A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2011 жылғы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Солтүстік Қазақстан филиалы
№1 Пресс-релиз, 26.01.12 ж.
2011 жылғы облыстың қаржы нарығындағы жағдай және инфляция туралы.

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық резервтер.

Инфляция 2011 жылғы желтоқсанда бұрынғы деңгейде қалды, бұл инфляцияның республикалық көрсеткішінен төмен – 0,3%. Көрші Ақмола, Қостанай облыстарында – 0,5%, Павлодар облысында – 0,6% құрады. 2011 жылы инфляция болжамдық көрсеткіш 8% деңгейінде болды (2010 жылы – 7,5%), бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (7,4%). Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі жылдық 7,5% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Халықаралық резервтер көлемі жалпы 72,5 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері – 28,8 млрд. долл., Ұлттық Қордың активтері – 43,7 млрд. долл.

2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Облыстың банк секторында 17 банк филиалдары мен 58 құрылымдық бөлімшелер қызмет көрсетеді, олар банктік қызметтердің көптеген түрлерін көрсетеді.

Облыстың несиелік нарығы. 2012 ж. 1 қаңтар жағдайына облыста несиелік салымдар көлемі 78,8 млрд. теңгені құрады, өсуі - 14,7%. Облыстағы несиелік салымдардың ҚР бойынша жалпы несиелер көлеміндегі меншікті салмағы - 0,9 пайыз. Құрылымда ұзақмерзімді және ортамерзімді займдар көп, олардың үлестері сәйкесінше 42,3% және 38,4% құрайды. Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің мөлшері 71,9 млрд. теңгені құрады, 42,7%-ға артумен. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 29,1 пайыздан артығы немесе 20,9 млрд. теңге кетеді. Берілген тұтыну және ипотекалық несиелердің көлемдерінің өсуі сәйкесінше 1,9 және 1,8 есені құрады, ақшалай алғанда 15,3 млрд. теңгені және 3,5 млрд. теңге. Шетел валютасымен берілген несиелер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық мөлшерлеме 2011 ж. желтоқсан айында - 13,9%, теңгемен - 14,1%, республика бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме - 11,7 пайыз, теңгемен – 13,3 пайыз. Несиелер бойынша долларлану дәрежесі несиелердің жалпы көлемінің 12,3%-на дейін төмендеді (2010 жылы – 17,8%).

Облыстың депозиттік нарығы. Облыста депозиттердің жалпы көлемі былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 27,2% артты және 42,5 млрд. теңгеге жетті. ҚР бойынша депозиттер құрылымында біздің облыстың үлесі артты және 0,94 құрады (01.01.2011 ж. – 0,8). 2012 ж. 1 қаңтар жағдайына 95,1 пайызын жеке тұлғалардың салымдары алады - 40,4 млрд. теңге, ол 24,3%-ға артты. 2011 жылы заңды тұлғалардың депозиттері 2,1 млрд. теңгені құрады, 2,3 есе артты (2010 ж. – 0,9 млрд. теңге). Ұлттық валютадағы депозиттердің мөлшерінің өсуі ұлттық валютамен (28,3 пайыз) де, шетел валютасымен (24,1 пайыз) сақталды, сәйкесінше көлемдері 31,7 млрд. теңгеге және 10,8 млрд. теңгеге жетті. Теңгемен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы пайыздық мөлшерлеме - 8,9 пайыз, шетел валютасымен – 6,2 пайыз. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесі депозиттердің жалпы көлемінің 25,5 пайызын құрады. Облыс бойынша тұрғындардың бір адамға шаққандағы салымы есепті мерзімде 2010 ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 25,2% артты және 69,1 мың теңгені құрады, Қазақстан бойынша 21,1%-ға артты және 142 мың теңгені құрады.

Облыстың валюта нарығы. Нарықтың бұл бөлігінде 2012 жылдың 1 қаңтары жағдайына Солтүстік Қазақстан облысында 122 (2010 жылы – 127) айырбастау пункті қызмет көрсетті, оның ішінде 33-і облыс аудандарында. 2011 жылы евроны таза сату 19,6 млн. евроны құрады, 2,5 есе өсті (2010 жылы – 7,7 млн. евро ); АҚШ доллары 215,3 млн. долларды құрады, 33,6 пайызға өсумен (2010 жылы – 161,2 млн. долл.); ресейлік рубль – 604,1 млн. ресейлік рубль, 1,6 есе өсумен (2010 жылы – 368,1 млн. ресейлік рубль). ЕДБ филиалдарының айырбастау пункттерімен АҚШ доллары бойынша – 86 пайызға, евро бойынша - 82,4 пайызға сұраныс қамтамасыз етілді. Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерімен негізінен ресейлік рубльдерді айырбастау операциялары жүргізілді, облыс бойынша айырбастау операцияларының жалпы көлемінің сатып алу бойынша – 83 пайызы және сату бойынша – 60,9 пайызы. Талдау мерзімінде ресейлік рубль бойынша сатып алудың орта есеппен алғандағы бағамының - 99,2%-ға, ал евро бағамы бойынша сатып алу бойынша 99,8 пайызға, сату бойынша 99,9 пайызға төмендегені байқалады. АҚШ долларының орта есеппен алғандағы бағамы өсті - сатып алу бойынша бір доллар үшін 059 теңгеге, сату бойынша бір доллар үшін 0,63 теңгеге, сәйкесінше 148,01 теңгені және 148,49 теңгені құрады.

Төлем карточкалары нарығы. 2011 ж. 1 желтоқсаны жағдайына облыста банкоматтар саны 243 банкоматты құрады, (өсу – 7,5 пайыз), оның ішінде аудандарда 34. Рos-терминалдардың саны 731 дейін немесе 12,1 пайызға артты. Облыстағы эквайрингтік желі талдау мерзімінде 24,6 пайызға өсті, 350 терминалды құрайды. Пластикалық карточка иегерлерінің саны 201,5 мың адамды құрады.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 16:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 16:03
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы