A- A A+
Тiл туралы

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 151 Заңы

1 тарау. Жалпы ережелер

2 тарау. Тiл — мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

3 тарау. Тiл — бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

4 тарау. Тiл — елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау

6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

Ескерту. Мәтiнде «тарау» деген сөздiң алдындағы «I-VI» деген цифрлар тиiсiнше «1-6» деген цифрлармен ауыстырылды — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) диаспора — өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық);

2) ономастика — тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;

3) ономастика комиссиясы — Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;

4) орфография — дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн қағидалар жүйесi;

5) Республикалық терминология комиссиясы — экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;

6) топонимика — ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуының, өзгеруiнiң және қолданылуының заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;

7) транслитерация — бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру;

8) уәкiлеттi орган — тiлдердi дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда — ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi

Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.

Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.

3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

5-бап. Орыс тiлiн қолдану

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы

Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.

Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.

Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.

7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу

Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.

Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

2 тарау. Тiл — мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi

Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.

10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жүргiзуге құқылы.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2006.06.05. № 146 Заңымен.

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.

13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi

Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi.

15-бап. Мәмiлелер тiлi

Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.

Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары мәмiлелердi мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жасасуға құқылы.

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2006.06.05. № 146 Заңымен.

3 тарау. Тiл — бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

16-бап. Тiл — бiлiм беру саласында

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.

Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2007.07.27. № 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-бап. Тiл — ғылым және мәдениет саласында

Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.

Мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi.

18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi

Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi.

Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4 тарау. Тiл — елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта

19-бап. Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын пайдалану тәртiбi

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiнiң, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс.

Мемлекеттiк ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде транслитерация арқылы берiледi.

Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу

Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуге тиiс.

21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi

Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.

Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.

Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.

Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.

Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

22-бап. Тiл — байланыс саласында

Қазақстан Республикасының шегiнде байланыс саласында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге почта-телеграф жөнелтiлiмдерi белгiленген халықаралық ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау

23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарымен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi.

Ескерту. 23-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда — ҚР 21.01.2013 N 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

24-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) республикалық терминология және ономастика комиссияларын құрады;

2) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгi ереженi бекiтедi;

3) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 5-тарау 24-1-баппен толықтырылды — ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

25-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

3) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;

5) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;

5-1) республикалық терминология және ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етедi;

6) ономастика комиссияларының қызметiн үйлестiредi;

7) алып тасталды — ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 25-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi); 06.01.2011 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 10.07.2012 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

25-1-бап. Ономастика комиссияларының құзыретi

1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыретiне:

1) ономастика мәселелерi бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;

2) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру бойынша қорытындылар беру;

4) облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;

5) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларына келiсiм беру жатады.

2. Облыстық ономастика комиссияларының құзыретiне:

1) ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;

2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру жатады.

3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының құзыретiне Республикалық ономастика комиссиясымен келiсiлгеннен кейiн — республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру жатады.

4. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша шешiмдi тиiстi ономастика комиссияларының оң қорытындылары болған кезде ғана қабылдайды.

Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды — ҚР 20.12.2004 № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап күшiне енедi); жаңа редакцияда — ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

25-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2013.01.21 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:

1) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

2-1) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар бередi, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолданады;

3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

4) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;

5) облыстық ономастика комиссиясының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етедi;

6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 25-2-баппен толықтырылды — ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi); өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

2) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 25-3-баппен толықтырылды — ҚР 20.12.2004 № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап күшiне енедi); өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

25-4-бап. Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау

Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 25-4-баппен толықтырылды — ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлерi

Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiндегi ономастика жұмысының критерийлерi:

1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшелiктердi ескеру;

2) әдеби тiл нормаларына сәйкестiк;

3) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру;

4) жеке адамның есiмiмен аталған, ол берiлген (өзгертiлген) күннен бастап кемiнде он жыл өткен соң берiлген есiмдi қайта атау, оны өзгерту;

5) аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, ғылым, мәдениет қайраткерлерiнiң және Қазақстан Республикасы мен әлемдiк қоғамдастық алдында еңбек сiңiрген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемiнде бес жыл өткен соң олардың есiмдерiн беру болып табылады.

Ескерту. 5-тарау 25-5-баппен толықтырылды — ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

26-бап. <*>

Ескерту. 26-бап алынып тасталды — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

27-бап. Тiл — халықаралық қызметте

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екiжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде және тараптардың келiсуi бойынша өзге де тiлдерде жасалады.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екiжақты халықаралық шарттары және Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары келiссөздерге қатысушы тараптардың келiсуi бойынша айқындалған тiлдерде жасалады.

Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.

Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасының
Президентi

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2017 15:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2017 11:26
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы