A- A A+
Облыстың банк секторы қызметiнiң 2016 жылға қорытындылары

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер. Облыс бойынша құнсыздану 2016 ж. статистика бойынша Департаменттiң ресми мәлiметтерi бойынша 8,2% (2015 ж. — 12,2% құрады). Талданып 2016 жылғы желтоқсанда азық-түлiк емес тауарлардың қымбаттауы 0,9%-ды құрады (2015 жылғы желтоқсанда 1,0%-ға). Азық-түлiк тауарларына төмендеу байқалды 2,6%-ды (2015 жылғы желтоқсанда 1,0% қымбаттау байқалды) құрады. Ақылы қызмет көрсету құны 0,3% (2015 ж. желтоқсанда 0,3%) өстi.

Анықтама ретiнде: 2016 жылғы жалпы республика бойынша құнсыздану деңгейi 8,5 пайыз көлемiнде құрылды, көршi облыстар Ақмола облысында — 8,1 пайыз, Қостанай — 8,5 пайыз, Павлодар — 8,3 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 2017 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 17 аймақтық екiншi деңгейлi банктер филиалдары мен олардың 51 құрылымдық бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2016 жылғы қорытындысы бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 0,8 пайызға артты және 105,1 млрд. теңгенi құрады. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 1,5 пайызға өстi және 12 859 млрд. тг құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,82 пайызды құрайды.

2016 жылғы есептiк кезеңде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 43,0 млрд. теңге бөлiндi немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 41,3%-ы. Шағын бизнеске берiлген несиелердiң көлемi 1,5 есеге өстi (2015 жылғы қаңтар-желтоқсан — 28,0 млрд. теңге).

2016 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындардың ипотекалық несие алуларының көбейгенi байқалды, несие 4 795,2 млн. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiнде 104,3% (2016 ж. 01.01. — 4 596,3 млн. теңге) берiлген. Тұтыну несиесi — 26 174,1 млн. теңге берiлдi, 28 138,0 млн. теңгеге қарсы (01.01.2016 ж.). Несие беру бойынша банк жағдайлары тұрғындарға несие беру төмендедi, қарыз алушыларға талаптар қатаңдатылды, пайыздық мөлшерлеме жоғарлады.

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 5,4 пайызына дейiн азайды (01.01.2016 ж. — 6,3 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.01.2017 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 9,3 және 14,9 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 7,8 пайыз, теңгемен — 14,6 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 119,7 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,3 есеге артты. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 9,8%-ға артты, 11 315 млрд. теңгенi құрады (2015 жылғы желтоқсанда — 10 301 млрд. теңге). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 1,06 пайызды құрады (2015 жылғы желтоқсанда — 0,9 пайыз).

Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 112,7 млрд. теңгенi құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өстi (86,8 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 94,2 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 12,9 пайызы артты және 7,0 млрд. теңгенi құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылмен салыстырғанда 2,0 есеге өстi және 75,8 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 43,9 млрд. теңгенi құрады. Теңгедегi депозиттердiң меншiктi салмағы 63,3 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 36,7 пайызға дейiн азайды (01.01.2016 ж. жағдайына — 62 пайыз).

Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2015 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 1,3 есеге өседi және 210,5 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 1,1 есеге өседi және 397,5 мың теңгенi құрады. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан СҚО бойынша аталған көрсеткiш ҚР бойынша тұрғындарды бiр адамға шаққанда 1,9 есеге өседi.

Облыстың валюта нарығында 2017 ж. 1 қаңтар жағдайы бойынша жүргiзiлген таза сатылымдар, 13,0 млн. АҚШ доллары, 0,24 млн. еуро және 4510,1 млн. ресей рубльiнiң таза сатылымы бар, «Қазпошта» АҚ филиалы және ЕДБ филиалдары, уәкiлеттi ұйымдардың 121 айырбастау пунктi ұсынылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасымен операциялардың көлемдерiнiң төмендеуi мынандай болды: ресейлiк рубльдi сату бойынша 93,8%, сатып алу бойынша — 63%. АҚШ долларын сатып алу бойынша 79,6% есенi құрады, сату бойынша 42,9 пайызға төмендедi. Евроны сатып алу бойынша 84 пайызға артуы байқалды, сату бойынша 68,7 пайызға төмендеуi байқалады.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларымен қызмет көрсету желiсi 2016 жылдың 1 желтоқсан жағдайына келесi түрде көрiнедi: 288 банкомат (01.01.2016 ж. жағдайына — 279), 2749 POS-терминал (өсу 29,1 пайызға немесе 633 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 206 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 1975 тұрғын, ҚР бойынша 1 терминал бойынша 168 тұрғын, 1 банкомат — 1862 тұрғын.

3. Ақша қаражатын заңдастыру. ҚР Ұлттық Банкiнiң ресми мәлiметтерi бойынша ақша қаражаттарын заңдастыру жөнiнде жүргiзiлген науқан аясында 4093,4 млрд. теңге сомасына 11821 есеп ашылды, соның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша 14,9 млрд. теңге сомасына 138 шот ашылған.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету. 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы мемлекеттiк қызметтердiң 4 түрiн көрсетедi.

  1. Валюталық операцияларды тiркеу;
  2. Шет ел банкiндегi валюталық операциялар және банктiк шот ашу туралы хабарламаларды растау;
  3. Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру;
  4. Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу.

«Уәкiлеттi ұйымдарға қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүргiзуге лицензия беру» және «Микроқаржылық ұйымдарды есептiк тiркеу» мемлекеттiк қызметi www.egov.kz электронды үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат Ұлттық Банктiң www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктiң мемлекеттiк қызметтерi» бөлiмiнде, сондай-ақ www.egov.kz электронды үкiметi» веб-порталында «Бизнес» бөлiмi бойынша «мемлекеттiк органдар бойынша қызметтер» бөлiмшесiнде орналастырылған.

5. Жеке тұлғалардың тұрмыстық/ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын iске асыру. Толық Қазақстан бойынша 26 293 өтiнiм берiлдi, оның iшiнде 19 875 өтiнiм мақұлданды, яғни 75,6%-ды құрады. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша берiлген өтiнiмнiң жалпы санының мақұлданған өтiнiмнiң үлес салмағының саны 84,1%-ды құрады, яғни орташа республикалық маңыздылықтан жоғары (75,6%).

Бағдарлдаманы iске асыру шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тарту алғандарға қатысты қарыз алушылардың шағымын қарау бойынша комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрамы бекiтiлдi.

Бағдарламаның басталуынан бастап 2017 жылғы 01.01. жағдайы бойынша Комиссияға 79 шағым түстi, оның 2016 ж. — 26. Барлығы 15 комиссия отырысы жүргiзiлдi, есептi кезеңде 8 отырыс жүргiзiлген. Барлық шағымдар бойынша Комиссия шешiм қабылдады, 42 жағдайда Комиссия Банктердiң шешiмiмен келiстi, 37 жағдайда — Банктерге қарыз алушылардың қайта қаржыландыру мәселесiн қайта қарауға ұсынылды.

Мақаланың шыққан күні: 24.03.2017 10:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.03.2017 10:10
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы