A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2015 жылдың сәуірі жағдайына облыстың қаржылық нарығы жағдайы және инфляция туралы

«ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКI» РММ Солтүстiк Қазақстан филиалы хабарлайды

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi және халықаралық резервтер.

2015 жылдың сәуiр айында аймақтың банк секторы негiзгi көрсеткiштердiң оң қарқынын көрсете отырып, барлық бағыттар бойынша тұрақты қызмет көрсеттi.

Статистика департаментiнiң ресми деректерi бойынша 2015 ж. сәуiр айында облыс инфляциясы 0,1 пайызды (2014 ж. сәуiрде — 0,4 пайыз) құрады.

Талданған мерзiмде азық-түлiк тауарлары мен азық-түлiк емес тауарлардың қымбаттауы сәйкесiнше 0,4% және 0,1% құрады (2015 ж сәуiрде — 0,9% және 0,2%). Ақылы қызметтердiң құны 0,2 пайызға төмендедi (2014 жылдың сәуiрiнде 0,1%-ға артты).

Анықтама ретiнде: көршi облыстарда инфляция деңгейi 2015 жылдың сәуiрiнде төмендегiдей болып құрылды: Ақмола облысында — 0,1 пайыз, Қостанайда — 0,3 пайыз, Павлодарда — 0,1 пайыз.

2012 жылдың 6 тамызынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi жылдық 5,5% деңгейiнде белгiлендi және осы уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды.

2. Облыстың қаржылық нарығындағы жағдай. Солтүстiк Қазақстан облысының банк секторында 17 банктер филиалдары мен 59 құрылымдық бөлiмшелерi облыстың тұрғындары мен бизнес-құрылымдарына банк қызметтерiнiң кең спектрiн көрсетедi.

Облыста несиелiк салымдардың көлемi 2015 жылдың сәуiр айы қорытындылары бойынша былтырғы жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 3 пайызға өстi және 108,6 млрд. теңгеге жеттi. ҚР бойынша несиелiк салымдардың көлемi 1 пайызға азайды және 12103 млрд. тг. құрады. Облыстың несиелiк салымдарының ҚР бойынша жалпы көлемдегi үлесi 0,9 пайызды құрайды.

Қаңтар-сәуiр айларында екiншi деңгейдегi банктер 27,6 млрд. теңге несие бердi, былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда 83,9 пайыз (2014 жылдың қаңтар-сәуiрiнде — 32,9 млрд. тг.). 2015 жылдың қаңтар-сәуiр айларында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуге 5,8 млрд. теңге бөлiндi, немесе берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 21,1%-ы. Тұтыну несиелерi былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiнде 14,6 пайызға артық берiлдi, 10,4 млрд. теңгенi құрады (01.05.2014 ж. жағдайына — 9,0 млрд. тг.). Тұрғындарға 1 638 млн. теңге сомасына ипотекалық несие берiлдi, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 102,1 пайызы (01.05.2014 ж. жағдайына — 1 604,0 млн. тг.).

Несиелер бойынша долларлану дәрежесi несиелердiң жалпы көлемiнiң 6,4 пайызына дейiн төмендедi (01.05.2014 ж. — 7,3 пайыз). Шетел және ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 01.05.2015 ж. жағдайына, сәйкесiнше, жылдық 11,4 және 14,7 пайызды құрады. ҚР бойынша шетел валютасындағы несиелер бойынша — 9,0 пайыз, теңгемен — 14,1 пайыз.

Депозиттiк нарық. 2015 жылдың 1 мамыры жағдайына банктер филиалдарының тартқан заңды тұлғалардың және тұрғындардың ақша қаражаты көлемi 64,1 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 2,1%-ға азайды. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы алғанда депозиттер көлемi 3,7%-ға азайды, 6 711 млрд. теңгенi құрады (2014 жылы — 6 967 млрд. тг.). ҚР бойынша депозиттер құрылымындағы Солтүстiк Қазақстан облысының үлесi 0,96 пайызды құрады (2014 жылы — 0,94 пайыз). Банк секторының ресурстық базасын толтырудың негiзгi көзi тұрғындардың салымдары болып қалып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерi 61,2 млрд. теңгенi құрады, 2014 жылдың қаңтар-сәуiрiмен салыстырғанда 2,4 пайызға азайды (62,7 млрд. теңге). Жеке тұлғалар депозиттерiнiң үлесiне депозиттердiң жалпы сомасының 95,5 пайызы келедi. Заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша көрсеткiш 3,6 пайызға артты және 2,9 млрд. теңгенi құрады. Депозиттiк базаның құрылымында былтырғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда ұлттық валютадан шетел валютасына депозиттердiң өтуi болды. Соның салдарынан ұлттық валютадағы депозиттер көлемi былтырғы жылдың сәуiрiмен салыстырғанда 23 пайызға азайды және 33,2 млрд. теңгенi құрады, ал шетел валютасындағы депозиттер 37,9 пайызға өстi және 30,9 млрд. теңгенi құрады. Теңгемен депозиттердiң меншiктi салмағы 51,8 пайызды құрады. Депозиттер бойынша долларлану дәрежесi 48,2 пайызға дейiн артты (01.05.2014 ж. жағдайына — 34,2 пайыз). Тұрғындардың бiр адамға шаққандағы салымы 2014 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты және 112,3 мың теңгенi құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткiш 2,4% артқан және 218,9 мың теңгенi құрады.

Облыстың валюта нарығында 2015 жылдың 1 мамыры жағдайы бойынша 128 айырбастау пунктi қызмет көрсетедi, қаңтар-сәуiр айының iшiнде 67,8 млн. АҚШ долларын, 2,4 млн. евро және 4 000,3 млн.ресейлiк рубльдердi таза сату жүзеге асырылды.

Облыста төлем карточкалары нарығының даму қарқыны оң бағытта болып қалып отыр. Төлем карточкаларыменқызмет көрсету желiсi 2015 жылдың 1 сәуiрi жағдайына келесi түрде көрiнедi: 295 банкомат (01.04.2014 ж. жағдайына — 268), 1675 pos-терминал (өсу 26,3 пайызға немесе 349 бiрлiк). Мұнда 1 терминалға есептi мерзiмде 341 тұрғын келедi, 1 банкоматқа — 1936 тұрғын. Төлем карточкаларын пайдаланушы сауда — қызмет көрсету кәсiпорындарының және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта қалып отыр, оны олардың санының 43,2 пайызға 925-ге дейiн және карта ұстаушылардың санының 10,5 пайызға 293,5 мың адамға дейiн артуы дәлелдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 14:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2016 14:52
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы