 млрд. теңгені құрады, ол 2009 жылмен (3,1 млрд.теңге) салыстырғанда 2,6 есеге өсті. Ипотекалық несиелер көлемі 1,9 млрд. теңге сомасын (1,7 млрд.теңге) құрады, ол 15% өсті. Банк филиалдарымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 17,1 млрд. теңге сомасына несие берілді. Салаларға бөліп қарасақ, экономиканың сауда (47%), өнеркәсіп (34%) және ауыл шаруашылығы (9,3%) секілді салалары ең белсенді несиелендірілуде.

Төлемдік карточкалар нарығы. 2011 жылдың 1 қаңтарында облыста жұмыс істеп тұрған банкоматтар саны 2009 жылмен салыстырғанда 12% өсіп 226-ке жетті, оның ішінде облыс аудандарында банк филиалдарымен орнатылғаны — 34. Сауда — сервистік ұйымдарда POS-терминалдар саны 6,4% өсіп, 652 дананы құраған. Карточка ұстаушылар саны 14% артып, 202,2 мың адамды құрады, ол Қазақстан бойынша жалпы санының 2,6%-ы.

«ҚР Ұлттық Банкі» ММ СҚФ 01.01.2011ж. бойынша облыстың екінші-деңгейдегі банктер (коммерциялық банктер) филиалдарының жеке тұлға депозиті бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы туралы, ақпараттық бюллетені

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 16:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.03.2017 09:24
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 80
35%
Әлеуметтік сала - 55
24%
Денсаулық сақтау - 54
24%
Мәдениет - 20
9%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы